kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Атомны? ядролы? ?лгісі.Резерфорд т?жірибесі."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Атомны? ядролы? ?лгісі. Резерфорд т?жірибесі Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а Резерфорд т?жірибесі мен оны? н?тижесі туралы баяндау. Атомны? ядролы? моделіні? негізгі ерекшеліктерін сипаттау Дамытушылы? ма?саты: О?ушыларды? ойлау, есте са?тау ?абілетін дамыту, 7-9 сыныпта атом жайлы ал?ан білімдерін жетілдіру Т?рбиелік ма?саты: О?ушыларды ?здеріні? ?абілеттеріне сенімді болу?а, ой е?бегіні? м?дениетіне, ?зін-?зі ?стай білу м?дениетіне, ?жымда ж?мыс істей білуге т?рбиелеу Саба?ты? т?рі: аралас саба? Саба?ты? ?дісі: проблемалы? ситуация, т?сіндіру, физикалы? диктант Дидактикалы? материалдар: «Физикалы? диктант», “Б?гінгі а?парат » пара?шалары ??рыл?ылар: эпидиаскоп№ Саба?ты? ??рылымы Саба?ты? хронологиясы 1 ?йымдастыру кезе?і 2 мин 2 Интеллектуальды? жатты?у 4 мин 3 ?й тапсырмасын с?рау «Физикалы? диктант » 5 мин 4 ?й тапсырмасын бекіту 3 мин 5 Жа?а саба?ты мотивациялау 1) Проблемалы? ситуация 5 мин 6 Жа?а саба?ты актуальдау 2) Проблемалы? ситуация 6 мин 7 Жа?а саба?ты бекіту 3) Проблемалы? ситуация 8 мин 8 ?зіндік ж?мыс 10 мин 9 «Б?гінгі а?парат» пара?ын толтыру 1,5 мин 10 ?й тапсырмасы 30 сек Саба?ты? барысы: 1) ?йымдастыру кезе?і а) о?ушыларды? саба??а дайынды?ын тексеру; б) о?ушыларды т?гелдеу, «Б?гінгі а?парат» пара?шасын тарату в) психологиялы? дайынды? -Бірде Эйнштейн жолдастарыны? ?йінде ?она?та отыр?анында 18 жасар ?ызбен танысты. «Сізді? маманды?ы?ыз ?андай?»- деп с?рады а? шашты ?алымнан ол ?ыз. «Мен ?з ?мірімді физиканы зерттеуге ж?мсадым», — деп жауап берді Эйнштейн. «Сіз осы жасы?ызда ?лі де физиканы о?исыз ба?- Мен оны б?дан бір жыл б?рын- а? бітіргенмін» деді бикеш. Физикамен ?оштасу?а болмайды. ?адам басса? техниканы? ?рбір жетістігі, микрод?ние, макрод?ние, тіпті мегад?ниедегі тылсым, ж?мба? ??былыстарды? ашылуы физика ?ылымыны? ?ТП -дегі роліні? ?аншалы?ты ма?ызды екендігін к?рсетеді. ?азіргі 21 ?асыр — а?парат ?асыры. Б?л ?асырда Президентіміз Н.?.Назарбаевты? жолдауында?ы «?мір бойы білім алу керек» ?а?идасы ?рбірімізге жол сілтейтін ?а?ида болу керек. Сонды?тан білім алу жолында «Талап пен е?бек, б?рін де же?бек » деген ?анатты с?збен саба?ымызды бастаймыз. 2. Интеллектуальды? жатты?у «Назар сал!» Біз к?бінесе есте са?тау ?абілетімізге ша?ым айтамыз, ал негізінде барлы? кемшілік назар аудармауда. Активті назар аударуды? алтын ережесі: — барлы? жа?а н?рсені ?абылдау?а ?р?ашан дайын болып ж?ру, егер сізге жа?а ма?ызды а?парат алу керек болса, сол кезде ойда?ы бас?а жа?дайларды? барлы?ын ысыра т?ры?ыз Мен ?азір та?та?а б?гінгі саба?та кездесетін тірек с?здер жазыл?ан плакатты ілемін. Жа?сылап назар салып ?арап аламыз. Соны? ішінде екі с?зді? б?гінгі та?ырып?а еш ?атысы жо?. Сол с?зді саба? со?ында табуымыз керек. Ол ?шін саба?та м??ият назар салып отырулары? керек. Плакатта мынадай тірек с?здер жазылады: — «ж?зімі бар пудинг» — ?ор?асын контейнер — Альфа-б?лшектер — Сцинтилляция — температура — Атом ядросы — Атомны? планетарлы? моделі — С?улені? сынуы 3. ?й тапсырмасын с?рау. ?й тапсырмасы о?ушылардан физикалы? диктант т?рінде с?ралады. Физикалы? диктант 2 н?с?ада жасалады. О?ушылардан алдын ала кітап, о?улы?тарды жауып ?оя т?руын с?раймыз. І-н?с?а 1. Сиретілген газдар немесе кез келген химиялы? элементті? буларын ?ыздыр?анда жары? шы?ара бастайды. 2.Егер осы жары?ты? жі?ішке шо?ын призма ар?ылы ?ткізіп, спектрге жіктейтін болса?, жі?ішке жар?ыра?ан ай?ын сызы?тар к?рінеді. Осындай сызы?тар жиынты?ы сызы?ты? спектр деп аталады. 3. ?р газды? ?зіне т?н спектрі болады. 4. Спектрді? ?рбір сызы?ына на?ты бір тол?ын ?зынды?ы, я?ни жиілік с?йкес келеді. 5. Сызы?ты? спектрді? ішіндегі е? ?арапайымы- сутегі спектрі ІІ-н?с?а 1. Сутегі спектріні? к?рінетін б?лігіндегі барлы? сызы?тарды? жиілігін аны?тау?а арнал?ан формула Бальмер формуласы деп аталады. 2. Спектрлерді к?збен к?руге арнал?ан аппарат спектроскоп деп аталады. 3. Ол коллиматор, призма ж?не к?ру т?тігінен т?рады. 4. Спектр бойынша затты? химиялы? ??рамын аны?тау ?дісін – спектрлік анализ немесе спектрлік талдау деп атайды. 5) Бальмер формуласы ?=R(1/m2-1/n2) О?ушылар?а физикалы? диктантты толтыру ?шін 2 минут уа?ыт беріледі. Олар уа?ыт ая?тал?анда бір-бірімен д?птерлерін ?зара алмастырып, м??алімні? физикалы? диктантты д?рыс о?уы ар?ылы ?ателерін тексереді. 4. ?й тапсырмасын бекіту О?ушылардан спектрлер жайында ?андай бас?а а?парат іздестіргендігі с?ралады ж?не бекіту ретінде т?мендегідей ?ызы?ты м?ліметтер айтылады: Спектрлік талдау ар?ылы берілген ?лгідегі массасы 10-10г-ды ??райтын химиялы? элементті? бар жо?ын аны?тау?а болады. Спектрлік талдауды? к?мегімен К?нде 70-ке жуы? химиялы? элементтерді? бар екені аны?талды ж?не гелий элементі бірінші Жер бетінде емес, К?нде табыл?ан. Густав Кирхгоф К?нде алтынны? бар екендігін аны?та?анда, бір танысы : «Сені? к?н алтыны?нан не пайда? ?йткені б?рібір оны Жерге жеткізе алмайсы?!» -деген екен. Бірнеше жылдан кейін Кирхгоф ?зіні? К?н спектрін зерттегені ?шін алтын медаль алды. Оны ?зіні? танысына к?рсете отырып, Кирхгоф айтыпты: «К?ріп отыр?аны?дай, К?н спектрі б?рібір ма?ан шамалы алтын берді»- деген екен. 5. Жа?а саба?ты мотивациялау — Енді о?ушылар б?гінгі жа?а та?ырыпты ты?дауда, т?сінуде аса м??ият болайы?, енді плакатта?ы тірек с?здерді? ?айсысы та?ырып?а ?атысы жо? екендігін табатын уа?ыт та жа?ындап ?алды. Алдымен тарихи о?и?алар?а то?талса?: — Атом «б?лінбейді » деген ма?ынаны білдіреді. Зат атомдардан т?рады деген к?з?арас антикалы? заманда пайда бол?ан. — 18 ?асырда атомды? теория жа?а ?ар?ын алып дами бастады, б?л кезде атом затты? е? кіші б?лшегі болып саналды. — 1869 жылы Д.И.Менделеев химиялы? элементтерді? периодты? кестесін ашты, 1879 жылы В.Крукс сиретілген газда?ы электр разрядын зерттеу барысында катодты? с?улелерді ашты. 1897 жылы Дж.Томсон электронды ашты. 1909 жылы Милликен ал?аш рет электронны? зарядын ?лшеп, оны? элементар заряд?а те? екендігін аны?тады. — Термоэлектронды? эмиссия, фотоэффект ж?не т.б ??былыстар атомны? ??рамына электрондар кіретінін к?рсетті. Проблемалы? ситуация1- электрон теріс зарядтал?ан б?лшек болса, онда неге ?алыпты жа?дайда атомны? заряды білінбейді?(о?ушылардан жауап к?тіледі) — Себебі атомны? ішінде о? зарядтал?ан б?лшек те бар ж?не оны? м?лшері атомны? барлы? электрондарыны? зарядына те?. Сонда ?ана атом электрлі бейтарап бола алады. 6. Жа?а саба?ты актуальдау Атомны? ішіндегі электрондарды? ?оз?алысыны? м?н-жайы, о? зарядты иеленуші не н?рсе екендігі ол кезде бейм?лім еді. Я?ни атом ??рылысы ?андай екендігі белгісіз болды. — ХХ ?асырды? басында атомны? ??рылысы жайлы екі т?рлі модель ?сынылды. — А?ылшын физигі Дж.Томсонны? болжауынша атом дегеніміз о? зарядтал?ан б?лшекпен бір?алыпты зарядтал?ан сфера, ал электрондар осы сфераны? ішінде болады. Сфераны? о? зарядыны? м?лшері барлы? электрондарды? зарядына те?. Дж.Томсонны? б?л моделі с?тсіз шы?ты. Себебі, ол т?жірибеге негізделмеген еді. Физика тарихында б?л модель «ж?зімі бар пудинг» деген атпен есте ?алды. — А?ылшын физигі Э.Резерфорд атомны? ядролы? моделін ?сынды. Резерфорд моделі бойынша атомны? барлы? о? заряды т?гелімен ?те кішкене к?лемге шо?ырлан?ан, ол атомны? ядросы болып табылады. Ал электрондар ядроны? сыртында, оны айнала ?оз?алып ж?реді. — Б?л модельді? шы?уы альфа б?лшектермен ж?ргізілген т?жірибелерге негізделген еді. — Альфа б?лшектер дегеніміз не? Ол радиактивті заттар шы?аратын о? зарядтал?ан б?лшектер а?ыны, д?лірек айтса? екі рет иондал?ан гелий атомы. Альфа б?лшектер шапша? ?оз?алатын ед?уір ауыр б?лшектер. Сонды?тан ол б?лшектер затты? атомдарымен со?ты?ыс?анда атомны? ішіне енуі де м?мкін. — Т?жірибе: радиактивті препараттан ?шып шы??ан біртекті альфа-б?лшектерді? ?ор?асын са?ылаудан ?ткен параллель шо?ы алтыннан жасал?ан ж??а фольгадан ?тіп, фосфоресценцияла?ыш экран?а келіп т?седі. Б?л экранны? альфа б?лшек со?ыл?ан жерінен жылтылда?ан жары? к?рінеді. Оны сцинтилляция деп атайды Сцинтилляцияны микроскоп ар?ылы к?руге болады. Диафрагма мен экран бір т?зуды? бойында жат?анда, жылтылды? басым к?пшілігі экранны? центріне жиналады. Біра? сонымен ?атар экранны? шетіне таман жат?ан жылтылдар да бай?алады. ПС2: Б?л жылтылдар ?алай пайда болды? Себебі, фольгадан ?ткенде альфа-б?лшектерді? кейбіреулеріні? ба?ыты ?згерген. Микроскоп пен экранды айналдыра отырып, ба?ыла?анда 2-30 –?а ?згерген альфа-б?лшектер жиірек. Біра? кейде 900-тан ?лкен б?рыш?а б?рыл?ан альфа б?лшектер де бай?алады. ПС3: Ба?ыттарыны? ?згеруіні? себебін ?алай т?сіндіруге болады? Альфа- б?лшектерді? шашырауыны? себебі, олар?а атомны? ??рамында?ы электр зарядтары ?сер етеді. Сонда электронмен со?ты?ыс?анда оны? ба?ыты ?згере ?оймайды, ?йткені альфа б?лшектерді? массасы электронны? массасынан 8000 еседей арты?. Ал альфа б?лшектер атомны? о? зарядтал?ан б?лшегімен со?ты?ыс?анда, оларды? ба?ыты ед?уір ?згереді. Атомны? ішіндегі о? электр ?оздыр?ан ?те к?шті электр ?рісі бол?анда ?ана альфа б?лшекерге кері тебетін к?ш ?сер етеді, ол ?шін атомны? барлы? массасы ?те кішкене к?лемге жиналып, о?ан барлы? о? заряды шо?ырлан?ан болуы тиіс. Б?л атомны? ядросы болып табылады. 7. Жа?а саба?ты бекіту Атомны? ядролы? ?лгісі бойынша атомны? о? заряды оны? ортасында орналас?ан ж?не шамамен радиусы 10-15 м ?те аз к?лемге жина?тал?ан. Модель бойынша ядроны? радиусы атомны? радиусынан 100 000 есе кіші. ПС4: Сонымен электрон ядроны айнала д??гелек орбита бойымен ?оз?алса, б?л бізге таныс ?андай денелерді? ?оз?алысына ??сайды? — Атомны? б?л моделі К?н ж?йесіні? ??рылымына ??сайтын бол?анды?тан, оны атомны? планетарлы? моделі деп те атайды. — Сонымен б?гінгі та?ырыпта ?андай тірек с?здер ?олданылмады? 8. ?зіндік ж?мыс ?зіндік ж?мыс?а есеп шы?ару беріледі. 1) ?здіксіз режимде ж?мыс істейтін гелий-неон газ лазері ?уатын 40 мВт-?а жеткізіп, тол?ын ?зынды?ы 630 нм болатын монохроматты жары? с?улесін береді. Лазер 1 с ішінде неше фотон шы?арады?(1,3*1017 ) 2) Сутегі ультрак?лгін спектріні? е? ?лкен тол?ын ?зынды?ын табу керек.(121,5 нм) «Б?гінгі а?парат» пара?ын толтыруБ?гін не білдім? Нені білгім келеді? Б?гін нені т?сіндім? Ма?ан ?ай т?рбиелік с?з ?сер ?алдырды? 10. ?й тапсырмасы:§7.2 Атомны? ядролы? ?лгісі. Резерфорд т?жірибесі Пайдаланыл?ан ?дебиеттер: 1) С.Т?я?баев,Ш.Насохова,Б.Кронгарт,т.б. Физика -11., Алматы, «Мектеп ». 2007 2) П.Полатбеков, Оптика, А., «Мектеп ». 1981 3) С.В.Громов, физика -11, А., «Просвещение-?аза?стан».2007 4) А.П.Рымкевич, Физика есептеріні? жина?ы, А. «Рауан ». 1998 5) Как улучшить память, «Ридерз Дайджест», Франция.2006 6) Ф.М.Дягилев, Из истории физики и жизни ее творцов, Москва, «Пр
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Атомны? ядролы? ?лгісі.Резерфорд т?жірибесі."»

Сабақтың тақырыбы: Атомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Резерфорд тәжірибесі мен оның нәтижесі туралы баяндау. Атомның ядролық моделінің негізгі ерекшеліктерін сипаттау

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, 7-9 сыныпта атом жайлы алған білімдерін жетілдіру

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өздерінің қабілеттеріне сенімді болуға, ой еңбегінің мәдениетіне, өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне, ұжымда жұмыс істей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: проблемалық ситуация, түсіндіру, физикалық диктант


Дидактикалық материалдар: «Физикалық диктант» , “Бүгінгі ақпарат » парақшалары


Құрылғылар: эпидиаскоп№ Сабақтың құрылымы Сабақтың хронологиясы

1 Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

2 Интеллектуальдық жаттығу 4 мин

3 Үй тапсырмасын сұрау



«Физикалық диктант » 5 мин

4 Үй тапсырмасын бекіту 3 мин

5 Жаңа сабақты мотивациялау



1) Проблемалық ситуация 5 мин

6 Жаңа сабақты актуальдау



2) Проблемалық ситуация 6 мин

7 Жаңа сабақты бекіту



3) Проблемалық ситуация 8 мин

8 Өзіндік жұмыс 10 мин

9 «Бүгінгі ақпарат» парағын толтыру 1,5 мин

10 Үй тапсырмасы 30 сек




Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

б) оқушыларды түгелдеу, «Бүгінгі ақпарат» парақшасын тарату

в) психологиялық дайындық

-Бірде Эйнштейн жолдастарының үйінде қонақта отырғанында 18 жасар қызбен танысты. «Сіздің мамандығыңыз қандай?»- деп сұрады ақ шашты ғалымнан ол қыз. «Мен өз өмірімді физиканы зерттеуге жұмсадым», — деп жауап берді Эйнштейн. «Сіз осы жасыңызда әлі де физиканы оқисыз ба?- Мен оны бұдан бір жыл бұрын- ақ бітіргенмін» деді бикеш. Физикамен қоштасуға болмайды. Қадам бассаң техниканың әрбір жетістігі, микродүние, макродүние, тіпті мегадүниедегі тылсым, жұмбақ құбылыстардың ашылуы физика ғылымының ҒТП -дегі ролінің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Қазіргі 21 ғасыр — ақпарат ғасыры. Бұл ғасырда Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауындағы «Өмір бойы білім алу керек» қағидасы әрбірімізге жол сілтейтін қағида болу керек. Сондықтан білім алу жолында «Талап пен еңбек, бәрін де жеңбек » деген қанатты сөзбен сабағымызды бастаймыз.

2. Интеллектуальдық жаттығу «Назар сал!»

Біз көбінесе есте сақтау қабілетімізге шағым айтамыз, ал негізінде барлық кемшілік назар аудармауда. Активті назар аударудың алтын ережесі:

— барлық жаңа нәрсені қабылдауға әрқашан дайын болып жүру, егер сізге жаңа маңызды ақпарат алу керек болса, сол кезде ойдағы басқа жағдайлардың барлығын ысыра тұрыңыз

Мен қазір тақтаға бүгінгі сабақта кездесетін тірек сөздер жазылған плакатты ілемін. Жақсылап назар салып қарап аламыз. Соның ішінде екі сөздің бүгінгі тақырыпқа еш қатысы жоқ. Сол сөзді сабақ соңында табуымыз керек. Ол үшін сабақта мұқият назар салып отыруларың керек. Плакатта мынадай тірек сөздер жазылады:

— «жүзімі бар пудинг»

— Қорғасын контейнер

— Альфа-бөлшектер

— Сцинтилляция

— температура

— Атом ядросы

— Атомның планетарлық моделі

— Сәуленің сынуы

3. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасы оқушылардан физикалық диктант түрінде сұралады. Физикалық диктант 2 нұсқада жасалады. Оқушылардан алдын ала кітап, оқулықтарды жауып қоя тұруын сұраймыз.

І-нұсқа

1. Сиретілген газдар немесе кез келген химиялық элементтің буларын қыздырғанда жарық шығара бастайды.

2.Егер осы жарықтың жіңішке шоғын призма арқылы өткізіп, спектрге жіктейтін болсақ, жіңішке жарқыраған айқын сызықтар көрінеді. Осындай сызықтар жиынтығы сызықтық спектр деп аталады.

3. Әр газдың өзіне тән спектрі болады.

4. Спектрдің әрбір сызығына нақты бір толқын ұзындығы, яғни жиілік сәйкес келеді.

5. Сызықтық спектрдің ішіндегі ең қарапайымы- сутегі спектрі

ІІ-нұсқа

1. Сутегі спектрінің көрінетін бөлігіндегі барлық сызықтардың жиілігін анықтауға арналған формула Бальмер формуласы деп аталады.

2. Спектрлерді көзбен көруге арналған аппарат спектроскоп деп аталады.

3. Ол коллиматор, призма және көру түтігінен тұрады.

4. Спектр бойынша заттың химиялық құрамын анықтау әдісін – спектрлік анализ немесе спектрлік талдау деп атайды.

5) Бальмер формуласы ν=R(1/m2-1/n2)

Оқушыларға физикалық диктантты толтыру үшін 2 минут уақыт беріледі. Олар уақыт аяқталғанда бір-бірімен дәптерлерін өзара алмастырып, мұғалімнің физикалық диктантты дұрыс оқуы арқылы қателерін тексереді.


4. Үй тапсырмасын бекіту

Оқушылардан спектрлер жайында қандай басқа ақпарат іздестіргендігі сұралады және бекіту ретінде төмендегідей қызықты мәліметтер айтылады:

Спектрлік талдау арқылы берілген үлгідегі массасы 10-10г-ды құрайтын химиялық элементтің бар жоғын анықтауға болады.

Спектрлік талдаудың көмегімен Күнде 70-ке жуық химиялық элементтердің бар екені анықталды және гелий элементі бірінші Жер бетінде емес, Күнде табылған.

Густав Кирхгоф Күнде алтынның бар екендігін анықтағанда, бір танысы : «Сенің күн алтыныңнан не пайда? Өйткені бәрібір оны Жерге жеткізе алмайсың!» -деген екен. Бірнеше жылдан кейін Кирхгоф өзінің Күн спектрін зерттегені үшін алтын медаль алды. Оны өзінің танысына көрсете отырып, Кирхгоф айтыпты: «Көріп отырғаныңдай, Күн спектрі бәрібір маған шамалы алтын берді»- деген екен.

5. Жаңа сабақты мотивациялау

— Енді оқушылар бүгінгі жаңа тақырыпты тыңдауда, түсінуде аса мұқият болайық, енді плакаттағы тірек сөздердің қайсысы тақырыпқа қатысы жоқ екендігін табатын уақыт та жақындап қалды.

Алдымен тарихи оқиғаларға тоқталсақ:

— Атом «бөлінбейді » деген мағынаны білдіреді. Зат атомдардан тұрады деген көзқарас антикалық заманда пайда болған.

— 18 ғасырда атомдық теория жаңа қарқын алып дами бастады, бұл кезде атом заттың ең кіші бөлшегі болып саналды.

— 1869 жылы Д.И.Менделеев химиялық элементтердің периодтық кестесін ашты, 1879 жылы В.Крукс сиретілген газдағы электр разрядын зерттеу барысында катодтық сәулелерді ашты. 1897 жылы Дж.Томсон электронды ашты. 1909 жылы Милликен алғаш рет электронның зарядын өлшеп, оның элементар зарядқа тең екендігін анықтады.

— Термоэлектрондық эмиссия, фотоэффект және т.б құбылыстар атомның құрамына электрондар кіретінін көрсетті.

Проблемалық ситуация1- электрон теріс зарядталған бөлшек болса, онда неге қалыпты жағдайда атомның заряды білінбейді?(оқушылардан жауап күтіледі)

— Себебі атомның ішінде оң зарядталған бөлшек те бар және оның мөлшері атомның барлық электрондарының зарядына тең. Сонда ғана атом электрлі бейтарап бола алады.

6. Жаңа сабақты актуальдау

Атомның ішіндегі электрондардың қозғалысының мән-жайы, оң зарядты иеленуші не нәрсе екендігі ол кезде беймәлім еді. Яғни атом құрылысы қандай екендігі белгісіз болды.

— ХХ ғасырдың басында атомның құрылысы жайлы екі түрлі модель ұсынылды.

— Ағылшын физигі Дж.Томсонның болжауынша атом дегеніміз оң зарядталған бөлшекпен бірқалыпты зарядталған сфера, ал электрондар осы сфераның ішінде болады. Сфераның оң зарядының мөлшері барлық электрондардың зарядына тең. Дж.Томсонның бұл моделі сәтсіз шықты. Себебі, ол тәжірибеге негізделмеген еді. Физика тарихында бұл модель «жүзімі бар пудинг» деген атпен есте қалды.

— Ағылшын физигі Э.Резерфорд атомның ядролық моделін ұсынды. Резерфорд моделі бойынша атомның барлық оң заряды түгелімен өте кішкене көлемге шоғырланған, ол атомның ядросы болып табылады. Ал электрондар ядроның сыртында , оны айнала қозғалып жүреді.

— Бұл модельдің шығуы альфа бөлшектермен жүргізілген тәжірибелерге негізделген еді.

— Альфа бөлшектер дегеніміз не? Ол радиактивті заттар шығаратын оң зарядталған бөлшектер ағыны, дәлірек айтсақ екі рет иондалған гелий атомы. Альфа бөлшектер шапшаң қозғалатын едәуір ауыр бөлшектер. Сондықтан ол бөлшектер заттың атомдарымен соқтығысқанда атомның ішіне енуі де мүмкін.

— Тәжірибе: радиактивті препараттан ұшып шыққан біртекті альфа-бөлшектердің қорғасын саңылаудан өткен параллель шоғы алтыннан жасалған жұқа фольгадан өтіп, фосфоресценциялағыш экранға келіп түседі. Бұл экранның альфа бөлшек соғылған жерінен жылтылдаған жарық көрінеді. Оны сцинтилляция деп атайды Сцинтилляцияны микроскоп арқылы көруге болады. Диафрагма мен экран бір түзудың бойында жатқанда, жылтылдың басым көпшілігі экранның центріне жиналады. Бірақ сонымен қатар экранның шетіне таман жатқан жылтылдар да байқалады.

ПС2: Бұл жылтылдар қалай пайда болды?

Себебі, фольгадан өткенде альфа-бөлшектердің кейбіреулерінің бағыты өзгерген. Микроскоп пен экранды айналдыра отырып, бақылағанда 2-30 –қа өзгерген альфа-бөлшектер жиірек. Бірақ кейде 900-тан үлкен бұрышқа бұрылған альфа бөлшектер де байқалады.

ПС3: Бағыттарының өзгеруінің себебін қалай түсіндіруге болады?

Альфа- бөлшектердің шашырауының себебі, оларға атомның құрамындағы электр зарядтары әсер етеді. Сонда электронмен соқтығысқанда оның бағыты өзгере қоймайды, өйткені альфа бөлшектердің массасы электронның массасынан 8000 еседей артық. Ал альфа бөлшектер атомның оң зарядталған бөлшегімен соқтығысқанда, олардың бағыты едәуір өзгереді. Атомның ішіндегі оң электр қоздырған өте күшті электр өрісі болғанда ғана альфа бөлшекерге кері тебетін күш әсер етеді, ол үшін атомның барлық массасы өте кішкене көлемге жиналып, оған барлық оң заряды шоғырланған болуы тиіс. Бұл атомның ядросы болып табылады.

7. Жаңа сабақты бекіту

Атомның ядролық үлгісі бойынша атомның оң заряды оның ортасында орналасқан және шамамен радиусы 10-15 м өте аз көлемге жинақталған. Модель бойынша ядроның радиусы атомның радиусынан 100 000 есе кіші.

ПС4: Сонымен электрон ядроны айнала дөңгелек орбита бойымен қозғалса, бұл бізге таныс қандай денелердің қозғалысына ұқсайды?

— Атомның бұл моделі Күн жүйесінің құрылымына ұқсайтын болғандықтан, оны атомның планетарлық моделі деп те атайды.


— Сонымен бүгінгі тақырыпта қандай тірек сөздер қолданылмады?

8. Өзіндік жұмыс


Өзіндік жұмысқа есеп шығару беріледі.


1) Үздіксіз режимде жұмыс істейтін гелий-неон газ лазері қуатын 40 мВт-қа жеткізіп, толқын ұзындығы 630 нм болатын монохроматты жарық сәулесін береді. Лазер 1 с ішінде неше фотон шығарады?(1,3*1017 )


2) Сутегі ультракүлгін спектрінің ең үлкен толқын ұзындығын табу керек.(121,5 нм)

«Бүгінгі ақпарат» парағын толтыруБүгін не білдім? Нені білгім келеді? Бүгін нені түсіндім? Маған қай тәрбиелік сөз әсер қалдырды?



10. Үй тапсырмасы:§7.2 Атомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесі





Пайдаланылған әдебиеттер:



1) С.Тұяқбаев,Ш.Насохова,Б.Кронгарт,т.б. Физика -11., Алматы, «Мектеп ». 2007


2) П.Полатбеков , Оптика, А., «Мектеп ». 1981


3) С.В.Громов, физика -11, А., «Просвещение-Қазақстан».2007


4) А.П.Рымкевич, Физика есептерінің жинағы, А. «Рауан ». 1998


5) Как улучшить память, «Ридерз Дайджест», Франция.2006


6) Ф.М.Дягилев, Из истории физики и жизни ее творцов, Москва, «Просвещение»,1986


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Атомны? ядролы? ?лгісі.Резерфорд т?жірибесі."

Автор: Сембиева Гулдария

Дата: 22.12.2015

Номер свидетельства: 269347


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства