kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "?лтты? ойындарды пайдаланып есептер шы?ару"

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?т?бе облысы Шал?ар ауданы Т?малык?л ауылы М.Орынбасаров атында?ы орта мектебіні? физика п?ніні? м??алімі Наурызбай Лиза Сайлыбай?ызыны? 7 сыныпта ?ткізген "?лтты? ойындарды пайдаланып есептер шы?ару" та?ырыбында ?ткізген ашы? саба?ы.Саба? барысында о?ушыны? білімі мен патриотты?  сезімін ас?а?атату, ?лтты? ойындарды насихаттау.Саба? барысында о?ушы ты? ма?л?матттар алып, білгенімен білетінін ?штастырды. Жан -жа?ты пайдалана алады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "?лтты? ойындарды пайдаланып есептер шы?ару" »

Ашық сабақ.

Пәні Физика 7сынып күні Бекітемін: Күсебай Р

Сабақтың тақырыбы:Ұлттық ойындарды пайдалана отырып есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: .«Архимед күші» ұғымы туралы түсінік қалыптастыру, «архимед күші» қандай шамаларға байланысты екенін түсіну, тақырып бойынша есеп шығаруға дағдылану, өздерінің ойлау қабілетін, алған білімдерін тиянақтап дамыту.

2.Дамытушылық: Іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін дамыту, жеке оқушылардың білімін арттыру,ой-өрісін,формулаларды құра білу қабілетін, бейімділігін дамыту,оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу.

3.Тәрбиелік: Халқымыздың өткен тарихына көз жібере отырып, ұлттық өнерді, халықтық кәсіпті тану, үйреніп бағалай білу,қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы ұлттық тәрбие беру,алғырлыққа, тез ойлауға үйрену

Сабақтың түрі:жарыс сабақ.

Сабақтың типі:қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі:есептер шығару.

Сабақтың көрнекілігі:Ұлттық ойындар буклеті,электронды оқулық,магниттік тақта, проектордың көмегімен үлкен экранды пайдаланамыз. Архимед күшінің теориялық тұжырымдамасы жазылған плакаттар,


Пәнаралық байланыс:Математика,информатика.

Сабақтың жоспары.

1.Көкпар ойыны (тест орындайды).

2.Бұрыш ойыны (логикалық есеп).

3.Бәйге ойыны (есеп шығару арқылы мәреге 1-жету).

4.Ақсүйек ойыны (жасырынған формуланы тап).

5.Қазақша күрес (қиындатылған есептер шығару).

6.Көрші-көрші ойыны .«Ойлан,жұптас,бөліс» стратегиясы бойынша (Тәжірибе жасау).

7 .Қорытынды.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру. Ынтымақтастық атмосферасы «Күліп жүрейік».

1.Оқушылардың сабаққа дайындығын ұйымдастыру.Тақтада ілулі тұрған қоржыннан номерленген қағаздар арқылы сынып «Наурыз»және «Көктем» болып 2 топқа бөлінеді.

«Наурыз» тобының сәлемдесуі

Қорықпай қырға шығайық,

Ерінбей еңбектенейік!

«Көктем» тобының сәлемдесуі

Арманың биік болсын,

Қиялың жүйрік болсын!

2.Есептер шығару.

Бүгін міне шықты оқушылар жарысқа,

Оқушылар бір-біріңнен қалыспа.

Білім нәрін сусындатып есептің.

Оқушы мен оқушы боп жарыста.

а) «Көкпар» ойыны.Әр топқа 10-сұрақтан тест беріліп , жауап алынады.

ә) «Бұрыш ойыны» үлестірме қағаздармен есептер (2 топқа 5 – есептен)

б) «Бәйге ойыны»Бәйге ойыны-ат жарысы.Оған жүйрік,бапталған атпен шабандоздар қатысады,ендеше есептер шығару ақылы шабандозды таңдап аламыз.

Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,

Қосатұғын күрең атын,боз атын.

Басталады«Бәйге» атты жарысың,

Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын.

Электрондық оқулық арқылы екі топқада,әр балаға жеке-жеке есептер беріледі.Қай топ дұрыс,әрі бірінші шешеді? ( 2 топқа 6 – есептен)

в) «Ақсүйек ойыны»Мұнда екі топқада постер беріледі.Постерде берілген тапсырманы оқушылар топтасып орындайды. Қай топ бірінші болады,сол топ жасырынған сүйекті тауып алады .Сүйекті тапқан топ жеңіске жетеді.

г) «Қазақша күрес»Бұл ойында «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» дегендей,білімдерін есептер шығару арқылы көрсетеді.Бұл жерде екі топтың топ басшысы шығып тақтада есептер шығарады.Қай топтың топ жетекшісі бірінші болса, жеңіс сонда. ( 2 топ басшысы 1 – есептен) қалған оқушылар тәжірибелер орындайды

д) «Көрші-көрші ойыны» кітаппен жұмыс.«Ойлан,жұптас,бөліс» стратегиясы бойыша.Мұнда екі топ өздері үйде дайындаған есептерін бір - бірімен алмасып шығарады. ( 2 топқа 1 – есептен)

3.Қорытындылау:Мұғалімнің сөзі:Сабақтың соңы міне аяқталды.«Балалар бұл тақырыптарды тек қана физика сабағында ғана емес басқа сабақтардада,күнделікті өмірдеде ,тұрмыстада кеңінен қолданамыз.Оны бүгін сабақта көрдік.т.с.с.»

4.Бағалау. Балаларды мадақтау

5.Үйге тапсырма. Тарауды қайталау. №23 жаттығулар есептерін шығару

Алдымызда жайнаған жүздері әлі,

Сіздермен кездесеміз біздер әлі.

Ағайлар мен апайлар сау болыңыз,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі!- деп сабағымызды аяқтаймыз.

Бұл сабақ оқушыларды қазақтың салт-дәстүріне,әдет ғұрпына насихаттау,үгіттеу мақсатында өткізіліп отыр.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ашы? саба? "?лтты? ойындарды пайдаланып есептер шы?ару"

Автор: Наурызбай Лиза Сайлыбай?ызы

Дата: 06.05.2015

Номер свидетельства: 208709


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства