kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғаламтану (Космология)және әлем жөніндегі ғылым

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Білімділік мақсаты: Ғаламтану (Космология)және әлем жөніндегі ғылым туралы түсінік беру. Ғарыш сәулелерінің шығу тегі туралы болжамдармен таныстыру;
  2. Дамытушылық мақсаты: Қара құрдымдар қалай пайда болғаны мен үлкен жарылыстар туралы  интернет желісі арқылы  мәлімет беріп, оқушы бойындағы білімдерін  дамыту,тереңдету;
  3. Тәрбиелік мақсаты: Астрономия  ғылымына үңілуге,терең түсінуге

 алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғаламтану (Космология)және әлем жөніндегі ғылым»

11 сынып Пәні:_Астрофизика(Қолданбалы курс)_____10.09.16ж____________

Сабақтың тақырыбы: Оптикалық радиотелескоптар

Сабақтың мақсаты: 1.Телескоп тарихымен жұмыс істеу принціпімен және оның түрлерімен таныстыру . Оптикалық радиотелескоптар туралы білім беру 2.Дамытушылық мақсаты:Аспан әлемі туралы білімдерін «Астрофизика» ғылымы тұрғысынан тереңдету;

3.Тәрбиелік мақсаты: Г.Галилей,И.Ньютон еңбектері арқылы астрофизика ғылымын сүюге ,адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отан сүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке,аспан әлемінің тылсым сырларын меңгеруге баулу.

Сабақтың түрі:Жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интербелсенді тақтамен ,электронды оқулықпенжұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: Телескоп,слайдар жиынтығы : Инернет желісі, И.Ньютон суреті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

ІV. Жаңа материалды меңгерту кезеңі:

Телескоп, сыңардүрбі (теле және грекше skopeo – қараймын) – аспан шырақтарын электр-магниттік сәуле арқылы бақылауға арналған астрономиялық құрал. Телескоп гаммалық телескоп, рентген, ультракүлгін, оптикалық, инфрақызыл және радиотелескоп; оптикалық сұлбасы бойынша айналы (рефлектор), линзалы (рефрактор) және айналы-линзалы телескоп болып бөлінеді. Телескоптардың көмегімен фотографиялық, теледидарлық, электронды-оптикалық, т.б. сәуле қабылдағыштарды пайдалану арқылы фотографиялық, спектрлік, т.б. бақылаулар жүргізіледі. Телескоптар пайдалану ретіне қарай: астрофизикалық (жұлдыздарды, планеталарды, тұмандықтарды зерттейтін) телескоп, Күн телескопы, астрометрикалық телескоп, серіктік фотокамералар (Жердің жасанды серіктерін бақылайтын), сондай-ақ метеорларды бақылайтын метеор патрульдері мен кометаларды бақылайтын телескоп, т.б. болып бөлінеді. Телескоптың (оптикалық рефрактордың) көмегімен алғашқы астрономиялық бақылауды Г.Галилей жүргізді.
Радиотелескоп – жер атмосферасының мөлдірлік терезесі диапазонында космостық обьектілердің радиосәулеленуін кабылдауға және тіркеуге арналған кұрылғы.

Қолдану кезеңі:

1.Оптикалық аспаптар жайлы не білеміз?

2.Ең алғашқы телескоп қалай аталады?

3.Күн телескопы

4.Радио телескопы

5.Оптикалық аспаптың түрлері

6.Телескоп

Ү.Рефлексия

VІ.Үйге тапсырма: Оптикалық радиотелескоптар тақырыбын оқу;

Шығармашылық жұмыс :

Телескоп тақырыбына реферат әзірлеу;

Алматы облысы,Алакөл ауданы

Қабанбай батыр атындағы орта мектебі,Жоғарғы санатты физика пәні мұғалімі:С.Орайханқызы

Астрофизика (Қолданбалы курс 11 а сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ғаламтану (Космология)және әлем жөніндегі ғылым

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Ғаламтану (Космология)және әлем жөніндегі ғылым туралы түсінік беру. Ғарыш сәулелерінің шығу тегі туралы болжамдармен таныстыру;

  2. Дамытушылық мақсаты: Қара құрдымдар қалай пайда болғаны мен үлкен жарылыстар туралы интернет желісі арқылы мәлімет беріп, оқушы бойындағы білімдерін дамыту,тереңдету;

  3. Тәрбиелік мақсаты: Астрономия ғылымына үңілуге,терең түсінуге

алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.


Сабақтың түрі: Аспан әлеміне саяхат сабағы


Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интернет желісімен жұмыс.


Сабақтың көрнекіліктері: Интербелсенді тақта,электронды оқулық

«Ғаламның пайда болуы », «Ғалам жаратылысы» Видео роллик


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.


ІІІ. Жаңа сабақ.Түсіну кезеңі: І-Бөлім негізгі мақсатымыз «Әлем» жайында, оның пайда болуы туралы түгел мәлімет алу, аспан әлемінің басқа да денелерімен танысу, эксперименттік зерттеулердің нәтижелерімен танысу.

«Ғаламның пайда болуы »

«Ғалам жаратылысы» жайлы видео ролликті көрсету,талдау;

ІІ-бөлім:

1. Ғарыш сәулелерінің шығу тегі туралы мәлімет беру.

Ғарыш сәулелерінің пайда болуы – жұмбақ.Алайда олардың пайда болуын қартайған жұлдыздардың қойнауында жүріп жатқан процестер арқылы түсіндіруге негіз бар.Шынында да, жұлдыздарда термоядролық отын таусылғаннан кейін,ядроларбың бірігуі реакциясы кезінде туатын ғаламат зор сәулелік қысым жойылады. Сөйтіп, гравитациялық тартылыс күші, өзіне қарсы бағытталған сәулелік қысым жойылысымен, жұлдыз массасын оның центріне қарай алапат зор күшпен қысады. Егер осындай күшке Жер немесе Күн тап бола қалса, онда Жер радиусы бар болғаны 1см. Шардың, ал Күн радиусы 3км. Шардың аумағына сыйып кетер еді.Бұндай радиустарды гравитациялық радиус деп атайды.

2. Пульсар деп аталатын нейтрондық жұлдыз туралы түсінік беру.

Алапат гравитациялық қысым салдарынан жұлдыз атомдарының электрондары ядро ішіне еріксіз сығымдалады. Сөйтіп, электрондармен протондар бірігіп, нейтрондарды құрайды.Осылайша пульсар деп аталатын нейтрондық жұлдыз пайда болады.

3. Коллапс дегеніміз не?

Гравитациялық қысымның әсерінен пульсардың температурасы біртіндеп милиардтаған градустқа көтеріледі.Соңында қартайған жұлдызда жинақталған есепсіз мол ішкі энергия коллапс деп аталатын қопарылысқа алып келеді. Коллапста босайтын энергия Күннің бүкіл 10млрд. жыл бойы шығаратын энергиясынан 100есебей артық болады.Коллапсқа ұшыраған жұлдыз күндізге күн жарығынан да басым түсіп, көк жүзінде әсіре жарқырап барып сөнеді. Осндай коллапстарды біздің бабаларымыз да, қазіргі замандастарымыз да жай көзбен-ақ көрген. Көк жүзінде күндіздің өзінде де көзді ұялтып, кенеттен пайда болатын бұндай жұлдыздарды әсіре жаңа жұлдыз деп атайды.

Қазіргі Шаянтектес тұмандық 1054 жылдың 4 шілдесінде әсіре жаңа жұлдыздың жарылуынан кейін оның жұртында қалған қалдығы болып табылады.Ол бізден 3500 жарық жылындай қашықтықта орналасқан.Сол сияқты 1987ж. 23 ақпанда бізге жақын орналасқан( 16 мың жарық жылы) тағы бір әсіре жаңа жұлдыз коллапсқа ұшырады. Ал телескоптар алыс ғаламдардағы осындай коллапстарды жылына ондап тіркейді.Бізге жететін ғарыш сәулелерінің үштен бірі Шаянтектес тұмандық тұстарынан келеді.Соған қарап ғарыш сәулелерінің тууына коллапстар себеп болған деген ғылыми жорамал бар.Коллапсқа душар болған жұлдыздың материясы мүлдем жоғалып кетпейді.Олардың кеңістікке сейіліп кеткен бөлшектерінен қайтадан жаңа жұлдыздар мен басқа да денелер түзіледі.Біздің Күн жүйеміз де, сендер мен біздер де бір кездері жарылған және жаңадан пайда болған ғарыштық денелердің ұрпақтары болып табыламыз.

  1. Қара құрдымның пайда болуы туралы ақпарат.

Күннің орташа жұлдыз екенін білеміз. Ал Күннен массасы ондаған,жүздеген есе үлкен жұлдыздар гравитациялық радиусқа дейін сығылса,онда олар “қара құрдымға” айналады.Гравитациялық радиус аймағанда зат сингулярлық күй деп аталатын ерекше бесінші күйге ауысады. Сөйтіп әлем дамуының барсында зат бес күйді басынан өткізеді.

VІ. Жаңа сабақты талдау кезеңі:

Көрсетілімдерді талдау жұмыстары

Әлем дегеніміз не?

Пульсар дегеніміз не?

Коллапс дегеніміз не?

Қара құрдым дегеніміз не?

VІІ. Жаңа сабақ материалдарын қолдану кезеңі:

(Көрсетілген видео ролликтен оқушы шығармашылықтарын шыңдау жұмыстары)

«Рефлексия»

Нені үйрендім?

Нені білгім келеді?

Нені білу керек?

Интернет желісінің жетістіктері

VIІI.Үйге тапсырмасын беру кезеңі: Ғаламтану (Космология)және әлем жөніндегі ғылым тақырыбын оқу , дайындық сұрақтарымен жұмыс;

Жеке тапсырма: Е.Рақымжанов,Б.Сабыржанов

«Ғаламтану (Космология)және әлем жөніндегі ғылым» тақырыбына реферат әзірлеу

Алматы облысы

Алакөл ауданы

Қабанбай батыр атындағы орта мектебі

Жоғарғы санатты физика пәні мұғалімі С.Орайханқызы





8б сынып

Физика пәні

Сабақтың аты

§73-74 Оптикалық аспаптар. Көз-оптикалық жүйе

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Оптикалық аспаптар. Көз-оптикалық жүйе жайлы мағлұмат беру

  • Оптикалық аспаптар. Көз-оптикалық жүйе жайында күнделікті өмірде және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалай білуге баулу

Күтілетін нәтиже

  • Оптикалық аспаптар. Көз-оптикалық жүйе жайлы мағлұмат алады

  • Оптикалық аспаптар. Көз-оптикалық жүйе жайында күнделікті өмірде және есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Экранда нәрсенің үлкейтілген шын кескінін алуға арналған оптикалық аспаптарды пропроекциялық аспаптар немесе аппараттар деп атайды.

Проекциялық аппараттың оптикалық құрылысының сұлбасы:


3-ойыс айна

К-конденсор –жазықдөңес линзалар жүй жүйесі

Д-диапозитив

О-объектив.

Фотоаппараттың құрылысының оптикалық сұлбасы:




Лупа –бұл шыныдан жасалған қосдөңес, қысқа фокусты линза.

Фокус аралығы азайған сайын линза көбірек үлкейтеді.

Микроскоп –күрделі оптикалық аспап.

Микроскоптың құрылысының оптикалық сұлбасы:

Телескоптың түрлері: телескоп-рефрактор, телескоп-рефлектор

Көздің құрылысы: « BilimLand. kz» Сайтына кіріп көрсету





Торламада кескіннің өлшемі – нәрсенің өлшеміне және одан торламаға дейінгі қашықтыққа, яғни нәрсеге қарақарау бұрышына байланысты. Бұл бұрышты көрққарау бұрышы деп атайды.



Сабақтың көрнекілігі: « BilimLand kz» Сайтына кіру

Пән аралық байланыс : Ағылшын жазушысы Герберт Уэльс (1866–1946) µзінің “Кµрінбейтін адам” романынан ұзінді келтіру; Биалогия,медицина ,өмірмен байланыстыру

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

1.Сәлемдесу

2. Топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Жарықтың шағылу және сыну заңдары қалай тұжырымдалады?

  2. Линза дегеніміз не? Линзаның турлері.

  3. Линзада кескін салу жолдары.

4)Линзада алынған кескіннің сипаттамалары


ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі

  1. Оптикалық аспаптар жайында не білесіңдер?

  2. Көз жайында не білесіңдер?

ІҮ. Топтық жұмыс

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

І-топ : Фотоаппарат

ІІ-топ: Телескоптар

ІІІ-топ:Микроскоп.Лупа

Негізгі топтар берілген тапсырмаларды түсініп,бір-біріне түсіндіреді.


Мұғалім «Көз -оптикалық жүйе» тақырыбын « BilimLand kz» Сайтына кіріп түсіндіреді.

Адам кµзінің жақыннан жєне алыстан кµруге бейімделе алу қабілеті аккомодация (латынның accomodatio — бейімделу) деп аталады. Аккомодация нєтижесінде адам єр т‰рлі заттардың кескінін хрусталиктен бірдей қашықтыққа — кµздің тор қабықшасына фокустай алады.

Қарайтын зат µте жақын орналасқанда хрусталикті деформациялайтын б±лшық еттердің жиырылуы артып кµз ж±мысы ауырлайды. Қалыпты кµз ‰шін оқу мен жазудағы ең тиімді қашықтық 25 см болады. Ол айқын кµру қашықтықтағы деп аталады.

Екі кµзбен кµру қандай артықшылық береді.

Біріншіден, тек екі кµздің болуынан заттардың қайсысының жақын қайсысының алыс екенін ажырата аламыз. ¤йткені оң жєне сол кµздің тор қабықшасында бір-бірінен µзгешелеу кескін пайда болады (затқа оң жєне сол жақтан қарауға сєйкес). Зат неғ±рлым жақын болса б±л µзгешелік соғ±рлым басым болады. Сол ара қашықтықтағы айырмашылық єсерін туғызады. Кµздің осы қабілеті заттарды жазық емес, кµлемді етіп кµрсетеді.

Екіншіден, екі кµздің болуы кµру алаңын ±лғайтады. Адамның кµру алаңы мына слайдта кескінделген. Онымен салыстыру ‰шін аттың жєне қоянның кµру алаңдары кµрсетілген. Осы суретке қарап неліктен жыртқыштардың осы жануарларға µзін білдірмей ±рланып келуінің қиынға соғатынын т‰сінуге болады.





Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Топтық жұмыс ( « BilimLand kz» Сайтына кіріп ,көз құрылысын талдау)








VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»



1

Білу

Оптикалық аспаптар дегеніміз не?

2

Түсіну

Оптикалық аспаптар ға мысал келтір?

3

Қолдану

Оптикалық аспаптардың қолданылуын түсіндір?


4

Талдау

Жақын көргіштік пен алыстан көргіштікті салыстыр?Көз -оптикалық жүйе


Жинақтау

Оптикалық аспаптардың түрлерін ата?


6

Бағалау

Оптикалық аспаптарды білудің маңызы қаншалықты?


ҮІІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.)

Үйге тапсырма: §73-74 Оптикалық аспаптар. Көз-оптикалық жүйе

№ 868-874 есептерді шығару


Алматы облысы

Алакөл ауданы

Қабанбай батыр атындағы орта мектебі

Жоғарғы санатты физика пәні мұғалімі С.Орайханқызы
















Күні: 14.05.16ж

Сыныбы: 7

Пәні:физика

Сабақтың аты

§57 Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты.Иінді таразылар

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты.Иінді таразылар жайлы мағлұмат беру

Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты.Иінді таразылардың күнделікті өмірде және формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

Топта бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты.Иінді таразылар жайлы мағлұмат алады

Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты.Иінді таразылардың күнделікті өмірде және формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала қозғала алатын кез келген дене иіндік деп деп аталады.

« BilimLand. kz» Сайтына кіріп төмендегі түсініктемелерді көрсету





О тіреу нүктесі

d1=OC Ғ1 күшінің иіні

d2=OD Ғ2 күшінің иіні

Айналатын денеге түсірілген күштің иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады:

M=F∙d

М-күш моменті Өлшем бірлігі 1Н∙1 м

Ғ-күш

d –күш иіні


М12

Моменттер ережесі:

Айналатын дененің тепе-теңдігін сақтау үшін, денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттерінің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күн моменттерінің қосындысына тең болуы керек.

IV. Пысықтау.

1. Механикалық энергия жайында не білесіңдер?

2. Механикалық энергияның сақталу заңын қалай тұжырымдайды?

3. Иіндік деген не?

4. Күш иіні дегеніміз не?

5. Күш моменті деген не?

6. Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады?

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»


Сабақтың көрнекілігі: Иіндіктер,күштер жиынтығы ,иінді таразылар



Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І.Ұйымдастыру

1.Сәлемдесу

2.Түгелдеу

3. Топқа бөлу (сурет қиындылары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Механикалық энергия жайында не білесіңдер?

  2. Энергияның сақталу заңы жайында не білесіңдер?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі

  1. Механиканың алтын ережесі жайында не білесіңдер?

  2. Иінді таразы жайында не білесіңдер?

ІҮ. Топтық жұмыс




Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу





2

Міндетін атқару





3

Топтық жұмысқа атсалысуы





Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Топтық жұмыс ( « BilimLand. kz» Сайтына кіріп төмендегі тапсырмаларды топ-топпен орындау жұмысы)

(5 минут)










VІ.Жеке жұмыс «Блум таксономисы» (13 минут)


1

Білу

Күш моменті дегеніміз не?



2

Түсіну

1.Күш моментінің орындалуын түсіндір?



3

Қолдану

1.Иінді таразылардың қолданылуын түсіндір?

2.Теңиінді таразылар мен ондық таразылардың арасындағы айырмашылақтары қандай?

3.Қандай шарттар орындалғанда теңиінді және ондық таразылар тепе-теңдікке келеді?




4

Талдау













5

Жинақтау

№1 тапсырма : Интербелсенді тақтада сызба сызылады?

І-топ:Иіндік тепе-теңдікте болу үшін А нүктесіне қандай күш түсірілу керек?

ІІ –топ: Интербелсенді тақтада сызба сызылады?

Иіндік тепе-теңдікте тұр.Егер қысқа иіні 20см болса,ұзын иіні неге тең?

ІІІ –топ: Интербелсенді тақтада сызба сызылады?

Иіндік тепе-теңдікте тұр.Егер қысқа иіні 40см болса,ұзын иіні неге тең?


6

Бағалау

Иінді таразыларды білу біздің күнделікті тұрмыста маңызы қандай?





Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды,нені білгім келеді? )

Кейінгі тапсырмалар

Практикалық жұмыс :№542-543;№537 есептер жинағынан

Кейінгі оқу

§57 Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты.Иінді таразылар


Алматы облысы

Алакөл ауданы

Қабанбай батыр атындағы орта мектебі

Жоғарғы санатты физика пәні мұғалімі С.Орайханқызы















Физика сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану

Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты білім берудегі әдіс - тәсілдер жаңарып отырады. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Яғни ақпараттық - коммуникациялық технология білім беруде маңызды құрал деп айтсақ та болады. Басты мақсат ақпараттық - коммуникациялық технологияларды жетік меңгеру және оқушыларға меңгерту. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Сол кезде ғана сабақта теория мен практиканы ұштастыра аламыз.

Бұл екеуі бір - бірімен өзара тығыз байланыста болады. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды. Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін» деген. Конфуций айтпақшы бала қолымен жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Сондықтан да сабақта АКТ пайдалану қажеттілігі туындайды. Мектеп қабырғасында жаратылыс тану бағытында оқытылатын кез-келген пәнде , ақпараттық – коммуникативтік технологияны жүйелі қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.
Физика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады. АКТ - ні тек қана сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қолданамыз. Өйткені кез келген деректерді интернеттен алуымызға мүмкіншілігіміз бар. Қазіргі кезде қашықтан оқыту тәсілі қолға алынған. Яғни кез келген АКТ - ны меңгерген адам қашықтан оқи алады, білімін шыңдап, әрі қарай жетілдіре алады. АКТ - ны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға, АКТ пайдалану машықтарын арттыруға көмектеседі. АКТ - ны жаңа сабақты меңгерту барысында пайдаландым.М: « BilimLand kz» Сайтының физика ғылымы үшін қосар үлесі көп.

Бұдан басқа электронды оқулықтар мен тесттер жетерлік. Мұның барлығын оқушы өз кезегінде пайдалана алады. Өз білім деңгейін анықтап, салыстырып отырады. Оқушылардың да технологиялық білімдері міндетті түрде болуы қажет. Оқушы қолданбалы программалармен, браузермен, электронды поштамен жұмыс жасай алады. Сабағымда АКТ - ны қолдану міндетім, өйткені күнделікті өтетін сабағымыз АКТ - мен байланысты. Сабақта АКТ - ны қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру бірінші орынға қойылған.
АКТ - ны қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі, қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Оқытуда білім технологияларын интеграциялау менің іс - тәжірибемнің дамуына үлкен үлес қосады деп ойлаймын.

Интернетте отырған кезде де өзі туралы, мекен - жайы, телефоны т. б. туралы мәліметтерді құпия ұстауды, яғни жеке ақпараттарды сақтауды үйрету қажет. Дарынды және талантты оқушылардың да білімін шыңдауда осы АКТ - ның қосар үлесі мол. Оқушылардың көшбасшы болуына да АКТ мүмкіндік береді. Өйткені оқушы үйінде басқа программаларды өздігінен меңгереді де оны сыныптастарына көрсетіп, қандай мүмкіндіктері бар екенін түсіндіре отырып, оларды үйретеді. Яғни АКТ - ны пайдалануда барлық әдістермен кіріктіруге болатынын байқадым. Адамзат ХХІ - ғасыр есігін - әлемдік жаһандану дәуірінде, ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың өте жоғарғы деңгейде қарқын алып дамудың жағдайында – ашты.



Алматы облысы

Алакөл ауданы

Қабанбай батыр атындағы орта мектебі

Жоғарғы санатты физика пәні мұғалімі С.Орайханқызы






ЖАРЫҚТЫҢ ДИСПЕРСИЯСЫ/ 26.04.16ж/

Сыныбы: 8

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жарықтың дисперсиясы құбылыстарын түсіндіру,толықтауыш түстер,алғашқы түстер жайлы түсінік қалыптастыру;

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушы бойындағы 5 сыныпта жаратылыстану пәнінен ,жарық,спектр ұғымы туралы алған білімдерін тереңдету;

  3. Тәрбиелік мақсаты: Жоғарыдағы тақырыптар бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге баулу;

  4. Сабақтың түрі:Жаңа білімді қалыптастыру ,сабақтың әрбір кезеңін практикалық жұмыс арқылы баяндау сабағы;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмысты электронды оқулықпен, «bilim lаnd k.z » Сайтына кіру арқылы көрсету

Сабақтың көрнекіліктері: Үй тапсырмасын анықтау үшін әрүрлі айналаржиынтығы, И.Ньютон портреті,линзалар жүйесі ,экран,жарық көзі

Жаңа сабақ үшін: СD-R (диск),қызыл стекло,жасыл жапырақты гүлдер жиынтығы

Пән аралық байланыс: Жаратылыстану ,дүниетану,биалогия

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу; Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын анықтау кезеңі: «Сұрақтарды ұстап ал» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру,оқушылар тез-тез бір-бірлеріне допты лақтыра отырып, сұрақ қояды)

ІІІ.Практикалық жұмыс кезеңі: Ойыс лиза мен дөңес линзаның айырмашылығы неде?

Оқушыларға құрал-жабдықтар пайдалану арқылы тапсырма орындалады,жауап алынады.

ІҮ.Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

Проблемалық сұрақтар:

1.Кемпірқосақ туралы не білеміз,кемпірқосақ қайдан пайда болады,кейде кемпірқосақ екеу болып көрінеді. Неге?(Оқушының қарапайым ойын тыңдау арқылы,жаңа сабақты өрбіту)

2.Оқушы шығармашылығы :Ағылшын ғалымы И.Ньютонның «Оптика » бөлімі жайлы еңбектерін тыңдау арқылы, «Спектр »түрлерімен таныстыру

3. Ньютон тәжірибесін баяндау ,оқушыларды тәжірибе мазмұнына үңілдіру;

Алынған көрністі спектр деп атап,(Лат.spectrum-елес,көрініс)деп атады.Ол түстер мыналар: (СD-R (диск) арқылы көрсету),

1.Қызыл,2.қызғылт сары,3.сары,4.жасыл,5.көгілдір,6.көк7.,күлгін

-Күн жарығының құрама бөліктерге жіктелу құбылысы дисперсия деп аталады.

-Дисперсия құбылысына сендер қандай мысылдар айта аласыңдар?

4.«bilimlаdn kz » Сайтына кіру Жарықтың жіктелуін көрсету;

5. Ақ жарық түрлі ұзындықтардағы толқындардан тұрады. Әр толқын ұзындығы әр түрлі түске сәйкес келеді. Дифракциялық тордан өткен соң, әр түрлі ұзындықтағы толқындар әр жердегі максималды конструктивті интерференциядан өтеді. Сол себепті де, дифракциялық тордан жарық сәулесі өткен кезде, біз түрлі түсті шоғырды көреміз.Ортаңғы  бөлікте барлық түстер шағылысқандықтан, бұл бөлік ақ түсті болып келеді.(Жарықтың түстерін көрсету )

6. Түстердің араласуы жайлы «bilim lаnd k.z » Сайтына кіру арқылы баяндау

Берілген аймақ ақ жарықпен жарықталып және барлық түстер берілген беттен шағылатын болса, берілген аймақ  бізге ақ болып көрінеді; егер барлық түстер берілген бетке жұтылатын болса, ол аймақ қара түс ретінде көрінеді. Кейбір жағдайларда біз жарықтанған бетке жұтылмаған түстердің араласу әсерін көре аламыз.(Көрсету)

7.Негізгі және қосымша түстер жайлы .«bilim lаnd k.z » Сайтына кіру арқылы баяндау


8. Дальтонизм

Толық немесе жартылай түс айыра алмайтын көз қарасының ақауы, (негізі қызыл мен жасыл түстер арасында болады) дальтонизм деп аталады. .«bilim lаnd k.z » Сайтына кіру арқылы баяндау,көрсету,биалогия ғылымымен байланыстыра отырып баяндау;

Түсіну кезеңі: 1.Су қызыл жарықпен жарықтандырылған.Су астында көзін ашқан адам қандай түсті көреді?

2.Қандай түске ең ұзын толқын ұзындығы сәйкес келеді екен?

3.Спектр түрлерін рет- ретімен атаңдар

4.Призмадан өткенде ақ жарықтың сәулесі неліктен түсті сәулелерге ажырайды?

5.Жаңбырдан кейін күн ашылғанда ,кейде кемпірқосақ көрінеді .Неліктен жаңбырдан кейін ?Неліктен күн ашылған кезде?Неліктен кешкі мезгілде матаның түсін ажырату қиынға соғады?

6.Неліктен қауіптілік сигналдары тек қызыл түспен беріледі?

Қолдану кезеңі:

1.Кабинеттегі гүлдің жасыл жапырақтарына қызыл шыны арқылы қараңдар,сендер қандай түсті көріп тұрсыңдар? (Жауаптарыңды дәлелдеңдер)

2.Дененің беті қандай жағдайда : Қызыл,жасыл,ақ,қара болады екен? (Жауаптарыңды дәлелдеңдер)

Бүгін не үйрендіңдер?

Қандай тапсырмалар қиындық тигізді?

Оқушы пікірімен санаса отырып оқушы еңбектерін тбағалау;

Үйге тапсырма: ЖАРЫҚТЫҢ ДИСПЕРСИЯСЫ тақырыбын оқу

Физика есептер жинағынан № 897- 900 есептер жинағынан Жеке тапсырма,шығармашылық жоба : Ж.Ағзомова,Е.Тұрсынтай,Ш.Жаратқан,А.Ерлановалар : « Толықтауыш түстер » тақырыбына ауқымды реферат әзірлеу;



Алматы облысы

Алакөл ауданы

Қабанбай батыр атындағы орта мектебі

Жоғары санатты физика пәні мұғалімі Сауле Орайханқызы










































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Ғаламтану (Космология)және әлем жөніндегі ғылым

Автор: Орайханқызы Сауле

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 386769


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства