Сабақтың тақырыбы | Электр тогының өткізгіштерді қыздыруы.Джоуль-Ленц заңы. |
Сілтеме | Оқулық, тақырыпқа байланысты қосымша материалдар, интерактивті тақта, слайд, амперметр, вольтметр, ток көзі, реостат, сымдар. |
Мақсаттары | Джоуль-Ленц заңымен таныстыру.Заңның математикалық өрнегімен таныстыру,мағынасын түсіндіру. Электр тогының жұмысы мен Джоуль-Ленц заңының энергетикалық байланысын теориялық негізде ұғындыру. Теориялық білімді практикамен байланыстыра алу машығын қалыптастыру. Формулаларды есте сақтау үшін жаттығулар орындату.Топтық, жұптық жұмыс жасауға дағдыландыру. Өз білімдерін бағалай білуге, оқушының танымдық қабілетін, бір – біріне деген қарым – қатынасын қалыптастыру. |
Оқыту нәтижесі
| Джоуль-Ленц заңымен танысады. Заңның математикалық өрнегімен таныса отырып, оның мағынасын аша алады. Заңдар арасындағы өзара байланысты ұғынады. Формулаларды қорыта алады. Токтың жұмысы мен қуатының өрнегін қорыта біледі, эксперименттік тапсырмалар арқылы, теориялық білімді практикамен ұштастырады.Өз – өздерін бағалай білді. Топпен, жұппен жұмыс жасай білді. Өз ойларын еркін, жан – жақты жеткізуді үйренді. |
уақыты | стратегиялар | ресурстар
| Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
2 минут |
| таныстырылым смайликтер | Оқушылармен амандасы, көңіл-күйлерін смайликпен бейнелеп, плакатқа жабыстыруын өтіну. Сыныптағы кезекші оқушыны анықтап, сабаққа қатысымын, дайындығын қадағалау. | Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасады, көңіл-күйлерін смайликтер жапсыру арқылы көрсетеді.Кезекші оқушыны мұғалім сұрағына жауап береді. |
4 минут | | сергіту сәті | Сабақты бастамас бұрын, сабаққа қызығушылықты арттыру және сергектік күйлерін орнату мақсатында «Тұтқын» сергіту сәтін өткіземін. Мозайка құрастыру арқылы топқа бөлемін. | «Тұтқын» сергіту сәтін жүргізеді. берілген сурет қиындысын құрастыру арқылы өздерінің тобын табады. |
5 минут | Қзығушылықты ояту. (эксп.-тік тапсырма) | | Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында алдарына амперметр, вольтметр,шам,ток көзі,сымдар беру арқылы кесте толтыртады | Берілген құралдар туралы, олардың жалғануы туралы ақпаратты біле отырып, кесте толтырады. |
13 минут | «Мағынаны тану» | Презентация | Сабақ мақсатын жүзеге асыру барысында Блум жүйесінің 6 мақсатты категорялары алынады. 1)Білу (Электр энергиясы сақтала ма?) 2)Түсіну 3)Қолдану 4) Анализ 5) Синтез(Қорытындылау) 6) Бағалау
| Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, дәптерлерінде жұмысын орындайды. 1) Электр энергиясы сақтала ма? Осы сұрақ төңірегінде баяндайды. 2) Оқушылар оқулықтан өз беттерінше оқиды. Формулаларды оқу қажет. 3) Кесте бойынша кейбір электр аспаптарының қуатымен танысу. 4) Кеспе қағазына жазылған есепті шығарады. 5) Синтез Қорытындылау. «Қоян аулау» ойыны (қалған оқушыларға бекіту сұрақтарына жауап береді) 6) Әр топ бір - бірін бағалайды. |
10 минут | Ротаіия әдісі | үлестірмелі қағаздар | Есептер жинағынан есептер беріледі.Ротация әдісін пайдаланамын.Ортаға плакат тастап, топтар арасында тапсырма орындалады.Төрт топқа плакат беріледі. Әр топ топпен плакатқа есептің шарты бойынша орындайды. | Ортаға тасталған плакатқа бірінші топ есептің берілгенін жазады, екіншісі керекті формулаларды жазады, үшінші топ бірнеше формуладан бір формула қорытады, төртінші топ мәнін табаы.Осылайша топтар алмаса отырып озық тапсыроманы орындайды. |
5 минут | «Озық тапсырма" | Топпен жұмыс | Кластер жасау.Берілген плакатқа жұмыс пен қуат жайлы ақпаратты түсіреді.Сосын Топқа тапсырма беріледі. Оқушылар ақылдасып бірге шешеді. Берілген формуладан туынды формуланы табу. | Плакатқа жұмыс пен қуаттың анықтамасын, формуласын, тұжырымдамасын, өлшем бірлігін түсіреді.Топтан бір оқушы оны қорғайды.Өзге топтар бағалайды. |
3 минут | Рефлексия | | Аяқталмаған сөйлем арқылы ойын нақтылайды. | Сыныптастарының белсенділігіне баға беріп, марапаттайды. |
3 минут | Бағалау | Бос бланктер | Үйге тапсырма: §43 ,№34 қосымшадан |
Мадақтау (өзара бағалау), толықтыру тәсілі арқылы, топтық бағалау "бағдаршам" арқылы, 2-жұлдыз, 1-тілек айту, ишара арқылы. |
Не сәтті өтті? | Оқушылар кластерді жақсы жасап, қорғағандары; сабаққа белсенді қатысқандары; |
Не сәтсіз өтті? | Кластердің орындалуында кемшіліктер болды. |
Нені дамыта аласыз? | Қорғау жұмыстарын, ойларын еркін жеткізе білуін. |
Болашақта нені өзгертер едің? | Оқушыларға зерттеу жұмысын күрделі тақырыптарға жүргізу. Сыни ойлауларын дамыту. |