kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Деформация. Гук за?ына есептер шы?ару.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:Серпімділік к?ші, деформация ж?не Гук за?ы туралы негізгі ??ымдарды ?алыптастыру.

Білімдік міндет:Серпімділік к?ші, деформация ж?не Гук за?ыны? ?андай физикалы? шамалар?а т?уелді  екендігін  білу міндеті.

Дамыту міндеті:Серпімділік к?ші, деформация ж?не Гук за?ы туралы білімдерін, о?ушыларды? ?зіндік ойлау белсенділігі мен танымды?  ?ызы?ушылы?ын  дамыту.

Т?рбиелік міндет: Саба? барысында о?ушыларды? дербестігін, пікір алмасу?а, шы?армашылы? ?здігінен білім алу?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Деформация. Гук за?ына есептер шы?ару.»

Тақырыбы: Деформация. Гук заңына есептер шығару.


Сабақтың мақсаты:Серпімділік күші, деформация және Гук заңы туралы негізгі ұғымдарды қалыптастыру.

Білімдік міндет:Серпімділік күші, деформация және Гук заңының қандай физикалық шамаларға тәуелді екендігін білу міндеті.

Дамыту міндеті:Серпімділік күші, деформация және Гук заңы туралы білімдерін, оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік міндет: Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір алмасуға, шығармашылық өздігінен білім алуға тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа тақырып өту.


Сабақтың түрі: Интерактивті, зерттеу сабағы.


Сабақтың әдісі: жаңа технологияны қолдану, деңгейлеп оқыту элементтері, миға шабуыл элементтері.


Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тапсырмалар, динамометр, слайд-презентация, динамометрлер, қатаңдығы әртүрлі серіппелер, доп, резеңке жіп, шар, пластиллин, үлестірме қағаздар, сызғыш.

Сабақ жоспары.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Жаңа материалды игеру.

4. Жаңа тақырыпты түсінігін алғашқы тексеру.

5. Жаңа тақырыпты бекіту.

6. Үй жұмысы.

7. Сабақты қорытындылау


Сабақ барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу .

«Мен қандаймын» әдісі арқылы сабақты бастау.


2.Үй жұмысын тексеру:

Мұғалімнің сөзі:

Өткен сабақта үй жұмысына мен Роберт Гук жайлы мәлімет жинауды тапсырған едім. Кім Гук туралы қысқаша айтады?

Оқушының жекелеме жұмысы.

  • Robert Hooke- әйгiлi ағылшын жаратылыстанушысы, ағылшындық Уайт аралында Фремуотер деген жерде 1635 жылы дүниеге келдi.

  • Орта мектептiбiтiргенненкейiн Оксфорд Университетiнетүседi.

  • 1660 жылы әйгілі “Гук заңын” ашты.

  • 1661 жылы каппилярлыққұбылысқаарналғанеңбегiнжариялады.

  • Гук өзiнiң 1665 ж. жарықкөрген «Микрография» аттыеңбегiненкейiнәйгiлiболды. Бұлкiтапта Гук өзіжетiлдiрiлгенмикроскоппенкөпзерттеулерінжүйелепбаяндайды. Тағы да бұлкiтабында Гук жарықтыңтабиғатыжайындаойларынжазыпкеткен.

  • Кейіноластрономиялыққұрал-саймандардыойлап табу жәнеолардыжетiлдiруменайналысты, биологиялық, географиялық, геологиялықзертеулержүргiздi.

  • 1703 жылы қайтыс болды.

Терминдермен жұмыс.

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді ағылшын және орыс тілінде жазып келуге тапсырма бергем, соны оқыңдар.

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Күш

Сила

Ғorce

Серпімділік

Упругость

Elasticity

Гук заңы

Закон Гука

Hooke'slaw

Деформация

Деформация

Deformation

Созылу

Растяжение

Stretching

Сығылу

Сжатие

Compression

Бұралу

Кручение

Torsion

Майысу

Изгиб

Bending

Ығысу

Сдвиг

Shift

Серпімді

Упругий

Elastic

Пластикалық (серпімсіз)

Пластичный

Plastic


Денелердің күш әсерінен формасы мен көлемінің өзгеруі деформация (Deformation) деп аталады

Деформация себебі: атомдардың арақашықтығын өзгерткенде олардың арасындағы күштер де өзгеріске ұшырайды және ол күштер денені бастапқы қалпына әкеліуге тырысады.

  1. Денеге күштің әсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келсе, ондай деформацияны серпімді деп атайды.

  2. Денеге күштің әсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келмесе, ондай деформацияны серпімсіз деп атайды.

Серпімсіз денелерде серпімділік күштері болмайды!

Серпімді деформация түрлері:

Созылу

Сығылу

Бұралу

Майысу

Ығысу



3. Жаңа материалды игеру. а)Тақырыптың мақсатын жеткізу.

ә) оқушылар тәжірибені қорытындылайды.

Енді оқушылар сендер тақтадағы нұсқауларға сүйене отырып тәжірибелер жасап қорытынды жасайсыңдар.

1-тәжірибе:

Серіппені штативке іліп, оған массасы белгілі жүктерді іліп созылуын бақылаймыз. Әрбір жүкті ілген сайын созылуын сызғышпен өлшеп, белгілеп алып отырамыз.

Қорытынды жасаймыз.

Дәптерге жазу:

«серіппеге неғұрлым көбірек жүк ілсек ол көбірек созылады.»


2- тәжірибе.

Қатаңдығы басқа серіппені штативке іліп, оған алдыңғы серіппеге ілген жүктерді ретімен іліп созылуын бақылаймыз. Әрбір жүкті ілген сайын созылуын сызғышпен өлшеп, белгілеп алып отырамыз. Алдыңғы серпіппенің ұзаруымен салыстырып қорытынды жасаймыз.

Дәптерге жазу:

«серіппенің созылуы оның жасалған материалына тәуелді.»


1-эксперименттің қорытындысы

Серпімділік күші дененің абсалют ұзаруына (созылуына) тура пропорциональ

2-эксперименттің қорытындысы

Серпімділік күші дененің жасалған материалының қатаңдығына тура пропорциональ

Серпімді деформация үшін Гук заңы

Деформация кезінде пайда болатын серпімділік күші дененің абсалют ұзаруына (сығылуына) тура пропорциональ және деформацияланған бөлшектердің орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталған.

Fсерп=-kx k- дененің қатаңдығы, x- деформация.


4. Жаңа тақырыпты түсінігін алғашқы тексеру.

Жаңа сабақ бойынша есеп шығару.

1-ші есеп.

Қатаңдығы 100 Н /м –ге тең сымды 1см –ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсіру керек? ( 1 Н)


2-ші есеп.

Массасы 0,2 кг балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 500 Н / м –ге тең қармақ бауы қаншаға созылады? (0,004 м)

Тізбектеп есеп шығару.

Кітаппен жұмыс. 10- жаттығу №1


Берілгені: Шешуі:


К= 7,2*10 Н / м F = кх


F= 10 кН = 10000 Н х = F /к


Т/к: х-? Х = 10000Н / 7,2*10 Н/м = 1388,9*10 = 0,14см.


2


Берілгені: Шешуі:


F = 245 Н F = кх


ℓ = 35мм = 0,035м к = F/х


Т /к: к-? К = 245Н / 0,035м = 7000 Н /м


5. Жаңа тақырыпты бекіту. Оқушылар бір бірін тексереді.

Тест

1. Қатаңдық коэффициенті 100 Н/м серіппені 0,01 м-ге созатын күш

A) 100 Н.

B) 50 Н.

C) 1 Н.

D) 5 Н.

Дұрыс жауабы: C


2. F=3 Н күштің әсерінен 6 см-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы

A) 10 Н/м.

B) 50 Н/м.

C) 0,5 Н/м.

D) 5 Н/м.

Дұрыс жауабы: В


3. Қатаңдығы 300 Н/м серіппе 50 мм-ге созылды. Жүкті осындай деформацияға ұшыратқан күштің шамасы неге тең?

A) 15Н

B) 20 Н

C) 21 Н

D) 18 Н

Дұрыс жауабы: А


4. Серіппеге ілінген массасы 3 кг жүк, оны 1,5 см созады. Егер 4 кг жүк ілінсе, онда оның созылуы

A) 6 см.

B) 4,5 см.

C) 4 см.

D) 2 см.

Дұрыс жауабы: D


5. Роберт Гук өзінің заңын қай жылы тұжырымдады?

А. 1661

B. 1660

C. 1662

D. 1665


6 Серпімділік ағылшынша?

А. Force

B. Еlasticity

C. Density

D. Mass


7. Күш ағылшынша?

А. Force

B. Volume

C. Density

D. Mass


6. Үй жұмысы: Карточка тарату.

Тақырыпты қайталап есептер шығару:


7. Сабақтың қорытындысы:

Қорытынды сөз

  • Серпімділік күші әсерлесуші екі бөлшектің ара қашықтығының өзгеруіне байланысты болады.

  • Бұл күш денелерді сыққанда, созғанда және т.б. жағдайларда пайда болады.

  • Серпімділік күшті Гук заңы арқылы анықтауға болады.

  • Минус таңбасы серпімділік күшінің деформацияланған бөлшектердің орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталғанын көрсетеді.

Бағалау.































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Деформация. Гук за?ына есептер шы?ару.

Автор: Муратова Перизат Муратовна

Дата: 14.12.2015

Номер свидетельства: 266015


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства