Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Тартылыс күші, ауырлық күші табиғаты туралы жүйелі білімдерін қалыптастыру. 2. Дамытушылық: физикалық құбылыстардың сырын түсіндіре білуге дағдыландыру, физикалық тілмен сөйлеу мәдениетін дамыту. 3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың типі: жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, есеп шығару, практикалық. Пәнаралық байланыс: математика, информатика, физика.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. ІІІ. Жаңа сабақ. ІV. Есептер шығару, практикалық жұмыс V. Бекіту. VI. Оқушының қорытындылауы. VII. Мұғалімнің қорытынды сөзі. VIII. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. 1. Оқушыларды түгендеп, оқу құралдарын тексеру . 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын баяндау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.(кубизм әдісін қолдану) 1. Күштің белгіленуі және өлшем бірлігі қандай? 2. Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекетті күші неге тең? 3.Күшті өлшейтін құрал қалай аталады? Қандай түрлері бар? 4.Деформация дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
5. Гук заңы қалай тұжырымдалады? Формуласын жаз.
6. 100кН, 15МН, 0,25кН және 0,005МН SI жүйесіне айналдыр.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Суреттермен жұмыс.
2. Ауырлық күші және тартылыс құбылысы туралы «Классная физика» сайтынан демонстрациялар көрсету, түсіндіру
3. Тартылыс күші туралы түсіндіру (Оқушылар дәптерге қажетті мәліметтерді жазып отырады) Балалық шағымыздан әрқайсысымыз денелердің Жерге тартылу күші жақсы таныс, мысалы, тебілген доп та, бұтағынан үзілген алма да Жерге түседі. Демек, денелерге Жер тарапынан күш әрекет етеді. Жер барлық денелерді өзіне тартады. Күнді айнала қозғалатын планеталар тартылыс өрісі әрекетінен Күнге тартылады және өздері де бір – біріне тартылады.Барлық кеңістікті жайлаған тартылыстан “Жеті қат көкке ұшсақ та”, “Жеті қабат жер астына енсек те” құтыла алмаймыз. Сондықтан Әлемдегі денелердің бір – біріне тартылуы Бүкіләлемдік тартылыс деп аталады. Ағылшын ғалымы Исаак Ньютон бұл құбылысты зерттеп, табиғаттың ұлы заңы – Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады.
4. Ауырлық күші туралы түсіндіру Бүкіләлемдік тартылыс күші көрінісінің бірі – денелердің Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды және оны Fа әрпімен белгілейді. Fа= mg Жүргізілген көптеген тәжрибелерден денеге әрекет ететін ауырлық күші дененің массасын тура пропорционал болатынын көрсетті. Егер, мысалы, динамометр ілгегіне кезекпен массалары m1 , m2 , m3 денелерді іліп және әр жолы динамометр көрсетуін белгілеп отырсақ, онда төмендегі қатынастың орындалатынына көз жеткіземіз: Сонымен барлық денелер үшін ауырлық күшінің дененің массасына қатынасы тұрақты болады. Бұл тұрақты шаманы g (латынша оқылуы «же») әрпімен белгіленеді. Бұдан: болады. Осыдан, денеге әрекет ететін ауырлық күші дене массасына тура пропорционал: Тұрақты g - дың шамасы жуықтап алғанда 9,8 Н/кг – ға тең. Денелер тек Жерге ғана емес, басқа да аспан денелеріне – Күнге, Айға, планеталарға тартылады. Алайда өте үлкен қашықтықтарда аталған аспан денелерінің тарту күші азаяды да, ал қандай да бір аспан денесінің бетіне жақындағанда, оның тартылысы басты рөл атқара бастайды.
Сонымен қатар әр түрлі планеталарда массалары бірдей денелерге әрекет ететін ауырлық күші де түрліше болады. Планетаның массасы неғұрлым аз болса, оның денелерді өзіне тартатын күші соғұрлым аз болады. Мысалы, массасы 1кг денені Жер – 9,81 Н, Ай – 1,62 Н, Марс – 3,73 Н күшпен тартады.
№1. Мына техника түрлерінің қайсысының ауырлық күші көп болады?
№2. Әрбір оқулықтың массасы 1 кг болса, үш кітаптың үстелге түсіретін ауырлық күшінің мәні қандай болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.
№3. Қай шарды жер үлкен күшпен өзіне тартады?
№4. Массасы 100 г және 25 г. үнді шайының массасын ХБЖ-не айналдыр.
Тақтада орындалады: (тақтағы 3 оқушы шығады)
Кім жылдам? 1-есеп: Массасы 250 г бақаға әсер ететін ауырлық күші неге тең? 2-есеп Ауырлық күші 980 Н болатын арыстанның массасы қандай болады?
3-есеп. Үстелдің үстінде компьютер тұр делік. Үстелдің массасы 5 кг, компьютердің массасы 12 кг болса, онда осы жүйенің жерге түсіретін ауырлық күші неге тең болады?
Жеке оқушылармен жұмыс (таратпа карточкалар арқылы оқушылар есеп шығарады) 1.Денеге әрекет ететін ауырлық күші 10кН. Ол дененің массасын қандай?
2. Жүктің массасы 10кг. Оған қандай ауырлық күші әрекет етеді?
3. Сен бір планетада болып, ондағы бір дененің массасын және оған әрекет ететін ауырлық күшін есептедің делік. Нәтижелері: m=150г, F=0,57Н. Сен қандай планетада тұрсың?
4. Массасы 40кг баланың Айдағы ауырлық күшін анықта.
Практикалық жұмыс
Диномометр көмегімен дененің массасын анықтау (әр оқушыға диномометр мен жүк беріледі)
Алдарындағы кестені қолданып , массасы 2 кг дененің 1-катар Марстағы, 2-қатар Меркуридағы, 3-қатар Айдағы әрекет ететін ауырлық күштерін табыңдар.
V. Бекіту. «Ыстық орындық» ойыны түрінде сабақты бекіту (Ортадағы оқушыға жаңа сабақ бойынша сұрақты сынып оқушылары қояды)
VI. Оқушылардың қорытындылауы. (Қандай жаңа ұғым, формулалармен таныстық)
VII. Мұғалімнің қорытындылау сөзі: Балалар, бүгінгі сабақта біз тартылыс құбылысын, ауырлық күшін оқып үйрендік. Әлемдегі денелердің бір – біріне тартылуы Бүкіләлемдік тартылыс деп аталады. Ағылшын ғалымы Исаак Ньютон бұл құбылысты зерттеп, табиғаттың ұлы заңы – Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады.Бүкіләлемдік тартылы күші көрінісінің бірі – денелердің Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды және оны Fа әрпімен белгілейді. Сонымен барлық денелер үшін ауырлық күшінің дененің массасына қатынасы тұрақты болады. Бұл тұрақты шаманы g (латынша оқылуы «же») әрпімен белгіленеді. Осыдан, денеге әрекет ететін ауырлық күші дене массасына тура пропорционал: Fа= mg Тұрақты g - дың шамасы жуықтап алғанда 9,8 Н/кг – ға тең
VІІІ. Бағалау. VІІІ. Үйге тапсырма беру.
1. Ауырлық күші, тартылыс құбылысы, басқа планеталардығы ауырлық күші тақырыптарын оқу
2. Есеп шығару
«Тексерілді»
Оқу ісінің меңгерушісі: Акишева Г.С. 18.12.2014ж.
«№25 ЖББОМ» КММ
Физикадан ашық сабақ
Тақырыбы: Ауырлық күші. Тартылыс құбылысы
Дайындаған: физика пәні мұғалімі: Шоқпарова Ш.Қ.
Қарағанды , 2014
Платета аттары
Еркін түсу үдеуінің мәні (Н/кг)
Жер
9,8
Ай
1,6
Меркурий
3,7
Шолпан
8,8
Марс
3,8
Юпитер
24
Уран
9,8
Сатурн
9,1
Басқа планеталардағы еркін түсу үдеуі
Платета аттары
Еркін түсу үдеуінің мәні (Н/кг)
Жер
9,8
Ай
1,6
Меркурий
3,7
Шолпан
8,8
Марс
3,8
Юпитер
24
Уран
9,8
Сатурн
9,1
Карточка №1
Денеге әрекет ететін ауырлық күші 10 Н. Ол дененің массасын қандай? g = 10 Н/кг деп жуықтап ал.
Карточка №2
Жүктің массасы 10кг. Оған қандай ауырлық күші әрекет етеді? g = 10 Н/кг деп жуықтап ал.
Карточка №3
Сен бір планетада болып, ондағы бір дененің массасын және оған әрекет ететін ауырлық күшін есептедің делік. Нәтижелері: m=150г, F=0,57Н. Сен қандай планетада тұрсың?
Карточка №4
Массасы 40кг баланың Айдағы ауырлық күшін анықта. g = 10 Н/кг деп жуықтап ал.