kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Еркін және еріксіз тербелістер. Өшетін тербелістер. Тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі. Резонанс.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары 9 сынып "Еркін және еріксіз тербелістер. Өшетін тербелістер. Тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі. Резонанс."

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Еркін және еріксіз тербелістер. Өшетін тербелістер. Тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі. Резонанс.»

Оқу ісінің меңгерушісі______________________________________________

Күні__________ Сыныбы_________ Сабақ реті_______

Сабақтың тақырыбы: Еркін және еріксіз тербелістер. Өшетін тербелістер. Тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі. Резонанс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: еркін және еріксіз тербелістерді түсіндіру, өшетін тербелістер туралы түсінік беру, резонанс қалай жүзеге асатынын демонстрациялық құралдармен көрсету.

Дамытушылық: білім мен білік дағдыларын қалыптастыру, дамыту.

Тәрбиелік: жауапкершілікке, жүйелілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекіліктері: аспаптар, суреттер, кестелер

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап түрінде.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, бүгінгі сабақта кезекшілер кім екенін анықтау және сабақта жоқ оқушыларды белгілеу, не себепті жоқ екенін анықтау.

Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

  1. Өзектілік (Бұл бөлімде оқушылар жаңа сабақты игеруге білім негізі жоспарланады, ертеректе алған білімді тереңдету, үй жұмыстарын өзі-өзін тексеру).



  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру.

Кемшіліктер мен қателіктерді анықтау.

Қатемен жұмыс: эксперимент жасауда міндетті түрде негізгі қасиеттерін білу және қойылатын талаптарын дәптерге жазғанда рет-ретімен орындау.

  1. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру.

Өткен сабаққа шолу.

Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру.

  1. Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру:

  1. Еркін тербеліс деп нені түсінесіңдер?

  2. Резонанс қандай жағдайларда орындалады?



  1. Жаңа материалды бекіту:

Біз қозғалысын қарастырып отырған денелер тобын механикада денелер жүйесі немесе жай ғана жүйе деп атайды. Жүйеге енетін денелер арасындағы әрекет ететін күштерді ішкі күштер, ал жүйеге енбейтін денелер тарапынан жүйе денлеріне әрекет ететін күштерді сыртқы күштер деп атайды. Еркін тербелістер деп дене тепе-теңдік күйінен шығаылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістерді айтады. Еркін тербелістердің жиілігін жүйенің меншікті тербеліс жиілігі немесе меншікті жиілік деп те атайды. Серіппеге бекітілген жүктің не жіпке ілінген жүктің тербелістері еркін тербелістерге мысал бола алады.

Тербелмелі жүйенің энергиясын оған сыртқы периодты түрде өзгеріп отыратын күшпен әрекет ету арқылы толықтыруға болады. Жүйенің энергясы осы сыртқы күш жұмысының есебінен толығады. Бұл жағдайда тербелістер енді еркін емес, еріксіз болады. Осы тербелістерді тудырушы периодты түрде өзгеріп отыратын күш мәжбүр етуші күш деп аталады. Сонымен, еркін тербелістер дегеніміз – сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.

Керілген жіпке екі маятник ілеміз. Мұндағы А маятнигінің ұзындығы өзгермейді. Ал В маятнигінің ұзындығын жіптің бос ұшын әрлі-берлі қозғай отырып өзгертуге болады. Егер маятникті тербеліске келтірсек, онда ол керілген жіп арқылы А маятник те еріксіз тербеле бастайды. В маятниктің ұзындығын азайта отырып, оның тербеліс жиілігін өзгертуге болады. Сөйтіп, А маятникке әрекет ететін мәжбүр етуші күштің жиілігін өзгертеміз. Сонда осы мәжбүр етуші күштің жиілігі А маятник тербелісінің меншікті жиілігіне жақындағанда , А маятнигінің тербеліс амплитудасы кенет артып кететінін байқауға болады. Міне, осы мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет арту құбылысы резонанс деп аталады. Резонанс құбылысымен қай-қайсымыз да жиі ұшырасамыз. Бірақ көбіне оған мән бермейміз. Мысалы, үйдің тұсынан трамвай, трактор, пойыз, жүк мәшинесі т.б өте шыққан кезде, терезенің әйнегі дірілдеп, шыныаяқтар сылдырлайды. Өйткені сыртқы тербелістер жиілігі үйдегі денелердің меншікті жиілігімен сәйкес келеді де, соның салдарынан резонанс құбылысы пайда болады.

  1. Бақылау және өзін-өзі бақылау:

  1. Еркін тербеліс дегеніміз не?

  2. Еріксіз тербеліс дегеніміз не?

  3. Резонанс дегеніміз не?

  1. Үй тапсырмасы

Оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру: тақырыптың соңында берілген өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауаптарын жазып келу; 23-жаттығуды аяқтап келу.

  1. Оқушылардың білімін, біліктілігін, ынтасын бағалау.

  2. Рефлекция кезеңі.

Оқушылардың көңіл-күйін, іс-әрекетін, оқушылар мен мұғалімнің өзара қатынас рефлекциясына жағдай жасау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Автор: Мамбеталина Айгерим Тулеуовна

Дата: 10.12.2016

Номер свидетельства: 367913


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства