Білімділік:Газ за?дарын ?одана отырып идеал газ к?йіні? те?деуін шы?ару, есеп шы?арып ?йрену, физика п?ні бойынша білім-білік да?дысын ?алыптастыру, де?гелік тапсырмалар беру ар?ылы білімдерін ны?айту.
Дамытушылы?: О?ушыларды? ой-?рісін, ойлау ?абілеттерін арттыру, о?ушыларды ?з бетімен ?ылыми ой ?орытындыларын жасай білуге жетелеу.
Просмотр содержимого документа
«Идеал газ к?йіні? те?деуі. »
Қалалық ашық сабақ
Тақырыбы: §32. Идеал газ күйінің теңдеуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Газ заңдарын қодана отырып идеал газ күйінің теңдеуін шығару, есеп шығарып үйрену, физика пәні бойынша білім-білік дағдысын қалыптастыру, деңгелік тапсырмалар беру арқылы білімдерін нығайту.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін арттыру, оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Тәрбиелік: Топтық намыс, адамгершілік, ұйымшылдық, ауызбіршілік сақтай отырып, есептер шығарудың түрлі тәсілдерін меңгеру. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтық жұмыс, жұптық және жеке жұмыс элементтерін қолдану, деңгейлі тапсырмалар, сұрақ-жауап, тірек-сызбалар.
Көрнекліктер: Слайд, суреттер, диаграммалар, стикерлер, бағалау парағы, жетондар, тренинг.
Сабақтың жүрісі:
Ұйымдастыру
Үй тапсырманы тексеру
Жаңа сабақ
Есептер шығару
Қорытындылау
Үйге тапсырма беру
Бағалау
Ұйымдастыру
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, топтарға стикерлер арқылы бөлу.
Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Сұрақ-жауап.
1.Үшінші параметрдің мәні өзгермейтін әрі газдың массасы тұрақты болғанда, қалған екі параметрдің арасындағы сандық тәуелділік қалай аталады?
2.Берілген газ массасы үшін газ қысымының оның көлеміне көбейтіндісі тұрақты шама болады. Бұл қандай газ заңы?
3.Тұрақты массадағы әр түрлі күйдей газ көлемдерінің қатынасы сол күйлердегі абсолют температуралардың қатынасы қандай газ заңы?
4.Температураның өзгеруінен туындайтын газ қысымының өзгеру процесін не деп атайды?
Тірек сызбаларды пайдалану.
( қатені табу керек )
Изохоралық Изотермиялық Изобаралық
V = const P = const T = const
V P P
? ? ?
TT V
Жаңа сабақГаздың берілген тұрақты массадағы куйін сипаттайтын барлық p,
V және Т үшпараметрінбайланыстыратынтеңдеуді идеалгазкүйініңтеңдеуідепатайды.
m=constболғанда,PV/T=const оны 1834ж.тағайындаған француз ғалымының есіміне сәйкес Клайперон теңдеуі деп аталады. Клайперон теңдеуіндегі тұрақты неге тең екенін анықтайық. 0о С температура мен 101325 Па қалыпты атмосфералық қысымдағы кез келген газ молінің көлемі мынаған тең:
VMO=22,4 л = 22,4·10-3 м3/моль.
Сонда кез келген газдың бір молі үшін
немесе
Сөйтіп, газдың бір молі үшін қысымның көлемге көбейтіндісінің абсолют температураға қатынасы барлық газдар үшін тұрақты шама, оны универсал (әмбебап) газ тұрақтысы деп атап, R әрпімен белгілейді:
Теңдеудің екі жағын да мольдердің кез келген V=m/М,мұндағы m-газ массасы,М-мольдік масса.
рV=m/M RT
куй теңдеуінің мұндай жазылуын алғаш рет 1874ж. Орыс ғалым Д.И.Менделеев берді,сондықтан теңдеуді Менделеев-Клайперон теңдеуі деп атайды.
Сығылған немесе сиретілген газдарды пайдалану өндірісте де,тұрмыста да кең орын алған.Мысалы пневматикалық өлшеуіш аспаптар,тау-кен өндірісте,автокқліктердегі ауа жастығы және т.б.
IV Жаңа сабақ бекіту:
1.«Физикалық волейбол» -жеке жұмыс
Берілген физикалық шамаларды немесе бірліктерді бір-біріне доп лақтыру арқылы шаманы атап шығу және бірліктерді анықтау.