1. Білімділік ма?саты: негізгі ?а?идаларын басшылы??а ала отырып дене молекулапарыны? ?оз?алыс ерекшеліктерін сипаттау; дене температурасы мен оны? молекулаларыны? ?оз?алыс жылдамды?тары арасында?ы байланысты ай?ындау ж?не жылулы? ?оз?алысты ?оз?алысты? ерекше т?рі ретінде к?рсету;о?ушыларды? таным белсенділіктерін арттыру;
2. Дамытушылы? ма?саты: О?ушыларды? білім де?гейін ж?не білім мазм?ныны? т?ра?тылы?ы мен оны игерудегі іскерлік пен да?дыны ба?ылау.
1. Білімділік мақсаты: негізгі қағидаларын басшылыққа ала отырып дене молекулапарының қозғалыс ерекшеліктерін сипаттау; дене температурасы мен оның молекулаларының қозғалыс жылдамдықтары арасындағы байланысты айқындау және жылулық қозғалысты қозғалыстың ерекше түрі ретінде көрсету;оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру;
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
ІІІ. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі сабағымызда электр тогы мен ток көздерімен танысамыз.
IV. Окушылар білімдерін айқьшдау.
1. Механикалық қозғалыс. траектория.жүрілген жол, жылдамдық ұғымдарын қайталау.
2.Заттың құрылысы туралы білімдерін еске тусіру.
1) Заттың құрылысы жөнінде не білесіндер?
2) Қандай тәжірибелер молекулалардың бар екендігІн дәлелдейді?
3) Қандай тәжірибелер молекулалардын қозғалысын дәлелдейді? Осы қозғалыстың сипаты қандай?
4) Қандай тәжірибелер молекулалар арасындағы өзара әсерлесуді дәлелдейді?
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жеке молекуланың механикалық қозғалысы, қозғалыс траекгориясы. Жеке молекуланың жүрген жолы мен қозғалысының орташа жылдамдығын анықтау мүмкіндігі.
Суда еріген бояу бөлшектеріңің қозғалыс траекториясын талқылау, осы бөлшектердің бей-берекет қозғалысы.«Броундық қозғалыс моделі» приборындағы шариктердің қозғалысын демонстрациялау. Барлық молекулалардың қозгалысын біріктіру ( 1 см3 судағы молекулаларсаныЗ,34*1028) Осы қозғалыстың бей-берекетгігі.
Дене температурасы мен оның молекулаларының қозғалыс жылдамдықтары арасындағы байланыс.
Жылулық құбылыстарды түсіндірудегі заттың ішкі құрылысы жэне жылулык козғалыс жөыіңдегі білімнің маңызы.
Диффузия құбылысының ролі және колданылуы. Тәжірибелер.
І.Сұйыктардағы диффузия кұбылысын (жылы және салкын судағы) бакылау. Тәжірибенін мақсаты: судағы диффузия құбылысын бакылау, салкын жэне ыстық судағы диффузиянын өту жылдамдығын салыстыру.
VI. Сабакты бекіту.
а) § 1 сұрактарын талдау.
б) № 1 эксперименттік тапсырма.
VII. Үйге тапсырма. §1.
Сабақтың тақырыбы: Температура.Температураны өлшеу әдістері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:дененің жылулық күйін сипаттайтын негізгі физикалық шама ретінде температураны енгізу,температураны өлшеу әдістерімен таныстыру, Цельций және Кельвин шкаласын енгізу; оқушылардың таным белсенділіктерінарттыру;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
1)Жылулык қозғалыс дегеніміз не? Оның механикалық қозғалыстан айырмашылығы неде? Неге жылулық деп аталады?
2) Броундық козғалыс деп нені айтады? Оның себебі неде?
3) Диффузия дегеніміз не? Қаггы денелер, сұйықтар және газдарда диффузия қалай жүреді?
4) Диффузияның жылдамдығы дененің температурасына, тығыздығына қалай тәуелді?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Сабақтағы негізгі материал:
Бізді қоршаған ортадағы жылулық құбылыстар-температураның өзгеріне байланысты құбылыстар.Салқын және жылы денелер. Температура-дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама. Температура дене бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясыныңөлшеуіші.Температура скаляр шама. Жылу алмасу- екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қатты қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.
Жылулық тепе теңдік.
Жылу алмасу денелер арасында жылулық тепе-теңдік орнағанға дейін жүреді.
Дененің температурасын өлшеуге арналған құрал-термометр.Оның жұмыс істеуі денелердің жылулық ұлғаюына негізделген.
Термометр-температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын дене.
Термометрлердін түрлері. I .Сұйық термометрлер.
а) сынапты, өлшеу шегі -38°С-тан 260 °С-ка дейін;
б) спиртгі термометр, өлшеу шегі
в) термопара (-269 °С-тан 2300 °С-қа дейін)
г)термисторлар кедергісі температураның өзгеруіне негізделген құралдар. 2. Газды термометрлер.
Цельций шкаласы-негізгі екі нүктесі ретінде мұздың еру(0°С) және судың қайнау(100°С) температуралары алынған шкала.
Абсолют нөл температура- табиғаттағы ең төменгі шекті температура ол -273,15 0°С-қатең.
Кельвин шкаласы-халықаралык бірліктер жүйесі бойынша қабылданған температураның абсолюттік термодинамикалық шкаласы. Бұл шкала бойынша есептеу -273 ОаС-қа тең абсолют нөлден басталады.
1 Кельвин -Цельций шкаласы бойынша температура бірлігіне, яғни 1 градусқа тең:
1 К =1 °С.
Цельций шкаласы бойынша температура 1°(С) мен абсолюттік температураның Т(К) арасындағы байланыс:
Т = (1+273) К немесе 1 = (Т-273) °С.
Ремюр, Фарангейт шкалалары.
Температураны өлшеу эдістері (тәжірибе көрсету)
Термометрді қолда ұстап тұрып, ондағы сынап (спирт) бағанасының көтерілуін бақылау.Сынап (спирт) бағанасының көтерілу себебін айқындау. Сынап (спирт) бағанасы көтерілуін қашан тоқтатады? Термометр нені өлшейді? Термометрді температурасы өлшенетін ортадан алып қарауға бола ма? Неліктен? Түтікше бойымен көтерілген кезде сынап (спирт) молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы жөнінде не айтуға болады?
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§2 сұрақтарын талдау.
1) Молекулалық теория негізінде жылы су мен салқын судың айырмашылығы неде екенінтүсіндіріңдер.
2) Абай болмаған жағдайда медициналық термометрді сындырып алуғаболады. Неліктен бұл жағдайда төгіліп қалған сынапты бір түйір тамшысы қалмастай жинап алу қажет?
Қандай да бір уақыт мезетінде ауадағы отгегінің бір молекуласы 900м/с жылдамдықпен, ал екінші молекула 1200 м/с жылдамдықпен қозғалады. Екінші молекуланың температурасы жоғары деген ұйғарым дұрыс бола ма?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Сабақтың тақырыбы: Ішкі энергия және оны өзгерту тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:дененіц ішкі энергиясы ұғымын беру және ішкі энергияның өзгеру жағдайларын қарастыру; оқушылардың сұрау, талдау жасау қабілеттерін дамыту;.
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
1) Жеке молекуланың қозғалысы жөнінде не айтуға болады?
2) Суда еріген бояу бөлшектерінің қозғалыс траекториясы қандай? Неліктен?
3) Дене температурасы мен оның молекулаларының қозғалыс жылдамдықтары қалай байланысқан?
4) Жылулық қозғалыстың анықтамасын бер.Оның механикалық қозғалыстан ерекшелігі қандай?
5) Газдар, сұйыктар және қатты денелердегі жылулық қозғалысқа сипаттамабер.
6) Заттың ішкі құрылысы және жылулық қозғалыс жөніндегі білімнің маңызы неде?мысалдары(серіппелі және математикалық маятниктердің тербелістері)
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Сабақтағы негізгі ұғымдар.
Механикалық энергия жэне оның екі түрі: кинетикалық және потенциялдык энергия.
Механикалық энергияның бір түрден екінші түрге айналуы. Осындай түрленулердің мысалдары(серіппелі және математикалық маятниктердің тербелістері).
Механикалық энергияның ішкі энергияға айналуы.Осы кезде дененің деформациялануы және қызуы.
Дененін ішкі энергиясы - денені кұрайтын барлық бөлшектердің қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әсерлесулерінің потенциялдык энергияларының қосындысы. Ішкі знергия-скаляр шама.
Ішкі энергия дененің температурасы мен агрегаттык күйіне тәуелді. Ішкі энергия дененің орналасу жағдайына ( дене тыныштықта ма, әлде қозғалыста бола ма) тәуелді емес.
Дененің толық энергиясы — механикалық және ішкі энергияларының косындысы кез- келген процестерде өзгермейді.
Температуранын артуынша қарай дененің ішкі энергиясы да артады, себебі молекулалардың орташа кинетикалык энергиясы артады. Температураның төмендеуіне қарай дененің ішкі энергиясы азаяды.
Бір молекуланың потенциалдык және кинетикалык энергиясының аздығы.
Денеде молекулалар саны көп болса, сәйкесінше ішкі энергиясы да көп болады.
Сутегінің бір молекуласының ішкі энергиясы өте аз (5-10~!1Дж), ал 1 м3көлемдегі сутегінің ішкі энергиясы (140000 Дж).Осындай мөлшердегі энергия көмегімен массасы 5 т балғаны Зм биіктікке көтеруге болады.
Дененің ішкі энергиясы жұмыс атқарған кезде өзгереді.Егер денемен жұмыс атқарылса, онда дененіңішкі энергиясы артады.Дененің өзі жұмыс атқарса, онда дененін ішкі энергиясы кемиді.
ДененІң ішкі эпергиясын жылу берілу (жылу алмасу) арқылы да өзгертуге болады. Жылу алмасу температуралары әр түрлі денелер арасында жүреді.
Ішкі энергияны пайдаланудағы мәселелер. Тарихи мәліметгпер.
Энергия ұгымын 1807 жылы ағылшын ғалымы Томас Юнг енгізген. Кинетшалық энергия ұғымын ағылшын ғалымы Уипъям Томсон енгізген Мотенциальдық энергия ұғымын неміс ғалымы Герман Гельмголъц енгізген.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
1) §3,4 сұрақтарын талдау.
2)В.И.Кем №16-36 сұрақтарын ауызша талдау.
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу:
Есептер шығарту
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру:§3,4; №2 үйде орындалатын экспериментгік тапсырма.
9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §1. Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға материя, материяның негізгі қасиеті- қозғалыс туралы түсінік беру.
2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Денелердің қозғалысын физиканың негізгі бөлімі – механика зерттейді. Механика кинематика және динамика деген бөлімдерден тұрады.
Кинематика – механиканың қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы байланысты қарастыратын бөлімі.
Кинематикада денелердің қозғалысын анықтайтын себептер қарастырылмайды,
оларды динамика қарастырады.
Дене кейбір дегене қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге қатысты қозғалыста болады, сондықтан денелердің тыныштығы салыстырмалы болып табылады.
Материяның негізгі қасиеттерінің бірі –қозғалыс. Материясыз қозғалыс, қозғалыссыз – материя болмайды.
Материяның қасиеттерін, оның өзгерістерін зерттеу барысында көптеген физикалық шамалар енгізіледі. Бұл шамларадың арасындағы ең маңызды байланыстар ашылады да, олар математикалық қатынастар арқылы өрнектеледі. Сөйтіп, материя қасиеттерін сипаттайтын заңдар тағайындалады.
ІІІ. Пысықтау.
Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма?
Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай мысалмен түсіндіруге болады?
Ғылымда материя деп нені айтады?
Оның негізгі қасиеті қандай?
Материяның қасиеттерін сипаттайтын заңдар қалай тағайындалады?
ІV. Қорытындылау.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: §1.
9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §§2.3.Векторлар және векторларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары. Проекцияларға амаладар қолдану.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға векторлар, векторлар проекциясы және оларға амалдар қолдану туралы түсінік беру.
2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
1. Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма?
2. Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай мысалдармен түсіндіруге болады?
3. Ғылымда материя деп нені айтады? Оның негізгі қасиеті қандай?
4. Материяның қасиеттерін сипаттайтын заңдар қалай тағайындалады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар деп аталады.
Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шамалар скалярлық шамалар деп аталады.
Векторларды қосу. Бірнеше векторларды қосу.
Векторларды азайту.
Бір түзудің бойында жатқан немесе бір-біріне параллель векторлар бір жаққа қарай не қарама
қарсы бағытталуы мүмкін.
Векторлар проекциясы.
Егер вектордың бас нүктесінің проекциясынан оның ұшының проекциясына қарай ось бағытымен жүретін болсақ, онда проекция оң деп, ал қарама-қарсы бағытта жүрсек, проекция теріс деп есептеледі.
Векторлардың қосындысы мен айырымының проекциялары.
Векторлар қосындысының бір осьтегі проекциясы қосылатын векторлардың сол осьтегі проекцияларының алгебралық қосындысына тең.\
Векторлар қосындысының не айырымының проекциясын табу үшін қорытқы векторды тауып, оның проекциясын анықтаудың қажеті жоқ, веторлардың проекцияларын, таңбаларын ескере отырып, қосса болғаны.
Дененің координаталары және орын ауыстыру векторының проекциялары.
-орын ауыстыру векторының х не у осіндегі проекциясы сәйкес координатаның өзгерісіне тең.
ІV. Пысықтау.
V. Есептер шығару.
Рымкеевич есептер жинағы: №4,5,6.
VІ. Үйге тапсырма. §§2,3, 2-жаттығу №1,2,3 .
VII. Бағалау.
VIII.Қорытындылау.
7-сынып.
Сабақ тақырыбы: §1,§2,§3. Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы түсінік алуға жағдай жасау.
Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақ көрнекілігі: слайдтар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Физикалық құбылыстар: механикалық, жылу, электр, жарық құбылыстары.
«бірінші ұстаз» «екінші ұстаз» орыс тіліне физика сөзін
алғаш енгізген ғалым
Физиканың мақсаты –табиғаттағы болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.
Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады.
Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдар физикалық ұғымдар деп аталады.
Кеңістікте белгілі бір пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені дене деп атайды.
Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады.
Физика мен техникаға байланысты жетістіктер:
Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты.
ХХ ғасырда адамзат физика мен техникаға жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді.
Лазердің дүниеге келуі.
Кибернетика мен электрондық есептеуіш техникасының дамуы.
ІV. Пысықтау.
«Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?
Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?
Физиканың мақсаты неде?
Физика заңдары қалай ашылды?
Физикалық теориялар қалай жасалды?
Физикалық терминдар мен ұғымдар дегеніміз не?
Ғылыми –техникалық жетістіктерді ата.
V. Қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма: §1,§2,§3. Қазіргі заманның техникасы жөнінде қосымша әдебиеттерден баяндама жазыңдар.
V. Бағалау.
Сабақ тақырыбы: §4,§5,§6. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы.
Сабақ мақсаты: 1. Астрономия ғылымы, физика және астрономия ғылымдары арасындағы байланыстар, халық астрономиясына және астрономияның бүгінгі салаларына байланысты түсініктер алуға жағдай жасау.
2.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабылетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақ көрнекілігі: приборлар, плакаттар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар:
Табиғат деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер.
Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер?
Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?
Физикаың мақсаты не?
Физика заңдары қалай ашылады?
Физикалық теориялар қалай жасалады?
Физикалық терминдер мен ұғымдар дегеніміз не?
ХХ ғасырдың ең ірі ғылыми-техникалық жетістіктері қандай?
10.Неліктен физика техниканың негізі болып табылады?
ІІІ.Жаңа сабақ.
Берілетін түсініктер: асторномияның пайда болуына себеп болған қажеттіліктер, біздің ғалам, астрономия мен физиканың байланысы, космонавтика, космология, космогония, Орта Азия ғалымдары және олардың еңбектері, ерте дүниедегі халық астрономиясы.
«Астрон» - жұлдыз, «номос» - заң.
Галактикалар – жұлдыздар жүйесі мен олардың шоғырлары.
Біздің ғалам – шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі.
Космонавтика әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап, зерттейді.
Космогония аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейді.
Космология - бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы ілім.
ІV. Пысықтау.
1.Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болған?
2. Астрономия ғылымы нені зерттейді?
3. Астрономияның қандай салалары бар?
4. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың қандай еңбектері бар?
5. Аспан денелері туралы астрономиялық атаулар қалай қалыптасқан?
V. Қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма: §4,§5,§6. Аспан денелері туралы аңыздар.
V. Бағалау.
Сабақ тақырыбы: §§ 7,8. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.
Физикалық эксперимент.
Сабақ мақсаты: 1.Табиғатты зерттеуді кең тараған тәсілдері, олардың
ерекшеліктері, болжам туралы түсінік алуға жағдай
жасау.
2.Оқушылардың ой-өрісін дамытып, ғылыми ой
қорытындыларын жасауға жетелеу, ғылыми
дүниетанымын қалыптастыру.
3. Еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау
Сабақ көрнекілігі: приборлар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен материалдар бойынша сұрақтар:
Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды?
Астрономия нені зерттейді?
Астрономияның ұандай салалары бар?
Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?
Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылатын қандай аңыздарды білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу.
Болжам – ғылыми деректермен негізделген жорамал.
Кез келген болжамның шынайлылығын тек практикалық тәжірибе, яғни эксперимент тексере алады.
Эксперимент – физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.
Гук заңы: серпімділік шегінде серіппенің L созылуы оған әрекет ететін жүктің Р салмағына тура пропорционал өзгереді.
Р,Н
0 I, мм
ІV. Пысықтау.
Табиғатты зерттеу әдістері қандай?
Болжам дегеніміз не?
Эксперименттің басқа ғылыми әдістерден ерекшелігі неде?