kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару»


Сабақ жоспары

Cабақ:

Куні:

Сынып: 8- сынып.


Мектеп: Ө. Сұлтанғазин атындағы орта мектебі

Мұғалімнің аты – жөні: Махамбетова Дария Ауесханқызы

Қатысқандар: Қатыспағандар

Сабақ тақырыбы

Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары

8.3.2.1 – дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау;

8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипатайды, жылу берілудің түрлерін салытырады;

Оқушылардың басым бөлігі: Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін түсіндіреді, жылу берілудің түрлерінің айырмашылығын ажыратады;

Кейбір оқушылар: Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерінен мысал келтіреді, жылу берілудің түрлерінің айырмашылығын зерттейді;

Бағалау критерийлері

  1. Термометрдің бөлік құнын, өлшеу шегін, ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін сипаттайды.

  2. Термометрдің жұмыс істеу принципі қандай құбылысқа негізделгенін түсіндіреді.

  3. Жылу берілудің түрлеріне ұсынылған тәжірибені жоспарлайды. Эксперимент нәтижесін ғылыми тұрғыдан түсіндіреді. Жылу берілудің түрлерінің қандай параметрлерге байланыстылығын болжайды, болжамдарын дәлелдеу жолдарын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар энергияның түрленуі температурамен байланыстылығын түсіндіре алады. Әрбір тәжірибе нәтижесіне ауызша талдау жасайды. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін ауызша сипаттайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Молекулалар, тығыздық, көлем, масса, температура, термометр, дененің ұлғаюының температураға сызықты тәуелділігі, молекулалардың жылулық қозғалысы, заттың ұлғаюы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Сұйық және қатты затты қыздырғанда оның көлемі ....................

Әр түрлі сұйықтықтар әртүрлі ...............

Солтүстік аймақта спиртті термометрді ғана қолданады, себебі ...

Құндылықтарды дарыту

Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер,ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Математика,Химия пәнімен байланысы

Бастапқы білім

Температура, оны өлшеу тәсілдері, температуралық шкалалар.





Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғ ан кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурста

р

Сабақтың басы

0-7 минут

7-10 минут

(PISA тапсырмасы)























10-11 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,сынып тазалығына назар аудару,оқу құралдарын тексеру.

1.Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу.

Петр өзінің ескі үйін жөндеп жатыр. Ол көлігінің жүк бөлігінде суы бар бөтелке, бірнеше шегелер мен ағаш кесінділерін қалдырып кетті. Көлік күннің астында 3 сағат тұрған соң, оның ішіндегі температура 40ºC-ге жетті.

Көліктің ішіндегі заттар қандай күйге ұшырайды?

Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.

Көліктегі заттармен келесі жағдайлар болды ма?

Иә немесе Жоқ

Барлық заттардың температурасы бірдей болды

Иә / Жоқ

Біраз уақыттан кейін су қайнай бастады

Иә / Жоқ

Біраз уақыттан кейін шегелер ыстықтан қызара бастады

Иә / Жоқ


2. Ой қозғау. Балғамен темірдің бетін бірнеше рет ұрған. Металл темір мен балғаның температурасы артты. Құбылысты қалай түсіндіресің?


Презента ция

Сабақтың ортасы

11-21 минут

3. Жаңа сабақ. Мұғалім демонстрация көрсетеді.Стақандарға бірдей мөлшерде ыстық және суық су құйылған. Қай стақандағы судың ішкі энергиясы жоғары екендігін түсіндір.

21-36 минут

Тиынның ішкі энергиясын өзгертудің жолдарын анықтаңдар



  • Тиынды плитаның үстіне қою

  • Ыстық суға салуға болады

  • Терезенің алдына күн көзіне қою

  • Қызған лампаның астына қою

  • Краннан ағып тұрған ыстық судың астына қою

  • Тиынды үйкеу арқылы

Осы тәсілдерді жылу берілудің түріне қарай 2-топқа топтастыр.

Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері механикалық жұмыс жасау және жылу берілуді салыстыру.

Дискрептор:

  • Дене температурасының артуы оның ішкі энергиясының артуымен байланысты екенін біледі.1 ұпай.

  • Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының кинетикалық және олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы екенін түсінеді.Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін білуеді. 1 ұпай.

  • Әрбір тәжірибені сипаттайды және ішкі энергиясы қандай әдіспен өзгертілгенін анықтайды. 1ұпай.

  • Оқушылар ішкі энергияны жұмыс істеу және жылу берілу арқылы өзгертуге болатындығын түсіндіреді.1 ұпай.

5. Ғылыми -жаратылыстану сауаттылығы аспектілері.

Мәнмәтін.Термометр

https://infourok.ru/testterfizikadanpisaesepteri541586.html



2. Сұрақ.Суретте кун сәулесі түсіп тұрған 3 бірдей спиртті термометрлер кескінделген. Қай термометрдің көрсеткіші бірінші болып өзгереді?

1- термометр 2- термометр 3- термометр

A. 1- термометрдің B. 2- термометрдің C. 3- термометрдің

D. Үшеуінде бірдей

3.Сұрақ.

Термометрлердің түрлеріне байланысты төмендегі берілген пікірлер дұрыс па?

Төменде келтірілген мүмкін пайымдаулардың әр қатарынан «Иә» немесе «Жоқ» деп айналдыра сызыңыз

Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?

Иә /Жоқ

Сынап және спирт термометрлерінің көрсетуі тек бір тірек нүктеге ғана сәйкес келеді

Иә/ Жоқ

Сынапты термометрмен мұқият болу керек, себебі сынап буы - үлы

Иә /Жоқ

Арктиканы зерттеушілер спиртті термометрлерді таңдап алады

Иә / Жоқ

Дискрептор:

  • Ғылыми -жаратылыстану сауаттылығы аспектілері туралы түсініктері бар. 1 ұпай.

  • Білім алушылардың функционалдық ойлау қабілеті мен шығармашылық тұрғыдағы жұмысын дамытуда өз бетімен жұмыс жасайды және орындайды. 3 ұпай.

  • Алған білімін, қарапайым ғылыми зерттеу дағдыларына қолдана алады.1 ұпай.

Эксперименттер жасау. Эксперимент жасау үшін сыныпты топқа бөліп аламыз. Топқа бөлу үшін түстер арқылы топтарға біріктіру. Топ басшысын сайлайды. Ол топ мүшелерін берілген тапсырма бойынша дескрипторларға сәйкес бағалап отырады.

Оқушыларға штатив, спиртовка, сіріңке, темір және алюмийден жасалған шегелер, кеңсе кнопкасы,ермексаз берілген. Топ жұмыс жасап жатқанда жетелеуші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетуге болады.

Мысалы:

  • Металл шыбықтар заттың қандай күйі?

  • Эксперимент барысында неліктен түйрегіштер кезектесіп түсті?

  • Шыбықтың қай бөлігінде орналасқан түйрегіштер түсе бастады?

  • Қатты заттардың молекуларының орналасуы қандай?

  • Шыбықтың шетінде тұрған кнопкалар неге түсу уақыты кеш?

  • Алюминий және темір шыбықтардағы түйреушітің түсу уақыты бірдей ме?

  • Оларға бірдей мөлшерде жылу беріліп жатыр ма?

  • Қандай нәтижеге сүйеніп олардың жылу өткізгіштігі әртүрлі деп болжау жасаймыз?

  • Денелердің жылу өткізгіштің қасиетіне қарай олардың қолдану аясы қандай?


1-эксперимент

Оқушылар сынауыққа су құйып жоғарғы жағынан қыздырады, оның төменгі және жоғарғы жағындағы температураны салыстырады.

Оқушылар судың жылу өткізгіштігіне байланысты тиісті қорытынды жасайды.

2-Эксперимент

Оқушылар сынауыққа су құйып төменгі жағынан қыздырады, оның төменгі және жоғарғы жағындағы температураны салыстырады.

3 – эксперимент

Конвекция құбылысын сипаттау үшін қыздырғыш плита, колба, перманганат калий түйіршіктері берілген. Топ мүшелеріне жетелеуші сұрақтар қоюға болады. Мысалы:

1.Судың төменгі қабаты қызғанда, оның көлемі қалай өзгеретін сипаттаңдар.

2. Судың төменгі жағындағы қызған қабаты мен жоғарғы жағындағы салқын қабаты неліктен орын ауыстырады

3.Неліктен конвекция газдар мен сұйықтарда жүретінін болжаңдар

4.Заттың қандай күйінде конвекция жүру мүмкін емес? Жауаптарыңды негіздеңдер

Дискрептор:

  • Осы құралдарды пайдаланып металл шыбықтарға жылудың берілуін бақылап, тәжірибені сипаттайды және нәтижесін талдайды. 1 ұпай.

  • Оқушылар жылу өткізгіштің заттың тегіне байланысты болатынын түсіндіреді. 1ұпай.

  • Оқушылар бірінші және екінші эксперимент арасындағы айырмашылықты түсіндіреді. 1ұпай

  • Сұйықтарда жылу қалай берілетінін топта талқылайды. Осы құралдарды пайдаланып сұйықтарда жылу төменнен жоғарыға қарай берілетінін дәлелдеп, тәжірибеге қорытынды жасайды.1 ұпай.


Оқулық 8-сынып. Закирова «ПВ» баспасы Презента ция: оқу

сауатылы

ғы, математи калық сауаттыл ық,ғ-жтану сауаттыл ығы және аспектіле р туралы.

Құралдар: штатив, сіріңке, темір,

алюминий шеге,кнопка,ермексаз.


Сабақты бекіту.


Ішкі энергиясы өзгеретін дене

Ішкі энергиясы

Ішкі энергияның

өзгерту тәсілі

Қыздырылған үтік қоршаған ортамен жылу алмасты



Плитаға ыдысты қойғанда ол қызды , осы кезде ыдыстың



Машина кенет тежелгенде оның

дөңгелегі қызып

кетті



Қыста тоңғанда секіріп біз

жылынуымызға болады



Терезе шынысы күн сәулесі түскенде қызады








Балғамен темірді ұрғанда, балға қызады. Қатты ыстық күндері күннің астында қалып қойған балға да қызады.Балғаның ішкі энергияс өзгертудің тәсілдерін атап, түсіндіріңдер.


Сабақтың соңы

36-40 минут

6. Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушылар "Попс" формуласын қолданады:

Бірінші сөйлем « Менің ойымша ...»

Екінші сөйлем «Себебі, мен бұл тақырыпты былай түсіндім...»

Үшінші сөйлем «Оны мына экспериментер мен мысалдар арқылы дәлелдей алам ...»

Соңғы сөйлем «Мен сонымен мынандай қорытындыға келдім...» Бағалау:

«5» - 12-13 ұпай.

«4» - 8 - 11 ұпай

«3» - 5 – 7 ұпай

«2» -1 – 4 ұпай

7. Үйге тапсырма:

"Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi" тақырыбын оқу

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік

техникасыны

ң сақталуы

Барлық оқушылар: ішкі энергия және оны өзгертудің тәсілдерін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана біледі.

Кейбір оқушылар:

Экспериментті жоспарлау, сипаттау және кунделікті өмірмен байланыстыра алады, ғылыми тұрғыдан негіздеме жасай алады.

Сабақ барысында жасалған тәжірибелер мен

эксперименттер оқушылардың теориялық білімдерін бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді және оқушылардың өз ойларын еркін сөйлеуге итермелейді. Сабақ басында оқушылар өмірмен байланысты сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырыпты өздері ашады. Ал «Ғылыми -

жаратылыстану сауаттылығы аспектілері»

Сабақ кезеңдерінде жекелеме оқушының және топтың олардың өзара талдау, пікір-таластарын бақылау.

Демонстрациялық эксперимент нәтижесі арқылы талдау дағдыларын бағалау Алған білімдерін бағалау критерийлері (дискрептор) арқылы тексеру.

Ыстық сумен жұмыс

істегенде абай болу;

Шыны

ыдыстармен және термометрмен жұмыс істеу барысында техника кауіпсіздік ережесін сақтау.

арқылы оқушылар жаңа сабақты өздігінен игеріп, оқу сауаттылығы қалыптасады,топпен ынтымақтасып жұмыс істейді. Сабақты қортындылау кезінде кесте толтыртып, қысқа тапсырма беремін.

"Попс" формуласын қолданып бойынша оқушылар рефлексия жасайды.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару

Автор: Махамбетова Дария Ауесханқызы

Дата: 29.12.2020

Номер свидетельства: 569000


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства