Білімділік: оқушыларды газ заңдарымен таныстыру, оқушылардың газ қасиеттері туралы білімін жүйелеу
Дамытушылық: оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, заңдылықтарды қолдануын, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру
Тәрбиелік: оқушыларды ұжыммен жұмыс жасауға, ізденімпаздыққа,
еңбексүйгіштікке баулу
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: баяндау, сұрақ – жауап, есептер шығару, тест
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылармен сәлемдесу
2) Кезекші мәлімдемесі
3) Сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу
4) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
5) Оқушыларды топтастыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Топтарға екі сұрақтан қойып, үйге берілген тапсырманы қорытындылай отырып, жаңа сабақты жалғастыру.
Топтарға қойылатын сұрақтар:
Молекулалы –кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі
()
Авогадро заңын тұжырымдаңдар
( бірдей температура мен қысым кезінде газдың тең көлемдеріндегі
молекулалар саны бірдей болатыны шығады)
Молекулалары шексіз аз көлем алатын серпімді шариктер болып табылатын және өзара әрекеттесуі тек олардың бір-бірімен тікелей немесе ыдыстың қабырғасымен соқтығысуы кезінде ғана білінетін газ
(идеал газ)
Заттың 1 молінің температурасын 1 К-ге арттыру үшін оған қанша жылу мөлшерін беру қажет
(8,31 Дж/К*моль)
Термодинамикалық параметрлерді ата
(P,V,T)
Идеал газ күйінің теңдеуі? (термодинамикалық параметрлерді байланыстыратын теңдеу )
Қызығушылығын ояту (Бейнекөрініс көрсету)
ІІІ. Жаңа сабақ
Мағынаны тану кезеңі
Топтарға изопроцестер түріне байланысты үш түрлі мәтін беріліп, олар мәтінді оқып, кестені толтырып, өзге топтарға түсіндіріп баяндайды.
Аталуы (процесс)
Физикалық шамалар
Формуласы
Графиктері
Изотермалық
Тұрақты шама T=const
P1V1 = P2V2
Р.Бойль, Э.Мариот, 1662ж.
Өзгеретін шама
P , V
Изобаралық
Тұрақты шамаP=const
Гей-Люссак, 1802ж.
Өзгеретін шама
V, T
Изохоралық
Тұрақты шамаV=const
Ж. Шарль, 1787ж.
Өзгеретін шама P, T
Оқушылар берілген изопроцестердің графиктерін сипаттайды.
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Ой-толғаныс
Топтарға есептер беріледі.
Газ изотермалық түрде 8 л көлемнен 6 л көлемге дейін сығылған. Осы кезде қысым -ға артқан. Бастапқы қысымды анықтаңдар
(12кПа)
Идеал газды изотермалық түрде көлемі 1,4 есе, ал қысым өзгеретіндей етіп ұлғайтады. Газдың бастапқы қысымын табыңдар.
(0,7 МПа)
Цилиндрдің поршені астында көлемі 10 л газды изобаралық түрде Т1=323 К температурадан Т2=273 К температураға дейін суытады. Т2 температурадағы газдың көлемі қандай?
(8,5л)
Тест жұмысы
1. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларының бірі
А) барлық денелер микробөлшектерден тұрады, әрі дененің массасы өзін түзетін микробөлшектердің массаларының қосындысына тең
В) бір заттың молекулаларының екінші заттың молекуларалық кеңістігіне еніп кетуі
С) сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы
2. Молекулалардың қозғалыс жылдамдығының дене температурасына тәуелділігін тағайындаған кім?
А) Демокрит
В) Эпикур
С) Больцман
3.Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп кетуі –
А) броундық қозғалыс
В) диффузия
С) идеал газ
4. Броундық қозғалыс дегеніміз не?
А) Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп кетуі
В) сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы
С)денедегі микробөлшектердің үздіксіз және хаосты қозғалыста әрі бұл қозғалыстың жылдамдығы дененің температурасына тәуелді болуы
5. Термодинамикалық параметрлер
А) P, V, T
В) F, T, S
С) P, F, V
6. Тұрақты қысымда өтетін процесс
А) изобаралық процесс
В) изохоралық прроцесс
С) изотермалық процесс
7. Көлем тұрақты болғанда өтетін процесс
А) изобаралық процесс
В) изохоралық прроцесс
С) изотермалық процесс
8. Бойль – Мариотт заңы
А)
В)
С) P1V1 = P2V2
9. Шарль заңы
А)
В)
С) P1V1 = P2V2
10. Гей-Люссак заңы
А)
В)
С) P1V1 = P2V2
V. Үйге тапсырма: тақырыпты түсініп оқу, 9-жаттығу
Оқушыларды бағалау (оқушының бағалау парағын талдау).