kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Физикадан саба? жоспарлары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Поурочные план на весь год по физике для 7 класса. Там предоставленные уроки и лабораторный рабты по физики 7 класса. Внутри имеются задачи по физики и тесты. bcbfhtfddsfddhlkj.lkpoiiotyrewacxvcxchgft   fhtgki;opi8ytrfsdcx ccbm.,;popiiuijhjhhggfffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffyyyyyyyyyyyyikhgdseeeeeeert lkjhgcxzasdfghjkl.,mnbvczfg ffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffjkyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyy 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Физикадан саба? жоспарлары»

7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §1,§2,§3. Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы түсінік алуға жағдай жасау.

  2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Физикалық құбылыстар: механикалық, жылу, электр, жарық құбылыстары.

«бірінші ұстаз» «екінші ұстаз» орыс тіліне физика сөзін

алғаш енгізген ғалым


Физиканың мақсаты –табиғаттағы болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.

Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады.

Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдар физикалық ұғымдар деп аталады.

Кеңістікте белгілі бір пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені дене деп атайды.

Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады.

Физика мен техникаға байланысты жетістіктер:

  1. Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты.

  2. ХХ ғасырда адамзат физика мен техникаға жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді.

  1. Лазердің дүниеге келуі.

  2. Кибернетика мен электрондық есептеуіш техникасының дамуы.


ІV. Пысықтау.

  1. «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?

  3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?

  4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?

  5. Физиканың мақсаты неде?

  6. Физика заңдары қалай ашылды?

  7. Физикалық теориялар қалай жасалды?

  8. Физикалық терминдар мен ұғымдар дегеніміз не?

  9. Ғылыми –техникалық жетістіктерді ата.

V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: §1,§2,§3. Қазіргі заманның техникасы жөнінде қосымша әдебиеттерден баяндама жазыңдар.

V. Бағалау.






7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §4,§5,§6. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы.

Сабақ мақсаты: 1. Астрономия ғылымы, физика және астрономия ғылымдары арасындағы байланыстар, халық астрономиясына және астрономияның бүгінгі салаларына байланысты түсініктер алуға жағдай жасау.

2.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабылетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: приборлар, плакаттар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар:

  1. Табиғат деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер.

  2. Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер?

  3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?

  4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?

  5. Физикаың мақсаты не?

  6. Физика заңдары қалай ашылады?

  7. Физикалық теориялар қалай жасалады?

  8. Физикалық терминдер мен ұғымдар дегеніміз не?

  9. ХХ ғасырдың ең ірі ғылыми-техникалық жетістіктері қандай?

10.Неліктен физика техниканың негізі болып табылады?

ІІІ.Жаңа сабақ.

Берілетін түсініктер: асторномияның пайда болуына себеп болған қажеттіліктер, біздің ғалам, астрономия мен физиканың байланысы, космонавтика, космология, космогония, Орта Азия ғалымдары және олардың еңбектері, ерте дүниедегі халық астрономиясы.

«Астрон» - жұлдыз, «номос» - заң.

Галактикалар – жұлдыздар жүйесі мен олардың шоғырлары.

Біздің ғалам – шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі.

Космонавтика әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап, зерттейді.

Космогония аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейді.

Космология - бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы ілім.

ІV. Пысықтау.

1.Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болған?

2. Астрономия ғылымы нені зерттейді?

3. Астрономияның қандай салалары бар?

4. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың қандай еңбектері бар?

5. Аспан денелері туралы астрономиялық атаулар қалай қалыптасқан?

V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: §4,§5,§6. Аспан денелері туралы аңыздар.

V. Бағалау.






7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §§ 7,8. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.

Физикалық эксперимент.

Сабақ мақсаты: 1.Табиғатты зерттеуді кең тараған тәсілдері, олардың

ерекшеліктері, болжам туралы түсінік алуға жағдай

жасау.

2.Оқушылардың ой-өрісін дамытып, ғылыми ой

қорытындыларын жасауға жетелеу, ғылыми

дүниетанымын қалыптастыру.

3. Еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау

Сабақ көрнекілігі: приборлар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен материалдар бойынша сұрақтар:

  1. Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды?

  2. Астрономия нені зерттейді?

  3. Астрономияның ұандай салалары бар?

  4. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?

  5. Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылатын қандай аңыздарды білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу.

  • Болжам – ғылыми деректермен негізделген жорамал.

  • Кез келген болжамның шынайлылығын тек практикалық тәжірибе, яғни эксперимент тексере алады.

  • Эксперимент – физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.

  • Гук заңы: серпімділік шегінде серіппенің L созылуы оған әрекет ететін жүктің Р салмағына тура пропорционал өзгереді.


Р






0 I, мм


ІV. Пысықтау.

  1. Табиғатты зерттеу әдістері қандай?

  2. Болжам дегеніміз не?

  3. Эксперименттің басқа ғылыми әдістерден ерекшелігі неде?

  4. Эксперимент жүргізуге қандай талаптар қойылады?

  5. Гук заңы қалай оқылады?

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §§7,8.

7-сынып

Сабақ тақырыбы:§9.§10 Физикалық теорияның қалыптасуы. Физикалық шама. Шамаларды өлшеу.

Сабақ мақсаты:

1. Физикалық теорияның негізгі қызметі, құрамдас бөліктері, физиканың іргелі теориялары, теорияның ең басты ерекшеліктері, физикалық шамалар және оларды өлшеу туралы түсінік алуға жағдай жасау.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.

3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергенін тексеру.

Берілетін сұрақтар:

  1. Табиғатты зерттеу әдістері қандай?

  2. Болжам дегеніміз не?

  3. Эксперименттің басқа әдістерден айырмашылығы қандай?

  4. Экспериментті жүргізуге қандай талаптар қойылады?

  5. Гук заңы қалай тұжырымдалады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Физикалық теорияның негізгі қызметі – құбылысты түсіндіру. Физикалық құбылыстарды бір-бірімен өзара байланыстыра отырып, жан-жақты түсіндіретін жүйелі білім физикалық теория деп аталады.

Физиканың 4 іргелі теориялары:

  • Классикалық механика теориясы;

  • Термодинамика және молекулалық физика теориясы;

  • Электродинамика теориясы;

  • Кванттық механика теориясы.

Физикалық шамалар деп физикалық нысандардың немесе құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамаларын айтады.

Физикалық шаманың мәні дегеніміз – оның сандық мәнімен қоса өлшем бірлігі.

Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз – оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.

Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар аспап шкаласы деп аталады.

ІV. Есептер шығару.

1-жаттығу.

№1, №2, №3.

V.Пысықтау.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §§9,10. 1-ж. №4, №5, 4-тапсырма.


7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §11. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. §12Өлшеулердің метрлік жүйесі. §13.Үлкен, кіші сандарды ықшамдап жазу.

Сабақ мақсаты:

  1. Өлшеу дәлдігі мен аспап шкаласы бөлігінің құнымен байланыстылығы, өлшеулер жаңылысы, өлшемдердің метрлік жүйесі, сандардың стандартты түрі туралы түсінік алуға жағдай жасау.

  2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту.

  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен материалдарды қалай меңгергенін тексеру.

Сұрақтар:

  1. Физикалық теорияның негізгі қызметі қандай?

  2. Физиканың ең іргелі теориялары қандай?

  3. МКТ негізгі теориясының негізгі қағидалары қандай?

  4. Физикалық шаманың мәні дегеніміз не?

  5. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?

  6. Физикалық шамаларды өлшейтін қандай аспаптарды білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Аспаптық жаңылыс.

Өлшеу қатесі: абсолют, салыстырмалы.

Аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы аспап бөлігі құнының жартысына тең.

немесе

Мұндағы: a-өлшенетін шаманың мәні. h - өлшеу қателігі.

Өлшеудің тура және жанама тәсілі болады.

Өлшеулердің метрлік жүйесі: ұзындық бірлігі – метр, масса бірлігі – килограмм, уақыт бірлігі – секунд т.б.

10n көбейткіштерін пайдаланып, берілген сандарды ықшамдап жазу «сандарды стандарт түрінде жазу» деп аталады.

ІV. Есептер шығару.

4-жаттығу. №5, №6, №8, №9

V. Пысықтау.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тасырма: §11,§12,§13. 4-жаттығу. №1, №2, №3, №10.

VІІІ. Бағалау.









7-сынып.

Есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың «Физика және астронмия –табиғат туралы ғылымдар» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.

  2. Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бекіту

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, Р.Башарұлы, Ж. Бақынов. «Физика және астрономия». Дидактикалық материалдары.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару.

А тобының есептері мен жаттығулары:

  1. Бақылау мен эксперименттің қандай айырмашылығы бар?

  2. Физикалық денелерге мысалдар келтіріңдер.

  3. Физикалық заттарға мысал келтіріңдер.

  4. Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіріңдер.

  5. Ұзындығы 1,2 м, ал ені 8 см және қалыңдығы 50 мм тікбұрышты білеушенің көлемін анықтаңдар.

  6. Мына сандарды стандарт түрінде жазыңдар: 4800; 296200000; 0,525; 0,0000000016.

  7. Өрнектердің мәнін табыңдар: .

  8. Бір жыл 31556925,9747 с болса үш орынды санға даейінгі дәлдікпен стандарт түрінде жазыңдар.

Б тобының есептері:

  1. Сым темірдің диаметрін анықтау үшін оқушы ұзындығы 30 мм сымды қарындаш бойына қатарластарып 30 орам орады. Сым темірдің диаметрі қандай?

  2. 0,25 теңіз милясы қанша метрге, қанша сантиметге тең?

  3. 4 кезде қанша сантиметр, қанша миллиметр бар?

  4. Бір парсек қанша километрге тең?

  5. Бір жарық жылы қанша километрге тең?

  6. Бактериялардың бір түрінің ұзындығы 0,5 мкм-ге тең. Қатар орналастырғанда 1 см ұзындыққа осындай бактериялардың қаншасы сыяр еді? Жауабын стандар түрінде жазыңдар.

С тобының есептері

  1. Жас бамбук тәулігіне 86,4 см-ге өседі. Ол секундына қанша өседі?

  2. Көлемі 0,002 мм3 бір тамшы май судың бетіне тамып, ауданы 100 см2 болатын жұқа қабат болып жайылды. Осы қабаттың қалыңдығын май молекуласының диаметріне тең деп қабылдап, молекуланың диаметрін анықтаңдар.

  3. Егер көлемі 1 мм3 болатын текшенің 1 с уақыт кететін болса, онда көлемі 1 мм3 болатын текше жасау үшін қанша уақыт кетер еді?

  4. 1 м2 беттегі барлық шаршы сантиметрді кесіп алып, бір-біріне жалғастыра қатар қойсақ, оның ұзындығы қандай болады?

ІV. Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың есебін тексеру.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: №1 зертханалық жұмысқа дайындық.



7-сынып.

Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу.

Жұмыстың мақсаты: өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, денелердің көлемін өлшеу.

Құрал-жабдықтар: өлшеуіш цилиндр, су құйылған тостаған, жіңішке жіп, әр түрлі ыдыстар мен денелер.

1-тапсырма. Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құныны анықтау .

Жұмыстың барысы:

  1. Өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығарыңдар да, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді бірлікпен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар;

  2. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құныны анықтаңдар;

  3. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып, анықтаңдар;

  4. Анықталған шамаларды дәптерге жазыңдар;

  5. Өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:


Мензурканың ең үлкен өлшеу көлемі, оның бірлігі

Мензурка бөлігінің құны

Өлшеу қателігі

Қателігі көрсетілген өлшеу нәтижесі (сұйық көлемі)





2-тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау.

Жұмыстың барысы:

  1. Өлшеуіш цилиндрге қатты дана толық бататындай етіп су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы көлемі және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады;

  2. Пішіні мен көлемі әр түрлі 2-3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппен байлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да, көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:


Өлшейтін дене

Сұйықтың бастапқы көлемі (V1, см3)

Дене мен сұйықтың көлемі (V2, см3

Қатты дененң көлемі (V= V2- V1)






  1. Өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдыстың көмегімен анықтауға болады. Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып төгіледі. Төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп, батырылған ірі дененің көлемін анықтайды.

  2. Қорытындылау.

  3. Бағалау.















7-сынып.

Сабақ тақырыбы:

«Физика және астрономия –табиғат туралы ғылымдар» тарауын қайталау.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, қайталау, қорытындылау.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Сабақ әдісі: сайыс

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушыларды 2 топқа бөлу.

«Кім жылдам?»

Берілетін сұрақтар:

І топ.


  1. Табиғат құбылыстары дегеніміз не?

  2. Физиканың негізгі мақсаты?

  3. Болжам дегеніміз не?

  4. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

  5. Физикалық шамаларды атаңдар.

  6. Астрофизика нені зерттейді?

  7. Космология нені зерттейді?

  8. Айға табан тіреген астроновтар.

ІІ топ сұрақтары:

  1. Астрономия нені зерттейді?

  2. Физикалық теорияларды атаңдар.

  3. Галактика дегеніміз не?

  4. Молекулалы-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары.

  5. Космогония нені зерттейді?

  6. физикалық шамалардың өлшем бірліктерін атаңдар.

  7. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.

  8. ХХ ғасырдың физика мен техникаға байланысты 4 жетістігін атаңдар.

Есептер шығару.

Екі топтан екі бала шығады.

1. Мензурканың бөлік құнын табыңдар. Көрсетілген денелердің көлемін табыңдар да, өлшеу қателігін көрсетіп, жазыңдар.


І топ ІІ топ

2. Мына сандарды стандарт түрінде жазыңдар.

0,00000125; 1200000000;

0, 00000045; 0,002;

14500000000; 0,0000005

3. Минитест.

І нұсқа

1. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық денеге жатады?

А. Ұшақ

В. Дыбыс

С. Метр

Д. Қайнау

2. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық шамаға жатады?

А. Ұшақ

В. Жылдамдық

С. Алюминий

Д. Жер

3. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық құбылыстарға жатады?

А. Күш

В. Булану

С. Мыс

Д. Таразы

4. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық шаманың өлшем бірлігіне жатады?

А. Ұзындық

В. Килограмм

С. Уақыт

Д. Сызғыш

5. ХБЖ –де ұзындықтың өлем бірлігі қандай?

А. Метр

В.Километр

С. Сантиметр

Д.Дециметр


ІІ нұсқа

1. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық денеге жатады?

А. Автомобиль

В. Ұзындық

С. Масса

Д. Қозғалыс

2. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық шамаға жатады?

А. Уақыт

В. Темір

С.Метр

Д. Қайнау

3. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық құбылыстарға жатады?

А. Күш

В. Кемпірқосақ

С. Атом

Д. Сағат

4. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық шаманың өлшем бірлігіне жатады?

А. Ұзындық

В. Секунд

С. Уақыт

Д. Балқу

5. ХБЖ –де уақыттың өлшем бірлігі қандай? А. Минут


В.Жыл

Д. Секунд

С. Сағат


VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: қайталау

VІІІ. Бағалау.




7-сынып

Сабақ тақырыбы:§14. Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға заттарды құрайтын бөлшектер туралы түсінік алуға жағдай жасау.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.

3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен тарауды қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Демокрит: барлық заттар бөлінбейтін өте ұсақ бөлшектер-атомдар.

ХХ ғасырдың басында атомның да күрделі бөлшек екені, оның өзінен де кіші бірнеше бөлшектерге бөлінетіні белгілі болды.

Бірнеше атомдардың өзра байланысуынан молекула түзіледі.

Әр заттың молекуласы –сол заттың қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі.

Атомдар мен молекулалардың кристалдағы орналасу ретін, олардың жалпы сұлбасын қазіргі электрондық микроскоптар мен иондық проекторларда көруге болады.

Жекелеген атомдар-химиялық элементтердің, ал молекулалар заттардың ең кіші бөлшектері. Әр түрлі заттардан денелер құралады.

IV. Пысықтау.

1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?

2. Табиғатта, Жер бетінде атомдардың неше түрі бар?

3. Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге болады?

4. Молекула дегеніміз не?

5. Заттардың молекулалары бірдей ме?

6. Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады?

V . Жаттығу жұмыстарын орындау.

5-жаттығу. №1.№2.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма:§14.

7-сынып

Сабақ тақырыбы:§15. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға молекулалардың қозғалысы, диффузия құбылысы,

температура туралы түсінік алуға жағдай жасау.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.

3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, «Сұйықтардағы және газдардағы диффузия» видеофрагменті, марганцовка, ыстық және суық су құйылған ыдыстар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?

  2. Табиғатта, Жер бетінде атомдардың неше түрі бар?

  3. Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге болады?

  4. Молекула дегеніміз не?

  5. Заттардың молекулалары бірдей ме?

  6. Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын диффузия деп аталады.


Диффузия сұйықтарда,газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент көрсетіліп, тәжірибелер жасалады)


Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.

Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады.

Денелердің температурасын термометрмен өлшейді.

Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.

IV. Пысықтау.

  • Әтір иісі бөлмеге не себептен тарайды? Бұл құбылыс нені дәлелдейді?

  • Диффузия деген не?

  • Газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде диффузияның жүру жылдамдығы, өтімділік ауқымы бірдей бола ма? Не себептен денелерде жоғары температурада диффузия тез жүреді?

  • Диффузияның пайдасы ма? Зияны ше?

  • Диффузия құбылысынан заттың көлемі туралы, оны құрайтын молекулалар мен атомдардың ара қашықтығы туралы қандай қорытынды туындайды?

  • Қыстыгүні өзен мен көлдің бетін қалың мұз басқанда судағы балықтардың қырылып қалатынын қалай түсіндіруге болады?

  • Көкөністерді, азық-түлікті тұздау қандай құбылысқа негізделген?

  • Диффузияның температураға байланысы бар ма?

  • Дененің температурасы мен оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығының байланысы бар ма?

V.Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: §15. 6-тапсырма.




7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §16. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

Сабақ мақсаты:

  1. Заттың күйлерін молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Затты құрайтын бөлшектер қалай деп аталады?

  2. Молекула дегеніміз не?

  3. Молекуланың көрнекі кескіні қалай деп аталады?

  4. Диффузия дегеніміз не?

  5. Диффузияның температураға байланысы бар ма?

  6. Диффузияның пайдасы қандай? Зияны бар ма?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қатты дененің молекулаларының орналасуы


Пішінін мен көлемін сақтау – қатты денелерге тән қасиет.

Сұйықтың молекулаларының орналасуы



Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту – сұйыққа тән қасиет.

Газдардың молекулаларының орналасуы



Газдың тұрақты көлемі мен пішіні болмайды. Олар берілген көлемді түгелдей алады.

ІV. Пысықтау.

  1. Заттар қандай күйде бола алады?

  2. Заттың қатты күйіне тән қасиет қандай?

  3. Заттың сұйық күйіне тән қандай қасиет?

  4. Заттың қатты күйіне тән қасиет?

  5. МКТ арқылы зат күйлерінің қасиеттерін қалай түсіндіруге болады?

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §16. Жаттығулар.


7-сынып

Зертханалық жұмыс №2

Тақырыбы: кішкентай денелердің өлшемін анықтау.

Мақсаты: қатарлау тәсілімен өлшеп үйрену.

Құрал-жабдықтар: сызғыш, кішкентай денелрдің жиынтығы, астауша, бұранда.

1-тапсырма. Шариктің диаметрін анықтау.

Жұмыстың барысы:

  1. Астаушаға шариктердің бірнешеуін салыңдар да, оның екі жағындағы жылжымалы тиекті қозғай отырып, оларды бір-біріне түйістіріңдер. Сызғыштың екі тиектің ара қашықтығын өлшеп алыңдар. Оны астаушадағы шариктердің санына бөліп, бір шариктердің диаметрін анықтаңдар:

  1. Ұсақ денелрдің өлшемдерін анықтайтын мұндай тәсіл қатарлау тәсілі деп аталады

  2. Өлшеу мен есептеу нәтижелерін мына кестеге толтырыңдар:


Зерттелетін дене

Қатардағы бөлшектің саны (N)

Қатардың ұзындығы

(L, мм)

Диаметр

(d, мм)

Диаметрді өлшеу қателігі

(h, мм)

Шарик






2-тапсырма. Бұранда қадамын өлшеу.

Жұмыстың барысы:

  1. Бұранда қадамы деп қатар жатқан орам оймасының ара қашықтығын айтады. Бұранда қадамы өте аз шама болуы да мүмкін. Сондықтан оны анықтау үшін қатарлау тәсілі қолданылады.

  2. Бұранданың орам оймалары орналасқан бөлігінің ұзындығын сызғышпен өлшеп аламыз. Одан кейін оймалардың орам санын мұқият санап шығыңдар.

  3. Бұранда қадамын анықтауда бұранда оймасының бедерін қағаз бетіне түсіріп алып өлшеу ұтымды болады. Ол үшін бұранда оймасы орналасқан бетті сия немесе жұмсақ графитпен бояп алу керек.

  4. Өлшеулер мен есептеу нәтижелерін кестеге жазамыз.

Зерттелетін дене

Ойма ұзындығы

(Ĺ·mm)

Орам саны

Бұранда қадамы

Бұранда қателігін өлшеу қателігі

Бұранда

Бұранғыш

Бұрандашеге






7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §17. Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға механикалық қозғалыс, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы туралы түсіндіру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тарауды қорытындылау:

    1. Атом дегеніміз не?

    2. Молекула дегеніміз не?

    3. Молекулалық кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қандай?

    4. Диффузия дегеніміз не?

    5. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

    6. Заттың қандай күйлері болады?

    7. Температура дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.

Қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі деп атайды.

Ал, онымен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгертетін дене қозғалыстағы дене деп аталады.

Кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы болып табылады.

Санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтады.

ІV. Пысықтау.

1. Механикалық қозғалыс деп нені айтады? Мысал келтіріңдер?

2. Санақ денесі деген не? Мысал келтіріңдер.

3. Тыныштық салыстырмалы дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §17. 7-тапсырма.




7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §18. Планеталардың қозғалысы.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға планеталардың қозғалысы туралы түсіндіру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

1. Механикалық қозғалыс деп нені айтады? Мысал келтіріңдер?

2. Санақ денесі деген не? Мысал келтіріңдер.

3. Тыныштық салыстырмалы дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ғаламшарлар:

  • Жерге ұқсас ғаламшарлар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс.

  • Алып ғаламшарлар: Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.




Меркурий.


  • Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар.

  • Диаметрі Жерден 2,5 есе кіші.

  • Күнді 88 тәулікте айналып өтеді.

  • Күнге қараған жағының температурасы өте жоғары+3000С, қарама-қарсы жағы өте суық -2000С.

Шолпан

  • Күннен қашықтығы 108 млн. шақырым.

  • Жерден сәл кіші.

  • Күнді 225 тәулікте айналып өтеді.

  • Беткі температурасы 5000С

Марс

  • Диаметрі Жерден екі есе кіші.

  • Күнді 687 тәулікте айналып өтеді.

  • Екі серігі бар: Фобос және Деймос.

  • Жазда температурасы күндіз+200С. Қыста түнде -1250С

Юпитер

  • Диаметрі жағынан Жерден 11,5 есе үлкен.

  • Күнді 11,9 жылда айналып өтеді.

  • 16 серігі бар.

  • Өте тез айналады.

Сатурн

  • Диаметрі Жерден 9,5 есе үлкен.

  • Күнді 29,5 жылда айналады.

  • 17 серігі бар.

Уран

  • 1781 жылы неміс астрономы Гершель ашқан.

  • Күннен шыққан жылуды Жерге қарағанда 400 есе кем алады.

  • 15 серігі бар.

  • Күнді 84 жылда айналып өтеді

Плутон

  • Күннен 6 млрд. шақырым қашықтықта орналасқан.

  • Күнді 247,7 жылда айналып өтеді.

  • Серігі – Харон.

Нептун

  • 1846 жылы француз Урбен Леверье, ағылшын Джон Адамс.


ІV. Пысықтау.

  1. «Планета» деген сөз нені білдіреді?

  2. Планеталардың қозғалысын қалай бақылауға болады?

  3. Уран мен Шолпанның басқа планеталардан ерекшелігі қандай?

  4. Әр планетаға жеке-жеке сипаттама беріңдер.

  5. 8-тапсырманы орындау.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §18..



7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §19. Күннің жылдық қозғалысы.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға эклиптика, зодиак белдеуі, күн мен түн теңелу нүктелері, жазғы және қысқы тоқырау күндері туралы түсіндіру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  1. «Планета» деген сөз нені білдіреді?

  2. Планеталардың қозғалысын қалай бақылауға болады?

  3. Уран мен Шолпанның басқа планеталардан ерекшелігі қандай?

  4. Әр планетаға жеке-жеке сипаттама беріңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Күнді бақылай келе, ғалымдар ертеден-ақ оның жұлдыздар арасында қозғала отырып, бір жылда аспан сферасының үлкен дөңгелегі бойымен бір айналым жасайтынын байқаған. Бұл үлкен дөңгелекті гректер эклиптика деп атаған. Шоқжұлдыздар жиынтығын зодиак белдеуі деп атайды.

Күннің аспан сферасы бойынша жылдық қозғалысын эклиптика деп атайды.

21 наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі.

23 қыркүйек – күзгі күн мен түннің теңелу нүктесі.

Күн мен түннің көктемгі теңелу нүктесі Балықтар шоқжұлдызында, ал күзгі күн мен түн теңелу нүктесі Таразы шоқжұлдызында болады.

22-шілде –ең ұзақ күн –жазғы Күн тоқырау күні.

22-желтоқсан – ең қысқа күн-қысқы Күн тоқырау күні.

Күн өзінің маңайындағы планеталардың қозғалыс бағытымен өз осін айнала қозғалады.

ІV. Пысықтау.

  1. Эклиптика деген не?

  2. Зодиак шоқжұлдыздары нешеу?

  3. Олар қалай аталады?

  4. Күн мен түннің көктемгі және күзгі теңелу нүктелері қай шоқжұлдыздарға сәйкес келеді?

  5. Жазғы және қысқы Күн тоқырау қай күндері болады?

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §19. 9-тапсырма.



7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §20. Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары, төменгі және жоғары планеталар туралы түсіндіру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  1. Эклиптика деген не?

  2. Зодиак шоқжұлдыздары нешеу?

  3. Олар қалай аталады?

  4. Күн мен түннің көктемгі және күзгі теңелу нүктелері қай шоқжұлдыздарға сәйкес келеді?

  5. Жазғы және қысқы Күн тоқырау қай күндері болады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Дүниенеің геоцентрлік жүйесі.






2. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесі.







Орбиталары Жер орбитасының ішкі жағында орналасқан планеталар төменгі планеталар деп аталады. Оларға Меркурий, Шолпан жатады.

Орбиталары Жер орбитасының сыртында орналасқан планеталар жоғары планеталар деп аталады. Оларға Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон жатады.





ІV. Пысықтау.

  1. Птолемейше Әлем жүйесінің құрылысы қандай еді?

  2. Ол жүйе қалай аталды?

  3. Птолемей тұжырымдарына түзету енгізген кім?

  4. Бируни еңбектерінің маңызы неде? Ол қандай көзқарасты жақтады?

  5. Қазіргі кезде Күн жүйесінің құрылысы қандай?

  6. Төменгі планеталар дегеніміз не?

  7. Оларға қандай планеталар жатады?

  8. Жоғары планеталар дегеніміз не?

  9. Оларға қандай планеталар жатады?

  10. Қандай планеталар алып планеталар деп аталады?

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §20.



7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §21. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі және оның маңызы туралы түсіндіру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:


  1. Птолемейше Әлем жүйесінің құрылысы қандай еді?

  2. Ол жүйе қалай аталды?

  3. Птолемей тұжырымдарына түзету енгізген кім?

  4. Бируни еңбектерінің маңызы неде? Ол қандай көзқарасты жақтады?

  5. Қазіргі кезде Күн жүйесінің құрылысы қандай?

  6. Төменгі планеталар дегеніміз не?

  7. Оларға қандай планеталар жатады?

  8. Жоғары планеталар дегеніміз не?

  9. Оларға қандай планеталар жатады?

  10. Қандай планеталар алып планеталар деп аталады?

ІІІ. Жаңа сабақ.


7-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§22. 23. Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру.

Сабақ мақсаты:

1. Материялық нүкте, қозғалыс траекториясы., жол, орын ауыстыру туралы түсінік алуға жетелеу.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қортындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

1. Коперниктің теориясы бойынша әлем қалай өқұрылған?

2. Коперник аспан денелерінің қозғалысын қалай түсіндірді?

3. Қазіргі кездегі әлем жүйесінен Коперник жүйесінің айырмашылығы қандай?

4. Коперник теориясын кімдер қолдады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.

Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізін қозғалыс траекториясы деп атайды.




траекторияның түріне қарап қозғалысты түзу сызықты немесе қисық сызықты деп бөледі.

Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.

Дененің орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орынымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады.

ІV.Пысықтау.

  1. Материялық нүкте деген не?

  2. Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

  3. Траекторияның пішіні санақ жүйесін таңдап алуға тәуелді бола ма? Мысал келтіріңдер.

  4. Сағат тілінің қозғалыс траекториясы қандай?

  5. Орын ауыстыру деп нені айтады?

  6. Жүрілген жол дегеніміз не?

V. Тапсырмалар орындау.

10-тапсырма.

VІ. Үйге тапсырма: §§21.23. 6-жаттығу.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Қорытындылау.



7-cынып.

Сабақ тақырыбы: §§24, 25. Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

Сабақ мақсаты:

1. Бір қалыпты және бір қалыпты емес қозғалыстар, жылдамдық, жылдамдық бірліктері туралы түсінік алуға жетелеу.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

  • Материялық нүкте деген не?

  • Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

  • Траекторияның пішіні санақ жүйесін таңдап алуға туелді бола ма? Мысал келтіріңдер.

  • Сағат тілінің қозғалыс траекториясы қандай?

  • Орын ауыстыру деп нені айтады?

  • Жүрілген жол дегеніміз не?

.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Дененің уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бір қалыпты қозғалыс деп аталады.

Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.

Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралыған бөлу керек.

υ=ℓ/t

Бірліктердің халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне секундына метр м/с алынады. Бұл жылдамдық бір қалыпты түзусызықты қозғалатын нүктенің 1с ішінде 1 метрге орын ауыстыратынын білдіреді.

S=υt

t= s/υ

ІІІ. Пысықтау.

    1. Бір қалыпты қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

    2. Бір қалыпсыз қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

    3. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Формуласын жазыңдар.

    4. Жүрілген жолды қалай өрнектеуге болады?

    5. Қозғалыс уақытын қалай анықтауға болады?

    6. Жылдамдық өлшем бірлігі қандай?

IV. Есептер шығару.

7-жаттығу. №1, №2.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §§24, 25. 7-жаттығу. №3, №4.



7-cынып.

Сабақ тақырыбы: §26. Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларды орташа жылдамдық туралы түсінік алуға жетелеу, бір қалыпты емес қозғалыс туралы ұғым туралы түсінік беруді әрі қарай жалғастыру

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

  1. Бір қалыпты қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

  2. Бір қалыпсыз қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

  3. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Формуласын жазыңдар.

  4. Жүрілген жолды қалай өрнектеуге болады?

  5. Қозғалыс уақытын қалай анықтауға болады?

  6. Жылдамдық өлшем бірлігі қандай?

  7. Оқушыларға берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Орташа жылдамдықты есептеп табу үшін берілген уақыт аралығындағы орын ауыстыруды осы уақыт аралығына бөледі, яғни бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығын есептегендегі амал қолданылады.

IV. Есептер шығару.

9-жаттығу. №1, №2.

Карточкамен жұмыс. Деңгейлі тапсырмалар.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §26. 9-жаттығу. №3, №4.



7-cынып.

Сабақ тақырыбы: §27. Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі.

Сабақ мақсаты:

1. Қозғалыс заңы туралы, бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің қозғалыс графигі туралы түсінік алуға жетелеу.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

    1. Орташа жылдамдық деп нені түсінеміз?

    2. Орташа жылдамдықты қалай еспетеп табуға болады?

    3. Дене қозғалысының белгілі бір уақыт аралығындағы орташа жылдамдығы белгілі болса, онда дененің осы уақыт аралғындағы орын ауыстыруын қалай есептеп шығаруға болады?

    4. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Қозғалыс теңдеуі:

х=x0+υt

Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің координатасы уақыттың сызықтық функциясы болып табылады.

Дене координатасының уақытқа тәуелділігі графигін дененің қозғалыс траекториясымен шатастыруға болмайды.

Координатаның уақытқа тәуелділігі графигіне қарап, қозғалыс жылдамдығы туралы айтуға болады. График кескіні неғұрлым тік болса, жылдамдықтың да соғұрлым үлкен болатынын білдіреді.

ІV. Пысықтау.

  • Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар.

  • Орын ауыстыруды координаталар айырымы арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар.

  • Қозғалыс заңының формуласын жазыңдар.

  • Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың графигі қандай болады?

V. Есептер шығару. 9-жаттығу. №1, №2.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §27. 9-жаттығу. №3



7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §§28. 29.Инерция. Кеңістік пен уақыт.

Сабақ мақсаты:

1. Денеге басқа денелер әсер етпегенде жылдамдығын сақтау құбылысы тупалы, кеңісті пен уақыт және олардың қасиеттері туралы түсінік алуға жетелеу.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қортындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

1. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар.

2. Орын ауыстыруды координаталар айырым арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар.

3. Қозғалыс заңының формуласын қалай жазуға болады?

4. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің қозғалым графигі қандай болады?

5. Үйге берілген есептердің орындалысын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысын сақтайды.

Мұның дұрыстығына мына тәжірибе арқылы көз жеткізуге болады:


Денеге басқа денелер әсер етпегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысын инерция деп аталады.

Адамдар күнделікті өмірде инерциямен жиі ұшырасады. Мысалдар:



Кеңістіктің негізгі қасиеттері: оның шынайы бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділыгы.

Уақыттың негізгі қасиеттері: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір қалыптығы, бір бағыттылығы.

ІV. Пысықтау.

1. Дененің қозғалыс жылдамдығы оған тек басқа дене әрекет еткенде ғана өзгеретініне көрсететін мысалдар келтіріңдер.

2. Денеге еш нәрсе әрекет етпесе, ол қандай күйде болады?

3. Инерция дегеніміз не?

4. Кеңістіктің негізгі қасиеттері қандай?

5. Уақыттың негізгі қасиеттері қандай?

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §§28.29. 11-тапсырма.


7-сынып.

Есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.

  2. Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бекіту

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, А.Е.Марон, Е.А. Марон.

Физика. Дидактические материалы.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару.

1.

Дельфин жылдамдығын 15 м/с-қа дейін жеткізе алады. Осы жылдамдықты км/сағ-пен өрнектеңдер.

2.

Автобус 2 сағат ішінде 120 км жол жүреді. Автобустың жылдамдығы қандай? Ол 3 сағатта бірқалыпты қозғала отырып, қандай ара қашықтықты жүріп өтеді?

3.

Трактор 500 м жолды 4 минут ішінде жүріп өтті. Ал келесі 10 минут ішінде 2 км жол жүрді. Трактордың барлық жол бойындағы орташа жылдамдығын анықтаңдар.

4.

Трамвай бірінші 50 м-ді 5 м/с жылдамдықпен жүріп өтті, ал келесі 500 м-ді 10 м/с жылдамдықпен жүрді. Трамвайдың барлық жолдағы орташа жылдамдығын табыңдар.

5.

Трактор бірінші 10 минутта 1,2 км жол жүрді. Ол 0,5 сағат ішінде сондай жылдамдықпен қанша жол жүріп өтеді?

6.

Екі дененің қозғалыс графиктерін зерттеп, мынадай сұрақтарға жауап беріңдер:

  • Осы қозғалыстардың түрі қандай?

  • Олар немен ерекшеленеді?

  • Осы денелердің қозғалыс жылдамдықтары қандай?

  • Әр дененің 10 секунд сайын жүрген жолдары қандай?

  • График бойынша екі дененің кездескен орнын анықтаңдар.

ІV. Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың есебін тексеру.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма:8-ж. №4. 9-ж. №2. №3.


7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §§30.31. Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы.

Сабақ мақсаты:

1. Денелердің өзара әрекеттесуі, дене массасы және оның өлшем бірліктері, дененің массасын анықтау тәсілдері туралы түсінік беру.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тарауды қорытындылау.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесуі болып табылады.

Мысалдар:


Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шаманы масса деп атайды.

Тәжірибе:

Екі дененің массаларының қатынасы олардың өзара әрекеттесуі кезінде тыныштық күйінен шыққанда алатын жылдамдықтарының қатынасына кері пропорционал болады:

Массасының өлшем бірліктері: килограмм, грамм, миллиграмм т.б.

Өлшейтін құрал – таразылар.


IV. Пысықтау.

    1. Денелердің өзара әрекеттесуі деген не?

    2. Мысалдар келтіріңдер.

    3. Масса дегеніміз не? Оның бірліктерін ата.

    4. Массаны қалай анықтаймыз?

V. Есептер шығару. 11- жаттығу. №1, №2.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма: 11-жаттығу. №3, №4.


7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §32. Заттың тығыздығы.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға заттың тығыздығы туралы түсінік беру.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру:

  1. Денелердің өзара әрекеттесуі деген не?

  2. Мысалдар келтіріңдер.

  3. Масса дегеніміз не? Оның бірліктерін ата.

  4. Массаны қалай анықтаймыз?

  5. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массамына тең физикалық шаманы айтады.

Зат тығыздығының бірлігі үшін ХБЖ-да кг/м3 алынады.


IV. Пысықтау.

  1. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?

  2. Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?

  3. Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?

  4. Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің көлемін қалай есептейді?


V. Есептер шығару. 12- жаттығу. №1, №2, №5, №7.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма:§32. 12-жаттығу. №3, №4, №6


7-сынып.

Есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың дененің массасы, заттың тығыздығы тақырыптары бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.

  2. Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бекіту

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, В.И.Кем,Б.А.Кронгарт. есептер мен жаттығулар жиынтығы.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару.

263. Екі арбаша әрекеттескенде олардың жылдамдығы 20 см/с-тан 60 см/с-ке өзгерді. Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг. Кіші арбашаның массасы неге тең?

264. Арбашалардың массасы 1 және 3 кг, жылдамдығы 0-ге тең. Өзара әрекеттескен кезде үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ме болды. Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады?

279.Шөмелеуші преспен жиналған шөп теңінің массасы 40 кг және мөлшері 90х40х55см. Осы тапталған шөптің тығыздығын табыңдар.

294. Цистернаға 2 т су сыяды. Осы цистернаға 2,5 м3 бензин құюға бола ма?

326.Текшенің барлық жақтарының ауданы 150 см2, ал істелген заттың тығыздығы 2700 кг/м3 болса, текшенің массасы қандай болады?

328. Массасы 200 г жез кірдің көлемін анықтаңдар. Жауабын мензуркамен тексеріңдер.

308. Ұзындығы 30 см, ені 20 см аквариумнің 25 см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын анықтаңдар.

ІV. Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың есебін тексеру.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: №265, №307, №309, №300. №3 зертханалық жұмысқа дайындық.


7-сынып.

Зертханалық жұмыс №3.

Тақырыбы: Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау.

1-тапсырма. Дененің массасын таразыға тартып өлшеу.

Құрал-жабдықтар: таразы, ұсақ кірлер, параллелепипед тәрізді білеуше және массасы әр түрлі кішігірім бірнеше дене.

Жұмыстың барысы.

Дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу кезінде оның сол жақтағы табақшасына массасы белгісіз дене, ал екіншісыне таразыны теңгеретін кірлер салынады. Дененің массасы таразыны теңгеретін кірлердің массасына тең. Ол үшін:

  1. Таразыны өлшеуге дайындаңдар. Таразының дұрыс теңгеріліп тұрғанына көз жеткізіңдер;

  2. Таразыны бұзып алмау үшін өлшенетін денені және кірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек.

  3. Денені кірлермен теңгеріп болғаннан кейін, таразы табақшасындағы кірлердің массасын есептеңдер.

  4. Өлшеу нәтижелерін төменгі кестеге жазыңдар:

өлшенетін дене

Дене массасы. г

Дене массасы, кг

1.




2.




3.




2-тапсырма. Дене тығыздығын анықтау.

Құрал-жабдықтар: тығыздығы анықталатын денелер, мензурка, сызғыш, жіп.

Жұмыстың барысы.

  1. Алдыңғы берілген тапсырмадағы массасы анықталатын денені алыңдар. Параллелипедтің көлемін анықтау үшін сызғышпен оның қабырғаларын өлшеңдер, содан кейін оның көлемін V=abc есептеңдер;

  2. Пішіні күрделі болып келген басқа денелердің көлемін мензурка көмегімен анықтаңдар немесе №1 зертханалық жұмыста көлемі анықталған денелерді пайдаланыңдар. Дене тығыздығын формуласымен есептеп, оны г/см3 және кг/м3-пен өрнектеңдер. Өлшеу және есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.


Тығыздығы анықталатын дене

Дене массасы,г

Дененің көлемі,см3

Тығыздық

г/см3

кг/м3




















  1. Қорытындылау.

  2. Бағалау.



7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §§33.34. Күш. Деформация.

Сабақ мақсаты:

1. Күш, күштің өлшем бірлігі, күшті өлшейтін құралдар, деформация туралы түсінік беру.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.

Әр түрлі денелердің қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оған әр түрлі күштер түсіруіміз керек. Мысалдар:

Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама.

Сызбада күш ұшында бағыты көрсетілген түзу кесінді түрінде беріледі.




Күш өлшем бірлігі 1 Н.


Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атайды.

Деформация түрлері: пластикалық және серпімді.

IV.Пысықтау.

V.Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма. §§33.34. Күш. Деформация.

VІІ. Бағалау.



7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §§35.36. Гук заңы. Динамометр.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға Гук заңы, серіппе қатаңдығы, серпімділік күшінің пайда болу себептері, динамометр және оның жұмыс істеу принципі туралы түсінік беру.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Күш дегеніміз не?

  2. Күш немен сипатталады?

  3. Күш сызбада қалай кескінделеді?

  4. Күш бірлігі ретінде не қабылданған?

  5. Деформация деген не?

  6. Пластикалық деформация деген не?

  7. Серпімді деформация деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Гук заңы: серпімді деформацияның шамасы түсірілген күшке тура пропорционал:

Ғ-түсірілген сыртқы күш,

-дененің созылу немесе сығылу шамасы.

-серіппе қатаңдығы. Өлшем бірлігі .

.

Гук заңының дұрыстығын дәлелдейтін тәжірибе:

Күшті өлшеу үшін динамометрлер қолданылады.

Динамометрлер түрлері:

а) мектептік зертханалық динамометр

ә) қол динамометрі

б) тарту динамометрі.

IV.Пысықтау.

  1. Гук заңы қалай тұжырымдалады?

  2. Серіппе қатаңдығы деп нені айтады?

  3. Қатаңдық бірлігі қандай?

  4. Серпімділік күшінің пайда болу себептерін түсіндіріңдер.

  5. Динамометр деген не?

  6. Динамометрлердің жұмыс істеу принципі қандай?

V. Есептер шығару.

13-жаттығу. №1, №3.

VІ. Қорытындылау.

VІІ.Үйге тапсырма. §§35.36. 13-жаттығу. №2, №4.

VІІI. Бағалау.


7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §37. Бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күші.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға тең әрекетті күш, бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекетті күші, бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекетті күші туралы түсінік беру.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай орындағандарын тексеру.

  1. Гук заңы қалай тұжырымдалады?

  1. Серіппе қатаңдығы деп нені айтады?

  2. Қатаңдық бірлігі қандай?

  3. Серпімділік күшінің пайда болу себептерін түсіндіріңдер.

  4. Динамометр деген не?

  5. Динамометрлердің жұмыс істеу припципі қандай?

  6. Үйге берілген есептердің орындалысын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш сол күштердің тең әрекетті күші деп аталады.

Егер екі күш денеге бір бағытта әрекет ететін болса, онда олардың тең әрекетті күші де солай қарай бағытталады және осы күштер мәндерінің қосындысына тең:

Егер денеге қарама-қарсы бағытталған екі күш әрекет ететін болса, онда олардың тең әрекетті күші көбірек түсірілген күш жағына қарай бағытталады және осы күштердің мәндерінің айырмасына тең:


Егер денеге мәндері бойынша тең, ал бағыттары қарама-қарсы екі күш әрекет етсе, онда олардың тең әрекетті күші нольге тең болады, яғни

IV.Есептер шығару.

А.Е.Марон, Е.А. Марон.

Физика. Дидактические материалы. №3, №4, №5.

VІ. Қорытындылау.

VІІ.Үйге тапсырма. §37. 14-жаттығу. №1-№4.

VІІI. Бағалау.



7-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§38.39. Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші. Басқа планеталардағы ауырлық күші.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға ауырлық күші, денеге әрекет ететін ауырлық күші мен оның массасы арасындағы қатынас, басқа планеталардағы ауырлық күші туралы түсінік беру.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Қандай күшті тең әрекетті күш деп атайды?

  2. Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекетті күші неге тең?

  3. Бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекетті күші неге тең? Ол күш қай жаққа қарай бағытталады?

  4. Денеге бірнеше күштің әрекет етуіне мысал келтіріңдер.

  5. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы бүкіл әлемдік тартылыс деп аталады.

И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тұжырымдады.

Денелердің Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды.

Ға – ауырлық күші. Бірлігі [Н]













g тұрақтының мәні тұрған орынның географиялық ендігіне байланысты.

  • Солтүстік полюсте g=9,832 Н/кг

  • Экваторда g=9,780 Н/кг

  • 450 географиялық ендікте g=9,806 Н/кг

g тұрақтының мәні дененің Жер бетінен көтерілу биіктігіне байланысты.

Теңіз деңгейінде g=9,8066 Н/кг

Хан тәңірі шыңында g=9,78Н/кг.

Денеге әрекет ететін ауырлық күші мен дене массасының пропрционалдығы дене массасын динамометрмен өлшеуге мүмкіндік береді. Оларды безмендер деп атайды.

Денелер тек қана Жерге емес аспан денелеріне де тартылады. Әр түрлі планеталарда массалары бірдей денеге әрекет ететін ауырлық күші де әр түрлі болады.

Мысалы:

Масса дененің негізгі сипаттамасы және дененің қай орында болатынына тәуелсіз болғандықтан, әр түрлі аспан денелері үшін тұрақты g-ның мәні де түрліше болады.

Жердегі -

Меркурийде -

Шолпандағы -

Марстағы -

Юпитерде -

Сатурнда -

Уранда -

Нептунда -

Плутонда -

Айда -


IV.Есептер шығару.

15-жаттығу. №1-№4.

VІ. Қорытындылау.

VІІ.Үйге тапсырма. §§38.39. 16-жаттығу. №1-№3.

VІІI. Бағалау.

7-сынып.

Сабақ тақырыбы: §40. Дененің салмағы.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға салмақ, ауырлық күші мен салмақ арасындағы айырмашылық, салмақсыздық, асқын салмақ туралы түсінік беру.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.

    1. Бүкіл әлемдік тартылыс дегеніміз не?

    2. Қандай күш ауырлық күші деп аталады?

    3. Денеге әрекет ететін ауырлық күші мен оның массасының арасындағы қатынасы қандай?

    4. Дененің массасын динамометр көмегімен анықтауға бола ма?

    5. Күн жүйесінің қай планетасында денеге әрекет ететін ауырлық күшінің шамасы көбірек?

    6. Неліктен денедердің Айға тартылуы Жердегіге қарағанда аз?

    7. Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарғандарын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

  • Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталды.

  • Ауырлық күші қарастыратын денеге, ал салмақ дене орналасқан тірекке түсіріледі.

  • Егер дене горизонталь орналасқан, әрі жерге қатысты қозғалмайтын тірек үстінде жатса, онда дене салмағы әрекет ететін ауырлық күшіне дәлме-дәл келеді.

P=FA= mg

IV. Есептер шығару. 17-жаттығу. №3. №4.

V. Пысықтау.

1. Дененің салмағы дегеніміз не?

2. Дененің салмағы мен ауырлық күшінің арасындағы қандай айырмашылық бар?

3. Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады?

4. Салмақсыздық себебі неде?

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §40. 17-ж. №1, №2.







































7-сынып.

Сабақ тақырыбы: §41,42 Үйкеліс күштері.

Сырғанау үйкелісі мен тыныштық үйкеліс Сырғанау үйкелісін ескеру.

іСабақ мақсаты:

1. Оқушыларға үйкеліс, үйкеліс күші, түрлері, пайда болу себептері, нормаль қысым күші туралы түсінік беру.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.

1. Дененің салмағы дегеніміз не?

2. Дененің салмағы мен ауырлық күшінің арасындағы қандай айырмашылық бар?

3. Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады?

4. Салмақсыздық себебі неде?

5. Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарғандарын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Бір дене екінші денеің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.

Ғүйк – үйкеліс күші.

  • Сырғанау үйкелісі

  • Домалау үйкелісі

  • Тыныштық үйкелісі


Үйкелістің пайда болу себептері:

  • Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы

  • Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы.

Үйкеліс :

  • Жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына,

  • Олардың өңделу сапасына;

  • Бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.

Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды.

N –нормаль қысым күші. N=mg, Fүйк=µN, µ - үйкеліс коэффициенті

IV. Есептер шығару. 18-жаттығу. №3. №4.

V.Пысықтау.

1.Үйкеліс төмендегі түсініктердің қайсысына жатады?

1.Физикалық шама.

2.Физикалық құбылыс.

3.Физикалық дене.

2. Егер білеуше стол үстімен қозғалып бара жатса, онда

Білеушенің қозғалыс үйкеліс күшінің бағыты

бағыты

І.Алға 1.Алға

ІІ.Артқа. 2.Артқа

ІІІ.Солға. 3.Солға.

ІV. Оңға. 4.Оңға

Сұрақтарға жауап:

1.Көктайғақта неге тротуарға құм себеді? (үйкелісті көбейту үшін)

2. Неге жаңбырдан соң грунт жолы тайғақ болады? (сұйықта бөлшектер тез қозғалады, қатты денелерден гөрі сұйық қабаттарының үйкелісі аз).

3. Шаңғының астын неге майлайды? (май қабаты үйкелісетін беттерді ажыратып, үйкелісті кемітеді).

4.Қандай күшті үйкеліс күші деп атайды?

  1. Үйкеліс не себептен болады?

  2. Қандай үйкеліс түрлері болады?

  3. Үйкелісті қалай азайтуға болады?

  4. Үйкеліс күшін қалай өлшеуге болаы?

  5. Нормаль қысым күші дегеніміз не?

  6. Үйкелістің пайдалы жақтарын көрсететін мысалдарды келтіріңдер.

  7. Үйкелістің зиянды жақтарын көрсететін мысалдарды көрсетіңдер.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §§ 41.42. 18-ж. №1, №2.

7-сынып.

Есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың «Күш» тақырыптары бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.

  2. Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бекіту

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, В.И.Кем,Б.А.Кронгарт. есептер мен жаттығулар жиынтығы.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару.

339. Төбеде ілулі шам еденге құламау үшін қандай күш қажет? Сызбанұсқамен шамды бейнелеп, суретте оған түсетін барлық күштерді көрсетіңдер.

341. Майысқан болат сызғыш қандай күштің әсерінен қайта түзеледі? Сызғыш түгел түзелгенде ол күш неге тең?

347. Неге дәрігердің инесін айнадай жалтырады?

369. Массасы 3кг шойын кесектің ауырлық күшін табыңар.

370. 120 Н ауырлық күші бар бір шелек судың массасын анықтаңдар.

371. 20 л суға түсетін ауырлық күшін табыңдар.

386. Көлемі 25 л бензиннің салмағы қанадй?

387. Амортизатордың серіппесі 320 Н күштің әсерінен 9 мм-ге сығылды. 1,6 кН күштен серіппе қанша мм-ге сығылады?

388. 4 Н күш әсерінен динамометрдің серіппесі 5 мм-ге ұзарды. Осы серіппені 16 мм-ге ұзарту үшін салмағы қандай жүк салу керектігін анықтаңдар.

393. Шиыршық серіппенің ұзындығын 3,5 см-ге қысқартқанда 1,4 Н серпімділік күш пайда болады. Оны 2,1 см-ге ұзартқанда серпімділік күші қандай болады?

416. Бөлшектер салынған жәшіктің салмағы 500 Н. Егер үйкеліс күші бөлшектер салынған жәшік салмағының 0,05 бөлігін құраса, жәшіктің горизонталь еденмен қалыпты жылжыту үшін қандай күш жұмасау керек?

ІV. Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың есебін тексеру.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: №372, №373, №374, №382. №4. зертханалық жұмысқа дайындық.




Зертханалық жұмыс №4

Тақырыбы: Серпімді деформацияны зерделеу.

1-тапсырма. Серпімді элементі серіппе болып табылатын мектеп динамометрін градуирлеу.

Құрал-жабдықтар: динамометр, бір тілім қағаз, жүктер жиыны, штатив.

Жұмыс барысы:

  1. Динамометр шкаласын ақ қағазбен бүркеңдер. Қағаздың екі жағы резеңке сақиналардың көмегімен динамометрге бекітіледі.

  2. Динамометрге массалары 102 г, 204г, 306г және т.б. жүктерді іле отырып, 1Н, 2Н, 3Н т.с.с. күштерге сәйкес келетін көрсеткіш орнын белгіліеңдер.

  3. Көршілес сызықшалардың арасын өлшеңдер. Олар өзара тең бе? Неліктен? Осы шкалада ньютонның оннан бір үлестерін белгілеңдер.

  4. Өздерің жасаған шкаланы заводта градуирленген динамометрдің шкаласымен салыстырыңдар,

  5. Өлшеу дәлдігін бағалаңдар.


2-тапсырма. Серпімді дене мен оған әрекет ететін ауырлық күші мен оның арасындағы байланысты анықтау.

Құрал-жабдықтар: штатив, ұзындықтары 15-20 см болатын резеңке жіп, ұзындығы 35-40 см болатын бір тілім ақ қатырма қағаз, жүктер, сымнан жасалған ілгек, мектеп динамометрі.

Жұмыс барысы:

  1. Резеңке жіптердің бір ұшын ілмектеп байлаңдар, екінші жағын қатырма қағазбен біргі штатив қысқышына бекітіңдер. Резеңкелердің ұштары бірдей деңгейде болуына назар аударыңдар. Ол деңгейді қатырма қағазда белгіліп қойыңдар.

  2. Ілгектің көмегімен массалары m1=m, m2=2m, m3=3m жүктерді кезекпен кезек бір жіпке іліңдер.

  3. Резеңкенің созылған кездегі орнын белгілеңдер.

  4. Дененң ілгектің көсегімен екі жіпке қатар іле отырып, тәжірибені қайталаңдар.

  5. Ауырлық күші мен серпімді деформацияның арасындағы байланысты анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар. Эксперимент дәлдігі ауқымында Гук заңы орындала ма? Тексеріңдер.


Резеңке саны

Жүк массасы, г

Ауыпрлық күші, Ғ, Н

Жіптің ұзаруы, мм

Жіптің ұзаруы, м

1

2

3

4

Біреу

Біреу

Біреу

Біреу





  1. Қорытындылау.

  2. Бағалау.


8-сынып.

Сабақ №

Сабақ тақырыбы: §43. Қысым.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға күштің әрекет тіреу ауданына тәуелді болатыны, қысым, қысымның бірліктері туралы түсінік беру.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Масса және күш» тарауын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Күш әрекетінің тіреу ауданына тәуелді екендігін дәлелдейтін тәжірибелер көрсету.




Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды.

Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:

р-қысым,

Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші;

S-күш түсетін беттің ауданы.

ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді. .

гПа=100 Па=102 Па

кПа=1000 Па=103 Па

МПа=100000 Па=106 Па

ІV. Есептер шығару.

20-жаттығу.№1, №2, №3, №4.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §43. 14-тапсырма.


8- сынып

Сабақ №

Сабақ тақырыбы: §44. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.

1. Оқушыларға қатты денелер, сұйықтар және газдар қалай жеткізетіні туралы, Паскаль заңы туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Күштің әрекеті тіреу ауданына тәуелді болатынын көрсететін мысалдарды келтіріңдер.

  2. Қолмен іс тіккенде неліктен бармаққа оймақ кигізіледі?

  3. Шаңғысыз жүргенде адам неліктен қарға омбылайды?

  4. Жүк машимналарының артқы доңғалақтары қос-қостан болатыны неліктен?

  5. Қысым дегеніміз не?

  6. Қысымды қалай анықтайды?

  7. Қысымның қандай бірліктері бар?

  8. Қысымды арттырып, кемітуге бола ма? Ол үшін не істеу керек?

  9. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақ.

Қатты денелер өзіне түсірілген қысымды бір бағытта ғана жеткізеді



ПАСКАЛЬ ЗАҢЫ:

Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі.

ІV. Есептер шығару.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §44.


























8- сынып

Сабақ №

Сабақ тақырыбы: §45. Гидравликалық машиналар. Есеп шығару

1. Оқушыларға гидравликалық машиналар, олардың құрылысы, жұмыс істеу принципі туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Қатты дене қысымды қалай жеткізеді? Оны қалай түсіндіруге болады?

  2. Сұйықтар мен газдар неліктен қысымды барлық жаққа бірдей жеткізеді?

  3. Паскаль заңы қалай айтылады?

  4. Паскаль заңын қатты денелерге қолдануға болады?

  5. Автомашинаға ауыр жүк тиегенде қысым қалай қарай беріледі?

ІІІ. Жаңа сабақ


ІV. Есептер шығару. 21-жаттығу

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §45. 21-жаттығу №2, №3.










8- сынып

Сабақ №

Сабақ тақырыбы: §46. Газ қысымы.

1. Оқушыларға газ қысымы туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

    1. Гидравликалық машиналар деген не?

    2. Қарапайым гидравликалық машиналардың құрылысы қандай?

    3. Жұмыс істеу принципі қандай?

    4. Гидрравликалық машиналардың жұмыс істеу принципінде қандай заңдылық бар?

    5. Есептердің шығарылуын тексеру.

Физикалық диктант

  1. Қысым деген не?

  2. Оның формуласы, өлшем бірліктері

  3. Паскаль заңы қалай тұжырымдалады?

  4. Сұйықтың ыдыс қабырғалары мен түбіне түсіретін қысымы қандай формуламен өрнектеледі?

  5. Сұйық пен газдың биіктігі өскен сайын оның ыдыс қабырғасы мен түбіне түсіретін қысымы қалай өзгереді?

  6. Гидравликалық престің формуласы(поршеннің аудандары арқылы)

  7. Гидравликалық престің формуласы (поршеннің жүрген жолы арқылы

ІІІ. Жаңа сабақ.


Газ қысымы газ молеулаларының ыдыс қабырғасына соққылауынан болады


Тәжірибе


Газ шар қабырғасына барлық бағытта бірдей қысым түсіреді.





Газдың массасы мен көлемін кішірейтсе, оның қысым артады, ал көлемін ұлғайтса, қысымы кемиді.

Жабық ыдыстағы газдың температурасы неғұрлым жоғары болса, оның қысымы соғұрлым үлкен болады.

IV. Пысықтау.

  • Газдардың қатты денелер мен сұйықтардан өзгеше қандай қасиеттері бар?

  • Газ қысымы молекулаларының қозғалысы туралы ілім тұрғысында қалай түсіндіріледі?

  • Газдың ыдыс қабырғаларына түсіретін қысымын қандай тәжірибелер арқылы көрсетуге болады?

  • Газдың барлық бағытта бірдей қысым түсіретіні неден байқалады?

  • Неліктен газдың қысымы сығылғанда артады, ал ұлғайғанда кемиді?

  • Сығылған газдарды неге арнаулы баллондарда сақтайды?

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §46















8- сынып

Сабақ №

Сабақ тақырыбы: §47.Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым.

1. Оқушыларға ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым, сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын есептеу туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  • Газдардың қатты денелер мен сұйықтардан өзгеше қандай қасиеттері бар?

  • Газ қысымы молекулаларының қозғалысы туралы ілім тұрғысында қалай түсіндіріледі?

  • Газдың ыдыс қабырғаларына түсіретін қысымын қандай тәжірибелер арқылы көрсетуге болады?

  • Газдың барлық бағытта бірдей қысым түсіретіні неден байқалады?

  • Неліктен газдың қысымы сығылғанда артады, ал ұлғайғанда кемиді?

  • Сығылған газдарды неге арнаулы баллондарда сақтайды?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады.

1-кішкене қорапша, 2-түтік, 3-манометр

Сұйық ішіндегі қысым тереңдік артқан сайын ұлғаяды



Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын есептеу жолдары

ІV. Пысықтау.

V. Есептер шығару. №1 а, ә, б.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §47. 22-ж. №2, №3.




















8- сынып

Сабақ №

Сабақ тақырыбы: §48. Қатынас ыдыстар.

1. Оқушыларға қатынас ыдыстар, қатынас ыдыстардың қасиеттері туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

1ІІ. Жаңа сабақ.

Қатыныс ыдыстар



Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бірдей деңгейде болады.


Егер қатынас ыдыстардың тармақтарына әр түрлі сұйықтар құйылса, бұл сұйықтардың деңгейлері бірдей болмайды.

Қысымдары тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады.


Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал.

ІV. Пысықтау.

  1. Қатынас ыдыстарға қандай мысалдар келтіре аласыңдар?

  2. Қатынас ыдыстардың үш тармағы бар. Оларға су, керосин және сынап құйылған. Осы әр текті сұйықтардың еркін беттері қалай орнаасады?

  3. Қатынас ыдыстардың қасиетері қандай қондырғыларда қолданылады?

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §48. 47-тапсырма.







































8- сынып

Сабақ №

Сабақ тақырыбы: §49. Су құбыры. Есеп шығару

1. Оқушыларға су құбыры және оның жұмыс жасау принципі туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  • Қатынас ыдыстарға қандай мысалдар келтіре аласыңдар?

  • Қатынас ыдыстардың үш тармағы бар. Оларға су, керосин және сынап құйылған. Осы әр текті сұйықтардың еркін беттері қалай орнаасады?

  • Қатынас ыдыстардың қасиетері қандай қондырғыларда қолданылады?


1ІІ. Жаңа сабақ.

Су құбыры көмегімен қаланы, ауылды, өндіріс пен шаруашылық орындарын сумен қамтамасыз етеді.


Су құбырының жұмыс істеу принципі




1-су жинағыш, оған су қоймасынан су құйылады,

2-сорғылар; 3-тұндырғыштар; 4-сүзгі; 5-су құбыры мұнарасы; 6-мұнарадағы таза су жиналатын ыдыс

IV. Пысықтау.

  1. Су құбыры не үшін керек?

  2. Қандай мақсатта қолданылатын су құбырларын білесіңдер?

  3. Жұмыс істеу принципі қандай?

  4. Мұнаралық су құбырының құрылысы қандай?

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §49.







































8-сынып.

Сабақ №

Сабақ тақырыбы: §50. Атмосфералық қысым.Торичелли тәжірибесі.

Сабақ мақсаты:

  1. Атмосфералық қысым, атмосфералық қысымның пайда болу себептері, Э. Торричели тәжірибесінің мәні, атмосфералық қысымның өлшем бірліг туралы түсінік алуға жетелеу.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран

Құрал-жабдықтар: Магдебург жарты шарлары, шыны бөтелке, жұмыртқа, қағаз, сіріңке, колба, жалпақ ыдыс,слайдтар.

Демонстациялық көрсетілімдер: атмосфералық қысымның бар екендігін дәлелдейтін тәжірибелер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Су құбыры не үшін қажет?

  2. Су құбырларының неше түрі бар?

  3. Тұрмыстық су құбыры не үшін қажет?

  4. Өнеркәсіптік су құбырлары не үшін қажет?

  5. Қазақстанда су құбырлары қай ғасырларда пайда болған және ол қандай материалдан жасалған?

  6. Алматыда алғашқы су құбыры қашан салынды және ол неден жасалды?

  7. Су құбырының құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай?

ІІІ. Жаңа тақырып.






Амосфералық қысым ауа- райына байланысты өзгеріп тұрады. Атмосфералық қысымның тағы қандай шамаға байланысты өзгереді екен. Ол туралы жақында саяхатқа барып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келген Ернатты ортаға шақырайық. (Ортаға шығып, атмосфералық қысымның биіктікке байланысты қалай өзгеретінін айтады)



  • Жер бетіне және Жер бетіндегі барлық денелерге атмосфераның түсіретін қысымы атмосфералық қысым деп аталады.

  • Атмосфералық қысымның бірлігі – 1 миллиметр сынап бағаны алынады. [1 мм.сын. бағ.].

1 мм.сын. бағ.=133,3 Па

IV.Пысықтау.

V. Есептер шығару.

1. Массасы 480 кг гранит плита ұзындығы 1,2 м, ені 0,8 м тірек үстінде жатыр. Гранит плитаның тығыздығы 2600 кг/м3. Плитаның топырыққа түсіретін қысымын анықтаңдар.


2. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 20 см2. Оған әсер ететін күш 400 Н. Үлкен поршеньнің ауданы 300 см2. Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?


  1. Керосин бак түбіне 1600 Па қысым түсіреді. Бактағы керосиннің биіктігі қандай?. Керосиннің тығыздығы 800 кг/м3.

  2. Үлгерімі төмен оқушыларға берілетін тест.


Тест жұмысы.


1. Қысымды қалай белгіленеді?

А. p

В. Ғ

С. m

Д. Ρ

2. Қысымның өлшем бірлігі

А. Н

В. Па

С. кг

Д. m2


3. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі

А. Н

В. Па

С. кг

Д. мм. сын. бағ.


4. Қатты денелер қысымды қалай жеткізеді?

А. Бір бағытта

В. Барлық бағытта бірдей

С. Жан-жаққа

Д. Дұрыс жауабы жоқ.


5. Сұйықтар мен газдар қысымды қалай жеткізеді?

А. Бір бағытта

В. Барлық бағытта бірдей

С. Жан-жаққа

Д. Дұрыс жауабы жоқ.



6. Сұйықтар мен газға түсірілген қысым осы сұйықтың немес газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл қандай заң?

А. Инерция

В. Паскаль

С. Архимед

Д. Дұрыс жауабы жоқ.


7. Атмосфералық қысымның бар екендігін кім тәжірибе жүзінде дәлелдеді?

А. Торричелли

В. Паскаль

С. Архимед

Д. Дұрыс жауабы жоқ


8.Ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым қандай формуламен анықталады?

А.

В.

С.

Д. Дұрыс жауабы жоқ



VI. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: §50. 24-жаттығу.








8-сынып.

Сабақ №

Сабақ тақырыбы: §51. Атмосфералық қысымды өлшеу. Барометрлер. Манометрлер. Сорғылар. Есеп шығару.

Сабақ мақсаты:

  1. Атмосфералық қысым туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, атмосфералық қысымды өлшейтін құрал туралы түсінік алуға жетелеу.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран

Құрал-жабдықтар: барометр-анероид.

Демонстациялық көрсетілімдер: атмосфералық қысымды барометр-анероидпен өлшеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Атмосфералық қысымның пайда болу себебі не?

  2. Э.Торричелли тәжірибесінің мәнісі неде?

  3. Адам атмосфералық қысымға төзіп, шыдай ма?

  4. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі қанадй?

  5. Тамызғымен сұйықты сорғанда қанадй физикалық құбылыс пайдаланылады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр деп аталады.

(барос-ауырлық, метрео-өлшеймін)

Атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометр-анероид кеңінен қолданылады. (анероид-сұйықсыз).

Барометр-анероидтың құрылысы

1-дөңгелек жұқа металл қорапша

2-серіппе

3-беріліс тетігі

4-көрсеткіш

5-шкала

IV.Пысықтау.

V. Есептер шығару. В. И. Кем, Б.А.Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы: №654, №678, №685.

VI. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: §51. 25-жаттығу.











































8-сынып.

Сабақ №

Сабақ тақырыбы: §52.Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі.

Сабақ мақсаты:

  1. Атмосфералық қысым туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, қалыпты атмосфералық қысым, атмосфералық қысымның биіктікке, ауа райына байланысты өзгеруі туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Барометр не үшін қолданылады?

  2. Барометр-анероидтың құрылысы қандай?

  3. Ол қалай жұмыс істейді?

  4. Барометрмен тағы нені бақылауға болады?

  5. Жер шарының әр түрлі орындарында атмосфералық қысымды үнемі өлшеп тұру не үшін қажет? Мұның метеорологияда қандай мәні бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Атмосфера-Жердің ауа қабаты.

  • Атмосфераның құрамы:

78%-азот, 21%-оттегі.




Атмосфераның негізгі қабаттары

Биіктігі 760 мм сынап бағынына тең, 00С температурадағы атмосфералық қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады.

Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сын. бағ.=101325 Па=1013 гПа≈100 кПа≈105Па.

Барометрді теңіз деңгейінен шамамен әрбір 110 м биіктікке көтерген сайын сынап бағаны 1 см-ге төмендейтіні анықталды.

Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеретінін пайдаланып, анероидтарды көбінесе көтерілу биіктігін көрсететіндей етіп градуирлейді. Мұндай анероидтарды альтиметрлер деп атайды.

IV.Пысықтау.

V. Есептер шығару. В. И. Кем, Б.А.Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы: №671, №672, №673.

VI. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: §52. 26-жаттығу.































7-сынып.

Сабақ тақырыбы: §53. §54.Манометрлер. Сорғылар.

Сабақ мақсаты:

  1. Манометрлер, олардың түрлері, сорғының құрылысы, жұмыс істеу принциптері туралы ұғым қалыптастыру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран

Демонстрациялар: шприц арқылы сұйықтықты сору.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Атмосфера деген не? Оның құрамы қандай?

  2. Атмосфераның негізгі қабаттарын ата.

  3. Қалыпты атмосфералық қысым деген не?

  4. Ол неге тең?

  5. 760 мм.сын.бағ. қанша паскальға тең?

  6. Альтиметр деген не?

  7. Үйге берліген есептердің орындалуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Атмосфералық қысымнан жоғары немес төмен қысымды өлшеу үшін қолданылатын аспап манометр деп аталады.

МАНОМЕТР

МЕТАЛЛ МАНОМЕТР АШЫҚ СҰЙЫҚТЫҚ МАНОМЕТР


АШЫҚ СҰЙЫҚ МАНОМЕТР




МЕТАЛЛ МАНОМЕТР –газдың немес будың қысымын өлшеу үшін қолданылады

  1. доға тәрізді иілген металл түтікше

2-меңзер

3-тісті тегершіктер

4-кран

5-иіндік




Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым сфигмоманометр немесе сфигмотанометрмен өлшенеді

1- металл манометр

2-манжет

3-үрлеуіш



Сорғылар –атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың бірі.


1-сорғы корпусы

2-саңылау

3- поршень

4-нипель


Су сорғысының құрылысы:

1- цилиндр

2-поршень

3- қақпақшалар

4-құбыр

5-кран


V. Пысықтау.

  • Атмосфералық ауа қысымынан жоғары немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құралдар қалай аталады?

  • Манометрлердің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген?

  • Ашық сұйықтық манометр қалай жасалған және қалай жұмыс істейді?

  • Металл манометр қалай жұмыс істейді?

  • Сорғылардың құрылысы жұмыс істеу принципі қандай?

VI. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: : §53. §54.Манометрлер. Сорғылар.27-ж. №1, №3,28-ж. №1, №2.


7-сынып.

Сабақ тақырыбы: §55. Архимед күші.

Сабақ мақсаты:

1.Тәжірибелер арқылы архимед күші туралы ұғым қалыптастыру.

2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, көрсетілімдер.

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран

Құрал-жабдықтар: аквариум, суы бар ыдыс, Архимед күші, таразы.

Демонстрациялық көрсетілімдер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  • Атмосфералық ауа қысымынан жоғары немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құралдар қалай аталады?

  • Манометрлердің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген?

  • Ашық сұйықтық манометр қалай жасалған және қалай жұмыс істейді?

  • Металл манометр қалай жұмыс істейді?

  • Сорғылардың құрылысы жұмыс істеу принципі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тәжірибе:

Суды суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады.

Мұғалім: доп неге су бетіне ытқып шығады?

Жауап: өйткені допқа күш әсер етті.

Мұғалім: жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз.

Мұғалім: сол ыдысқа цилиндрді салайық. Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме?

Жауап: оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін.

Мұғалім: цилиндрге ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, цилиндрді динакмометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін цилиндрді сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің кқрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар:

Жауап: Цилиндрді суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді.

Мұғалім: бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Жауап: Су салынған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді.

Мұғалім: бұл күш қалай қарай бағытталған?

Жауап: Сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған.

Тәжірибе: Білеуше тәрізді денені суға салынады.



IV.Есептер шығару. (Есептер мен жаттығулар жинағы. 7-сынып, В. И. Кем, Б.А. Кронгарт.).

710, №712, №716, №723.

V. Пысықтау.

VI. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: §55. 29-ж.№1, №3, №4.



7-сынып.

Есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың «Қысым» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.

  • Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бекіту

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, В.И.Кем, Б.А.Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы,

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару.

566. Массасы 6000 кг жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы 2000 см2. Оның топыраққа түсіретін қысым қандай?

569. Төменде санмен берілген қысымдардың қайсысы үлкен, қайсысы кіші: 6 кН/м2, 60 Н/см2, 600 Па?

575. Массасы 78 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95 м, ені 8 см. Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр?

586. Көлемі 6 м3, табанының ауданы 1,5 м2 гранит бағананың топыраққа түсіретін қысым қандай?

611. Деңгейі 10 см, тығыздығы 1800 кг/м3 сұйықтың цилиндр пішіндес ыдыстың түбіне түсіретін қысымын есептеңдер.

627. Гидравликалық престің кіші піскегінің көлденең қимасының ауданы 10 см2 және оған түсіретін күш 200 Н. Үлкен піскегінің ауданы 200 см2. Оған қандай күш әсер етеді?

632.Аквариум ернеуіне шейін суға толтырылған. Ұзындығы 50 см, биіктігі 30 см аквариумның қабырғасына шамамен қандай күш түседі?

716. Өлшемі 3,5х1,5х0,2 м3 темір бетонды тақта толық суға батырылған. Тақтаға әсер ететін архимед күшін есептеп шығарыңдар.

712. Судағы көлемі 100 м3 ағаш кесек пен көлемі сондай темір затқа әсер ететін кері итеруші күштері бірдей ме?

IV.Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың жұмысын тексеру.

VI. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: тест жұмысына дайындық.



7-сынып.

Сабақ тақырыбы: §56. §57.Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер.

Сабақ мақсаты:

  • Сұйық ішіндегі денеге ауырлық және кері итеруші күш әсер ететіндігін, егер осы күштердің бірі көп болған жағдайды тәжірибе жасай отырып, меңгерту.

  • Өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран

Демонстрациялар: денелердің жүзу шарттарын демонстрациялау

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тест жұмысын талдау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Егер денеге әрекет етуші ауырлық күші мен архимед күшіне тең болса, онда дене сұйықтың кез келген жерінде тепе-теңдік қалпын сақтай алады.

Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық болса, онда дене сұйыққа батады.

Егер ауырлық күші архимед күшінен кем болса, онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі.

Егер дене сұйық бетінде жүзіп жүрсе, дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлемі сұйық пен материалы тығыздықтарының арақатысына байланысты болады:

Ареометрлер-сұйықтың тығызығын анықтауға арналған құрал.


Құрылысы:

1

-шыны құты

2-металл кесектері

3-жіңішке түтікше

4-шкала.








Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ареометрлер-лактометрлер деп аталады.

V. Пысықтау.


VI. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: §56. §57.Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер.

30-ж. Эксперименттік тапсырма.



7-сынып.

Сабақ тақырыбы: §58. §59.Су көлігі. Ауада ұшу.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға шөгім, су ығыстырым, ватерсызық, , кемелердің жүзуі, көтеріші күш, ауада ұшу туралы ұғым қалыптастыру.

  • Өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран

Демонстрациялар: «Гидростатика» жиынтығы бойынша сүңгуір қайықтың жұмысын демонстрациялау.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Денелердің жүзу шарттарын тұжырымдаңдар.

  2. Сұйық ішінде жүзіп жүрген денеге әрекет ететін ығыстырушы күштің шамасы неге тең?

  3. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса, дене сұйықта жүзіп жүре ме, әлде батып кете ме?

  4. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан кем болса, дене сұйықта жүзіп жүре ме, әлде батып кете ме?

  5. Ареометр деген не?

  6. Оның құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы айтып беріңдер.

  7. Лактометрлер деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Кеменің төменгі бөлігі батқан тереңдік шөгім деп аталады. Рұқсат етілген шөгім кеменің корпусында қызыл сызық- ватерсызықпен белгіленеді.

Кеме ватерсызыққа дейін суға батқанда, кеменің жүгімен қоса есептегендегі салмағына тең ығыстырылған судың салмағы су ығыстырым деп аталады.

Сүңгуір қайықтардың жүзу шарттары.(Демонстациялау).



Ауа шарының

құрылысы:

1-қабық немесе баллон

2-аспалы жүйе

3-адам отыратын орын.


Ауада қалқып жүрген шарға ығыстырылған ауаның салмағына тең архимед күші әрекет етеді. Бұл күш тік жоғары бағытталған. Шарға әрекет ететін ауырлық күші шарды төмен қарай тартады. Осы күштердің айырымынан көтеруші күш пайда болады:

1783 жылы ағайынды

қағаз шар

Ұ

1783 жылы ағайынды

Монгольфьелер үлкен қағаз

шар ойлап тапты. Шардың астына

жанған спирті бар ыдыс қойды.

Шар жанған ауамен толып,

2000 м биіктікке көтерілді.

Ұшу аппараттарының бір түрі –дирижабльдер. Дирижабль қозғалтқыш айналдыратын пропеллердің көмегімен қозғалады. Оны басқаруға болады. Басты жетістігі –үлкен жүк көтергіштігі.


шу аппараттарының бір түрі –дирижабльдер. Дирижабль қозғалтқыш айналдыратын пропеллердің көмегімен қозғалады. Оны басқаруға болады. Басты жетістігі –үлкен жүк көтергіштігі.

V.Есептер шығару.

31-жаттығу.

№2, №3.

32-жаттығу.

№2.

VI. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: §58. §59.Су көлігі. Ауада ұшу. 31-жаттығу.

№1,

32-жаттығу.

№1.

і бар ыдыс қойды.

Шар жанған ауамен толы

7- сынып

Сабақ тақырыбы: §60.§61. Беттік керілу.Жұғу.

1. Оқушыларға беттік керілу, жұғу, жұқпау құбылыстары туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Неліктен ауа шарлары жылытылған ауамен, сутегімен немесе гелиймен толтырылады?

  2. Ауа шарының көтерілу биіктігі қалай реттеледі?

  3. Не себептен аэростаттарға газ жартылай ғана тотырылады?

  4. Шар-зондтар қандай мақсатпен ұшырылады?

  5. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сұйықтың бетінде орналасқан М1 және оның ішіндегі М2 молекуланы қарастырайық. Сұйық ішіндегі М2 молеула барлық жағынан басқа молекулалармен қоршалған және олар оны барлық жағынан бірдей «тартады». Сұйық бетіндегі М1 молекуланың жоғары жағында онгдай көршілері жоқ. Оны сұйық ішіндегі молекулалар тартады. Сондықтан сұйық бетіндегі әрбір молекула оның ішіне енуге бейім болады. Алайда барлық молекулалар сұйық ішіне ене алмайды. Сұйық бетіндегі молекулаларды оны төмен орналасқан молекулалар одан төмен орналасқан молекулалар ғана емес, оның бетіндегі көршілес молекулалар да тартады. Бұл күштердің қорытқы күші сұйықтың беттік керілуін береді. Ол сұйықтың беттік қабатында әрекет ететін күшпен сипатталады және Ғб беттік керілу күші деп аталады.


Ұстар жүзін немесе инені абайлап суға салайық. Ұстар жүзі суға батпайды, су беті сәл ғана иілгендей болады. Ал егер оны тереңірек батырсақ, батып кетеді. Демек, мұнда да беттік қабаттағы молекулааралық күштер ұстара жүзінің төмегі су қабатына өтуіне мүмкіндік бермейді.

Сымнан жасалған сақина алып, оның екі жерін жіппен қосып, сақинаны сабын ерітіндісіне салып, сабын қабыршағын алайық. Егер жіптің бір жағындағы қабыршақты инемен тесіп жіберсе, онда қабыршақтың екінші жағы жиырылып жіпті өзіне қарай тартатынын байқаймыз.

Жұғу құбылысын дәлелдейтін тәжірибелер:


Сұйық қатты дененің бетіне жұғатын болса, онда сұйық тамшысы оан оңай жайылады, ал жұқпайтын болса, жайылмайды.


IV. Пысықтау.

  1. Беттік керілу дегеніміз не?

  2. Беттік керілудің бар болуын дәлелдейтін мысалдар.

  3. Қандай жағдайда сұйық дене бетіне жұғады немес жұқпайды?

  4. Жұғатын сұйықты жұқпайтын сұйықтан қалай ажыратуға болады?

  5. Жұғу, жұқпау құбылыстарына мысалдар келтіріңдер?

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §§60.61. Эксперименттік тапсырма.


7- сынып

Сабақ тақырыбы: §62.Қылтүтіктік құбьылыстар.

1. Оқушыларға қылтүтіктер, мениск, қылтүтіктік құбылыстар, сұйықтық қылтүтік бойымен көтерілуі туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Демонстрациялар: әр түрлі сұйықтықтардың қылтүтік бойымен көтерілуі.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Беттік керілу дегеніміз не?

  2. Беттік керілудің бар болуын дәлелдейтін мысалдар.

  3. Қандай жағдайда сұйық дене бетіне жұғады немес жұқпайды?

  4. Жұғатын сұйықты жұқпайтын сұйықтан қалай ажыратуға болады?

  5. Жұғу, жұқпау құбылыстарына мысалдар келтіріңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жіңішке түтікшелерде сұйықтың еркін беті қисық болады. Мұндай қисық бетті мениск деп аталады.


Егер сұйық қылтүтік

қабырғасына жұғатын болса,

онда менискінің пішіні ойыс болады


Егер сұйық қылтүтік қабырғасына жұғпайтын болса,онда менискінің пішіні дөңес болады








Қылтүтік бойымен сұйықтың көтерілуі немесе төмен

түсуі кезінде байқалатын байқалатын беттік құбылыстар

қылтүтіктік құбылыстар деп аталады.




Сұйықтық қылтүтіктен көтерілу биіктігі:






σ –қылтүтік жасалған заттың және сұйықтың тегіне байланысты болатын беттік керілу коэффициенті;

ρ- сұйық тығыздығы;

r –қылтүтік радиусы .

V.Есептер шығару.

34-жаттығу.

№1, №2 №3, №4..

VI. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: §62.Қылтүтіктік құбылыстар.

34-жаттығу.

№5,№6.


7-сынып.

Зертханалық жұмыс №5


Су ішінде массасы 100 г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтау.


Құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп.


Жұмыстың барысы:

  1. Мензурка көмегімен жүктің Vд көлемін анықтаңдар.

  2. Дененің өлшенген көлем мен су тығыздығы бойынша дене ығыстыратын су салмағын табыңдар.

  3. Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліңдер және оған әрекет ететін ауырлық күшінің мәнін табыңдар.

  4. Динамометр ілгегіне ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар және ығыстырушы күштің мәнін есептеңдер.

  5. Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? Тексеріңдер.

  6. Тәжірибені басқа денемен жасаңдар.

  7. Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазыңдар.

  8. Бұл тәжірибеде Архимед заңы қандай дәлдікпен орындалатынын бағалаңдар.


Дененің

Көлемі, м3

Дене ығыстырған сұйық салмағы, Р,Н

Дененің ауадағы салмағы, Р,Н

Дененің судағы салмағы,

Р1, Н

Ығыстырушы

Күш, Fы, Н








  1. Бағалау.

  2. Қорытындылау.


7-сынып.

Зертханалық жұмыс №6


Тақырыбы: Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.

Тапсырма. Денелерді суға батырған кезде олардың суда жүзетінін, батып кететінін немесе қалқып шығатынын анықтау.

Құрал-жабдықтар: динамометр, суы бар ыдыс, мензурка, ішіне салынған құмдарының массалары әр түрлі бірдей үш пробирка, тығыздығы белгілі сұйығы бар ыдыс.

Жұмыстың барысы:

  1. Динамометр көмегімен денеге әсер ететін Ға ауырлық күшін өлшеңдер.

  2. Мензурканы пайдаланып, дененің көлемін анықтаңдар.

  3. Денені сұйыққа батырған кезде оған әрекет ететін ығыстырушы күшті есептеңдер:

Ғы=ρgVд

  1. Ға ауырлық күші мен Ғы ығыстырушы күшті салыстыру арқылы тапсырмада қойылған сұраққа жауап беріңдер.

  2. Денені берілген сұйыққа батырып, жауаптарыңды тәжірибе жү.зінде тексеріңдер.

  3. Кестені толтырыңдар.


сұйық

Ға,Н

Vд, м3

Ғы, Н

Ға мен Ғы

қатысы

Батады, жүзеді немесе қалқып шығады

1.

2.

3.








  1. Бағалау.

  2. Қорытындылау.













7- сынып

Сабақ тақырыбы: §63. §64.Жұмыс.Қуат.

1. Оқушыларға механикалық жұмыс, қуат туралы түсінік беру .

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Қысым» тарауын қорытындылау. (25 минуттық тест жұмысы).

І нұсқа.

  1. Қысымның өлшем бірлігі қандай?

А. Н

Б. Па

В. м3.

  1. Егер газ көлемі кемісе, оның қысымы қалай өзгереді? Газдың массасы мен температурасы өзгермейді.

А. Артады

Б. Азаяды

В. Өзгермейді.

  1. Егер денені сұйыққа батырғанда сұйық тереңдеген сайын денеге әсер ететін қысым қалай өзгереді?

А. Артады

Б. Азаяды

В. Өзгермейді.

  1. Архимед күшінінң формуласы қандай?

А.

Б.

В. .

  1. Сұйықтың тығыздығын анықтайын құрал қалай аталады?

А. Ареометр

Б. Лактометр

В. Динамометр.

  1. Шөгім дегеніміз не?

А. Кеменің төменгі бөлігі батқан тереңдік

Б. Кеменің корпусындағы қызыл сызық

В. Ығыстырылған су салмағы.

7.Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен кем болса, онда дене сұйыққа

А. Батады

Б. Сұйықтың кез келген жерінде тепе-теңдікті сақтай алады

В. Сұйық бетіне көтеріледі.

  1. 10 м тереңдіктегі судың қысымын табыңдар (ρ=1000 кг/м3, g=9,8 Н/кг)

А. ≈1000 кПа

Б. ≈10кПа

В. ≈100 кПа

  1. Массасы 10 кг дене қанадй тіреу ауданына 105 Па қысым түсіреді? ( g=9,8Н/кг).

А. 0,002 м2

Б. 0,001 м2


В. 0,003 м2

  1. Керосинге батырылған көлемі 2·10-4м3 болат шарға әсер ететін архимед күшін тап (ρ=7800 кг/м3, g=9,8 Н/кг).

А. 100 Н

Б. 160 Н

В. 1,6 Н.


ІІ нұсқа.

1.10 кПа-ды паскальға айналдыр

А. 10000 Па

Б. 100 Па

В. 1000 Па.

2. Егер газ көлемі ұлғайса, оның қысымы қалай өзгереді? Газдың массасы мен температурасы өзгермейді.

А. Артады

Б. Азаяды

В. Өзгермейді.

3.Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесінен өзгеріссіз беріледі. Бұл қандай заң?

А. Паскаль заңы

Б.Архимед заңы

В. Ньютон заңы.

4. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымының формуласы

А.

Б.

В. .

5.Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құралы

А. Ареометр

Б. Барометр-анероид

В. Динамометр.

6.Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. Бұл қандай заң?

А. Паскаль заңы

Б.Архимед заңы

В. Ньютон заңы.

7.Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық болса, онда дене сұйыққа

А. Батады

Б. Сұйықтың кез келген жерінде тепе-теңдікті сақтай алады

В. Сұйық бетіне көтеріледі.

8. Вагонның барлық доңғалақтарының рельспен жанасқан ауданы 0,001м2. Бұл вагонның массасы 30 т болса, ол жерге қандай қысым түсіреді?

А. 300 МПа

Б. 200 Па

В. 300 Па

9. Көлемі 250 см3 мыстан жасалған цилиндр суға батырылған. Денеге әсер ететін архимде күшін табыңдар (g=9,8 Н/кг)

А.2,5 Н

Б. 25 Н

В 0,23 Н

10.Су бак түбіне 1500 Па қысым түсіреді. Бактағы су бағанының биіктігі қандай?

А. ≈0,15 м

Б. ≈0,20 м

В. ≈0,25 м.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.

Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де жүрілген жолға да тура пропорционал.

Мұндағы: А-жұмыс;

Ғ-күш;

s – жүрілген жол.

Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Ньютон күштің денені 1 метрге жылжытқандағы жұмысы алынады. Жұмыстың өлшем бірлігі ХБЖ-да джоуль алынады.

1Дж=1Нх1м=1Н∙м.

1 килоджоуль (1кДж)=1000 Дж=103Дж

1 миллиджоуль (1мДж)=0,001 Дж=10-3Дж

1 микроджоуль (1мкДж)=0,000001 Дж=10-6Дж

Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атайды.

Мұндағы: N-қуат; А-жұмыс; t-жұмыс істеуге кеткен уақыт.

Қуатты өлшеудің бірлігіне 1 секундта істелетін 1 Джоуль жұмыс алынады.

Өлшем бірлігі ватт.

1 киловатт (1кВт)=1000 Вт=103Вт

1 милливатт (1мВт)=0,001 Вт=10-3Вт

1 микроватт (1мкВт)=0,000001 Вт=10-6Вт

.

IV. Пысықтау.

V. Есептер шығару. 35-ж. №2, 36-ж.№3, №4.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: : §63. §64.Жұмыс.Қуат. 35-ж. №1, 36-ж.№1, №2.



7- сынып

Сабақ тақырыбы: §65. Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия.

1. Оқушыларға энергия, жұмыс пен энергия арасындағы байланыс, энергия түрлері, бірліктері туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Істелген нақты жұмысты қандай формуламен есептейді? Формула қалай оқылады?

  2. ХБ жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қалай аталыд?

  3. Қандай жағдайда жұмыс істеледі деп айтуға болады? Денеге күш әрекет етіп, бірақ ол орнынан қозғалмаса, онда механикалық жұмыс атқарыла ма?

  4. Дене қозғалыста болып, оған күш әсер етпесе, онда механикалық жұмыс істеле ме?

  5. Қуат ұғымы неліктен енгізілген?

  6. Қуат дегеніміз не?

  7. Қуатты қалай есептеуге болады?

  8. Қуаттыі ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?

  9. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сығылған серіппенің кері тебілу барысында денелер қозғалысқа келіп, жұмыс істеледі. Бұдан сығылған серіппенің жұмыс істеуге қабілетті екенін білеміз.




Қозғалыстағы денелердің істеген жұмысы сол денелердің массаларына тәуелді.


Дененің істеген жұмыс сол дененің жылдамдығына да тәуелді.

Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама энергия деп аталады.

Энергия бірлігі 1 Джоуль=ватт·секунд.

Тұрмыста энергияның өлшем бірлігі ретінде

1 киловатт·сағат=3600000 Вт·с=3600000 Дж

Потенциалдық энергия деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.

Жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді.

Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия кинетикалық энергия деп аталады.

Денелердің кинетикалық энергиясы сол денелердің массалары мен жылдамдықтарына тәуелді өзгереді.

Дененің механикалық энергиясының өзгерісі атқарылған жұмыстың шамасына тең:

IV. Пысықтау.

  1. Жұмыс пен энергияның өзара байланысын қандай мысалдар келтіріп көрсетуге болады?

  2. Қандай жағдайда дененің энергиясы бар деп айтуға болады?

  3. Энергия дегеніміз не?

  4. Жұмыс пен эенргияның бірліктері қандай?

  5. Энергияның қандай түрлері бар?

  6. Потенциалдық энергия мен кинетикалық энергия деп қандай энергияларды айтады және олардың қандай ерекшеліктері бар?

V. Есептер шығару. 37-ж. №2, №3.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §65. 37-ж. №1.



7- сынып

Сабақ тақырыбы: §66. Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы.

1. Оқушыларға ауырлық күші әсер ететін дененің потенциалдық энергиясы, ауырлық күшінің жұмысы мен потенциалдық энергиясының арасындағы байланыс туралы түсінік беру .

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Жұмыс пен энергияның өзара байланысын қандай мысалдар келтіріп көрсетуге болады?

  2. Қандай жағдайда дененің энергиясы бар деп айтуға болады?

  3. Энергия дегеніміз не?

  4. Жұмыс пен энергияның бірліктері қандай?

  5. Энергияның қандай түрлері бар?

  6. Потенциалдық энергия мен кинетикалық энергия деп қандай энергияларды айтады және олардың қандай ерекшеліктері бар?

  7. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.










Ауырлық күші әрекетінен еркін құлаған дененің қарастырайық. Жер бетімен салыстырғанда h1 биіктігіне көтерілген дене А1 нүктеснен төмен қарай А2 нүктесіне құлады делік. Сонда ауырлық күшінің істеген жұмысын табайық.

Екі нүктенің араында дененің жүрген жолы:

Дененің қозғалыс бағытында әсер етерін күш:

Денеің құлаған кездегі ауырлық күшінің істейтін жұмысы:











Потенциалдық энергия мынадай қасиеттермен сипаттталады:

1. Ол дененің орналасу күйіне және басқа денелермен әрекеттесу күштеріне тәуелді өзгереді;

2. Әрекеттесу күшінің жұмысы потенциалдық энергияның кемуі есебінен өндіріледі:

IV. Пысықтау.

  1. Ауырлық күші әсер ететін дененің потенциалдық энергиясының формуалсы қалай өрнектеледі?

  2. Ауырлық күішінің жұмысы мен потенциалдық энергиясының арасында қандай байланыс бар?

  3. Потенциалдық энергияны сипаттайтын оның қасиеттері бар?

V. Есептер шығару. 38ж. №4 №3.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §66. 38 –ж. №1, №2



7- сынып

Сабақ тақырыбы: §67. Деформациялан денелердің потенциалдық энергиясы.

1. Оқушыларға деформацияланған денелердің потенциалдық энергиясы туралы түсінік беру .

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  • Ауырлық күші әсер ететін дененің потенциалдық энергиясының формуалсы қалай өрнектеледі?

  • Ауырлық күшінің жұмысы мен потенциалдық энергиясының арасында қандай байланыс бар?

  • Потенциалдық энергияны сипаттайтын оның қасиеттері бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Деформацияланған денелерге Гук заңына сәйкес серпімділік күші әсер етеді.

Мұндағы |∆ℓ| -серіппенің абсолют ұзаруы;

к – серіппе қатаңдығы. [Н/м]

ℓ=ℓ 1 -ℓ2 А нүктесінің орын ауыстыруы

1-серіппенің бастапқы орын ауыстыруы

2 –серіппенің соңғы ұзаруы

F1=k∙ℓ1

F2=k∙ℓ2 т.с.с

Сондықтан серпімділік күішінің жұмысын анықтау үшін оның орташа мәнін аламыз:

Сонда серпімлік күішінің істеген жұмысы мынаған тең болады:

Жақшаларды бір-біріне көбейтсек:

Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы :

Серпімділік күшінің істеген А жұмысы серіппенің потенциалдық энергиясының Еп өзгерісіне тең:

IV. Пысықтау.

1. Серпімділік күшінің жұмыс неге оның орташа мәнімен анықталады?

2. Сығылған (созылған) серіппенің потенциалдық энергиясы қандай формуламен өрнектеледі?

3. Серіппенің потенциалдық энергиясының өзгерісі мен серпімділік күші жұмысының арасындағы байланыс қалай өрнектеледі?

V. Есептер шығару. 39ж. №2 №3.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §67. 39 –ж. №1


7- сынып

Сабақ тақырыбы: §68. Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.§69.Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты.

1. Оқушыларға механикалық энергия, механикалық энергияның сақталу заңы, иіндік, күш иіні, күш моменті туралы түсінік беру .

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

1. Серпімділік күшінің жұмысы неге оның орташа мәнімен анықталады?

2. Сығылған (созылған) серіппенің потенциалдық энергиясы қандай формуламен өрнектеледі?

3. Серіппенің потенциалдық энергиясының өзгерісі мен серпімділік күші жұмысының арасындағы байланыс қалай өрнектеледі?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы механикалық энергия деп аталады.

W=Ek+Eп

W-механикалық энергия

Тысқарғы күштермен әрекеттеспейтін денелер жүйесін тұйық жүйе деп атайды.

Болат шар мен болат тақтадан тұратын тұйық жүйедегі механикалық энергиянының түрленуін қарастырайық:


Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысы , яғни тұйық жүйенің механикалық энергиясы денелерді кез келген орналасу қалыпында өзгеріссіз сақталады:

Ек1п1к2п2=...=Екn+Enп=const

W1=W2=Wn=const

Ауырлық күшінің істейтін жұмысы еркін құлап түсетін дененің потенциалдық энергияларының өзгерістерінің өлшемі болатынын ескеріп, төмендегі теңдіктерді жаза аламыз:

A=Eп1п2 немесе А=Ек2к1

Бұл теңдіктердің сол жағы өзара тең. Сондықтан

Eп1п2к2к1 немесе Eп1к1п2к2

W1= Eп1к1

W2= Еп2к2

W1= W2

Механикалық энергияның сақталу заңы:

Тұйық жүйені құрайтын денелер арасында тек қана ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет ететін болса, онда тұйық жүйенің механикалық энергиясы тұрақты сақталады.

Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала қозғала алатын кез келген дене иіндік деп аталады.



О тіреу нүктесі

d1=OC Ғ1 күшінің иіні

d2=OD Ғ2 күшінің иіні

Айналатын денеге түсірілген күштің иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады:

M=F∙d

М-күш моменті Өлшем бірлігі 1Н∙1 м

Ғ-күш

d –күш иіні

М12

Моменттер ережесі:

Айналатын дененің тепе-теңдігін сақтау үшін, денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттерінің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күн моменттерінің қосындысына тең болуы керек.

IV. Пысықтау.

1. Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады?

2. Механикалық энергияның сақталу заңын қалай тұжырымдайды?

3. Иіндік деген не?

4. Күш иіні дегеніміз не?

5. Күш моменті деген не?

6. Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады?

V. Есептер шығару. 40ж. №1 №3.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §68. §69 40 –ж. №2



7- сынып

Сабақ тақырыбы: §70.Иінді таразылар. §71. Жай механизмдер.

1. Оқушыларға иінді таразылар, жай механизмдер және олардың жұмыс істеу принциптері туралы түсінік беру .

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, иінтірек, таразылар, блоктар, жүктер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

1. Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады?

2. Механикалық энергияның сақталу заңын қалай тұжырымдайды?

3. Иіндік деген не?

4. Күш иіні дегеніміз не?

5. Күш моменті деген не?

6. Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Иінді таразылар

Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.

Зертханалық теңиінді таразының жұмыс істеу принципін демонстрациялау.

Таразы тепе-теңдікте тұрғанда бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни немесе

Зертханалық теңиінді таразыда күш иіндері тұрақты шама:

d1=d2

m1g=m2g

m1=m2.

Егер кір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.

Аса ауыр денелердің массалырн анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.

Ондай таразының тепе-теңдік шарты:

mgℓ=MgL, мұндағы m-кір тастарының массасы, М-өлшенетін дененің массасы.

Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.

Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар механизмдер деп аталады.


Жай механизмдерге мыналар жатады: иіндік, блок, шығыр, көлбеу жазықтық және оның өзге түрлері: сына, бұранда.


d1-жұмысшы күшінің иіні,

d2-жүктің ауырлық күшінің иіні,


Ғ1-жұмысшының жасайтын күші,

Ғ2-көтеретін дененің ауырлық күші.

Жұмысшы күшінің иіні ауырлық күшінің иінінен неше есе үлкен болса, жұмысы күштен сонша есе ұтады.

Әр түрлі иіндіктер тұрмыста жиі қолданылады. Мысалы:

Блок дегеніміз-өз осінің төңірегінен айнала қозғала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершік.

Жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайтын блок жылжымайтын блок деп аталады (а-сурет).

Жылжымайтын блокты теңиінді иіндік деп қарастыруға болады (ә-сурет).



Жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырса, ондай блок жылжымалы блок деп аталады (б-сурет).

В-суретте жылжымалы блок иіндік ретінде көрсетілген. Мұндағы 0-иіндіктің тіреу нүктесі, Р-ауырлық күшінің иіні –АО, Ғ жұмыс істейтін күштің иіні-ВО.

ВО иіні АО иінінен 2 есе артық болғандықтан Ғ күші Р күшінен 2 есе кем. Күш моменттерінің тепе-теңдік шарты бойынша Бұдан: яғни

Күштен ұту үшін жылжымалы және жылжымайтын блоктарды бірге пайдаланады (г-сурет).


IV. Пысықтау.

1. Теңиінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады?

2.Теңиінді және ондық таразылардың жұмыс істеу принциптерінің өзгешелігі неде?

3. Таразының Ай бетіндегі көрсетуі мен Жер бетіндегі көрсетуі бірдей бола ма?

4. Салмақсыздық жағдайында таразы жұмыс ісьей ала ма?

5. Бір ғана кір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса, оның жұмыс істеу принципі қандай?

6. Жай механизмдер дегеніміз не?

7. Жай механизмдердің түрлері қандай?

8. Жай механизмедр жұмыстан ұтыс бере ме?

9. Иіндікті не үшін қолданады?

10. Блок деген не?

11. Жылжымайтын және жылжымалы блоктардың жұмыс әрекетінде қандай ерекшеліктер бар?

V. Есептер шығару. 41ж. №1, №2.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §70. §71 41 –ж. №3, №4.



7- сынып

Сабақ тақырыбы: §72.Көлбеу жазықтық. Механиканың алтын ережесі. §73.Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті.

1. Оқушыларға көлбеу жазықтық, механиканың алтын ережесі, толық жұмыс, пайдалы жұмыс, ПӘК-і туралы түсінік беру .

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білу дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

1. Теңиінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады?

2.Теңиінді және ондық таразылардың жұмыс істеу принциптерінің өзгешелігі неде?

3. Таразының Ай бетіндегі көрсетуі мен Жер бетіндегі көрсетуі бірдей бола ма?

4. Салмақсыздық жағдайында таразы жұмыс ісьей ала ма?

5. Бір ғана кір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса, оның жұмыс істеу принципі қандай?

6. Жай механизмдер дегеніміз не?

7. Жай механизмдердің түрлері қандай?

8. Жай механизмдер жұмыстан ұтыс бере ме?

9. Иіндікті не үшін қолданады?

10. Блок деген не?

11. Жылжымайтын және жылжымалы блоктардың жұмыс әрекетінде қандай ерекшеліктер бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

К

дененің массасы,

көлбеу жазықтық ұзындығы,

көлбеу жазықтық биіктігі,

-ауырлық күші,

тарту күші.

үштен ұтыс беретін қарапйым механизмге көлбеу жазықтық жатады.


яғни

немесе


Көлбеу жазықтықтың бойымен денеге әрекет ететін тарту күші оның ауырлық күшінен неше есе кем болса, көлбеу жазықтықтың ұзындығы оның биіктігінен сонша есе артық болады.

Механиканың алтын ережесі: күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз.

Механиканың алтын ереесінің иіндіктер үшін орындалатынын көрсетейік.

Иіндік бұрылған кездегі күштердің істейтін жұмыстары: және

Иіндіктің сол жақ ұшінің потенциалдық энергиясы белгілі бір шамаға өссе, оң жағының потенциалдқ энергиясы сондай шамаға кемиді. Сондықтан

Ендеше

Механизмдердің өздерін қозғалысқа келтіретін жұмыс жалпы немесе толық жұмыс делінеді.

Механизмдердің басқа денелерді қозғалысқа келтіретін жұмысы пайдалы жұмыс деп аталады.

Механизмнің немесе машинаның пайдалы әрекет коэффициенті деп пайдалы жұмыстың толық жұмысына қатынасын айтады:

IV. Пысықтау.

1. Көлбеу жазықтықтың формуласы қалай жазылады?

2. «Механиканың алтын ережесі» қалай оқылады?

3. «Механиканың алтын ережесі» барлық механизмдер үшін орындала ма? Мысал келтіріңдер.

4.Жалпы жұмыс пен пайдалы жұмыстың айырмашылығы анықталады?

5. Мәңгі қозғалтқыштар жасау мүмкін бе?

V. Есептер шығару. В.И.Кем, Б.А.Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы,№554, №555, №556.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §72. §73. 19-тапсырма.




7-сынып.

Есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың «Жұмыс.Қуат.Энергия» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.

  • Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бекіту

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, В.И.Кем, Б.А.Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы, Р.Башарұлы, Ж.Бақынов. Дидактикалық материалдар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару.

439. Массасы 400 г қаршығаны ауа тасқыны 70 м биікке көтереді. Құсты көтерген күштің жұмысын анықтаңдар.

440. Автокран массасы 1,5 т жүкті көтеріп, 22, 5 кДж жұмыс атқарды. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілді?

453. Массасы 10,5 т көмір артқан қауға шахтыдан бір қалыпты көтерілгенде 6200 кДж жұмыс істелінеді. Шахтаның тереңдігі қандай?

475. Спортшы массасы 200 кг штанганы 4 с-те 2 м-ге көтерді. Сонда оның қуаты қандай?

476. 1 сағатта 18000 кДж жұмыс өндірген двигательдің қуатын анықтаңдар.

481. Қуаты 3МВт тепловоз 150 кН күшпен құрамды тартып келе жатыр. Осы құраммен 48 км жолды бір қалыпты жүріп өту үшін қанша уақыт керек?

490. Жүк көтеруші машинаның қуаты 4кВт. Ол қандай жүкті 15 м биіктікке 2 минут ішінде көтере алады?

504. Иіндіктің ұштарына 40 Н және 240 Н күштер әсер етеді. Кіші күш ілінгенге дейінгі тірек нүктесінің қашықтығы 6см. Егер иіндік теңгерілген қалыпта болса, иіндіктің ұзындығын табыңдар.

513. Тепе-теңдік күйдегі иіндіктің иіндері сәйкес 15 және 90 см-ге тең. Иіндікке түсетін күш 1,2Н. Үлкен күштің мәнін табыңдар.

8. Қатаңдығы 1,5∙105 Н/м серіппені серпімділік күшінің әсерінен 2 см-ге ұзартса, серіппенің потенциалдық энергиясы қандай болады?

10. Массасы 50 тонна реактивті ұшақ Жермен салыстырғанда 300 м/с жылдамдықпен қозғалса, оның кинетикалық энергиясы қандай болады?

IV.Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың жұмысын тексеру.

VI. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: №7 зертханалық жұмысқа дайындық.



7-сынып

Зертханалық жұмыс №7

Тақырыбы: Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-н анықтау.

Жұмыстың мақсаты: денені h биіктікке көтергенде істелетін пайдалы жұмыстың сол денені осы биіктікке көлбеу жазықтық бойымен көтергенде істелетін толық жұмыстан кем болатынын көрсету.

Құрал-жабдықтар: тақтай, динамометр, өлшеуіш таспа, ағаш білеуше, штатив.

1-тапсырма. Денені h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты анықтау.

Жұмыстың барысы: денені h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтеру үшін F1 күші А1 жұмысын істейді: А1=F1h.

Денені бірқалыпты тік жоғары көтеретін F дененің ауырлық күшіне тең: F1=P.

Оны динамометрмен тікелей өлшеу керек:

  1. білеуді көтеретін h биіктігін таңдап алыңдар;

  2. білеудің ауырлық күшін динамометрмен өлшеңдер;

  3. білеуді h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты есептеп шығарыңдар.

2-тапсырма. Денені көлбеу жазықтық бойымен h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтерудің орнына, F2 күшін түсіріп ұзындығы ℓ көлбеу жазықтықты пайдаланып көтеруге болады. Алайда, көлбеу жазықтықты пайдаланғанымызда, механиканың алтын ережесі бойынша күштен ұтқанымызбен (F12), оның есесіне жлдан ұтыламыз (ℓ h). Көлбеу жазықтықты пайдаланғанда істелген А2 жұмыс мынаған тең: А2=F2. ℓ

«Алтын ережеге» сәйкес үйкеліс есепке алынбаған жағдайда А1 және А2 жұмыстары бір-біріне тең: А2= А1немесе F1h=F2. ℓ

Практикада үйкелісті болдырмау мүмкін емес, сондықтан толық жұмыс А2 пайдалы А1 жұмыстан іс жүзінде үлкен: А12.

  1. тақтайды 175-суреттегідей көлбеу орналастырыңдар;

  2. көлбеу жазықтықтың ℓ ұзындығын өлшеңдер;

  3. білеуге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдар да, F2 тарту күшін өлшеңдер;

  4. білеуді көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде істелетін А2 жұмысты есептеңдер.

3-тапсырма. Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін анықтау.

Жұмыстың барысы.

Көлбеу жазықтықты пайдаланып, білеуді көтергендегі көлбеу жазықтықтың ПӘК-і пайдалы А1 жұмысты толық А2 жұмысқа бөлгенге тең:

η= А1/ А2 немесе пайызбен есептесек: η= А1/ А2·100%

ПӘК-ін табу үшін:

  1. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-н есептеңдер;

  2. Механиканың «алтын ережесін» пайдаланып, үйкеліс есепке алынбаған жағдайда, көлбеу жазықтық күштен қандай ұтыс беретінін есептеңдер. Есептелген F2 мәнімен динамометр арқылы өлшенген F2 мәнін салыстырыңдар,

  3. Көлбеу жазықтықтың h биіктігін өзгертіңдер де, істелген жұмыстарды(пайдалы және толық) және көлбеу жазықтық ПӘК-н анықтаңдар;

  4. Зертханалық жұмыстың барлық тапсырмалары бойынша алынған нәтижелерді мына кестеге түсіріңдер:


реті

Көлбеу жазықтықтың бойымен тарту күші, F2(Н)

Ауырлық күші, F1(Н)

Білеуді көлбеу жазықтық бойымен қозғалтып көтергенде істелетін толық жұмыс А22 (Дж)

Көлбеу жазықтық

тың ұзындығы, ℓ(м)

Көлбеу жазықтықтың биіктігі,h

(м)

Білеуді тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыс,

А1=F1h.


ПӘК

(%)











  1. Қорытындылау.

  2. Бағалау.



7-сынып.

Зертханалық жұмыс №8

Тақырыбы: иіндіктің тепе-теңдік шарттарынын анықтау

Мақсаты: күш моменттері ережесінің дұрыстығын иінтіректі пайдаланып, эксперимент жүзінде тексеру.

Құрал-жабдықтар: штативке орнатылған иіндік, жүктер жиынтығы, сызғыш, динамометр.

1-тапсырма. Екі күштің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.

Жұмыстың барысы:

  1. Оқулықтағы «Иіндік», «Иіндікке түскен күштердің тепе-теңдігі», «Күш моменттері» туралы материалдарды қайталау;

  2. Иіндіктің екі ұшындағы бұрандаларды бұрап, оны горизонталь орналасатындай етіп теңгеріңдер;

  3. Иіндіктің сол айналу білігінен ℓ1 қашықтыққа массаларының қосындысы m1 болатын екі жүк іліңдер. Тәжірибе жасап, иіндіктің оң жағына оны тепе –теңдікке келтіретін бір жүкті айналу білігінен қандай ℓ2 ара қашықтықта ілуге болатынын анықтаңдар. Алынған мәліметтерді төмендегі кестеге жазыңдар:


Масса, m1(г)

Иін, ℓ1(см)

Күш,

F1 (Н)

Күш моменті,

М1 (Н·м)

Масса,

m 2 (г)

Иін, ℓ2(см)

Күш,

F2 (Н)

Күш моменті,

М2 (Н·м)










  1. М1 және М2 күш моменттерін салыстыра отырып, алынған эксперимент нәтижелерінің күш моменттер ережесінен қаншылықты ауытқитындығын анықтаңдар. Ауытқуды анықтау үшін күш моменттерінің айырымын (М12) олардың орташа мәніне бөлу керек:

Ауытқу= (М12): (М12)/2·100%

2-тапсырма. Әр түрлі нүктелерге түсірілген күштердің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.

Жұмыстың барысы:

  1. Біліктің екі жағындағы кез келген ілгекке әр түрлі жүкті іле отырып, иіндікті тепе-теңдік күйге келтіріңдер;

  2. Иіндікті сағат тілінің бағытында айналдыратын күштердің күш моменттерінің қосындысын табыңдар:

Моң= М12+...+Мn;

  1. Иіндікті сағат тіліне кері бағытта айналдыратын күштердің күш моменттерінің қосындысын анықтаңдар;

Мсол= М12+...+Мк;

  1. Оң және теріс күш моменттерін салыстыра отырып, экспериментте

алынған нәтижелердің моменттер ережесіне сәйкестігін көрсетіңдер.

  1. Қорытындылау.

  2. Бағалау.











7- сынып

Жылдық тест жұмысы

Мақсаты:

1. Оқушылардың жылдық материалды қалай меңгергендерін тексеру, тинянақтау, қорытындылау.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: тест жұмысы

Сабақ әдісі: өз бетімен жұмыс

Сабаққа қажетті құралдар: таратпа тест жұмыстары

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тест жұмысын орындау.

І нұсқа

1. Әтір иісі бөлмеге қандай құбылыстың әсерінен тарайды?

А. Диффузия

В. Конвекция

С. Электрлену

Д. Иондалу

2. Астрономиялық денелерге не жатпайды?

А. Жұлдыздар.

В. Планеталар

С. Кометалар

Д. Аметистер

3. Берілген сөздердің қайсысы физикалық дене болып табылады?

А. Ұшақ

В. Дыбыс

С. Метр

Д. Жылдамдық

4. Төмендегі құбылыстардың қайсысы механикалық құбылыстарға жатады?

А. Автомашинаның қозғалысы

В. Жапырақтың сарғаюы

С. Картоптың бүлінуі

Д. Найзағайдың жарқырауы

5. Астрономияның ең негізгі құралы қалай аталады?

А. Микроскоп

В. Телескоп

С. Линза

Д. Окуляр

6. Жылдамдықтың өлшем бірлігін көрсетіңіз.

А. с

В. кг

С. м

Д. м/с

7. Сұйықтың көлемін өлшеуге арналған құралды атаңыз.

А. Өлшеуіш сызғыш

В. Ареометр

С. Манометр

Д. Мензурка

8. Бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің, осы беттің ауданына қатынасымен анықталатын шаманы қалай атайды?

А. Үйкеліс күші

В. Серпімділік күші

С. Қысым күші

Д. Қысым

9. Таразының оң табақшасына 20 г, 1 г, 500 мг, 10 мг кірлерді салған кезде, оның сол жақ табақшасындағы денемен теңесті. Өлшеніп жатқан дененің массасы қандай?

А. 26 г 11 мг

В. 20 г 511 мг

С. 531 мг

Д. 21 г 510 мг

10. Заттар қандай күйде пішіні мен көлемін сақтайды?

А. Газ тәрізді

В. Сұйық

С. Қатты немесе сұйық

Д. Қатты

11. Мензурка бөлігінің құнын анықта.

А. 50 мл

В. 12,5 мл

С. 200 мл

Д. 25 мл

12. Бірқалыпты қозғалған дененің жылдамдығы қандай өрнекпен анықталады?

А.

В.

С.

Д.

13. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалған дененің жылдамдығы 108 км/сағ. Дененің осы жылдамдығын м/с-пен өрнекте.

А. 30 м/с

В. 54 м/с

С. 0,108 м/с

Д. 0,30 м/с

14. Жұмыстың өлшем бірлігін көрсетіңіз.

А. Ньютон

В. Ватт

С. Паскаль

Д. Джоуль

15. Қандай күштің әсерінен барлық денелер жердің бетіне түседі?

А. Үйкеліс

В. Дененің салмағы

С. Серпімділік

Д. Тартылыс

16. .Кинетикалық энергияны есептеу формуласы қандай?

А.

В.

С.

Д.

17. Деформацияланған дененің потенциалдық энергиясының формуласы:

А.

В.

С.

Д.

18. Атмосфералық қысымды өлшеу тәсілін кім енгізді?

А. Ньютон

В. Паскаль

С. Королев

Д. Торричелли

19. Үрленеген шарды сығатын болсақ, оның ішіндегі молекулалардың ара қашықтығы қалай өзгереді?

А. Өзгермейді.

В. Артады

С. Бастапқы артып, сосын кемді

Д. Кемиді.

20. Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қалай атайды?

А. Қуат

В. Жылдамдық

С. Энергия

Д. Күш моменті

21. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанла пайда болатын күш

А. Ауырлық күші

В. Қысым күші

С. Дененің салмағы

Д. Үйкеліс күші

22. Қалыпты атмосфералық қысымның мәні неге тең?

А. 1 Н

В. 760 мм.сын. бағ.

С. 10 Па

Д. 760 Па

23. Массасы 461,5 г, ал көлемі 65 см3 металдың тығыздығы қандай?

А. 461,5 г/см3

В. 65 г/см3

С. 7,01 г/см3

Д. 7,1 г/см3

24. Иінге 3 Н күш әсер тедеі. Егер күштің иіні 15 см болса, осы күш моменті неге тең болады?

А. 45 Н·м

В. 0,45 Н·м

С. 0,2 Н·м

Д. 20 Н·м

25. Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші Архимед күшінен артық болса, онда

А. Дене сұйықтың бетінде қалқиды

В. Дене сұйықтың кез келген жерінде тепе-теңдік қалпын сақтай алады.

С. Дене сұйық ішінде жүзіп жүреді.

Д. Дене сұйыққа батады.

26. Барометр тау бөктерніде 760 мм. сын. бағ., ал тау шыңында 720 мм. сын. бағ. қысымды көрсетеді. Осы деректерді пайдаланып, таудың биіктігін анықтаңыз.

А. 600 м

В. 560 м

С. 520 м

Д.440 м

27. Массасы 10 т көмірді шахтадан көтергенде 6200 кДж жұмыс істеледі. Шахтаның тереңдігі қандай?

А. 32 м

В. 320 м

С. 62 м

Д. 620 м

28. Жалпы массасы 50 т реактивті ұшақты жермен салыстырғанда 300 м/с жылдамдықпен басқарып келеді. Ұшақтың кинетикалық энергиясы қандай?

А. 2,25·107 Дж

В. 2,25·108 Дж

С. 2,25·109 Дж

Д. 2,25·1010 Дж

29. Көлдің 0,001 км тереңдігіндегі судың қысымын анықтаңыз. (ρ=1000 кг/м3).

А. ≈102 Па

В. ≈104 Па

С. ≈103 Па

Д. ≈106 Па

30. Спортшы салмағы 200 кг штанганы 2 м биіктікке 4 с-та көтереді. Қандай қуат жұмсалады?

А. 100 Вт

В. 1 кВт

С. 1 кДж

Д. 100 Дж


ІІ нұсқа.

  1. Физика нені зерттейді?

А. Табиғат құбылыстарын

В. Химиялық құбылыстарды

С. Физикалық құбылыстарды

Д. Жердегі өмір жағдайын

2. Астрономия пайда болды?

А. Қазағушылықтан

В. Физикадан

С. Адамдардың тағдырын болжау үшін

Д. Уақытты өлшеу үшін және аспан денелерінің қозғалысын бақылау үшін

3. Қай құрал өлшеуіш құралдарға жатпайды?

А. Сызғыш

В. Манометр

С. Ареомтер

Д. Тұтқа

4. Күн жүйесіндегі планеталардың орбитасы не тәріздес болып келеді?

А. Эллипс

В. Шеңбер

С. Парабола

Д. Эллипс және парабола

5.Зат болып табылатын сөзді атаңыз

А. Доп

В. Үстел

С. Қасық

Д. Темір

6. Физикалық шама болып табылатын сөзді көрсетіңіз.

А. Мұздың еруі

В. Термометр

С. Уақыт

Д. Сағат

7. Диффузия қүбылысы жылдамдырақ болады-

А. Ыстық суда

В. Суық суда

С. Жылы суда

Д. Бірдей

8. Бір қалыпты қозғалыс жылдамдығының формуласы

А.

В.

С.

Д.

9. Қайық өзен ағысымен жүзіп барады. Қайықтың сумен салыстырғандағы жылдамдығы 2 м/с, өзен ағысының жылдамдығы 0,5 м/с. Қайықтың жағамен салыстырғандағы жылдамдығы қандай?

А. 0,5 м/с

В. 2 м/с

С. 1,5 м/с

Д. 2,5 м/с

10. Автобустың жолаушылары еріксіз оңға қарай қисаяды. Автобустың қозғалысы қалай өзгереді?

А. Автобус кенет жылдамдығын кемітті

В. Автобус жылдамдығын кенте арттырды

С. Автобус оңға бұрылды

Д. Автобус солға бұрылды.

11. Халықарлық бірліктер жүйесінде массаны қандай бірлікпен өлшейді?

А. Грамм

В. Килограмм

С. Ньютон

Д. Тонна

12. Мрамордың тығыздығы 2,7 г/см3, оны кг/м3-пен өрнекте.

А. 27 кг/м3

В. 2700 кг/м3

С. 270 кг/м3

Д. 0,027 кг/м3

13.Сұйық көлемін өлшеу тәсілімен атмосфералық қысымды неліктен өлшеуге болмайды?

А. Ауадан жеңіл

В. Атмосферада нақты шекара жоқ

С. атмосфераның тығыздығы биіктігіне байланысты

Д. Атмосферада нақты шекара жоқ және оның тығыздығы биітігне байланыст азаяды.

14. Жабық ыдыстағы газдың температурасын төмендеткенде оның қысым қалай өзгереді?

А. Өзгермейді.

В. Артады

С. Кемиді

Д. Дұрыс жауабы жоқ

15. Жай механизмедердің қайсысы жылжымайтын білік иіндік немесе көлбеу жазықтық жұмыста үлкен ұтыс бере алады?

А. Иіндік

В. Көлбеу жазықтық

С. Жылжымайтын білік

Д. Барлық жай механизмдер бірдей ұтыс береді.

16. Дененің массасы 20 кг. Оған әсер ететін ауырлық күші қандай?

А. 19,6 Н

В. 0,49 Н

С. 196 Н

Д. 1960 Н

17. Биіктігі 5 м мұнай қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді? (ρ=800 кг/м3).

А. ≈ 160 Па

В. ≈ 400 Па

С. ≈ 40000 Па

Д. ≈ 4000 Па

18. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауадны 10 см2. Оған әсер ететін күш 200 Н. Үлкен поршеннің ауадны 200 см2, үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?

А. 1 кН

В. 400 Н

С. 4 000 Н

Д. 40 Н

19. Күш пен орын ауыстыру бағыттас болған жағдайда механикалық жұмысты есептеу формуласы қандай?

А.

В.

С.

Д.

20. «Волга» автомобилі 2 сағатта 144 кДж жұмыс жасаса, оның қуаты қандай?

А. 288 кВт

В. 72 кВт

С. 15 кВт

Д. 20 Вт

21. Аспан денелерінің қозғалысын зерттеуге арналған орын қалай аталады?

А. Консерватория

В. Обсерватория

С. Амбулатория

Д. Лаборатория

22. Қуат дегеніміз не?

А. Күш пен жол көбейтіндісі

В. Бетке перпендикуляр әсер ететін осы беттің ауданына қатынасы

С. Жұмыстың уақытқа қатынасы

Д. Күш пен уақыттың көбейтіндісі.

23. Басқа денелер әсерін тигізбегенде, дененің жылдамдығын сақтау құбылыс қалай аталады?

А. Тыныштық

В. Қозғалыс

С. Ұшу

Д. инерция

24. Кеменің төменгі бөлігі бататын тереңдікті қалай атайды?

А. Жүзушілік

В. Шөгім

С. Су ығыстырым

Д. Ватер сызығы


25. Қар үстінде шаңғыда тұрған адамның массасы 70 кг 2 шаңғы бетінің ауданы 2300 см2 тең. Адамның қар бетіне түсіретін қысымын табыңыз.

А. 304 Па

В. 30,43 Па

С. 3043 Па

Д. 0,304 Па

26. Арқан тарту ойынына 2 адам сайысуда. Бірінші адам арқанды өзіне қарай 400 Н күшпен тартады, ал екіншісі 100 Н күшпен солға қарай тартады. Олардың теңәрекетті күші неге тең? Арқан қай жаққа қарай бағытталады?

А. 100 Н, солға

В. 400 Н, оңға

С. 300 Н, солға

Д 500Н, оңға

27. Суға көлемі 125 см3 болатын дене батырылған, осы денеге әрекет ететін Архимед күшін анықтаңдар. Судың тығыздығы 1000 кг/м3.

А. 12,5 Н

В. 1,25 Н

С. 0,125 Н

Д. 1250 Н

28. Жер Күннің айналсында 30 км/сағ орташа жылдамдықпен қозғалады. Жер 1 сағ ішінде өз орбитасы бойымен қанша жол жүреді?

А. 30 км

В. 0,5 км

С. 1800 км

Д. 108000 км

29. Салмағы 40 Н денені 120 см биіктікке көтергенде істелетін жұмысты есептеңдер.

А. 4,8 кДж

В. 4,8 Вт

С.4,8 Дж

Д. 48 Дж

30. Амортизатордың серіппесі 320 Н күш әрекетінен 9 мм-ге сығылды. Серіппенің қатаңдығын анықтаңыз.

А. ≈36 Н/м

В. ≈36000 Н/м

С. ≈3600 Н/м

Д. ≈360 Н/м






.

ІІІ нұсқа


1. Қай ұғым зат болып табылады?

А. Кітап

В. Қалам

С. Үстел

Д. Мыс

2. Жүрілген жолдың өлшем бірлігі ?

А. метр

В. секунд

С. килограмм

Д. литр

3. Әлемнің гелиоцентрлік жүйесінің негізін қалаушы кім?

А. Птолемей

В. Коперник

С. Бруно

Д. Кеплер

4. Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезіндегі сызық түрінде қалдырған ізі қалай аталады?

А. Орын ауыстыру

В. Жүрілген жол

С. Кескін

Д. Траектория

5. Денелердің өзара әсерін сипаттайтын шама

А. Масса

В. Жылдамдық

С. Күш

Д. Уақыт

6. 1 грамда қанаш миллиграмм бар?

А. 10

В. 100

С. 1000

Д. 0,001

7. Суы бар стаканға бояу тамшысы түсті. Стакандағы су түгел боялды. Қандай құбылысты байқадыңдар?

А. Кебу

В. Диффузия

С. Конвекция

Д. Булану

8. Дененің температуарсы артқан сайын молекулалардың бейберекет қозғалысының жылдамдығы арта ма?

А. Артады

В. Кемиді

С. Өзгермейді

Д. Дұрыс жауабы жоқ

9. Физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі

А. Эксперимент

В. Талдау

С. Кесте

Д. График

10. Күн мен түннің алма-кезек ауысуының басты себебі неде?

А. Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы

В. Жердің Күн төңірегінде айналуы

Д. Күннің батуы мен шығуы

11. Сырғанау үйкеліс күшін есептеуге арналған формула

А.

В.

С.

Д.

12. Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шама

А. Қуат

В. Күш

С. Энергия

Д. Жылдамдық

13. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал

А. Метраном

В. Манометр

С. Ареометр

Д. Барометр

14. Төменгі жағдайлардың қайсысында денені материалдық нүкте деп есептеуге болады?

1. Ұшақ Алматыдан Мәскеуге сапар шекті

2. Ұшақ өлі тұзақ фигурасын жасап жүр

3. Конькиші еркін жаттығу орындауда

А. 3

В. 1

С. 2

Д. Ешқайсысы да

15. Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші қалай аталады?

А. Ауырлық күші

В. Салмақ

С. Реакция күші

Д. Үйкеліс күші

16. Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы қалай атайды?

А. Көлем

В. Тығыздық

С. Масса

Д. Энергия

17. Механикалық энергияның сақталу заңы

А.

В.

С.

Д.

18. Потенциалдық энергияның формуласы қандай?

А.

В.

С.

Д.

19. Жай механизмдерде күштен қанша есе ұтсақ, жолдан сонша есе ұтыламыз деген қағида, бұл-

А. Тепе-теңдік шарты

В. Қозғалыстың сақталу заңы

С. Механиканың «алтын ережесі»

Д. Механиканың «негізгі ережесі»

20. Суға батып бара жатқан адамды ит оңай сүйреп шығарады, ал жағада оны орнынан қозғалта алмайды. Себебі неде?

А. Ортаның кедергісі артады

В. Су киімнің әсерінен адамның салмағы артады

С. Итеруші күш азаяды

Д. Ит адамның оқыс қимылынан қорқады

21. Қалыпты атмосфералық қысымның мәні неге тең?

А. 760 мм.сын. бағ.

В. 760 Па

С. 133,3 Па

Д. 76 мм.сын. бағ.

22. Медициналық шприцтің инесін суға малған. Неліктен шприц поршенін кері қарай тартқан кезде, су жоғары көтеріледі?

А. Судың молекулалары поршеньнің молекулаларымен тартылады

В. Поршеньнің қозғалысынан су көтеріледі.

С. Поршеньнің қысымы кемиді

Д. Атмосфералық қысымнан су жоғары көтеріледі

23. Жұмысты қандай формуламен анықтайды?

А.

В.

С.

Д.

24. Майдың 0,5 м тереңдіктегі қысымын табыңдар. (ρ=900 кг/м3).

А. 45·102 Па

В. 4,5 кПа

С. 450 Па

Д. 45000 Па

25. Массасы 10 т көмірді шахтадан көтергенде 6200 кДж жұмыс істеледі. Шахтаның тереңдігі қандай?

А. 32 м

В. 320 м

С. 620 м

Д. 62 м

26. Серіппе 4 Н күш әрекетінен 0,02 м-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығын анықтаңдар.

А. 2 Н/м

В. 500 Н/м

С. 5 Н/м

Д. 200 н/м

27. Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс жасайды?

А. 1,8 кДж

В. 18 кДж

С. 180 кДж

Д. 3 Дж

28. Алюминийден жасалған бұйымның ауадағы салмағы 15 Н, ал суға батырылғандағы салмағы 9,5 Н. Архимед күшін анықтаңдар.

А. 24,5 Н

В. 245 Н

С. 2,45 Н

Д. 5,5 Н

29. Дененің 10 с уақыт ішінде координатасы 200 м-ге өзгерді. Ол қандай жылдамдықпен жүрген?

А. 2000 м/с

В. 200 м/с

С. 20 м/с

Д. 0,5 м/с

30. Массасы 3 кг, көлемі 200 см3 металдың тығыздығы қандай?

А. 15000 кг/м3

В. 1500 кг/м3

С. 150 кг/м3

Д. 15 кг/м3

ІІІ. Қорытындылау.

IV. Бағалау.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Физикадан саба? жоспарлары

Автор: Дюсетова Меруерт Сериковна

Дата: 24.01.2016

Номер свидетельства: 282133

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Физикадан сабақ жоспарлары"
    ["seo_title"] => string(27) "fizikadan_sabak_zhosparlary"
    ["file_id"] => string(6) "399478"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489318115"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства