kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ызы?ты физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

данный урок соответствует програмному материалу по физике седьмого класса,улудшает интерес  к предмету,развивает логическое мышление  у учащихся,помогает применять при решении задач,развивает творсеские  спомобности учащихся,

Та?ырыбы: ?ызы?ты физика
Ма?саты: О?ушыларды? п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру, ойлау ?абілеттерін дамыту, бір - бірімен досты?, ынтыма?тасты?та болу?а т?рбиелеу. Шы?армашылы? ?абілеттерін шы?дау, ?з бетінше ж?мыс істеуге ?йрету, е?бекке баулу.

 

 Сайысты? аты  сайыс деген мен сайысты ?діл ж?не ?атал ба?алайтын ?діл ?азылар ал?асымен танысайы?.....

Сайысты? барысы:

1 - бастаушы: ??рметті ?ауым! Сіздер б?гін физиканы? ?ызы? та, ?иын с?ра?тарына жауап беріп,
К?нделікті к?ріп ж?рген ?йреншікті ??былысты? ?зінде ?аншама физика за?дылы?тары жат?анды?ыны? ку?сі боласыздар.
2 - бастаушы: Таби?атта физикалы? ??былыс сансыз к?п, сол жайлы о?ып білгендері?ді орта?а салып білмейтін біраз ??былыстарды б?гінгі бізді? кешімізден я?ни физиканы? ?ажайып ?лемінен табасыздар.
1 - бастаушы: Физика тере? ойлап, к?п тол?анды, т?жірибе жасап, к?з жеткізгенді жа?сы к?ретін п?н, асы?ысты?ты, жал?аулы?ты с?ймейді.
2 - бастаушы: Ал достар ?ылымдарды? ?ылымы ?рбір істі шешуге к?мектесуші, ?ызы? та ?ажайып ?лемге саяхат жасайы?!
Физика жайлы лирика
1. Физика!
?ылымдарды? на?тысы,
Жал?аулы?ты с?ймейтін,
О?айлы?пен бас имейтін, Динара
К?п о?ымаса? миы?а кірмейтін,
Жалпылауды білмейтін
П?нні? ?иын да жа?сысы!

  1. Физика за?ымен Архимед,
    К?рсе де біршама тау?ымет, ?асырбек
    Патшаны? т?жіні? ?аншасы,
    Таза алтын екенін айтып ед!

    3. Жат?анда алма а?аш ?асында,
    Т?скен кеп бір алма басына,
    Ньютонды ?йгі еткен ?лемге, ?асыржан
    Тартылыс к?ші с?йтіп ашыл?ан.

    4. ?алайша б?лт пайда болады?
    Найза?ай тіледі ауаны,
    Жары?та ?анша т?с болады? Ай?аным
    ?ане кім жауабын табады?

    5.Таби?ат сырын аштыр?ан
    То?пен ?азан астыр?ан Диана
    Миллион гектар асты?ты
    Комбайнмен бастыр?ан
    Физика емей немене

6. ???ан?а таби?атты? сыры тере?,
Дегенге о?ып, зерттеп, к?рем, білем, ?асыр
Демесе? болсын егер е?бегім еш,
?уелі физиканы о?ы дер ем.

 

7 - 8 сынып о?ушыларынан ??рал?ан аудиторияны екі команда?а б?ліп бірінші команда?а –«Зодиак» деп, екінші команда?а «Зенит» деп ат ?ойып, ?р команда?а капитан сайлап алып сайысымызды бастайы?.
I – б?лім: С?ра?тар сайысы
II – б?лім: С?йкестендіру тапсырмалары
III - б?лім: Ж?мба?тар
IV - б?лім: «Ба?ытты с?т»

V - б?лім: «И?» немесе «жо?»
VI - б?лім. Ойын «Жер - Те?із - Ауа»
VII – б?лім Шешендік. (Капитандар сайысы)

Бірінші ?сын?ан ойынны? т?рі: «Физикалы? ж?мба?тар».
I – б?лім: С?ра?тар сайысы  : 1 ?пай
1. Дене пішініні? ?згеруі ?алай аталады?
2. Космонавтиканы? негізін ?ала?ан кім?
3. Меркурийді? ?аза?ша аты?
4. Космодром ?ай жерде, аты ?андай?
5. ?арыш?а е? ал?аш ?ш?ан ?ш?ыш?
6. Суды? ?ш к?йін ата?
7. Есек?ыр?ан деп ?ай планета аталады

II – б?лім: С?йкестендіру тапсырмалары: 1?пай
1) Б?л денелерді? жылдамды?тарын ретпен орналастыр.
?ша?, жаяу адам, же?іл машина, Электр пойыз, к?шік
20 км/са?, 700 км/са?, 90 км/са?, 200 км/са?, 5 км/са?.
2) ?р ??ралды? атын ж?не ол ?андай физикалы? шаманы ?лшейтінін ретпен жазы?дар.
Манометр, динамаметр, таразы, термометр,.
Температураны, к?шті, ?ысымды, массаны.
3) Шамаларды? ?лшем бірліктерін Халы?аралы? бірліктер ж?йкесінде жазы?дар.
км/са?, см, см3, см 2, т?улік.
м2, м, м3, м/с, с.
III – б?лім : : Ж?мба?тар:
1. Етек – же?і жиналмай
Дауыл т?рса дым ?алмай
Т?йдектеліп к?шеді
Тоз - тоз болып ?шеді. Жауабы: Б?лт. (1балл)
2. Электр энергиясын ?ндіретін,
?йі?е жары? ендіретін,
Ротор стартордан ??рылымы,
Кім айтады м?ндай ??рыл?ыны? Жауабы: Генетатор (1 балл)
3. Жар?ылдан со? жа?а?ы,
Су?а б?кті бар алап.
К?кте т?рлі жола?ты,
?рнек т?рды ?аламат. Жауабы: кемпір?оса? (1 балл)
4. К?ндіз ?асы?нан ?алмайды.
Біра? ешкім ?стай алмайды.
?ор?а? па, ?ара??ы?а бармайды. Жауабы: (К?ле?ке) (1балл)
5. Жал?ыз ба?ыт білері,
Б?р?аны?а к?нбейді.
Жол к?рсетіп береді6
Біра? ?зі к?рмейді. ( компас)
6. Алтын те?ге кетеді,
К?міс те?ге келеді. Жауабы: К?н мен Ай
7. От?а жанбас,
Су?а батпас. Жауабы: м?з (1балл)
8. Табаныма байладым,
?ос тая?пен айдадым. Жауабы: ша??ы (1балл)
9. Жылт - жылт етеді,
Жыл?алардан ?теді Жауабы: Су (1 балл)
10. Жылды? т?рт мезгілінде де,
Мазасызданады ол неге? Жауабы: Жел. (1 балл)
11. Б?лтты аспанны? ж?зінде,
Ойнайтын б?л немене? Жауабы: Найза?ай. (1 балл)
12. ?зі затты ??райды,
Те?есуге таразыны с?райды. Жауабы: Масса. (1балл)
13. Аса ?ажет ?мірге халы? ?шін,
Пайдаланамыз к?н сайын жары? ?шін. (ток)
14. Туыстарын шетінен,
?беді де бетінен.
Бала - ша?а ?са?ын,
Бауырына ?ысады. ( магнит)
15. К?кке ?ара?ан, ж?лдыз сана?ан. (телескоп)
16. Шам, плита ж?мысын жасай ?алды,
Ал оны? есептен - а? басы айналды. (Электр есептегш)
17. Тар ше?берді айналып,
Т?р ??ды?та байланып.
?а?а берер та?дайды,
?детінен танбайды ( са?ат)
18. ?оз?алыс?а келтіріп,
Жылдамды?ын береді.
?лшемдерін ?араса?,
Ньютон?а ол келеді. (к?ш)
19. Жо?алмайды еш?ашан,
Т?рлендірсек егер де.
Бас?а к?йге ауыс?ан,
Ж?мыс істейді ?р?ашан. (Энергия)
20. Бар ма, жо? па оны аны? білмейсі?
Ол жо? жерде ?мір с?ріп ж?рмейсі?. (ауа)
21. Ж?ртты? б?рі соны с?йеді,
Біра? ?ара?ысы келмейді. (к?н)

 

IV - б?лім: «Ба?ытты с?т» 5?пай.
1. Екі санны? ?осындысы 8 - ге, айырмасы 2 - ге, к?бейтіндісі 15 - ке те?. Осы сандарды аны?та?дар.
2. Тауда 7 а?аш, ?р а?ашты? т?бінде 7 ін, ?р інде 7 т?лкі, ?р т?лкіде 7 к?шік. Барлы?ы неше к?шік бар?

 

V - б?лім: «И?» немесе «жо?»
1-тот: 1. Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (жо?)
2. Заттар ?ш к?йде болады ма? (и?)
3. Желді к?ні асфальт беті тез кебеді ме? (и?)
4. Жолды? ?лшем бірлігі секунд па? (жо?)
5. Ом за?ын аш?ан ?алым Ампер ме? (жо?)
6. Жылдамды? бірлігі м/с (и?)
7. Температураны ?лшейтін ??рал динамометр ме? (жо?)

8.Джоульмен ?лшейтін физикалы? шама энергия. (и?)
9. Уа?ытты са?атпен ?лшейді ме? (и?)

10.Газ?а немесе с?йы??а т?сірілген ?ысым сол с?йы?ты? немесе газды? ?рбір н?ктесіне ?згеріссіз беріледі. Паскаль за?ы ма? (и?)

2-топ: 1. Молекулалар затты? ?са? б?лшегі ме? (и?)
2. Суды? ты?ызды?ы 1000кг/м3 - ?а те?.(и?)
3. ?уатты? ?лшем бірлігі вольт па? (жо?)
4. Барометр атмосфералы? ?ысымды ?лшейді ме? (и?)
5. ?зіні? пішіні мен к?лемін са?тау ?атты денеге т?н ?асиет.(и?) о
6. Денені? жерге тартылуы ?йкеліс к?ші ме? (жо?)
7. Мензуркамен с?йы? к?лемі ?лшенеді ме? (и?)
8. С?йы?ты? ?атты к?йге айналуы кристалдану ма? (и?)
9. P=pg? ?ысымны? формуласы ма? (и?)
10. Ж?мысты? ?лшем бірлігі Ватт.(жо?)

VI - б?лім. Ойын «Жер - Те?із - Ауа»
1 - топ «Те?із»
2 - топ «Ауа»
С?ра?: Осы екі с?з туралы физика, биология, ?дебиет тілдерінде не айта аласы?дар?
Мысалы: «Жер»
Физика тілінде: К?н ж?йесіндегі то?ыз планетаны? бірі. К?нге жа?ынды?ы ж?нінде ?шінші планета.
Биология тілінде: Жерде саналы тіршілік иесі адамдар тіршілік етеді
?дебиет тілінде: Ма?ал - м?тел
Ту?ан Жер – алтын бесік.
 

VII – б?лім Шешендік. (Капитандар сайысы).
Екі топ?а жазуы бар екі ?а?аз беріледі. ?пайы к?бірек жина?ан топ бірінші болып ?а?азды та?дайды (?а?аздар жазыл?ан беттерімен т?мен ?аратыл?ан). ?а?аздарда физика ж?не информатика с?здері жазыл?ан.
Ж?ргізуші: Ал енді топ басшылары с?з сендерге. Сіздерге ?р?айсысы?а дайынды??а 3 мин уа?ыт беріледі. Сонан со? сендер алдымыз?а шы?ып, ?азіргі к?нде физика не информатиканы? ?о?амда ж?не ?з ?мірлері?де алатын орны туралы ж?не осы ?ылымдарды? адамзат?а тигізген пайдасы мен келтірген зияны жайлы с?з айтасы?дар.
{Мысалы}
пайдасы
зияны
Физика
?арыш?а шы?ты?
бомба
информатика
интернет
радиация

  1. ?орытындылау б?лімі.
    Б?гінгі кешімізді мына бір физиктерді? ?мірінен ?ызы?ты хикаялармен ая?та?ым келіп т?р.
    1. Ньютонны? екі мысы?ы болыпты. Біреуі ?лкен, екіншісі кіші. Мысы?тарды та?ерте? оны? мазасын алмас ?шін, есікке екі тесік жасапты. Бірі ?лкен екіншісі кіші. М?ны к?рген к?ршісі Ньютон?а: «Неге екеу жасады?, біреуі де жетер еді ?ой»- депті. Сонда Ньютон басын ?асып: «И?, б?л керемет ой! Біра? б?л ой ма?ан келмеген екен,- деген екен.
    2. Рентген с?улелерін аш?ан физик Рентгенге біреу хат жазыпты. Хатында Рентген бірнеше с?улелерді ж?не ?алай ж?мыс істеу керектігін к?рсететін н?с?ауды хатпен салып жіберуді с?рапты. Хат иесіні? с?зіне ?ара?анда к?кірегінде о? ?алып ?ойыпты. Рентген хатты? иесіне мынадай жауап жазып жібереді: «?кінішті - а?, ?азіргі уа?ытта менде б?л с?улелер жо? ж?не оларды жіберуде к?п ж?мыс ту?ызады. Сонды?тан сізден с?рарым, е? о?айы, ма?ан сіз ?зі?ізді? к?кірегі?ізді салып жібері?із».
    3. Ампер бас?алардан ?мытша?ты?ымен ерекшеленген екен. Бір к?ні ол ?йінен шы?арда есігіне хат жазып кетіпті.« Мырзалар! Ампер ?йде жо?, б?гін кешке келі?іздер» - деген с?з жазыл?ан екен. Біраз уа?ыттан кейін Ампер ?йіне келіп хатта?ы жазуды о?ып, кері ?айтып, ?йіне кешке келіпті.
    Осындай к?тері?кі к??іл к?ймен сіздерге «сау болы?дар» демекпін

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ызы?ты физика »

Тақырыбы: Қызықты физика
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.



Сайыстың аты сайыс деген мен сайысты әділ және қатал бағалайтын әділ қазылар алқасымен танысайық.....

Сайыстың барысы:

1 - бастаушы: Құрметті қауым! Сіздер бүгін физиканың қызық та, қиын сұрақтарына жауап беріп,
Күнделікті көріп жүрген үйреншікті құбылыстың өзінде қаншама физика заңдылықтары жатқандығының куәсі боласыздар.
2 - бастаушы: Табиғатта физикалық құбылыс сансыз көп, сол жайлы оқып білгендеріңді ортаға салып білмейтін біраз құбылыстарды бүгінгі біздің кешімізден яғни физиканың ғажайып әлемінен табасыздар.
1 - бастаушы: Физика терең ойлап, көп толғанды, тәжірибе жасап, көз жеткізгенді жақсы көретін пән, асығыстықты, жалқаулықты сүймейді.
2 - бастаушы: Ал достар ғылымдардың ғылымы әрбір істі шешуге көмектесуші, қызық та ғажайып әлемге саяхат жасайық!
Физика жайлы лирика
1. Физика!
Ғылымдардың нақтысы,
Жалқаулықты сүймейтін,
Оңайлықпен бас имейтін, Динара
Көп оқымасаң миыңа кірмейтін,
Жалпылауды білмейтін
Пәннің қиын да жақсысы!

  1. Физика заңымен Архимед,
    Көрсе де біршама тауқымет, Ғасырбек
    Патшаның тәжінің қаншасы,
    Таза алтын екенін айтып ед!

    3. Жатқанда алма ағаш қасында,
    Түскен кеп бір алма басына,
    Ньютонды әйгі еткен әлемге, Ғасыржан
    Тартылыс күші сөйтіп ашылған.

    4. Қалайша бұлт пайда болады?
    Найзағай тіледі ауаны,
    Жарықта қанша түс болады? Айғаным
    Қане кім жауабын табады?

    5.Табиғат сырын аштырған
    Тоқпен қазан астырған Диана
    Миллион гектар астықты
    Комбайнмен бастырған
    Физика емей немене

6. Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем, Ғасыр
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.



7 - 8 сынып оқушыларынан құралған аудиторияны екі командаға бөліп бірінші командаға –«Зодиак» деп, екінші командаға «Зенит» деп ат қойып, әр командаға капитан сайлап алып сайысымызды бастайық.
I – бөлім: Сұрақтар сайысы
II – бөлім: Сәйкестендіру тапсырмалары
III - бөлім:
Жұмбақтар
IV - бөлім:
«Бақытты сәт»

V - бөлім: «Иә» немесе «жоқ»
VI - бөлім. Ойын «Жер - Теңіз - Ауа»
VII – бөлім Шешендік. (Капитандар сайысы)

Бірінші ұсынған ойынның түрі: «Физикалық жұмбақтар».
I – бөлім: Сұрақтар сайысы : 1 ұпай
1. Дене пішінінің өзгеруі қалай аталады?
2. Космонавтиканың негізін қалаған кім?
3. Меркурийдің қазақша аты?
4. Космодром қай жерде, аты қандай?
5. Ғарышқа ең алғаш ұшқан ұшқыш?
6. Судың үш күйін ата?
7. Есекқырған деп қай планета аталады

II – бөлім: Сәйкестендіру тапсырмалары: 1ұпай
1) Бұл денелердің жылдамдықтарын ретпен орналастыр.
Ұшақ, жаяу адам, жеңіл машина, Электр пойыз, күшік
20 км/сағ, 700 км/сағ, 90 км/сағ, 200 км/сағ, 5 км/сағ.
2) Әр құралдың атын және ол қандай физикалық шаманы өлшейтінін ретпен жазыңдар.
Манометр, динамаметр, таразы, термометр,.
Температураны, күшті, қысымды, массаны.
3) Шамалардың өлшем бірліктерін Халықаралық бірліктер жүйкесінде жазыңдар.
км/сағ, см, см3, см 2, тәулік.
м2, м, м3, м/с, с.
III – бөлім : : Жұмбақтар:
1. Етек – жеңі жиналмай
Дауыл тұрса дым қалмай
Түйдектеліп көшеді
Тоз - тоз болып өшеді. Жауабы: Бұлт. (1балл)
2. Электр энергиясын өндіретін,
Үйіңе жарық ендіретін,
Ротор стартордан құрылымы,
Кім айтады мұндай құрылғыны? Жауабы: Генетатор (1 балл)
3. Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат. Жауабы: кемпірқосақ (1 балл)
4. Күндіз қасыңнан қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ па, қараңғыға бармайды. Жауабы: (Көлеңке) (1балл)
5. Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді6
Бірақ өзі көрмейді. ( компас)
6. Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді. Жауабы: Күн мен Ай
7. Отқа жанбас,
Суға батпас. Жауабы: мұз (1балл)
8. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. Жауабы: шаңғы (1балл)
9. Жылт - жылт етеді,
Жылғалардан өтеді Жауабы: Су (1 балл)
10. Жылдың төрт мезгілінде де,
Мазасызданады ол неге? Жауабы: Жел. (1 балл)
11. Бұлтты аспанның жүзінде,
Ойнайтын бұл немене? Жауабы: Найзағай. (1 балл)
12. Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. Жауабы: Масса. (1балл)
13. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)
14. Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала - шаға ұсағын,
Бауырына қысады. ( магнит)
15. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп)
16. Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен - ақ басы айналды. (Электр есептегш)
17. Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды ( сағат)
18. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді. (күш)
19. Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)
20. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
21. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн)



IV - бөлім: «Бақытты сәт» 5ұпай.
1. Екі санның қосындысы 8 - ге, айырмасы 2 - ге, көбейтіндісі 15 - ке тең. Осы сандарды анықтаңдар.
2. Тауда 7 ағаш, әр ағаштың түбінде 7 ін, әр інде 7 түлкі, әр түлкіде 7 күшік. Барлығы неше күшік бар?



V - бөлім: «Иә» немесе «жоқ»
1-тот: 1. Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (жоқ)
2. Заттар үш күйде болады ма? (иә)
3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)
4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)
5. Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ)
6. Жылдамдық бірлігі м/с (иә)
7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)

8.Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)
9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)

10.Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма? (иә)

2-топ: 1. Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә)
2. Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең.(иә)
3. Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? (жоқ)
4. Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? (иә)
5. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә) о
6. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ)
7. Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме? (иә)
8. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (иә)
9. P=pgһ қысымның формуласы ма? (иә)
10. Жұмыстың өлшем бірлігі Ватт.(жоқ)

VI - бөлім. Ойын «Жер - Теңіз - Ауа»
1 - топ «Теңіз»
2 - топ «Ауа»
Сұрақ: Осы екі сөз туралы физика, биология, әдебиет тілдерінде не айта аласыңдар?
Мысалы: «Жер»
Физика тілінде: Күн жүйесіндегі тоғыз планетаның бірі. Күнге жақындығы жөнінде үшінші планета.
Биология тілінде: Жерде саналы тіршілік иесі адамдар тіршілік етеді
Әдебиет тілінде: Мақал - мәтел
Туған Жер – алтын бесік.


VII – бөлім Шешендік. (Капитандар сайысы).
Екі топқа жазуы бар екі қағаз беріледі. Ұпайы көбірек жинаған топ бірінші болып қағазды таңдайды (қағаздар жазылған беттерімен төмен қаратылған). Қағаздарда физика және информатика сөздері жазылған.
Жүргізуші: Ал енді топ басшылары сөз сендерге. Сіздерге әрқайсысыңа дайындыққа 3 мин уақыт беріледі. Сонан соң сендер алдымызға шығып, қазіргі күнде физика не информатиканың қоғамда және өз өмірлеріңде алатын орны туралы және осы ғылымдардың адамзатқа тигізген пайдасы мен келтірген зияны жайлы сөз айтасыңдар.
{Мысалы}
пайдасы
зияны
Физика
Ғарышқа шықтық
бомба
информатика
интернет
радиация

  1. Қорытындылау бөлімі.
    Бүгінгі кешімізді мына бір физиктердің өмірінен қызықты хикаялармен аяқтағым келіп тұр.
    1. Ньютонның екі мысығы болыпты. Біреуі үлкен, екіншісі кіші. Мысықтарды таңертең оның мазасын алмас үшін, есікке екі тесік жасапты. Бірі үлкен екіншісі кіші. Мұны көрген көршісі Ньютонға: «Неге екеу жасадың, біреуі де жетер еді ғой»- депті. Сонда Ньютон басын қасып: «Иә, бұл керемет ой! Бірақ бұл ой маған келмеген екен,- деген екен.
    2. Рентген сәулелерін ашқан физик Рентгенге біреу хат жазыпты. Хатында Рентген бірнеше сәулелерді және қалай жұмыс істеу керектігін көрсететін нұсқауды хатпен салып жіберуді сұрапты. Хат иесінің сөзіне қарағанда көкірегінде оқ қалып қойыпты. Рентген хаттың иесіне мынадай жауап жазып жібереді: «Өкінішті - ақ, қазіргі уақытта менде бұл сәулелер жоқ және оларды жіберуде көп жұмыс туғызады. Сондықтан сізден сұрарым, ең оңайы, маған сіз өзіңіздің көкірегіңізді салып жіберіңіз».
    3. Ампер басқалардан ұмытшақтығымен ерекшеленген екен. Бір күні ол үйінен шығарда есігіне хат жазып кетіпті.« Мырзалар! Ампер үйде жоқ, бүгін кешке келіңіздер» - деген сөз жазылған екен. Біраз уақыттан кейін Ампер үйіне келіп хаттағы жазуды оқып, кері қайтып, үйіне кешке келіпті.
    Осындай көтеріңкі көңіл күймен сіздерге «сау болыңдар» демекпін








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?ызы?ты физика

Автор: Макишева Маржан Камитовна

Дата: 14.01.2015

Номер свидетельства: 154861


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства