2. Шалаөткізгіштерге қандай және қанша химиялық элемент жатады?
Есептер шығару
1.Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3 с жұмыс істегенде, ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.
2. Тәжірибені орындау кезінде катодтан 4 А ток өткенде, 20 мин ішінде массасы 1,5 г мыс бөлінді. Тәжірибелік мәліметтерге сүйене отырып, мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтаңдар.
Тұрақты және қарапайым магниттер деп
магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады.
Мұндай денелерге табиғи магниттік теміртас жатады.
Тұрақты магниттердің қасиеттері:
Магниттің әртүрлі бөліктері әртүрлі магниттеледі, ең
көп магниттік тартылу күші магниттік полюстер деп
аталатын магниттің ұштарында болады. Магниттің бір
біріне ұқсамайтын екі полюсі бар.
Солтүстік:N
Оңтүстік:S
Магниттің түрлері көп: таға тәрізді, жолақ магниттер болып табылады.
Таға тәрізді және жолақ магниттер
Тұрақты жолақ магниттің магнит өрісі
Таға тәрізді магниттің магнит өрісі
Магнит темір рудасының орасан зор кені бар жер қойнауында жергілікті магнит өрістері пайда болады. Мұндай жергілікті өрістер магниттік аномалиялар деп аталады.Ең бір үлкен магниттік аномалия - Ресейдегі Курск магниттік аномалиясы болып табылады.
БЕКІТУ СҰРАҚТАРЫ:
Тұрақты магниттер дегеніміз не?
Магниттің қанша полюсі бар?
Аномалия ұғымына түсінік?
Оңтүстік және солтүстік полюстер қалай белгіленеді?
СӨЗЖҰМБАҚ
ШЕШУ
7.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Табиғаттағы денелер мен құбылыстардың неғұрлым жалпылама қасиеттері жайлы сипаттайтын ғылым саласы?
Тұз, қышқыл және сілті ерітінділері арқылы ток өткенде электродтарда зат бөліну құбылысы қалай аталады?
Ток күшін өлшейтін құрал?
Қалыңдығы өткізгіштердің өлшемдерімен салыстырғанда өте аз, диэлектрик қабатымен бөлінген қосөткізгіштен тұратын жүйе қалай аталады?
Сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі?
Сұйықтың барлық көлемінде жүретін булану қалай аталады?
Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасын қалай атаймыз?