??рметті ?стаздар ж?не о?ушылар!
«Білім –болаша? бастауы» атты сайыс?а ?ош келді?іздер!
Б?л сайысты? ма?саты: Физика п?нінен ал?ан білімдері?ізді сынау,еске са?тау ?абілеттерін бай?ау, п?нге ?ызы?ушылы?тарын арттыру.
Армысыздар, ?ымбатты т?решілер
Сайысын ?рбір топты? к?ресіздер
Таразыны? екі басын те? ?ойып,
Сіздер, ?діл ба?а бересіздер
Просмотр содержимого документа
«Фмзика п?нінен сыныптан тыс шара «Білім –болаша? бастауы» сайысы »
Нурбаева Қансулу Дуйсенқызы
Мұнайлы ауданы
«№8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Физика пәні мұғалімі
Құрметті Ұстаздар және оқушылар!
«Білім –болашақ бастауы» атты сайысқа қош келдіңіздер!
Бұл сайыстың мақсаты: Физика пәнінен алған білімдеріңізді сынау,еске сақтау қабілеттерін байқау, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Армысыздар, қымбатты төрешілер
Сайысын әрбір топтың көресіздер
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер, әділ баға бересіздер.
Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар мүшелерімен таныстыру:
Сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар
1-бөлім: «Біліміңді байқап көр»
2-бөлім:«Байқап қал»
3-бөлім: Портреттер жарысы
4-бөлім: «Физикалық понтомимо»
Дайын болсақ,барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, сайысымызды бастайық.
1-бөлім: «Біліміңді байқап көр» сайысы әрбір топқа 10 сұрақ беріледі. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Уақыт шектеулі -4 минутта тапсырманы топпен бірге орындайды. (тапсырма қағазға жазылған)
1.Орнынан қозғалмай өтіп барады (уақыт)
2.Егер стакандағы суды ішіп қойсаң ішінде не қалады? (ауа)
3. Газ қоспасының қысымы осы қоспаға кіретін барлық газдардың үлестік қысымдарының қосындысына тең болатындығы кімнің заңы (Дальтон заңы)
4.Үйкеліс коэффициентінің өлшем бірлігі ( өлшем бірліксіз)
5.Дыбыс судан ауаға өткенде жылдамдығы (кемиді)
6.Айнаға түскен және шағылған сәулелер бір- бірімен дәл келу үшін сәуле қандай бұрышпен түсу керек. (О)
7.Қандайда бір дененің массасы нольге тең болуы мүмкін бе?(жоқ,кез келген зат молекуладан тұрады.)
8. 1 кг затты 10С-қа қыздырғанда немесе салқындағанда , оның ішкі энергиясы қандай шамаға өзгеретінін көрсететін шама (меншікті жылу сыйымдылығы)
9.Голландия физигі Камерлинг- Оннес ашқан құбылыс (Асқын өткізгіштік)
10 Көлеңкенің пайда болуы қандай заңмен түсіндіріледі? (Жарықтың біртекті ортада түзусызықты таралуы)
2-бөлім:«Байқап қал» экраннан физикалық құралдар суреттері көрсетіледі. Қай топ көп жазады.Дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1.ареометр
2.психрометр
3.мензурка
4.барометр
5.спидометр
6.есептегіш
7.динамометр
8.электрометр
9.вольтметр
10.термометр
3-бөлім: Портреттер сайысы экраннан физиктер портреттері көрсетіледі.Қай елдің физигі,ашқан еңбегін жазу. Үш ұпаймен бағаланады.
Н.Коперник (поляк ғалымы ,гелиоцентрлік жүйе )
И.Ньютон (ағылшын ғалымы, динамика заңдары, Бүкіл әлемдік тартылыс заңы)
Б.Паскаль (француз ғалымы, Қысым)
Г.Ом (неміс физигі,тізбек бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңдылықты)
Ш.Кулон (француз, электростатиканың негізгі заңы)
Ампер (француз,электрлік және магниттік құбылыстар арасындағы байланыс заңын, «электр тогы »ұғымын енгізді.
4-бөлім: «Физикалық понтомимо» Бұл сайыста әрбір топ үлестірмелі қағаздағы жасырын сөзді басқа топтарға қимыл арқылы көрсетеді.
1. температура
2. күш
3. қозғалыс
4. масса
5. уақыт
6. жылдамдық
7.үйкеліс
8.көлем
9.су
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- деп сайыстың қорытынды сөзін әділ қазыларға берейік.
Қорытынды.Жеңіске жеткен топтарды марапаттау.