Білімділік энергия ұғымын физикалық шама ретінде, энергияның сақталу заң ретінде түсіндіру. Физикалық шама, заң ұғымдарын қайталау, энергия, шамаларын бекіту. Теориядан алған білімдерін есеп шығаруға қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін, теориялық білімі мен физикалық тілін, теорияны практикада қолдана білу мен өз ойын қорыта айта білу біліктілігін, ойлау қабылеттілігін арттыру.
Тәрбиелік: Энергия туралы таныстыру, материалистік –диалектикалық көзқарасын қалыптастыру, белсенділікке, өз бетінше жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, иллюстративті, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі, сатылай кешенді талдау технологиясы.
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: Электронды оқулық, оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, компьютер.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы.
Шығармашылық жұмыс «Реактивті қозғалыс» тақырыбына презентация жасау арқылы түсіндіру.
Бір жас бала данышпанға келіп айтыпты «Мен өз өміріме қуаныш қабылдаймын» бірақ қуанғым келмейді, неге екенін түсінбеймін.
Данышпан – ол жас жігіттің алдына қасық, кесе, шам қойып «нені таңдайсың?» - деп сұрапты.
Қасықты – депті жас бала.
Данышпан оны бес рет қайтала депті. Жасөспірім бес рет қайталайды.
Міне көрдің бе? Бір күнде миллион есе қайталасаңда ол орындалмайды.
Онда не істеу керек?
Оған қолыңды созып алу керек. Сол үшін бүгінгі сабақта сендер өз білімдеріңді алып, практикада қолдануларыңды тілеймін.
а) Мағынаны тану.
Энергия дегеніміз не?
Энергия дегеніміз – дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама.
1 тірек – сызба.
Механикалық энергия: қозғалыс барысында материалық нүктенің күйі үздіксіз өзгеріп, бір күйден екінші күйге өтіп отырады. Осы дененің немесе материялық нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама
толық энергия:
Еm=Еk+Еn=mv2 + mqh
2
Еn =mqh немесе Еn=кх2
2
ЕК = mv2
2
Кинетикалық энергия қозғалып келе жатқан дене энергиясы
Потенциалдық энергия денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия
Энергия ұғымын физикалық шама ретінде талдау.
Әсер етіп тұрған күштердің әсерінен дененің физикалық жұмысы. Биіктікте тұрған дене ауырлық күшінің әсерінен, сығылған серіппе серпімділік күшінің әсерінен жұмыс істеуге қабілетті
Энергияны сипаттайтын, анықтайтын құбылыс пен қасиеттер
Энергияның өлшем
бірлігі
Кинетикалық энергия жылдамдық квадратына тәуелді, потенциалдық энергия биіктікке не абсолют ұзаруға тәуелді.
Энергияның басқа шамалармен байланысы
Еm=Еk+Еn; Еn =mqh;
ЕК = mv2 ; Еn=кх2
2 2
Энергияның формулалары
Энергияның белгіленуі, анықтамасы
Еm, Еk, Еn әсер етуші күштердің әсерінен жұмыс дененің механикалық жұмыс атқаруға қабілетін білдіретін шама энергия айырмасы механикалық жұмыс болады.
Энергияның жеке жағдайлары
Механикалық энергияның түрлері потенциалдық, гинетикалық болат талдау
Еk қозғалыстағы дене күйін сипаттайды, оның екі белгісі бар.
Еk жылдамдыққа тәуелді.
Оның өзгерісі денеге әсер етуші күш атқаратын жұмысқа тең.
А=∆Eκ; A=Eκ₂ −Eκ₁; A= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2
Еn потенциалдық күштер әрекет еткен дене күйін сипаттайды, оның екі белгісі
Еn дене координаталарына тәуелді.
Оның өзгерісі потенциалдық күштер атқаратын жұмысқа тең
Механикалық жұмыс – энергия өзгерісінің өлшемі жұмыс атқарылғанда энергияның әйтеуір бір түрі өзгереді. А= Еk немесе А=- Еn
Бір-бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әрі кинетикалық, әрі потенциалдық энергиясы болады. Мысалы: ЖЖС (жердің жасанды серігінің) кинетикалық энергиясы бар, өйткені ол қозғалып жүр. Ал «ЖЖС-жер» жүйесінің потенциалдық энергиясы бар, өйткені олар бүкіләлемдік тартылыс күші арқылы өзара әрекеттеседі. Сол сияқты соқтығысқан шарлардың
кинетикалық әрі потенциалдық энергиялары болады. себебі олар қозғалыста және серпімді деформацияланған.
Өзара әрекеттесетін денелер жүйесінің Еk және Еn қосындысы Еm береді.
Еm=Еk+Еn
Мысалы: (1жағдай) осы жағдайда Еk және Еn қоры
Еm= mv12 + mqh,
2
m
h1 v₁
v₂ h2
2 жағдай Дене h2 биіктіктен түсті, V2 қозғалыс кезінде ауырлық күші жұмыс істейді ү
А = mq (h1 – h2 ), ол жұмыс толығымен дененің кинетикалық энергиясын арттыруға жұмсалады.
егер дененің потенциалдық энергиясы артса, онда оның кинетикалық энергиясы кемиді және керісінше.
Еk2 +Еn2 = Еk1 +Еn1
Қорытынды: Тұйық жүйе құрайтын және бірімен-бірі бүкіләлемдік тартылыс күші мен серпімділік күші арқылы әрекеттесетін денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.
Энергияның сақталу заңының мәнісі осындай
Еm= Еk +Еn =const
Бірімен-бірі тартылыс және серпімділік күштері арқылы әрекеттесетін денелердің тұйық жүйесінің толық механикалық энергиясы өзгеріссіз қалады.
(жаңа сабақты бекіту)
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген мақалдың тәрбиелік мәні мен физикалық мағынасын түсіндір.
Физикалық мағынасы: Білектің күшін түсіндіреді, ал тәрбиелік мәні білек күшіне сеніп, әлі жеткенге күш көрсетуге болмайды, тек ақылмен біліммен ғана жеңу керек.
Ой толғаныс.
а) Венн диаграммасын толтыру.
Еn ортақ қасиет Еk
1. Әртүрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергия.
2. Е = mqh
3. Масса мен көтерілу биіктігіне тәуелді
1.Өлшем бірлігі
2. Жер бетіндегі тіршілік көзі
1. Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия
2. Е= mv2 ,
2
3. Дене массасы мен жылдамдыққа тәуелді
Есептер шығармас бұрын: алгоритм «Формула» оқушыларды формулаларды түрлендіруді еске түсірейік.
1.Формуланы пропорция түрінде жаз.
2. Пропорцияның негізгі қасиетін пайдаланып, жол түрінде жаз.