Сыныбы | 7-сынып |
Күні: | 2.03 |
Сабақтың тақырыбы | Архимед күші. §44 |
Мақсаты | Ахимед күші. Архимед күші арқылы қоршаған ортаны түсіну, есептер шығаруды үйрену, |
Күтілетін нәтиже | А. Архимед күшінің әрекеті, формуласын біледі; В. Формуланы пайдаланып есептер шығарады; С. Архимед заңын пайдаланып, тығыздықты анықтау; |
Әдіс – тәсілдер | Тұжырымдамалық карта, «ойлан, жұптас, бөліс», стикердегі диалог, он сұрақ |
Керекті жабдықтар | Оқулық, ресурстар,демонстрациялық құралдар, ноутбук, флипчарт, суреттер, смайликтер. |
Сабақ барысы |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе 3 мин. 7-мин. | А) Оқушылармен сәлемдеседі. Көңіл-күйлерін сұрайды.Сыныпты түгендейді. Ә)Психологиялық дайындық жасайды. Б)Мақсатпен таныстыру.Топқа бөледі. Абайдың жыл мезгілдеріне шығарған өлеңдері арқылы | Оқушылар топқа бөлінеді.Көңіл күйлерін сабаққа аударады. Мақсатпен танысады. |
Тұсаукесер 5-мин. | Қызығушылығын ояту. «Он сұрақ» әдісімен: Осыған дейін не болды, одан кейін не болады? Атмосфералық ауа қысымынан жоғары немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құралдар қалай аталады? • Манометрлердің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген? • Ашық сұйықтық манометр қалай жасалған және қалай жұмыс істейді? • Металл манометр қалай жұмыс істейді? • Сорғылардың құрылысы жұмыс істеу принципі қандай? Тәжірибе: Допты суға батырып, қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады. Мұғалім: доп неге су бетіне ытқып шығады? Жауап: өйткені допқа күш әсер етті. Мұғалім: жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз. Мұғалім: сол ыдысқа цилиндрді салайық. Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме? Жауап: оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін. Мұғалім: цилиндрге ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, цилиндрді динамометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін цилиндрді сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің көрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар:
Жауап: Цилиндрді суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді. Мұғалім: бұдан қандай қорытынды жасауға болады? Жауап: Су салынған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді. Мұғалім: бұл күш қалай қарай бағытталған? Жауап: Сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған. Тәжірибе: Білеуше тәрізді денені суға салынады. | Оқушылар мұғалімнің көрсетіліміне назар аударады. Ойланып жауап береді. Өз ойларын еркін айтуға талпынады.Сыни тұрғыдан ойланады. |
Негізгі бөлім 15-мин. | 2.Өтілген тақырып бойынша ой бөлісу,есептер шығару. Критерийді оқушылармен айқындау 1 Жауаптың нақтылығы. 2 Оқушылардың тақырыпты жетік білуі 3 Берген жауабын мысалдар арқылы дәлелдеуі. 4 Келтірілген дәлеледердің түсініктілігі,шынайылығы. 5. Жауаптың дұрыстығы. І топ Жаңа сабақты түсіндіру ІІ топ Тақырыпты оқып, талдау ІІІ топ Тәжірибе ІV топ Есеп шығару жеке жұмыс; жұптық жұмыс; топтық; «Екі жұлдыз, бір тілек» - топтық жұмыс Топтарда өзара бағалау Жұмыс барысын бақылау нысандары «Сергіту сәті» | Оқушылар жеке оқиды, топта талқылайды, барлығы бірігіп, ой қосып, тұжырымдамалық картаға түсіреді. Топ болып қорғайды. Формативті өзара бағалайды . «Екі жұлдыз, бір тілек» |
Қорытынды 10-мин. | Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру. 1. Ығыстырушы күш дегеніміз не? 2. Архимед заңы. 3.Архимед күші неге тең? 4. Архимед күшінің шамасын анъқтауға болатын қандай тәжірибе. 5. Архимед күші қандай шамаларға тәуелді. Дидактикалық материалдан есеп. Үйге тапсырма: § 44 | Оқушылар дәптерлеріне өз ойларын жазады, содан соң бірін-бірі тыңдайды. Ойларын толықтырады. Оқушылар үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазып алады. ББҮ кестесін толтырады |
Сабақтың талдау | | |
Сабақ бойынша өзгертулер | | |