Пәні | Физика 7 кл |
Өтілетін мерзімі | |
Сабақтың тақырыбы | Газдың қысымы. Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым. |
Мақсаты | Оқушыларға ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым, сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын есептеу туралы түсінік беру. |
Күтілетін нәтиже | Әбір өтілген сабақтан толыққанды білім алуы,қорытынды жасауы ,өз ойын жеткізуі, өтілген сабаққа анализ жасап,күнделікті өмірмен байланыстыруы. Тақырыпқа байланысты есептер шығарып үйреннді. Өз беттерімен кез-келген тапсырмаларды орындай білуге машықтанады.Бір-біріне көмектеседі. Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып, ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды.Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, шығармашылық дамуы мүмкіндігіне жағдай жасау, оқуда өзінділік пен дербестік танытады, физика тілінде сөйлеу қабілеті дамиды. Оқушын алғырлыққа, жауапкершілікке, саналылыққа тәрбиеленеді. Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы танымдық қабілеттері кеңейіп, тілдік қорлары дамиды. |
Сілтеме | Р.Башарұлы «Физика және астрономия» оқулық, 7сынып , В.И.Кем, Б.А. Кронгарт «Есептер жинағы», электрондық оқулық. |
Түйінді идеясы | Ыдысқа құйылған сұйық ауырлық күшінің ықпалында болатындықтан сұйықтың өз ішінде қысым болады: Яғни сұйықтың төменгі қабаттарына оның жоғары қабаттарының салмағы әсер етеді. Ыдыс ішіндегі сұйықты ойша бірнеше қабатқа бөлеміз де (төмендегі сурет) мынадай қорытынды жасаймыз. Жоғарғы d қабатқа оны екінші қабатқа қысып басатын, сөйтіп оған белгілі бір қысым түсіретін ауырлық күші әрект етеді. Осылайша келесі қабаттарға үстіңгі қабаттары қосынды қысымдар түсіреді. Сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады Бұл қорытындыны төмендегі тәжірибе арқылы тексеруге болатынын оқушыларға көрсету. 1-кішкене қорапша, 2-түтік, 3-манометр Сұйық ішіндегі қысым тереңдік артқан сайын ұлғаяды. Табанының ауданы S болатын цилиндр тәрізді ыдысқа массасы m сұйық құю арқылы сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын есептеуді түсіндіремін: Fа=P –сұйықтың ыдыс табанына түсіретін қысым күші берілген сұйыққа әрекет ететін ауырлық күшіне тең. P=mg. |
Қолданылған әдістері мен тәсілдері | Диалогтік оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу, тақырыпты талдау Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: топқа, рольдерге бөлу Оқуды және оқыту үшін бағалау АКТ-ны қолдану: тест тапсырмалары Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс |
Ресурстар | Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор, желім, қайшы, оқулық,электронды оқулық..Монометр. |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім іс-әрекеті | Тапсырма |
Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу. 3мин | 1,2,3,4 сандары арқылы санату. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру | Сандар ретіне қарай топтарға бөлінеді « Адам суреті» |
«Білу» 7 мин Үй тапсырмасын тексеру | | 1.«Газдың қысымы» тақырыбы бойынша интерактивті тақтада көрсетілген суреттерді мазмұндап беру 2. «Физикалық диктант жазу.Газдарды қатты денелер мен сұйықтан айырмашылығы олар өздері тұрған ыдыстың ............түгел алып тұрады. Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы газ молекулаларының .................. пайда болады. Газ көлемін кішірейтсе оның қысымы артады. Жабық ыдыстағы газдың температурасы неғұрлым ........ болса, оның ...........соғұрлым үлкен болады. Газдарды сақтағанда және тасымалдағанда қатты сығылатындықтан олардың.............артады, сондықтан оларды ...................жасалған баллондар ішінде ұстайды. |
Жаңа сабақты игерту- «Түсіну» 12мин | 1.Электрондық оқулықтан демонстрациялық көрсетілім Видеоролик электронды адреске сілтеме youtube.com (GetaClass). | 1. Оқушылар интерактивті тақтада демонстрациялық тәжірибені көреді. 2)Жеке оқиды, жұппен, топпен талқылай отырып толық ақпаратты іріктейді, жаңа пәндік терминдер мен сөздіктерге тоқталып, дәптерге жазады. в)түсініксіз болған жағдайда қызыл белгіні көтеріп мұғалімге сұрақ қояды. |
«Талдау» 3мин | Сұрақ-ашық сұрақтарды талдайды. Мысалдар келтіреді. | Есептер жинағы: №630-635 сұрақ: |
«Қолдану» 10мин | Практикалық жұмыс -әр топ жеке. | Цилиндр тәрізді ыдысқа құйылған сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын табу. Ыдысқа құйылған судың биіктігін өлшеу арқылы сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын есептеу туралы түсінік беру. |
«Жинақтау» 4мин | Ашық сұрақтар беру. Қол көтеріп жауап береді. | 1.Екі ыдыс берілген. Оның біреуіне су, екіншісіне керосин құйылған. Сұйықтар деңгейі бірдей. Екі табанына түсетін қысым бірдей ме? 2.Цилиндр тәрізді екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған. Судың ыдыстар табанына түсіретін қысым күштері бірдей ме? |
«Бағалау» 4мин | Проблемалық сұрақ -топта талқылап, жауап береді. | е/ж: №640, 61-бет, Үш ыдысқа бірдей биіктікте үш түрлі сұйық құйылған.Керосин, сынап және глицерин. Сұйықтардың қайсысы ыдыс табанына ең аз қысым түсіреді? Неліктен? |
Оқушылардың бағалауы 1 мин | БББ кестесін толтыру | Мен сабақтан қандай жаңалық алдым .Мен сабақтан нен іүйрендім. Сабақтан алған білімімді пайдалана алам. |
Үйге тапсырма 1 мин | | 17-жаттығу 1-3, 17-тапсырма. |