Ұйымдастыру: Оқушылар мен амандасу, класты түгелдеу
Сергіту : Физикалық өлшем бірліктерін сұрау
Жедел бақылау
Велосипедші 2м/с2 тұрақты үдеумен таудан түсіп келеді. Егер оның бастапқы жылдамдығы 10 м/с болса, 10с-тан кейін велосипедшінің жылдамдығы қандай болады?
54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан троллейбус тежелгеннен кейін 5с ішінде тоқтайды. Тежелу басталғаннан кейін ол қандай тұрақты үдеумен қозғалады?
Екі поезд бір-біріне қарама-қарсы 72 км/сағ және 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Бірінші поезд ішіндегі жолаушы екінші поездың өзінің жанынан
2 мин ішінде өтетін байқады. Екінші поездың ұзындығы қандай?
Тапсырманы орындауына қарай әр топқа бөлеміз. Өз деңгейлеріне қарай үлестірмелі тапсырманы береміз.
α- тобы
Автомобиль 0,4 м/с2 үдеумен қозғалып келе жатып, өзінің жылдамдығын қанша уақытта 12-ден 20м/с-қа дейін арттырады?
Екі елді мекеннің арасы 54 км. Осы аралықты пойыз 1 сағатта жүріп өтсе, онда оның орташа жылдамдығы ең үлкен жылдамдығы, бастапқы және соңғы үдеулері қандай болады? Алғашқы үдемелі қозғалысқа кеткен уақыт пен соңғы кемімелі қозғалысқа кеткен уақыт 1 минут, қалған уақытта пойыз тұрақты жылдамдықпен қозғалған.
Екі машина бір-біріне қарама-қарсы қозғалып келеді. Біреуінің бастапқы жылдамдығы 36 км/сағ, үдеуі 0,2 м/с2. Екіншінің бастапқы жылдамдығы 54 км/сағ, үдеуі 0,4 м/с2. Машиналардың алғашқы арақашықтығы 200 м болса, онда олар қай уақытта кездеседі? Кездескенге дейін әрқайсысы қанша жол жүреді?
β -тобы
Қозғалысын 1 м/с2 үдеумен бастаған автомобильдің 5 с және 10 с өткеннен кейінгі орын ауыстыруы қандай болады?
Тікұшақ 4 мин ішінде 6 км/сағ жылдамдықпен тік жоғары көтерілді. Осы кездегі үдеу қалай бағытталған және оның мәні неге тең?
Тыныштық күйден 0,6 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 30 м жол жүреді?
γ -тобы
40с ішінде пойыз өз жылдамдығын 30 м/с-тан 10м/с-қа дейін кемітті. Осы уақыт ішінде ол қандай жол жүрді?
Арбакеш 1м/с2 үдеумен жоғарыдан төмен түсіп келеді. Бастапқы жылдамдығы
5 м/с болса,3с-тан кейін арбакештің жылдамдығы қандай?
Машина 4м/с2 үдеумен келеді. Жылдамдығы 2 м/с болса, 5с-тан кейін жылдамдығы қандай?
Жедел бақылау
Машина 4 м/с2 тұрақты үдеумен жоғарыдан түсіп келеді. Егер оның бастапқы жылдамдығы 5 м/с болса, 10с-тан кейін велосипедшінің жылдамдығы қандай болады?
Тік ұшақ 6 мин ішінде 9 км/сағ жылдамдықпен тік жоғары көтерілді. Осы кездегі үдеу қалай бағытталған және оның мәні неге тең?
Поезд екі станция аралығын 20 мин ішінде 72 км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Үдеу алу және тежелу 4 мин-қа созылды, ал басқа уақытта поезд бір қалыпты қозғалады. Бір қалыпты қозғалыстағы жылдамдық қандай?
α – тобы
Екі машина бір-біріне қарама-қарсы 2км/сағ және 8 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Бірінші машина ішіндегі жолаушы екінші машинаның өзінің жанынан 3 мин ішінде өтетінін байқады. Екінші поездың ұзындығы қандай?
Автомобиль 0,5 м/с2 үдеумен қозғалып келе жатыр. Өзінің жылдамдығы 54 км/сағ-тан 72 км/сағ-қа дейін, қанша уақытта арттырады?
Станциядан жүк пойызы 72 км/сағ жылдамдық пен шықты, ол 1440 км жол жүру үшін қанша уақыт кетеді?
β -тобы
Нива көлігі 7 мин ішінде 8км/сағ жылдамдықпен жүрді. Осы кездегі үдеу мәні неге тең?
3 мин ішінде пойыз өз жылдамдығы 20 м/с-тан 40 м/с-қа дейін кемітті. Осы уақыт ішінде ол қандай жол жүрді?
Ұзындығы 240 м пойыз бірқалыпты қозғалып, көпірден 2 мин ішінде өтті. Егер көпірдің ұзындығы 360 м болса, пойыздың жылдамдығы қандай болған.
γ - тобы
10 м/с жылдамдық пен қозғалып келе жатқан пойыздың вагонына перпендикуляр бағытта оқ тиіп, вагонды тесіп өтті. Вагонның қарама-қарсы қабырғаларындағы саңылаулар бір-бірімен салыстырғанда 3см-ге ығысқан. Вагонның ені 2,7 м болса, вагонның жылдамдығы қандай?
Ұзындығы 300 м пойыз бірқалыпты қозғалып,көпірден 2 секунд ішінде өтті. Егер көпірдің ұзындығы 400 м болса, пойыздың жылдамдығы қандай?
Автомобиль ұзындығы 200 км айналма жолды екі рет жүріп өтті. Автомобильдің жүрген жолы мен оның орын ауыстыруы неге тең?
Жедел бақылау
Өзендегі су ағысының жылдамдығыи 4 м/с. Қайық суға қатысты 3 м/с жылдамдық пен ағысқа перпендикуляр бағытта қозғалады.Қайық қозғалысының жағаға қатысты жылдамдығын анықтаңдар
Автобус орнынан қозғалған сәтте-ақ 2,5 м/с2 тұрақты үдеуге ие болады. Ол қанша уақыттан кейін 72 км/сағ жылдамдық алады.
Вольга алғашқы 30мин ішінде 15 м/с жылдамдықпен , одан кейін 20 мин ішінде 10м/с жылдамдықпен қозғалды. Орташа жылдамдығын есепте?
Бекіту: «Физикалық жұмбақтар»
1. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. (Жылулық қозғалыс)
2. Өзі затты құрайды, теңесуге таразыны сұрайды. (Масса)
3. Дамыл таппай жұтқаның, өмір нәрі ұққаным. (Ауа)
4. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. (Отын энергиясы)