*Химия сабағында тәжірибе жасап жатқан Досым Ашық ыдыста тұрған этил спиртін таба алмай қапа болды. Этил спирті қайда жоғалды?
Жауап: Ашық ыдыста болғандықтан ауаға ұшып жоғалған.
* Есеп шығарып отырған Талап кофе ішпек болып, газге қойған шәйнекті ұмыт қалдырған. Есебінің жауабын тапқан ол, - «енді кофе ішуге болады» - деп тұра жүгіргенде, таң қалып тұрып қалды. Неге? Қалай?
Жауап: Қайнап – қайнап таусылған чайник бос қалған, буға айналып ұшып кеткен.
Міне, балалар,- өмірде кездесетін осындай құбылыстардың мән-мағынасын ғылыми тұрғыдан түсіну үшін жұмыстанамыз, бүгін!
Сабақтағы негізгі ұғымдар.
1.Булану және конденсация.
2.Кебу, кебудің жылдамдығы
З.Қаныққан және қанықпаған бу.
Булану кұбылысы. Сұйыктың буға айналуының екі түрі: булану және қайнау. Сұйыктың буға айналу құбылысы булану деп аталады. Сұйыктың буға айналуын заттың молекулалық кұрылысын егізінде түсіндіру. Сұйық бетінде жүретін булану кебу деп аталады. Кебудің жылдамдығы. Әртүрлі сұйықтың кебу жылдамдығы әртүрлі. Бұл әртүрлі сұйықтардың молекулаларының арасындағы тартылу күштеріне байланысты. Сұйыктың кебу жылдамдығы сұйық бетінің ауданына байланысты (мысалы, стакандағы суға қарағанда тарелкаға құйылған су жылдам кебеді). Сұйықтың кебу жылдамдығы сұйық бетіндегі желге тәуелді (ыстык шайды үрлесек тез суыйды). Желдің әсерінен сұйыққа қайта оралатын молекулалардың санының азаюына байланысты. Сұйықтың кебу жылдамдығы сұйық темперетурасына тәуелді. Сұйық температурасы жоғары болғанда жылдам кебеді.
Қатты денелердің кебуі (иодтың кебуі). Сұйыктын булану кұбылысымен қатар конденсация құбылысының жүруі. Конденсация – будың сұйыққа айналу құбылысы (қар, жанбыр, тұман түсуі т.б.) Жабық ыдыс ішінде сұйық пен сұйық буы арасындағы динамикалық тепе-теңдіктің орнауы. Өз сұйығы мен динамикалык тепе-тендікте болатын бу қаныққан бу деп аталады. Ашық ыдыста булану салдарынан сұйық массасының азаюы.
Булану салдарынан сұйық ішінде калған молекулалардың орташа жылдамдыктарының азаюы. Сұйык ішінде қалған молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының және сұйықтың ішкі энергиясынын азаюы. Сырттан жылу берілмеген жағдайда кебетін сұйықтың салқындауы. Судан шыққанда дененің салқынды сезінуі. Стакандағы буланып жатқан судың температурасының төмендемеуі оған қоршаған ортадан үнемі жылу беріліп отырады.
Мысалы
Булану кезінде сұйықтың ішкі энергиясы өзгереді?
Өзенге шомылып шыққан адамның денесі салқындамайды.
Майлы сорпа шайға қарағанда тез суыйды.
Жинап қойған жуылған кірдің жай, ал жіпке жайылған кір тез кебеді.
Шық ауадағы су буынан пайда болады.
Логикалық тапсырма (10 минут)
1, 3 топ
Дәптер бетіне май, су, және спирт тамызылды, олардың булануы немесе кебуі жөнінде не айтуға болады?
Жауап: үш сұйық үш түрлі кебеді, алдымен спирт, екінші су ал үшінші май
Түйін: Кебу сұйықтың түріне тәуелді
2, 4 топ
-Масасы 50 гр суды табақшада және стақанда қалдырып, бір аптадан соң қарағанда не болады?
Жауап: Стакандағы су аздап бар, ал табақшадағы су кеуіп қалған.
Себебі: Табақшадағы ұшып шығатын су молекулаларының саны, стаканнан ұшып шығатын молекулалар санынан 10 еседей көп болады, сондықтан бірінші кебеді.
Түйін: Кебу немесе булану беттің ауданына тәуелді болады.
Ал, балалар, үшінші тәуелділікті мен өзім айтамын, оны мысалмен өздеріңіз түсіндіріп көріңіздер
Есептер шығару (10 минут)
Қосымшаоқулықтан
№4
Көлемі 2л суды 200С – тан 1000С – қа жеткізіп қайнату үшін қанша жылу мөлшері қажет? Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200Дж/кг*0С