kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Электр тогыны? ?уаты мен ж?мысын аны?тау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: Білімділік ма?саты: О?ушыларды? ?ысым та?ырыбында ал?ан білімдерін т?жырымдап, м?тіндік ж?не сапалы? есептер шы?ару О?ушыларды? білім де?гейін ж?не білім мазм?ныны? т?ра?тылы?ы мен оны игерудегі іскерлік пен да?дыны, зертханалы? ж?мыс жасай отырып, электр тогыны? ж?мысы мен ?уатын ?лшеу.алын?ан шамаларды есептей білуге ?йрету;Дамытушылы?: О?ушыларды? ?ысым туралы ал?ан білімдерін практикалы? т?р?ыда пайдалана білуді, п?нге ?ызы?ушылы? ?абілеттерін арттыру.Тізбекті ??ра білуге, есептеу ?абілеттерін дамыту; Т?рбиелік: Практикалы? ж?мыс ар?ылы ?зіндік ж?мыс?а да?дыландыру, ?зін-?зі ба?ылау мен ?з білімін тияна?тылауды іске асыру.О?ушыларды ?з бетімен ж?мыс жасау?а, ??ралдары ??ыпты пайдалана білуге т?рбиелеу

Саба?ты? т?рі : аралас саба?, Т?жірибелік

Саба?ты? ?ту ?дісі: практикалы?-зертханалы?

Саба?ты? эпиграфы: К?зге елестеткен мы? ойдан, ?олмен істеген бір іс арты? (М.С.Ломоносов)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Электр тогыны? ?уаты мен ж?мысын аны?тау »

Жамбыл облысы Меркі ауданы

Ақермен ауылы № 11 Әмеди Хасенов атындағы

орта мектебінің физика пәні мұғалімі:

Нурланова Айнура Джойкынбековна

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс.

7 Зертханалық жұмыс. Электр тогының қуаты мен жұмысын анықтау.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушылардың қысым тақырыбында алған білімдерін тұжырымдап, мәтіндік және сапалық есептер шығару Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны, зертханалық жұмыс жасай отырып, электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу.алынған шамаларды есептей білуге үйрету;Дамытушылық: Оқушылардың қысым туралы алған білімдерін практикалық тұрғыда пайдалана білуді, пәнге қызығушылық қабілеттерін арттыру.Тізбекті құра білуге, есептеу қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік: Практикалық жұмыс арқылы өзіндік жұмысқа дағдыландыру, өзін-өзі бақылау мен өз білімін тиянақтылауды іске асыру.Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, құралдары ұқыпты пайдалана білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі : аралас сабақ, Тәжірибелік

Сабақтың өту әдісі: практикалық-зертханалық

Сабақтың эпиграфы: Көзге елестеткен мың ойдан, қолмен істеген бір іс артық (М.С.Ломоносов)

Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: плакаттар, кеспе қағаздар, 4В-қа негізделген ток көзі, жалғағыш сымдар, вольтметр, амперметр, кілт, шам, секундомер

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау- 8 сынып «Кім көп біледі?» - 7 сынып Мини тест

ІІІ. 8 сыныпқа мини тест, 7 сыныпқа Физикалық тест

ІҮ. Бүгінгі сабақ 7 сынып практикалық жұмыс , 8 сынып зертханалық жұмыс Ү. Бүгінгі сабақты қорытындылау.

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма

1) 7-8 сынып оқушыларын түгендеп, оқушылардың бүгінгі сабаққа дайындық барысын және псхологиялық ойларын орнықтыру.

2). 8-сыныпқа үй тапсырмасын «Кім көп біледі?» тақырыбында тақтамен жұмыс жасау арқылы тірек сызбаны толтыру.7 сыныпқа Мини тест беріледі.

Есеп шығару

  1. Кернеуі 220В ток көзіне электр шамы қосылған. Шамнан өтетін ток күші 0,3 А-ге тең , оның 20с ішіндегі жұмысын анықтаңыз.

  2. Кернеуі 200В , ток күші 2А-ге тең кезінде электр плитадағы ток көзінің қуатын анықта.

  3. Кедергілері 6 және 3 Ом өткізгіштер параллель қосылған . Өткізгіштің жалпы кедергісі неге тең?

  4. Қуаты 0,5 кВт электр плита 90с ішінде қанша жылу бөледі?

8 сынып оқушыларына тірек сызбамен жұмыс жасап және есеп шығаруды болған соң Мини тест беріледі.

7 сыныппен «Физикалық диктант» орындалады.

Кім жүйрік? 8 сынып

Мини тест жұмысы

1.Егер тізбектегі ток күші 8А болса, 20 с ішінде өткізгіш арқылы қанша заряд өтеді?

А) 0,4 Кл Б) 16 Кл С) 160 Кл D) 2,5 Кл

2.110 В-қа есептелген электр шамының қуаты 40 Вт. Шамның кедергісі

А) 55 Ом Б) 1210 Ом С) 606 Ом D) 303 Ом

3. Кернеу 220 В болса 0,25 А ток жұмсайтын электр шамындағы тоқтың қуаты

А) 88 В Б) 880 В С) 55 В D) 100 В

4. Кедергілері 4 Ом және 6 Ом болатын откізгіштері параллель жалғанағн. Өткізгіштердің жалпы кедергісі

А) 6,2 Ом Б) 5,8 Ом С) 2,4 Ом D) 3,7 Рм

5. Өткізгіштен 0,4 А ток өткенде, өткізгіштердің ұштарындағы кернеуі 8,0 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?

А) 2 Ом Б) 1,5 Ом С) 3 Ом D) 4 Ом

1.Зертханалық жұмыс жасауға дайындық.

2. Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқаумен оқушыларды таныстыру.

3. Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.

Жұмыс барысы: Зертханалық жұмыс №7

Жұмыстың тақырыбы: электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу.Оқушыларға берілетін зертханалық жұмыс дәптерінің үлгісі .

Оқушының аты-жөні: ______________________________________

Жұмыстың мақсаты: ________________________________________________________________________________________________________________________________

Жабдықтар: ток көзі, амперметр, вольтметр, шам, кілт, қосу сымдары, секундомер.

Жұмыс барысы:

  1. Амперметр мен вольтметрдің шкалаларын қараңыздар, олардың бөлік құнын анықтаңыздар.

  2. Сұлба бойынша электр тізбегін жинаңдар.

  3. Тізбекті тұйықтап, шамның қосылу уақытын ескеріңдер.

  4. Вольтметр мен амперметрдің көрсетуін алыңдар.

  5. Тізбекті ажыратып, шамның өшу уақытын ескеріңдер.

  6. P=IU формуласы бойынша шамдағы ток күшінің қуатын есептеңдер.

  7. A=Pt, мұндағы t-шамның жанып тұрған уақыты, формуласы бойынша ток жұмысын анықтаңдар.

  8. Барлық өлшеулер мен есептеулер нәтижесін кестеге түсіріңдер.



I, A

U,B

t , c

P, Bт

А, Дж

тұтынушы







Қорытынды:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағасы:









7 сыныппен жұмыс Мини тест

Сұрақтар

жауаптары

Дұрыс жауаптары

1

Қысым қандай физикалық шамаларға тәуелді?

а)жылдамдық пен күшке

б)күш пен ауданға

в)уақыт пен ауданға

с)жүрілген жолға және ауданға


б

2

Қысымды есептеу формуласы

а)

б) 

в) 

с) дұрыс жауабы жоқ

а

3

1 кПа неше паскальға тең

а) 10 Па

б)100 Па

в) 1000 Па

с)10000 Па



в

4

Беттің ауданы артқанда қысым қалай өзгереді?

а) өзгермейді

б) артады

в) кемиді

с) дұрыс жауабы жоқ



в

5

Сұйықтар мен газдар қысымды қалай таратады?


а) жан-жаққа бірдей

б) жан-жаққа әртүрлі

в) белгілі бір бағытта

с) дұрыс жауабы жоқ

а

6

Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы

а) газ көлемін ұлғайтқанда пайда болады

б) газ молекулаларының соқтығысуынан пайда болады

в) газ молекулаларының бірігіуінен

с) дұрыс жауабы жоқ



б

7

Дұрыс формуланы анықта

а) 

б) 

в) 

с) 


б

Физикалық диктант

1. Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы қалай пайда болады? (газ молекулаларының соқтығысуынан)

2. Егер газдың көлемін өзгертпей температурасын арттырсақ, онда оның қысымы қалай өзгереді? (температура неғұрлым үлкен болса , қысым соғұрлым үлкен болады)

3. Егер газдың массасы мен температурасын өзгертпей, газдың көлемін кішірейтсе , онда оның қысымы .............. (артады) , ал көлемін ұлғайтса қысымы ..........(кемиді.)

4. Неліктен сығылған газдарды арнаулы баллондарда сақтайды? ( сақтағанда және тасымалдағанда олардың қысымы артады)

5.Қысымның формуласы 

6.Ауырлық күші әрекет ететін сұйықтың қысымының формуласы p=

7.Қысым бірлігі Паскаль

Сергіту сәті .

Сәйкесін тап: Тақтамен жұмыс

 жылдамдық

 ауырлық күші

 үйкеліс күші

 қысым

 тығыздық

 серпінділік күші

 ауырлық күші әрекет еткен сұйықтың қысымы

 жол

Практикалық жұмыс -- есептер шығару

Тапсырма жазылған кеспе қағаздар тарату және 7 сынып оқушыларына өзін-өзі бағалау парағын беру

А деңгейі

1. Құрғақ отын жанғанда неге сатыр –сұтыр дыбыс шығады? (Қызған ауаның көлемі ұлғайып, отын қабығы арасындағы талшықтарды қақыратып, бұзып жарады.)

2. Лимонад пен минералды су жабық шөлмекте неге тыныш тұрады, ал тығынын алса болды «қайнай» бастайды? (бұл сусындарға атмосфералық қысымдағы көмірқышқыл газы араластырылған. Тығынды ашқан кезде шөлмектегі қысым төмендейді, ал сұйықтағы газ ұлғаяды. Осының әсерінен сұйық көтеріледі де , дауыс естіледі. )

3.Үстел теннис добының қабысуын (майысуын) қалай оңай қалпына келтіруге болады? (ыстық суда қыздыру керек)

4. Ғарышкерлерге тағамды жартылай сұйық түрінде дайындап , қабырғалары созылмалы түтікке (тюбик) салады. Түтікті ақырын басып, ғарышкер ішіндегі тағамды алады. Осыдан қандай заңдылық байқалады? (Паскаль заңы)

В деңгейі 1.Массасы 78 кг спортшы шаңғыда тұр.Әр шаңғының ұзындығы 1,95м, ені 8 см.Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр? 2. Массасы 800кг станок 200кПа қысым жасайтын болса, станоктың тірек ауданын анықтаңыз. Қысымның күші қандай болады ?3.Асфальт төсеуде қолданылатын жол тегістейтін каток тірегінің ауданы 1500см2 , түсіретін қысымы 300 кПа. Катоктың салмағы қандай?4. Гидравликалық пресстің кіші поршенінің ауданы 10см2 . Оған әсер ететін күш 200 Н. Үлкен поршеннің ауданы 200см2. Үлкен поршенге әсер ететін күш қандай

С деңгейі 1.Аквариум сумен толтырылған.Ұзындығы 50см, биіктігі 30см аквариум қабырғасын су қандай орташа күшпен басады? 2. Көлденең қимасының ауданы 16 см2 тығынға керосиннің әсер ететін күшін анықтаңдар. Керосин деңгейімен тығынның арақашықтығы (һ) 400мм. Қорытынды жазу

Сабақты қорытындылау 7 сыныптың өзін-өзі бағалау парағымен жұмыс жасауын қадағалап қорытындылау.

Оқушыларды бағалау және үйге тапсырма беру 7 сыныпқа: §36,37 16 тапсырма (2) Қысым тақырыбына сөзжұмбақ құрау

8 сыныпқа: §42 І,ІІ 21 жаттығу (8,9)

Бағалау парағы

Аты-жөні



сыныбы


Жұмыс түрі.


Тапсырма саны

1

2

3

4

5

6

7

Барлық ұпай саны

Физикалық диктант










    1. Тест










    1. А деңгейі










    1. В деңгейі










    1. С деңгейі










Барлық ұпай саны




Бағасы



Бағалау шкаласы: 7- 13 «2»; 14-18 «3»; 19-21 «4»; 22-24 «5».


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Электр тогыны? ?уаты мен ж?мысын аны?тау

Автор: Нурланова Айнура Джойкынбековна

Дата: 09.04.2015

Номер свидетельства: 199222


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства