kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Біздің галактика. Басқа галактикаларды ашу. Квазарлар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Біздің галактика. Басқа галактикаларды ашу. Квазарлар.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Біздің галактикамен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.ДК.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру. Б)есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. 

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша біздің галактикамен танысамыз.

  1. Жер тобындағы планеталардан алып планеталардың айырмашылығы неде?
  2. Күн жүйесіндегі астероидтерді қай маңайдан кездестіруге болады?
  3. Күн жүйесінде кемінде бір рет байқалған кометалардың тағдырлары қандай?
  4. Қазіргі көзқарас бойынша Күн жүйесінің шегі қайда?
  5. Жердің астероидпен немесе комета ядросымен соқтығывсуы мүмкін бе?

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:  Басқа жұлдыздық жүйелер – галактикалар

  Радиогалактикалар және квазарлар

Галактикалардың негізгі сипаттамалары. В. Гершель XVIII ғасырда аспандағы бақыланатын мыңдаған тұман тәрізді дақтарды (тұмандықтарды) ашып, оларды каталогқа тіркеді. Кейініректе олардың көбінесе спиральды тұрпаты бар екені аңғарылды.

Американ астрономы Э. Хаббл (1889-1953) Андромеда шоқжұлдызы ішіндегі тұмандықтың фотосуретін түсірді. Сонда оның сансыз көп жұлдыздардан тұратыны көрінді. Тұмандық ішінен ол жаңа жұлдыздардың оталысын, шашыранды және шар тәрізді шоғырларды және цефеидтерді байқады. Осы цефеидтердің айну периодтары мен көрінетін жұлдыздық шамаларын анықтап, Хаббл олардың бәрі дерлік біздің Галактикадан тысқары өте алыста екенін тағайындады.

Осы тұмандыққа шейінгі қашықтықты және оның бұрыштық өлшемін біле отырып, оның диаметрін сызықтық бірліктермен оңай есептеп табуға болады екен.

Сонда Андромеда шоқжұлдызындағы спиральды тұмандық үлкендігі, біздің Галактика шамалас, өте зор жұлдыздық жүйе болып шықты. Біз қазір оған шейінгі қашықтық 2 миллион жарық жылына тең екенін білеміз. Біздің Галактиканың ішіндегі сияқты, оның ішінде де газды және тозаңды тұмандықтар бар. Андромеда шоқжұлдызындағы галактиканы біз оның осіне біршама көлбеу бұрышпен көреміз, сондықтан ол сопақтау болып көрінеді.

Үшбұрыш шоқжұлдызы ішіндегі галактика да спиральды көру сәулесіне оның көлбеулігі кемірек сондықтан оның түрі бір басқа.   

Астрономдар біздің Галактиканың шегінен тысқарыдағы, өте кеп ғаламат зор жұлдыздық жүйелерін тапты. Оларға біздің Галактикадан айырып, галактикалар деген жалпы атау берді.

Хаббл мынаны ашты: өте жарық жұлдыздарының көрінетін жарықтығы бойынша, қашықтықтағы бұрынырақ, анықталған галактикалардың, спектрлерінде сызықтар спектрдің, қызыл жақ шетіне қарай ығысады екен. Осы қызыл ығысу галактикаға шейінгі қашықтыққа пропорционал болып өседі Доплер эффектісіне сәйкес қызыл ығысу жарық көзінің бақылаушыдан қашықтап үдеп бара жатқанын көрсетеді. Қашықтау жылдамдығы ығысу шамасына, демек, қашықтыққа пропорционал. Галактикаларға дейінгі D кашықтық пен v жылдамдық арасындағы бақыланатын пропорционалдық Хаббл заңы деп аталады:.  Пропорционалдық коэффициент H Хаббл тұрақтысы деп аталады. H Хаббл тұрақтысының  мәні шамамен  - екендігі тағайындалды, яғни әрбір миллион парсек санының  қашықтау жылдамдығы 100 км/сқа артады. Сол себептен алыстағы галактикаға дейінгі аралықты оның спектріндегі сызықтардың қызыл ығысуы бойынша анықтауға болады:

мұндағы v - қызыл ығысу бойынша анықталған жылдамдық. Егер мәселен, спектр сызығының ығысуына 10000 км/с сәйкес келетін болса, онда галактикаға шейінгі қашықтық 100 Мпк. Бұл әдіс жырақтағы галактикалардағы цефеидтер немесе аса жарық ерекше алыптар көрінбейтін жағдайларда да қолданылады.

Өздерінің сыртқы түрпаттары бойынша галактикалар спиралды қисық және эллипстік галактикалар болып бөлінеді. Бақыланатын галактикалардың көбі - спиральды болып табылады. Біздің Галактика және Андромеда шоқжұлдызындағы галактика ең ірі спиральды галактикаларға жатады. Спиральды галактикалардың бәрі де бірнеше жүз миллион жылдық периодпен айналады. Олардың массалары 1010-1011 Күн массасына тең.

Спиралды галактикалардың тармақтары, біздің галактиканікі тәрізді, ыстық жұлдыздардан, цефеидтерден, ерекше алыптардан, шашыранды жұлдыздық шоғырлар және газ тұмандықтардан тұрады. Галактикалар радиотолқындар шығарады. Радиосәулелер 21 см-лік ұзындықта нейтрал сутегінен және де қылаң түсті тұмандықтардағы иондалған ыстық сутегінен шығады. Нейтрал сутегінің галактика массасының 10%-дей екенін тапты. Галактикаларда тозаң да бар. Олардың бар екені әсіресе бізге қырынан көрінетін, ұршыққа немесе жалпақ бұршаққа (жасымыққа) ұқсайтындарында жақсырақ байқалады  Галактика жазықтығының ұзына бойын қуалай қоңыр жолақ - тозаңды тұмандықтардың шоғыры өтеді.

XVI ғасырдағы Магеллан экспедициясы кезінде аспанның оңтүстік жарты шарында байқалатын екі үлкен жұлдыздық бұлттарды Үлкен және Кіші Магеллан Бұлттары деп атайды. Олардың тұрпатсыз түрі үшін қисық бұрыс кейіпті Галактикаларға жатқызады. Олар біздің галактиканың серіктері болып табылады. Соларға шейінгі қашықтық 150000

жарық жылына жуық. Олардың жұлдыздық құрамы спиральды галактикалардың тармақтарындағыдай ал ядросы жоқ. Кисық галактикалар спиральдан аз да, әредік қана ұшырайды.

 Көп ұшырайтын - эллипстік галактикалар. Бұлардың түрі шар тәрізді жұлдыз шоғырына ұқсайды, бірақ өлшемдері жөнінен олардан анағұрлым ірілеу. Олар тым баяу айналады, сондықтан, шапшаң айналатын спиральды галактикалардай емес, тіпті қабыспаған деуге болады. Эллипстік галактикаларда ерекше алып жұлдыздар да, диффузиялык тұмандықтар да жоқ.

Галактикалардың жарқырауы сан алуан.

Алып галактикалардың абсолют жұлдыздық шамасы - 21-ге жуық. Осылардан бір жарым мың есе бәсеңдеу ергежейлі галактикалар бар. Олардың абсолют жұлдыздық шамасы - 13-ке шейін.

Академик В.А.Амбарцумян көптеген спиральды және эллипстік галактикалардың орталық аймақтарында - олардың ядроларында копарылыс түріндегі кұбылыстар өтіп, зор мөлшерде энергия шығарылады деп тұңғыш рет көрсетті.

Кейбір галактикалық ядролардың куатты рентген сәулелелері - олардың қимыл әрекетінің жоғары екенінің куәсі В.А.Амбарцумян сондай-ақ галактикалар бір ерекше тығыз «жұлдызға шейінгі заттан» түзілген деген болжам айтты. Оның ойынша, ол затта өздігінен уатылып, галактикалар түзетін кабілет бар. Олардың ядролары одан әрі уатылып, жұлдызға шейінгі денелердің ассоциациясын туғызады, ал бұлар уатылып, жұлдыздарды да, диффузиялық материяны да туғызады. Ядроларында күшті әрекет байқалатын, қуатты радиосәуле шығаратын және газдарды мол мөлшерде лақтырып шығаратын, галактикаларды ол жас галактикалар деп есептейді. Дегенмен, ғалымдардың дені толығырақ тексерілген жұлдыздар мен галактикалар Метагалактикадағы сутегі гелий ортаның жеке бұлттарға ыдырау нәтижесінде пайда болды деген гипотезаны жақтайды. Осыдан кейін бұл бұлттар тартылыс есесінен сырылады. Шар тәрізді және эллипстік галактикалардағы жұлдыздардың түзілу процесі әрқашан аяқталды. Олардың жұлдыздары - ең кәрі жұлдыздар. Спиральдық және бұрыс кейіпті галактикаларда жұлдыздардың түзілуі әлі де өтуде

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§12.1.  дайындық сұрақтарын талдау.

  1. Біздің ғаламның қай жерінде жұлдыздардың шар тәрізді шоғырлары орналасқан?
  2. Әдеттегі галактикадан квазарлар қалай ерекшеленеді?
  3. Квазардың жылтырау периодының өзгерісі арқылы оған дейінгі қашықтықты анықтауға бола ма?

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Есептер  шығару. 12.1.1

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §12.1 Есептер  шығару. 12.1.2.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Біздің галактика. Басқа галактикаларды ашу. Квазарлар.»

10а сынып № 83 сабақ ____________________


Сабактың тақырыбы: Лоренц күшінің жұмысы. Максвелл гипотезалары

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай, оларға тың мәлеметтер беріп, білімді қалыптастыру.

  2. Дамытушылық. Лоренц күшінің жұмысы және Максвелл гипотезаларын тұжырымдау.

  3. Тәрбиелілік. Электромагниттік толқынның жылдамдығын есеп шығаруда пайдалануға жаттығу.

Құрал-жабдықтар, көрнектіліктер: Плакат.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап.

Сабак барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй жұмысын текесеру.

  3. Жаңа сабақты баяндау.

  4. Сабақты бекіту.

  5. Сабақты қорытындылау.

  6. Уйге тапсырма.

I. Оқушылардың өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дагдыларын бақылау.

  • 11.2 және і 1.3 соңындағы сұрақтарға жауап беру.

  • Үйге берілген есептердін шығарылуын талдау (тусіндіру).
    П. Жаңа сабақты баяндау.

  • Оқулықтағы 11.17 сурет Лоренц күшінің жұмысы нольге тең болатынын дәлелдеу. Ол үшін Ғл - Лоренц күшін екі қүраушыға жіктеп, жұмыстарының қосындысы 0- ге тең екендігіне көз жеткізу.

  • Айнымалы құйынды магнит өрісі алдымен айнымалы құйынды электр өрісін туғызады, ал өріс электрондардың бағытталған қозғалысын, электр тогын тудырады. Максвелдің бірінші гипотезасы.

  • э.м.толқынның таралу жылдамдығы. Максвелдің екінші гипотезасы.

ІІІ. Сабакты бекіту.

§11.5 Соңындағы сұрақтарға жауап беру.

IV. Сабақты қорытындылау: Окушьшардың білім-білік дағдысның қалыптасуын бағалау.

V. Үйге тапсырма: §11.4; §11.5.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Біздің галактика. Басқа галактикаларды ашу. Квазарлар.

Автор: Маркабаева Гулжамила Рзабеккызы

Дата: 30.11.2016

Номер свидетельства: 364462


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства