kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Электромагниттік толқындар шкаласы.Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың аты

§ 3.10-3.11 Электромагниттік  толқындар шкаласы.Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану

Сабақтың түрі

Кіріктірілген

Әдіс-тәсілдер

«Рөлдік», «Өз жартыңды тап» оқыта үйрету ойыны, «Жылы лебіз» психологиялық тренинг, жеке, жұппен, топпен жұмыс, СТО, АКТ, оқушылардың эксперименттік зерттеулері, кері байланыс, «Блум таксономиясы», ашық, жабық сұрақтар, рефлексия «Өрмекші торы», формативті бағалау.

Құрал-жабдықтар мен дидактикалық материалдар

Интерактивті  тақта, карточкалар, оқулық, мәтін, тірек сөздер, интернет ресурстар, сөздік дәптер, стенд, бейне материалдар, оқушылар дайындаған слаидтық презентациялар

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Электромагниттік толқындар шкаласы.Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану»


«ШҚО СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІ» ММ

«№8 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН КӨРКЕМДІК –ЭСТЕТИКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУ МЕКТЕП-КЕШЕНІ »КММ


Аты-жөні: Омарханова Шынаргул Лазетбековна

Сыныбы: 11ә жаратылыс-математикалық бағыт

Пәні:физика, биология

Сабақтың аты

§ 3.10-3.11 Электромагниттік толқындар шкаласы.Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану

Сабақтың түрі

Кіріктірілген

Әдіс-тәсілдер

«Рөлдік», «Өз жартыңды тап» оқыта үйрету ойыны, «Жылы лебіз» психологиялық тренинг, жеке, жұппен, топпен жұмыс, СТО, АКТ, оқушылардың эксперименттік зерттеулері, кері байланыс, «Блум таксономиясы», ашық, жабық сұрақтар, рефлексия «Өрмекші торы», формативті бағалау.


Құрал-жабдықтар мен дидактикалық материалдар

Интерактивті тақта, карточкалар, оқулық, мәтін, тірек сөздер, интернет ресурстар, сөздік дәптер, стенд, бейне материалдар, оқушылар дайындаған слаидтық презентациялар





Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Электромагниттік толқындар шкаласы.Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану жайлы мағлұмат беру, зиянды әсерден күнделікті өмірде қорғана білуге үйрету, бірін-бірі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

Электромагниттік толқындар шкаласы.Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану туралы мағлұмат алады, олардан өмірде қорғана білуге үйренеді, бірін-бірі бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Электромагниттік толқындар шкаласы:


    • Төменгі жиілікті толқындар шығару

    • радиотолқындар

    • инфрақызыл сәулелер,

    • көрінетін жарық

    • ультракүлгін сәулелер

    • рентгендік сәулелер

    • γ-гамма шығару

Қысқа толқынды қуатты радиостанциялар елді мекендерден алыста салыну керек.

Телеорталық, радиолокатаорлық станциялардың айналысында арнайы санитарлық қорғаныс аймақтары құрылады. Кернеуі 750 кВ-тан жоғары болатын электр жеткізу тораптары тұрғын үйлерден кем дегенде 300 м қашықтықта орналасуы тиіс. Жоғары жиілікті желілер орналасқан жердің бәрінде де қорғаныс шаалары ескерілуі керек. Теледидар хабарларын кем дегенде 2,5-3,4 м қашықтықтан көрген дұрыс.

Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың адам организміне әсері оның тербеліс жиілігіне байланысты. Жиілік жоғары болғанда зиянды әсер күшейе түседі. Электромагниттік толқындар алысқа тарала алады, сондықтан олардың адамға әсерінің қауіптілігі сақталады.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

1.1 Қалаулары бойынша 3 топқа бөлу

1.2 Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. «Жылы лебіз» ойыны арқылы топтар әр ұлттың салтымен қазақ, ағылшын тілдерінде бір-біріне жағымды тілектерін айтып амандасады

ІІ. Қызығушылықты ояту- өткен тақырыптарға шолу жасау

Мақсаты: Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, жаңа тақырыпқа қызығушы

лықтарын арттыру

«Рөлдік» оқыта үйрету ойыны (топпен жұмыс-карточкада берілген сұрақтарға жауап беру)

Топ мүшелері төмендегідей рөлдерді орындайды:

1 оқушы-сарапшы - бұл рөлде білім деңгейі жоғары оқушы болады

2 оқушы-сыншы - білім деңгейі жоғары оқушы

3 оқушы-қорғаушы - білімі төмен оқушы

4 оқушы-орындаушы - жақсы оқитын оқушы-берілген тапсырмаға жауап береді

5 оқушы - уақыт сақшысы

Топтарға 5 сұрақ жазылған төмендегідей карточкалар таратылады:

І топ

  1. Радиолокация.

  2. Электромагниттік толқын

  3. Модуляция.

  4. Максвелдің электромагниттік өріс теориясы

  5. Детекторлау.

ІІ топ

1.Электромагниттік толқын дифракциясы.

2. Электромагниттік толқын интерференциясы.

3.Айнымалы ток

4. Электромагниттік толқынның қасиеттері.

5.Электромагниттік тербеліс

ІІІ топ

1.Трансформатор

2.Когерер.

3.Ток генераторы

4. Герц вибраторы.

5.Тербелмелі контур

«Орындаушы» тапсырмаға жауап береді, ал басқалары оны зейін қойып тыңдайды және жауабын жазып отырады: «сыншы»-жауаптың осал, мәнсіз жерлерін, «қорғаушы»-жауаптың жағымды жақтарын көрсетеді, «сарапшы»- жауаптың дұрыстығын және толық айтылуын талдайды, «уақыт сақшысы»-уақытты тиімді пайдалануды бақылайды. «Орындаушының» жауабынан кейін кезегімен «қорғаушы» мақтап, «сыншы» жауаптың жекелеген жақтарына күмән келтіре, «сарапшы» қорытындылап шығып сөйлейді. Топтың барлық мүшелері сөйлеп шыққан соң, төмендегідей

«жауап үлгілері» беріледі:

Жауаптар:

І топ

1.Радиолокация-радиотолқындар арқылы объектінің тұрған орнын дәл анықтау

2.Электромагниттік толқын - электромагниттік өрістің кеңістікте таралуы

3.Модуляция - таратқыштан қабылдағышқа жететін электромагниттік толқынның параметрлерінің бірін өзгерту

4.Максвелдің электромагниттік өріс теориясы - кеңістікте өзгеретін магнит өрісі құйынды электр өрісін тулыралы және керісінше...

5.Детекторлау - жоғары модуляцияланған тербелістен жиілігі төмен тербелістерді бөліп алу

ІІ топ

1.Электромагниттік толқын дифракциясы –э лектромагниттік толқындардың бөгеттерді орағыта өтуі

2.Электромагниттік толқын интерференциясы - екі когерентті толқындардың қабаттасуынан кеңістікте қорытқы толқындардың күшеюі не бәсеңдеуі

3.Айнымалы ток - тізбекте орныққан еріксіз электромагниттік тербелістер

4.Электромагниттік толқынның қасиеттері - жұтылу, шағылу, сыну, поляризацияланған, инетерференция, дифракция байқалады

5.Электромагниттік тербеліс - зарядтың, ток күшінің, кернеудің периодты өзгеруі

ІІІ топ

1.Трансформатор - электр энергиясын тарататын желілерде кернеуді жоғарлату не төмендету үшін қолданылатын құрал

2.Когерер - ішінде темір үгінділері бар екі электродты түтік

3. Ток генераторы – кез келген энергияны электр энергиясына айналдыратын құрылғы

4.Герц вибраторы - ашық тербелмелі контур

5.Тербелмелі контур - катушка мен конденсатордан тұратын жүйе

Жауапқа сүйене отырып, топ мүшелері бірлесе әр ойыншының рөлді ойнағанына төмендегі карточка бойынша баға қояды, бағалау парақтары мұғалімге беріледі.

«Рөлдік» оқыта үйрету ойыны

Рөлі

Оқушының аты-жөні

Бағасы

Орындаушы



Қорғаушы



Сыншы



Сарапшы




ІІІ. «Мағынаны тану» жаңа тақырыпты өту

Мақсаты: Электромагниттік толқындар шкаласы. Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану жайлы білімдерін арттырады, зиянды әсерден күнделікті өмірде қорғана білу туралы ой-өрістері кеңейеді, үштілділік бойынша сөздік қорлары кеңейеді.

    1. Оқушылар сабақ мақсатын өздері қояды

1.2. Тақырыпты топтар оқулықтан төмендегідей ретпен әуелі жекелей оқып шығады:

1 топ.Төменгі жиілікті толқындар. Радиотолқындар

2 топ. Инфрақызыл, көрінетін жарық және ультракүлгін сәулелер шығару

3 топ.Рентген сәулелері. Гамма сәуле шығару

Бұдан соң жұппен, топпен бір-біріне түсіндіріп талдайды. Содан кейін өздеріне берілген тақырыпты басқа топтарға түсіндіреді.

1.3.Биология пәні мұғалімінің хабарламасымен танысу, сөздік дәптермен жұмыс

ІY. “ Ой-толғаныс»

Мақсаты: Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану туралы біліп, тәжірибелік зерттеу жасауға қалыптасады

1.1.Оқушылардың дайындаған кіші ғылыми жобаларымен танысу

А.Электромагниттік өрістің тірі организмдерге әсері

Ә.Электромагниттік толқындардың зиянды әсерінен қорғану

1.2. Оқушылар үйде жүргізген эксперименттік зерттеу жұмысының қорытындысымен танысу

А.Компьютердің адамның көңіл - күйіне әсерін бақылау нәтижесі

Ә.Ұялы телефонның пайдасы мен зиянын зерттеу қорытындысы.

1.3 Бейне сюжет

Y. «Өз жартыңды тап» оқыта үйрету ойыны. Әр топ өздеріне берілген карточкадағы формулаларды жазып, басқа топтарға береді, олар тексеріп оны келесі топқа береді, соңында топқа қайтып келген қорытынды бойынша білімдері бағаланады.

1 топ.

1.Томсон формуласы

2.Электр өрісінің энергиясы

3. Ток күшінің әсерлік мәнінің формуласы

4.Айнымалы ток тізбегіндегі орташа қуат

2 топ.

1.Сыйымдылық кедергінің формуласы

2.Магнит өрісінің энергиясы

3. Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы

4.Трансформатор коэффициентінің формуласы

3 топ.

1.Индуктивтік кедергінің формуласы

2. Конденсатор энергиясының формуласы

3.Электр тізбегіндегі резонанс шарты

4.Электромагниттік толқын шығару ағынының тығыздығы

VІ.Есеп шығару

965 Рымкеевич

Сыйымдылығы 4 мкФ конденсатордың жиілігі 50Гц айнымалы ток тізбегіндегі кедергісі қандай?

985

Толқын ұзындығы 300 м радиотолқындар шығаратын ашық тербелмелі контурдағы тербеліс периоды қандай?

986

Радиостанция 75 МГц жиілікте хабар жүргізіп отыр. Толқын ұзындығын табыңдар

993

Жерден Сатурнға дейінгі ең жақын қашықтық 1,2*1012 м. Сатурн аймағында жүрген ғарышкемеден Жерден жіберілген радиосигналға жауап-информация жететін ең аз уақыт қандай?

VІІ. Жұппен жұмыс «Блум таксономиясы»

1

Білу

Электромагниттік толқын шкаласы қандай сәулелерді қамтиды?



2

Түсіну

Электромагниттік толқынның биологиялық әсерін ата?



3

Қолдану

Жоғары жиілікті электромагниттік толқындар қайда қолданылады?




4

Талдау

Электромагниттік сәуле шығарудың сапалық айырмашылығы қай кезде байқалады?



5

Жинақтау

Электромагниттік толқындардан қорғану мәселелеріне мысал келтір?



6

Бағалау

Жер атмосферасының биосфераны қорғаудағы рөлі қандай?




ҮІІІ. Рефлексия-кері байланыс «Өрмек тор»

ІХ.Сабақты қорытындылау

1.1 Топ жетекшілерінің бағалауы

1.2 Үйге тапсырма:

Кейінгі тапсырмалар

Эссе жазу

Кейінгі оқу

§ 3.10-3.11 Электромагниттік толқындар шкаласы.Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Омарханова Шынаргул Лазетбековна

Дата: 24.01.2017

Номер свидетельства: 383061


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства