Белгілі бір h биіктіктегі дененің жерге қанша уақыттан кейін түсетінін және түскен сәтте оның жылдамдығы қандай болатынын есептеу қажет болсын. Бастапқы жылдамдық нольге тең. Дененің қозғалысын Жермен салыстырамыз.Дене төмен түсіп келе жатқанда төмен қарай бағытталған a=g үдеумен s=υ0t+at2/2 заңы бойынша вертикаль бойымен түзусызықты теңүдемелі қозғалады.