- Оқушылардың идеал газ ұғымымен танысып, молекула-кинетикалық теорияның мағынасын ашып көрсетуі, МКТ-ның негізгі теңдеуін білуі;
- МКТ - ны тұжырымдауы және оны қандай жағдайда қолдануға болатынын анықтауы.
Сабақ кезеңдері Уақыты | Жоспар мазмұны | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет? |
Кіріспе 5 минут | Амандасу, түгендеу 1 минут «Жалпыадамзат-тық бес құндылық» бойынша тілек тілеу 2 минут «Жіптер арқылы топқа бөлу» 2 минут | Мұғалім амандасып, оқушыларды түгендейді. «Жалпыадамзаттық бес құндылық» бойынша тілек тілеу арқылы оқушылардың сыни ойлауын және сөйлеулерін дамытуға әрекет жасалады. «Жіптер арқылы топқа бөлу» тәсілімен екеуі төрт, екеуі бес адамнан адамнан тұратын төрт топ құрады | Мұғаліммен амандасады. Кезекші жоқ оқушыларды хабарлайды. Оқушылардың әрқайсысы жалпыадам-заттық бес құндылықты қатыстыра отырып (сүйіспеншілік, ақиқат, қиянат жасамау, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық) бірнеше секундта бір – бірлеріне тілек тілейді. Мұғалімнің қолындағы жіптерді бір – бірден алу арқылы топтарға бөлінеді. Топ мүшелерінің міндеттері (спикер, таймкипер, суретші, кеңесші) айқындалады | бacбaрмaқ Бacбaрмaқ «Тамаша!», «Керемет!», «Рахмет!», «Жарайсың!» | Ұзындығы әр түрлі жіптер |
Тұсаукесер 8 минут | Үй тапсырмасын тексеру және жаңа тақырыпты ашу «Домино» 6 минут «Болжау» 2 минут | «Домино» тәсілімен топтық жұмыс арқылы үй жұмысы еске түсіріледі. Бұл стратегия мадақтау үшін, түсіне отырып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру үшін пайдаланылады. Оқушыларға сұрақ қою арқылы сыни ойлау қабілеттерін дамыта отырып, тақырыпты ашады. Бұл жердегі мақсат оқушылардың дөп түсіп жауап беруінде емес, олардың белсенді түрде ой қозғай алуы, оқушылардың өз қатесін өзі түзей алу мүмкіндігінде. Сұрақтар: 1. Идеал деген сөзді қалай түсінесіңдер және сендердің ойларыңша оны қандай жағдайда қолдануға болады? 2. Физикаға қатысты бұл ұғымды қай уақытта пайдалануға болады деп ойлайсыңдар? | Оқушылар тақырып бойынша дайындап әкелген сұрақ-жауаптарын домино түрінде ортаға сала отырып, өздерінің үй жұмысын қаншалықты меңгергендерін бағалайды. Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді, тақырып атауы келтірілгеннен кейін оқушылар «Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады?» деген сұраққа жауап іздейді. Осы сауал төңірегінде ойланып, өз ойларын ортаға салады. | бaқылaу, топтық және ұжымдық жұмыc, қол шапалақтау, ашық және жабық сұрақтармен жұмыc; табыс критерийін толтыру; Ынтaлaндыру мaқcaтындa қoлдaу көрceту (Жарайсыңдар!, Бұл сенің қолыңнан келеді!) | 10 cыныптың oқулығы, Домино тапсырмалары, табыс критерийі |
Негізгі бөлім 23 минут | Жаңа тақырыпты меңгеру және бекіту Insert 5 минут Менталды карта + есеп шығару 10 минут (жазу) + 8 минут (қорғау) | Insert (белгі қойып оқу) жаңа мәліметтерді игеру үшін қолданылатын стратегия. Толтырылғаннан кейін өзара талдау, талқылау жүргізіледі. Кестені толтыруда сөздер, сөз тіркестері, терминдер ғана қолданылуы мүмкін. Менталды карта, оның мақсаты оқушылардың бірлесе отырып белгілі бір проблеманы графикалық түрде шешуі. Сонымен қоса оқушыларға 4 есеп беріледі, топ болып талдай отырып, тақтаға бір есептің шығарылуын жазуы керек | Оқушылар мәтінді оқығанда жекелей мына кестені толтырып отыруы керек: ^ | + | - | ? | «Бұрыннан білемін» | «Жаңа ақпарат» | «Менің ойлағаныма қайшы» | «Білгім келеді» | | | | | Оқушылар тақырып бойынша өздерінің түсінігін ватманға графикалық түрде бейнелейді және топ спикері тақтаға шығып, қорғайды. Топтың атынан бір оқушы шығарылған төрт есептің біреуін тақтаға жазады. | бaқылaу, жеке және топтық жұмыc, табыс критерийін толтыру; Ынтaлaндыру мaқcaтындa қoлдaу көрceту (Жарайсыңдар! Жақсы жұмыс жасап отырсыңдар!, Мен сендерге ризамын!) | 10 cыныптың oқулығы, ватман, фломастер, маркерлер, бор, магниттер, табыс критерийі |
| | №1. Қандай температурада молекуланың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы 12,42 · 10-21 Дж-ға тең болады? №2. 5 · 105 Па қысымдағы 0,5 л көлемді алатын массасы 3 г газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы қандай болады? №3. 5 · 105 Па қысымдағы орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/с, массасы 3 кг газ қандай көлем алады? №4. Концентрациясы 2 · 1025 м-3 және 270С температурадағы бір атомды газдың қысымын анықтаңдар | №1. Молекуланың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының формуласы қолданылады: Е=3/2kT, T = 2E/3k = 600 K, t = T – 273 = 327 0C №2. Молекуланың орташа квадраттық жылдамдығын Клаузиус теңдеуінен анықтаймыз: p = 1/3m0n0 υ2 = 1/3m/V·υ2, υ = √3pV/m, p = 1/3 m/V· υ2, υ = 500 м/с №3. Көлемді Клаузиус теңдеуінен анықтаймыз: p = 1/3m0n0 υ2 = 1/3m/V·υ2, V = m υ2/3p, V = 2,5 м3 №4. Газдың қысымын оның концентрациясына және абсолюттік температурасына байланысты көрсететін формуладан анықтаймыз: p = nkT = 8,28 · 104 Па | | |
Қорытынды 9 минут | Рефлексия және бағалау, үйге тапсырма беру «Көршінің сұрағына жауап» 6 минут «Өзіңді бағала» 2 минут 1 минут | «Көршінің сұрағына жауап» беру арқылы оқушыларға сабаққа кері байланыс орнату сұралады. «Табыс критерийі» арқылы өздерін өздері бағалау тапсырылады. «Жетістіктер аралын» толтыруды ұсынады. Үйге тапсырма береді §4.5 оқу, 8 – жаттығу №10 | Оқушылар көршісінің сұрағына жауап беру арқылы сабаққа кері байланыс орнатады. Оқушылар өзіне өзі бүгінгі күнге баға қояды. Оқушылар өздерінің сабақтағы деңгейлерін «Таным», «Қызығушылық», «Зерігу», «Жетістік» аралдарына қолдарындағы стикерлерін жазу арқылы белгі қояды. Үйге тапсырма алады | Ынтaлaндыру мaқcaтындa қoлдaу көрceту (Жарайсыңдар! Дұрыс айттыңдар!, Мен сендерге ризамын! Бұл сенің қолыңнан келеді!) | Табыс критерийі |