8 | |
Сабақтың тақырыбы | Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі.Меншiктi балқу жылуы. § 14 |
Мақсаты | Балқу және қатаю үдерісінің өзгеруі, меншікті балқу жылуы туралы түсіну |
Күтілетін нәтиже | А)Балқу және қатаю үдерісінің өзгеруі, меншікті балқу жылуы туралы, анықтамасын, формуласын біледі. В)Дененің балқуын анықтау үшін қажетті құралдармен тәжірибе жасайды, температураларының өсу, кему параметрлерінің графигін сызады, формуласын қолданып есеп шығарады, үдерісті түсіндіре алады. С)Сырттан жылу берілу нәтижесінде дененің күйінің өзгеруін дәлелдеп, пайдасын анықтап, қорытынды жасайды |
Керекті жабдықтар | Оқулық, «физика және астрономия» 8 сынып, авторы: Б.М.Дүйсембаев Г.З.Байжасарова А.А.Медетбекова Презентация, әдістемелік әдебиеттер, жұмыс дәптері, термометр,спирт шамдары, тұрғы,видео роликтер, калориметр (www.youtube.ru) |
Қолданылатын әдістер | Жеке,жұптық,топтық. Он сұрақ ,ролик ,топтық әңгіме, критерий арқылы өзін-өзі бағалау, «2жұлдыз 1ұсыныс», «Бағдаршам» әдістері арқылы өзара бағалау жүреді «Ойлан,жұптас, бөліс» әдісі,рефлексия парағы, |
Тапсырмалар | №2 ынтымақтастық атмосферасы, №5 сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме |
Сабақ барысы |
Сабақ кезеңдері | Уақыты минут | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе | 3 | Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу. Оқушыларды «кристалдар», «аморфтар» деп заттың қатты күйі техникасы арқылы топқа бөлу. Сабақ мақсатымен, жоспарымен, бағалау кретийлерімен таныстыру | Мұғаліммен амандасады, кезекші жоқ оқушыларды айтады, топқа бөлінеді, оқу құралдарын дайындайды. Сабақ мақсатымен, жоспарымен, бағалау критерийлерімен танысады. |
Тұсаукесер | 10 | Үй тапсырмасын тексеру: «Ақпараттық коммунткациялық технологиялар» жабдықтарын пайдаланып заттың балқуы және қатаю үдерістерін бейне таспаға түсіріп келу арқылы үй тапсырмасы тексеріледі | «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» жабдықтарын пайдаланып заттың балқуы және қатаю үдерістерін бейнероликтен баяндау.2 жұлдыз 1 ұсыныс арқылы өзара бағалайды |
Негізгі бөлім | 20 | «Алтынның жасалуы» бейнеролигін көрсету арқылы жаңа сабаққа қызығушылығын ояту. Тақырыпты жеке оқып, «Өкіл» әдісін пайдаланып топтық әңгіме арқылы талқылайды,келесі топқа өкіл баяндайды.Топ мүшелері «басбармақ» әдісі арқылы өзара бағалайды. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы «№4 эксперименттік тапсырма: «Балауыздың меншікті балқуын бақылау» және «Мұздың балқуын бақылау» арқылы тәжірибе жасап, постер құрып, қорғайды,2 жұлдыз, бір ұсысынс арқылы топтық өзара бағалайды | Мәтінді жеке оқып шығып, топпен талқылайды. Жұмысты бітірген соң критерий бойынша өзін-өзі және «басбармақ әдісі» арқылы , «2 жұлдыз,1 ұсыныс» арқылы жасаған эксперименттік тапсырманы өзара бағалайды. |
Қорытынды | 9 | Кері байланыс парағы: ББҮ кестесін аяқтау. Бағалау критерийі бойынша оларды бағалау. | Әр топ «ББҮ кестесін» толтырып, әрбір оқушы сабақтан алған әсерін «рефлексия» парағын толтыру арқылы көрсетеді . |
Үй тапсырмасы | 3 | 9-жаттығудың 2,4 есептерін шығарып келу және тақырыпты оқу | Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады. |