Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Сабақтың тақырыбы:
Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары
Энергия. Потенциал и кинетическая энергия тел
Energy. Potential and kinetic energy of the body
Сабақтың мақсаты:
Энергия денелердің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама екенін түсіндіру. Теориядан алған білімдерін есеп шығаруға қолдана білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Энергия денелердің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама екенін түсінеді.Ойлау, есеп шығара білу қабілеттері артады.
Сабақтың көрнекілігі:
Оқулық, слайд, интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Білу
«Энергия» сөзі туралы ойларын жинақтау
Түсіну
Энергия күрделі ұғымдардың бірі. Тек қозғалатын денелер ғана жұмыс істеуге қабілетті. Күнделікті тұрмыста механизмдер жұмыс жасау үшін оларға энергия керек. Мысалы: велосипедті жүргізу үшін оның педалін қозғау керек, автомобильді жүргізу үшін оған отын керек (бензин) электр қондырғылары жұмыс жасау үшін оларды ток көзіне қосу керек т.т. Адамдарды үздіксіз қозғалыста болу үшін өзінің тамақтану қорын энергия менен толықтыру керек. Біз энергияны тамақтан аламыз.
Энергия ұғымы «жұмыс», «қозғалыс» ұғымдарымен тікелей байланысты. Тек қозғалыстағы денелер ғана жұмыс істеуге қабілетті.
Энергия әрқашанда дененің жұмыс істеуге қабілеттілігінің өлшемі болып табылады.
Энергия дегеніміз материяның барлық түрлерінің өзара әрекеттесуінің және қозғалысының жалпы сандық өлшемі.
Механикада энергияның екі түрін қарастырады: потенциалдық энергия және кинетикалық энергия
Потенциалдық (латынша потенция - мүмкіншілік) энергия - деп әр түрлі денелердің (немесе бір дене бөліктерінің) өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.
Ауырлық күші әрекет ететін жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің m массасына және h көтерілу биіктігіне тәуелді:
Eп=mgh
Кинетикалық энергия (грекше кинетос - қозғалыс)деп денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергияны айтады.
Дененің кинетикалық энергиясы оның массасына және жылдамдығының квадратына тура пропорционал:
Ek=mv2 /2
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт