Просмотр содержимого документа
«"Ілгермелі қозғалыс динамикасы"»
Күні: 24.09.16
Сыныбы: 10
Пәні:физика
Сабақтың аты
§ 2.1 Ілгермелі қозғалыс динамикасы
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
Ілгермелі қозғалыс динамикасы жайлы мағлұмат беру
Ілгермелі қозғалыс динамикасы формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Өзгенің пікірімен санаса білуге баулу
Күтілетін нәтиже
Ілгермелі қозғалыс динамикасы жайлы мағлұмат алады
Ілгермелі қозғалыс динамикасы формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Өзгенің пікірімен санаса алатын болады
Негізгі идеялар
Динамика – механикалық қозғалысты, оны тудыратын себептерді ескере отырып зерттейтін механиканың бөлімі. Ертеде ғалымдар қозғалыстың себебін түсіндіруге тырысты. Мәселен Аристотельдің ойынша дененің қалыпты күйі- тыныштық және ол тыныштыққа ұмтылады.Денеге түсірілген қорытқы күш оның қозғалысына себеп болады. Бұл ұйғарымды Галилей жоққа шығарды. Галилей ойынша кез-келген денеге басқа бір дене әсер етпесе онда ол дене тыныштық күйін немесе бірқалыпты қозғалысын сақтайды делінген. Бүл принципті Ньютон әрі қарай зерттіп, өзінің бірінші заңы етіп тағайындады. Міне осыла динамика заңдары осылай шыққан екен. Ньютон заңдарын динамика заңдары деп атаған.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс «Жигсо»
Жұптық жұмыс
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
Траектория және оның түрлерін ата?
Траекторияның қисықтық радиусы дегеніміз не?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (4 минут)
Динамика бөлімі жайында не білеміз?
Ньютонның неше заңы бар?
Неге Ньютон заңдарын динамика заңдары деп атайды?
ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген тапсырманы топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№
Бағалау өлшемдері
Көш
басшы
Хатшы
Баяндамашы
Уақыт сақшысы
1
Есептің шешуіне үлес қосу
2
Міндетін атқару
3
Топтық жұмысқа атсалысуы
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
Берілген формулаларды түсіндіреді
2) 3)
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (11 минут)
1
Білу
Ньютон заңдарын ата?
2
Түсіну
Ньютон заңдарының формулаларын жаз?
3
Қолдану
Массасы 0,5 кг денені 10 м/с жылдамдықпен жоғары лақтырады. Ол дене 5с-та жерге түседі. Денені жоғары лақтыру үшін қанша күш жұмсалды?
4
Талдау
Дене импульсі мен күш импульсін салыстыр?
5
Жинақтау
Ньютон заңдарына мысал келтір?
6
Бағалау
Динамика заңдарының мәні неде
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)