kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Физика п?ні бойынша билингвальді о?ыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Физика 9 сынып сабак. Билингвальды о?ыту.Физика п?ні бойынша билингвальді о?ыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Физика п?ні бойынша билингвальді о?ыту»

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Үлкен Ақсу ауылы

«Ғ. Садвақасов атындағы Үлкен Ақсу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Физика пәні мұғалімі: Амруллаева Шахизям Камирдиновна



Физика пәні бойынша билингвальді оқыту:


Пәні


Физика 9 сынып

Сабақтың тақырыбы

Энергия және оның түрлері


Жалпы мақсат

Механикалық энергия және өлшем бірлігі, кинетикалық және потенциалдық энергия, дененің толық энергиясы бойынша түсінік қалыптастыру, оқушылардың білім дағдыларын жинақтау, деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту, теориялық білімдерін практикада қолдана білу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ұқыптылыққа, зеректілікке, қауіпсіздік техникасын сақтауға, өз ісіне тиянақтылыққа тәрбиелеу.



Қарастырылған модуль

1.Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

2.Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету

3.АКТ

4.Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

5.Бағалау

6,Көшбасшылық

Оқыту нәтижелері

Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады, салыстырады, сараптайды, білімдерін жинақтайды, жұппен және жеке жұмыс істеуді біледі, топ ережесі сақталады, уақытты тиімді пайдаланады, тапсырма орындауда шеберлік танытады, есептер шығарады


Түйінді идеялар

Өз алдына жұмыс істей алады, ізденеді, өзін-өзі реттейді, бірін-бірі бағалай алады,

ІІ.Үй тапсырмасы


  1. Дене импульсі дегеніміз не?

(Что такое импульс тела?

Жисим импульси дегеинимиз немә?)

  1. Күш импульсі деген не?

(Сила импульса

Күч импульси)

  1. Дене импульсінің өзгеруі қандай шамаға тәуелді?

(Как находится приобретаемый телом импульс, если известны сила и время ее действия?

Жисим импульсинииң өзгириши қандақ миқдарларға бағлиқ?)

  1. Импульстің сақталу заңы

(Закон сохранения импульса

Импульсниң сақлиниш қануни)

  1. Күш және дене импульсі арасындағы байланыс

(Как проявляется закон сохранения импульса при столкновении тел?

Күч вә жисим импульслири арисида қандақ бағлиниш бар?)

  1. Реактивті қозғалыс

(Раективное движение

Реактивліқ һәрикәт)


ІІІ. Сабақ мақсатымен танысу: Механикалық энергия және өлшем бірлігі, кинетикалық және потенциалдық энергия, дененің толық энергиясы

(Механическая энергия:кинетичекой и потенциальной)

(Механикилиқ энергия:кинетикилиқ вә потенциаллиқ)

Мұғалімнің ісәрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Тақырып бойынша оқушының өз алдына жұмыс істеуге бағыт бағдар беру

Сыни тұрғыдан ойлана отырып, оқушылар жұппен келісіп, жұмыс барысымен танысып, берілген тапсырманы орындайды

Жаңа сабақ

Механикада денелердің тұйық жүйесі үшін өзгеріссіз сақталатын шама – энергия.

Механикалық энергия – дененің механикалық күйінің сипаттамасы. Механикалық энергия деп, дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін айтады.

Жұмыс сияқты, энергия да тек сандық мәнімен сипатталатын скалярлық шама болып табылады. энергияның өлшем бірлігіне жұмыс бірлігі джоуль (Дж) алынады.

(Механическая энергия обозначает буквой Е измеряется в тех же единицах, что и работа т.е. в джоулях (ДЖ)

Мехиникилиқ энергия Е һәрипи билән бәлгүлиниду, иш, ички энергия охшаш Дж-да ениқлиниду)

Механикалық энергияның екі түрі бар:

Механическая энергия

Механикилиқ энергия


Кинетическая энергия Потенциальная энергия

Кинетикилиқ энергия Потенциаллиқ энергия

(энергия движения) (энергия взаимодействия)

Ек Еп

  1. Кинетикалық энергия - Ек

  2. Потенциалдық энергия- Еп

Қозғалып келе жатқан дене энергиясын кинетикалық энергия деп атайды. Мысалы, ұшқан құстың, атылған оқтың, соққан желдің кинетикалық энергиясы болады. формуласы: Ек=


(жылдамдық-илдамлиқ-скорость)

Ал потенциалдық энергия дегеніміз – денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия.

Мысалы, бөгетке жиналған судың, керілген садақтың, сығылған немесе созылған серіппенің т.б потенциалдық энергиялары болады. Формуласы: Еп= mgh

(Биіктік-егизлик-высота

Еркін түсу үдеуі-әркин чүшүш иштиклиши-ускорение свободного падения)

Етолық п + Ек = const

Потенциалдық және кинетикалық энергиялардың қосындысы толық энергияны береді.

Энергияның сақталу заңы: табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады.


Термин сөздер

Биіктік- егизлик - высота,

Жылдамдық- илдамлиқ -скорость

Еркін түсу үдеуі-әркин чүшүш иштиклиши-ускорение свободного падения

Тапсырма

І.Есептер шығару

  1. Жер бетінен 100 км қашықтықта дөңгелек орбита бойымен қозғалып жүрген, массасы 1300 кг Жердің жасанды серігінің кинетикалық энергиясын есептеңдер

  2. Егер үйдің әр қабатының биіктігі 3м болса, онда массасы 75 кг адам баспалдақпен бірінші қабаттан алтыншы қабатқа көтерілгенде ауырлық күші қандай жұмыс атқарады?

  3. Бала динамометрді созып, өзінің тарта алатын ең үлкен күшін анықтады. Ол 400 Н-ға тең болып шықты. Серіппені созғанда бала қандай жұмыс атқарады? (серіппенің қатаңдығы 10000 Н/м)

  4. Шойын тоқпақтың 8 м биіктіктен түскен кездегі энергиясы 18000 Дж болса, оның массасын анықтаңдар


ІІ.Физикалық диктант

  1. ..................... деп дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін айтады

(Механикалық энергия-механикилиқ энергия-механическая энергия)

  1. Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісі ................... деп аталады

(Дене импульсі-жисим импулси-импульс тела)

  1. ................... өзара әркеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді

(Тұйық жүйе-изоляцияләнгән система-при взаимодействии двух тел)

  1. Қозғалып келе жатқан дене энергиясын ...................... деп атаймыз

(кинетикалық энергия-кинетикилиқ энергия-кинетическая энергия)

  1. Дене импульсінің өзгерісі ..................... тең

(күш импульсі-күч импульси-импульс сила)

  1. Денелердің өзара әркеттесуінен туындайтын энергия ..................... деп атаймыз

(потенциалдық энергия-потенциаллиқ энергия-потенциальная энергия)

Термин сөздер

  1. Биіктік- егизлик - высота,

  2. Жылдамдық- илдамлиқ -скорость

  3. Еркін түсу үдеуі-әркин чүшүш иштиклиши-ускорение свободного падения

  4. Дене импульсі-жисим импулси-импульс тела

  5. Тұйық жүйе-изоляцияләнгән система-при взаимодействии двух тел

  6. күш импульсі-күч импульси-импульс сила

  7. потенциалдық энергия-потенциаллиқ энергия-потенциальная энергия кинетикалық энергия-кинетикилиқ энергия-кинетическая энергия

ІҮ. Қорытынды сұрақтар

  1. Механикалық энергия дегеніміз не жіне өлшем бірлігі

  2. Кинетикалық энергия дегеніміз қандай энергия?

  3. Потенциалдық энергия дегеніміз қандай энергия?

  4. Жұмыс пен энергия арасында қандай байланыс бар?

  5. Дененің толық энергиясы

  6. Энергияның сақталу заңы


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушылардың іс-әрекеті

Оқушылардың жауап нәтижелерін тексеру

Жұмыс нәтижесін қорыту


Бағалау


Формативті бағалау (жиынтық баға)

Құрметті оқушылар! Шығыстың көне ғұламалары “Байлық пен ырыстың, билік пен абыройдың тізгіні – білім. Осы тізгінді мықтап ұстаған адамның көлеңкеде қалмасы хақ” деген екен. Сендер бүгін өз білімдеріңді ортаға салып, өте жақсы нәтиже көрсеттіңдер! Осымен сабағымыз аяқталды.


Үйге тапсырма беру: § 23 оқып келу 19 жат






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Физика п?ні бойынша билингвальді о?ыту

Автор: Амруллаева Шахизям Камирдиновна

Дата: 23.08.2016

Номер свидетельства: 340377


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства