kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ФМИ ?ша?ы (сыныптан тыс іс-шара)

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ткізгендер: Информатика ж?не физика п?ндеріні? м??алімі Бейсекова Лаура ??диярбек?ызы

ФМИ ?ша?ы «Математика, физика ж?не информатика п?ндері» апталы?ында сыныптан тыс іс-шара.

1)О?ушыларды? білімдерін ж?йелеу.

2)О?ушыларды? ойлау, логикалы? ойлау ?абілеттерін, білім ба?дыларын дамыта отырып, интеллектуалды?ын ?алыптастыру.

3)Е?бекке, ?зін-?зі бас?ару?а, ?йымшылды??а ??ыптылы??а ж?не д?лдікке т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ФМИ ?ша?ы (сыныптан тыс іс-шара)»


Өткізгендер: Информатика және физика пәндерінің мұғалімі Бейсекова Лаура Құдиярбекқызы

Математика пәнінің мұғалімі Шаммухамбетова Назигуль Габитканқызы


ФМИ ұшағы «Математика, физика және информатика пәндері»

апталығында сыныптан тыс іс-шара.

Мақсаты:

1)Оқушылардың білімдерін жүйелеу.

2)Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білім бағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.

3)Еңбекке, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: топтық сайыс сағаты

Жоспары:

І.Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі;

ІІ.Кешті өткізуге бағыттама және оның мақсаты (ойының түрі, ережесі т.б. хабарландыру).

а)Кешке 9-11 сынып оқушылары қатысады.

1-қатар (қонақтар саны 3)

2- қатар (қонақтар саны 3)

3- қатар (қонақтар саны 3)

4- қатар (қонақтар саны 3)

б) Кештің шартымен таныстыру.

Кештің барысында:

1. Толық жауапқа 5 ұпай

2. Толық емес жауапқа 3 ұпай

3. Қате жауапқа 0 ұпай

ІІІ.Кеш барысы.

Жолсерік: Армысыздар ма, ұстаздар мен оқушылар,

Бармысыздар, жан күйер әз қауымдас.

Бүгінгі кеште біз бастайық,

Сайыста көңілменен қол соғайық.

(Бүгінгі кештің қонақтарын ортаға шақырамыз. Жолсерік Бейсекова Лаура Құдиярбекқызы билеттерін тексеріп, орындарына отырғызады)


Жолсерік Төтенше жағдай кезіндегі қаіусіздік ережесімен таныстырды.


Математика, Информатика, Физика жайында сайысты біз бастауға,

Әділ – қазы сайлаймыз.

1.Математика пәнінің мұғалімі Шаммухамбетова Назигуль Габитканқызы.

2.Физика пәнінің мұғалімі Бегимова Гүлнар Жексенбаевна.

3.Информатика пәнінің мұғалімі Мәулітбекқызы Аяулым


IV. Кеш барысы.

  • Таныстыру;

  • Физика, математика, информатика бойынша сұрақ-жауап;

  • Кім тапқыр?”;

  • Тіл - өнер”;

  • Қабырға газетін қорғау;

  • Ойлан тап”.


Ал. енді таныстыру. (Әр топ өздерін таныстырады)


Интеактивті тақтадан шыққан сұрақтарға оқушылар кезек-кезегімен жауап береді..

І. ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА БОЙЫНША СҰРАҚ-ЖАУАП.

Физика.

1 Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/

2. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды?

/алма/

3. Ток күшінің өлшем бірлігі? /Ампер/

4. «Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? /механика/

5. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшеу бірлігі? /Джоуль/

6. Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр/

Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі /Термодинамика/

8. Электр тоғын өткізбейтін заттар (диэлектриктер)

9. Теріс зарядталған элементар бөлшектер (Электрон)

10. Кедергінің өлшеу бірлігі (Ом)

11. Классикалық механиканың негізін қалаған ағылшынның атақты физик-математигі

(Ньютон)

12. Ток күшін өлшейтін құрал (Амперметр)

Математика

1. Бөлу кезінде 0 болуы мүмкін бе? (иә)

2. Квадраттың бұрышы неге тең? (90)

3. Белгісіз бөлінгішті қалай табады? (көбейту арқылы)

4. Шеңбердің ұзындығы неге тең

5. Теңдеуді дұрыс теңдікке айналдыратын сан (Теңдіктің түбірі)

6. 50 ді жартыға бөл (100)

7. 100 – ді жартыға бөлу (200)

8. Санның 100 ден 1 бөлігі (1)

9. Египет бұрыштарының қабырғаларының ұзындығы неге тең? (3,4,5)

10. Параллелограмманың бұрышы 200 градус бола ма? (жоқ)

11. Бірін – бірі кеспейтін және бір жазықтықта жататын түзулер қалай аталады?

(параллель)

12. Нүктенің екінші координатасы қалай аталады? (Ордината)

Информатика

1. Компьютердегі алфавиттік – цифрлік мәліметтерді енгізетін стандарттық құрылғы.

(клавиатура)

2. Ақпаратты қағазға түсіру құрылғысы (принтер)

3. Деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы. (компьютер)

4. Компьютердегі ақпаратты сұрыптайтын негізгі микросхема (процессор)

5. Компьютермен телефон желісі арасындағы цифрлық ақпаратты беретін құрал

(Модем)

6. Белгілі ресурстарға кіру мүмкіндігінің құпия комбинациялық символы (Пароль)

7. Нысанды көбейту операциясы (көшіру)

8. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы (Монитор)

9. Дискідегі немесе басқа ақпарат тасымалдаушыдағы атау (Файл)

10. Вирустарды тауып және оны жоғалтатын программа (Антивирус)

11. Мұрағаттаушы бағдарламаларды атаңыз. (WinZip, WinRar)

12. Компьютерлерді байланыстыратын дүниежүзілік жүйе (интернет)

II. СЕРГІТУ СӘТІ

«Математикалық хоккей» ойыны

Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір-біоден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады. (көрермендер «шайба, шайба»,-деп айқайлап, қолдапотырады)

ІIІ. «КІМ ТАПҚЫР!»

(берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру)

Әр дұрыс жауапқа - 5 ұпай











Амперметр - ток күшін өлшейтін құрал. Вольтметр - кернеуді өлшейтін құрал



Реостат – ток күшін реттейтін құрал Катушка - индукцияланған токты жинайтын құрал


Трансформатор - айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал


Ортада 7 А сынып оқушылары Флешмоб биледі.

ІV. «ТІЛ - ӨНЕР»

(жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

Дұрыс жауапқа қазақ тілінде – 10 ұпай, орыс тілінде – 10 ұпай, ағылшын тілінде – 10 ұпай.

Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін.

(ток, ток, energy)


Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

(кітап, книга, book)


Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш, линейка, ruler)


Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды.

(мұз, лед, ice)


Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

(ауа, воздух, air)

Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді.

(күн, солнце, sonne)

V. «ОЙЛАН ТАП!»

(берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау)

Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай.

1- тәжірибе

  • Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

  • Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

  • Не байқалады?

  • 2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

  • Не байқалады?

2-тәжірибе

  • Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

  • Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

  • 1. Бетін қағазбен жап.

  • 2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

  • 3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

  • 4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

  • Не байқалады?


(Әділ қазылардан қорытынды баға сұраймыз)


VI.ҚОРЫТЫНДЫ. Әділ-қазылар қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау /Диплом, медаль беру/ рәсімі.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
ФМИ ?ша?ы (сыныптан тыс іс-шара)

Автор: Бейсекова Лаура Кудиярбековна

Дата: 16.04.2016

Номер свидетельства: 319237


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства