Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, география
Сабақтық барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Өткен тақырыптарды қайталай отырып, есептер шығарту
ІҮ. Қорыту
Ү. Бекіту
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аударамын. Сабақты бастамас бұрын сынып оқушыларын екі топқа бөлемін.Топтарын таныстырады. Әр топта басшы тағайындайды. Топ басшысы өздерінің тобының ұпай сандарын есептеп отырады.
І. «Физика»
ІІ. «Астрономия»
Ой қозғау.
Сабағымыз «саяхат сабақ» болғандықтан біз бүгін ғарыш әлеміне саяхатқа шығамыз. Ғарыш Әлеміне біздің Қазақстан жерінен «Байқоңырдан» басталғанын білеміз. Сонымен , «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы қысқаша мағлұмат бере кетейін. Құрылысы 1955 жылы басталып, 1957 жылы мамыр айында пайдалануға берілді. Байқоңыр деп аты айтып тұрғанындай, айлақтың айналасы қара қоңыр топырақты, шөбі де алтын түстес қоңыр. Ғарыштық старт алаңына орын таңдауда көптеген жағдайлар ескерілді. Біріншіден, ол халық тығыз орналасқан аймақтар мен өндіріс орталықтарынан алыс, екіншіден, Алматы – Мәскеу теміржолының Қызылқұмнан өтетін маңына жақын болуы тиіс еді. Бұрынғы КСРО – ның, қазіргі Қазақстанның оңтүстігі салыстырмалы түрде экваторға тым қашық емес. Бұндай жағдайдың ғарыш кемелерін ұшыру барысында жердің айналу жылдамдығын пайдалануға мүмкіндік беретіні де ескерілген болатын.
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Қазақстан-2050» кемесімен саяхатқа шықпас бұрын 2 топ өз тобымызды таныстырып өтейік.
Физика – табиғаттағы физикалық құбылыстарды әрі денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым және оқу пәні.
Астрономия – аспан денелерінде және олардың жүйелерінде орын тебетін құбылысты зерттейтін ғылым және оқу пәні.
Аталған екі топ ғаламшарларға барып-келуі үшін бірнеше кедергі-тапсырмаларды орындауы керектігі туралы спутниктен хабарлама келді
Тапсырмалар 4- деңгейлік құрылымнан тұрады.
1.Танымдық деңгей (ауызша тапсырмалар)
а) «Физика тілінде сөйлесек»
ә) «Физикалық шамалар»
2. Алгаритмдік деңгей (суреттермен жұмыс)
б) Семантикалық карта
в) «Физика біздің айналамызда»
3. Эвристикалық деңгей (деңгейлік тапсырмалар)
г) Деңгейлік есептер
ғ) Графикалық диктант
4. Шығармашылық деңгей (тәжірибе жасау)
д) «Физикалық тәжірибелер»
Ал, енді таныс болсақ,
Бүгінгі тарихта қалады. Сондықтан күн жады мен бүгінгі күннің сабағын дәптерге жазып аламыз.
«Қазақстан -2050» ғарыш кемесі ұшуға дайындаламыз.
Жаңа сабақ
І. Танымдық деңгей.
Орбиталары Жер орбитасының ішкі және сыртқы орбитасында орналасқан.Олар төменгі және жоғары ғаламшарлар болып екіге бөлінеді. Келіп жеткен ғаламшарымыз төменгі орбитада орналасқан «Меркурий»ғаламшары.
Бұл ғаламшарда «Физика тілінде сөйлесек» деп аталады. ІІ топқа сұрақтар беріледі. Солардың қай тілден аударылғанын және қазақша мағынасын6 анықтамасын айтып береді.
"Физика" тобына:
Манометр грек тілінен алғанда қандай мағына береді? -Манометр – грекше «манос»- сирек, тығыз емес, «метрео» – өлшеймін
Инерция дегеніміз не? -Инерция – латынша – қозғалыссыздық, әрекетсіздік
Деформация қай тілден алынған, мағынасы қандай? -Деформация – латынша- бүліну, бұзылу, иілу, бұралу.
Кинетикалық мағынасы қандай?-Кинетикалық – грекше «кинетикос» – қозғалыс
Атмосфера грек тілінен қандай мағына береді?-Атмосфера – грекше «атмос» – бу, ауа, «сфера» – шар
Күнге ең жақын планета?-Күнге ең жақын планета - Меркурий
Қозғалыстың неше түрі бар?-Екі түрі бар: бірқалыпты және бірқалыпсыз
Молекула дегеніміз не?-Заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі
Уақыт қандай прибормен өлшенеді?- Уақытты сағатпен өлшейд
Күштің өлшем бірлігі?- Ньютон
Жауаптары:
«Астрономия» тобына
Барометр не үшін қолданылады? - Барометр – грекше «барос»- ауырлық, «метрео» – өлшеймін
Диффузия қандай мағына білдіреді?-Диффузия- латынша – жайылу, таралу
Динамометр грек тілінен алғанда қандай мағына береді? -Диномометр – грекше «динамис» -күш, «метрео» – өлшеймін
Потенциалдық қандай мағына береді?-Потенциалдық – латынша «потенция» – мүмкіншілік
Анероидтар дегеніміз не?-Анероидтар – грекше «анероид» – сұйықсыз.
Масса дегеніміз қандай шама?-Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама.
Орын ауыстыру дегеніміз не?-Қозғалыстағы дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді
Қанша зодиак шоқжұлдыз бар? - 12 зодиак шоқжұлдыз бар
Аспанда қанша планета бар?- Күн жүйесінің құрамында сегіз планета бар.
Дене массасын өлшейтін аспап? - Таразы
«Физикалық шамалар»Бұл бөлімде балалар біз «Шолпан» ғаламшарына бет аламыз. Мұнда физикалық шамалардың орындары ауыстырылып беріледі. Соларды тауып, үш тілде айтасыз.
Адуан – аудан – площадь – region, square
Эгрняси – энергия – энергия – energy
Мжсұы – жұмыс – работа –work
Мкеөл – көлем – объем – volume
Уқаыт – уақыт – время – time
Ассма – масса - масса - mass
Үшк - күш – сила - fast
Қылдыджам – жылдамдық - strength
ІІ. Алгаритмдік деңгей
Жер орбитасының сыртында яғни жоғарғы орбитасында орналасқан ғаламшар ол «Марс» ғаламшары. Осы ғаламшарға бару үшін «Семантикалық карта» тапсырмасын орындайымыз..
Физикалық шама
белгіленуі
өлшем бірлігі
формуласы
E
η
P
S
F
N
%
Дж
Вт
Н
Па
м
ν*t
ma
A/t
Aп/Aт
F/S
mgh
Жол
Күш
Қысым
Энергия
Қуат
ПӘК
Ал, «Физика біздің айналамызда» тақырыбында келесі «Юпитер» ғаламшарына барамыз. Бұл бөлімде суреттермен жұмыс жасаймыз.
58- сурет (а,ә,б,в)
а – сурет: Көлік кенет тоқтағанда адам алға қарай еңкейеді
ә – сурет: жылдамдығын күрт арттырғанда артқа қарай шалқаяды
б, в – суреттер: Қатты жүгіріп келе жатқан адам немесе тайғақ жолмен шапшаң қозғалған автомобиль жолдың бұрылысында бір кедергіге барып бұрылады.
61- сурет: Екпіндеп жүгіріп келе жатқан бала ақырын жүріп келе жатқан баламен қақтығысып қалса, онда олардың қозғалыс жылдамдығы өзгереді.
62- сурет:Бұтақта отырған құсұшып шығарда бұтақты кері итереді.
63- сурет: Қайықта отырған адам суды ескекпен есе отырып, сумен әрекеттеседі.
110 – сурет: Егер шәйнектің шүмегі өте қысқа болса, онда су шүмектен ағып кете берер еді де, біз оны еш уақытта қақпағына дейін шүпілдетіп толтыра алмас едік. Ал, шәйнектің шүмегі аса ұзын болған жағдайда , сәл ғана еңкейткен кезде су сөзсіз шүмектен бұрын оның қақпағынан төгіледі. Шайнек пен оның шүмегіндегі су бірдей деңгейде тұрады. Шәйнекті еңкейткен кезде , оның шүмегі шәйнектегі судың деңгейіне дейін төмен түседі де, одан су аға бастайды. Бұл ұғым қатынас ыдыстар деп аталады.
145- сурет: Кеме суда орнықты және қауіпсіз жүзуі үшін ол берілген бір тереңдікке дейін ғана суға батуы тиіс. Кеменің төменгі бөлігі батқан тереңдк шөгім деп аталады. Рұқсат етілген шөгім кеменің корпсуында қызыл сызық – ватерсызық деп аталады.
ІІІ. Эвристикалық деңгей
Бұл бөлімде «Сатурн» ғаламшарына барайық. Деңгейлік тапсырмалар берілген, соларды орындап ,ары қарай сапарымызды жалғастырамыз..
А
В
С
5
10
15
5
10
15
А-5
Роликті коньки киген екі бала бір – бірінен кері итеріліп, қарама қарсы жаққа қарай сәйкес 3 және 4 м/с жылдамдықпен сырғанап кетті. Бірінші баланың массасы 36 кг. Екінші баланың массасы неге тең?
А-5
3,1Н күш әсер еткен кезде 6 см ұзарған серіппенің қалыңдығын табыңдар?
В-10
Денеге әрекет ететін ауырлық күші 10 кН. Ол дененің массасы қандай?
В-10
Әрқайсысының ұзындығы 420 м екі пойыз бір біріне қарама – қарсы бірдей 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Екі пойыз кездескен соң ең соңғы вагондары ажырағанға дейін қанша уақыт кетер еді?
С-15
Массасы 7кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті μ=0,3
С-15
Шынжыр табанды ДТ - 75M тракторының массасы 6610кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы 1,4м2. Oсы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.
Келесі саяхатымызды «Уран» ғаламшарына жалғаймыз. Бұл ғаламшарда берілетін тапсырма
«Графикалық диктант»
Архимед
P=F/S
Исаак Ньютон
Гелиоцентрлік жүйе
Блез Паскаль
F=ma
Галелео Галеллей
F=ρgv
Николай Коперник
Инерция заңы
ІҮ. Шығармашылық деңгей
Енді саяхатымызды «Нептун» ғаламшарына жалғайық. Бұл ғаламшарда бізді күткен қандай тапсырма бар екен?«Физикалық тәжірибелер» деген бөлімге тоқталайық. Столда ыдыста тұрған су, маргансовка, шариктер, сызғыш, стакан физикалық құралдардың ішінен өзің жасап білетін физикалық тәжірибеңді көрсет.
Жұмбақтар шеше білеміз бе?
Жұмбақ
Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың.
(Жол)
Жұмбақ
Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың.
(Уақыт)
Жұмбақ.
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?
(Жылдамдық)
Жұмбақ
Жылдамдықты өзгертеді,
Қозғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қозғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді.
(Үдеу)
Жұмбақ
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді.
(Күш)
Жұмбақ
Бірдей көлемдегі масса кейде көп,
Аз болса да кейде көп.
Делінеді бұл шама,
Аталуын тапшы тек.
(Тығыздық)
Жұмбақ
Күш көбейсе артады,
Ауқадан артқа тартады.
Жүзі жұқа үшкір зат,
Одан бірақ қорқады.
(Қысым)
Жұмбақ
Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әртүрлі,
Өлшеуге болады дәл.
(Масса)
Қорытынды: Біз ғарыш әлеміне сяхат жасап, 7 сыныпта өткен физика сабағының материалдарында қайталадық. Ғарыштан келген екі топтың жеңгенін бізге қазір әділ қазылар хабарлайды. Қорытынды дайын болғанша үйге тапсырманы жазып алалық.
Үйге тапсырма:
«Физика» тобы: Құмға қанша қысым түсіресің? (2 жағдайда есептеп шығар)
«Астрономия» тобы: Судың және майдың ыдыс қабырғасына түсірілетін қысымынесептеңдер.(Сұйықтардың деңгейлері бірдей)
Әділқазылар қорытындысынан кейін бағалау ,марапат түрінде өтеді.
Бағалау: Ғарыш әлемінен саяхаттан келген «Физика», «Астрономия» топтарынынң мүшелеріне арнайы естелік сыйлығым «Марапаттауларым» бар.
Сөзімді растау үшін мынадай өлең жолдарымен аяқтаймын.