kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1) Бай?о?ыр – ?аза? даласыны? ?арышты? айла?ы, 2) ?ысым. 3) Тізбек б?лігі ?шін Ом за?ы.Электр кедергісі. ?ткізгішті? меншікті кедергісі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

1) Бай?о?ыр-?аза? даласыны??арышты? айла?ы.(?арышкерлер к?ніне арнал?ан сайыс, сыныптан тыс іс-шара)

2)?ысым та?ырыбына берілген ашы? саба? (7-сынып)

?ысымны? таби?атта кездесетін іс - ?рекеттерін т?жірибе ар?ылы к?рсету

3) Тізбек б?лігі ?шін Ом за?ы. (8-сынып) 

?ткізгіштерді тізбектей ж?не параллель жал?ау ар?ылы Ом за?ын т?сіндіру

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1) Бай?о?ыр – ?аза? даласыны? ?арышты? айла?ы, 2) ?ысым. 3) Тізбек б?лігі ?шін Ом за?ы.Электр кедергісі. ?ткізгішті? меншікті кедергісі. »




Бекітемін: /М.Жайғалиева/



Тақырыбы: Байқоңыр – қазақ даласының ғарыштық айлағы.

(ғарышкерлер күніне арналған сайыс)


Мақсаты: оқушылардың бойына Отансүйкіштік,адамгершілік қасиеттерді

қалыптастыру,ғарыш саласы туралы білімдерін толықтыру.

а/ білімділік:оқушыларға ғарыш саласы туралы түсінік бере отырып,

Байқоңыр айлағының маңызды қасиеттерін түсіндіру.

б/дамытушылық:оқушылардың ғарыш туралы шығармашылық қабілетін

дамыту.

в/тәрбиелік: қоршаған ортаның тазалығы туралы және салауатты өмір

салтын ұстануға тәрбиелеу.


1.Ұйымдастыру бөлімі.Кіріспе сөз.

2.Баяндамалар «Халық қаhармандары»(Т.Мусабаев пенТ.Әубәкіров)

3.»Ойлан,тап» викториналық сұрақтар.

4.»Жердің серігі - Ай» суреттер көрмесі

5.»Тапқырлар,білгірлер» галактикадағы жаңалықтарға шолу.

6.Қорытындылау,марапаттау.


1.Кіріспе сөз.1961 жылы 12 сәірде қазақ даласындағы »Байқоңыр» ғарыш

айлағынан ішіне адам отырғызылған ғарыш кемесі ұшырылды.

Ю.А.Гагарин әлемде тұңғыш рет ғарышқа сапар шекті.Космодром құрылысы 1955 жылы басталып,1957 жылы мамыр айында пайдалануға

берілді.»Байқоңыр» қазақ тілінде бай,алтын жер деген мағнаны білдіреді.

Қазақтың осы бай алтын жерінен бірнеше комос карабльдері ұшырылды.

1991 жылы 2-10 қазан аралығында Талғат Мусабаев пен Тоқтар Әубәкіров

«Союз-ТМ -13» кораблімен «Мир» стансасында ұшу сапарын жасады.


Сайысқа 2 топ қатысады.1-топ «Капелла» ,2-топ «Комета».

1-жүргізуші.

...Неліктен

Жуық жұлдыз ұран бізге?

Неліктен

Жыр арқауы – қыран түзде?

Неліктен

Сұлулықтың асқар бәрі?

Неліктен

Жауап берер жырауды ізде.





2-хүргізуші.

Суарып дариялар даламызды,

Жарықпен жайнатады қаламызды

Жүрек-Жер айналады ұршығындай

Шүйкедей ширатып сай-саламызды.

Күйінсең

Қиялы ұшқыр жандай күйін

Ғарышта

Жермен бірге самғайды үйің

Көмескі-

Бір көрініп,

Бір жоғалған-

Жұлдызға жол салу,дос қандай қиын.


Баяндама.»Халық қаhармандар»(Т.Әубәкіров пен Т.Мусабаев туралы).


2-жүргізуші.

«Ойлан,тап» викториналық сұрақтар (Әр дұрыс жауап 1 ұпай).

1.»Байқоңыр» ғарыш айлағынан орбитаға бірінші болып жердің жасанды

серігі қай жылы ұшырылды? (1957 жылы)

2.Планетаның тұңғыш ғарышкері А.Ю.Гагарин қай жылы қадам басты?

(1961 жылы 12 сәуір).

3.1961 жылы 6 тамызда ұзағырақ ұшқан екінші ғарышкер кім?(Герман Титов)

4.»Байқоңыр» ғарыш айлағынан қанша зымыран,неше ғарыш аппараты

және қанша ғарышкер ғарышта болып қайтты? (2500 зымыран,3000-нан

астам ғарыш аппараты,130-дан астам ғарышкер).

5.Қазіргі заманғы химиялық отындарды пайдаланатын зымырандардағы

газ ағынының жылдамдығы қандай?(4 км/с-тан артпайды).

6.»Байқоңырдан» қандай ғарыш кемелері ұшырылды? («Восток»,«Восход»,

«Союз», «Прогресс», «Мир»)

7.»Байқоңыр» айлағы қанша шаршы километр аумақты алып жатыр?

(солтүстіктен оңтүтікке қарай 75 километр,батыстан шығысқа қарай 90

километрге созылатын 6717 шаршы километр аумақты алып жатыр).

8.Ғарышқа алғашқы қадам жасау идеясын ұсынған ғалым?(К.ЭЦиолковский)

9.К.Э.Циолковскийдің идеяларын жалғастырған орыс ғалымы кім?(Королев)

10.Осы күнгі зымырандардың жасалуы неше сатыдан тұрады?(бірнеше әр

сатыда отын қоры болады.).










1-хүргіуші.

Болмаған кезде сәуле жарық елде,

Ұштасып бәрімен де ,

Әріменде

Нұр болып түн түнекті түріп тастау

Қиындау,

Қиынырақ бәрінен де.



«Жер серігі- Ай» суреттер көрмесі.(2 топ өздерінің салған суреттерін

түсіндіріп,қорғайды. мазмұндылығы,өзектілігі.).


5.»Тапқырлар,білгірлер» галактикадағы жаңалықтарға шолу.

(әр топ кезек-кезек жаңалықтарға тоқталады.)

1.1961 жылы 12 сәуір күні қазақтың ғарыш алаңы «Байқоңырдан» ұшқан

Юрий Гагарин жер шарын айналып шықты.Жерге оралғаннан кейін айтқан

оның бірінші сөзі мынадай:»Мен осы планетаның тұрғынымын».

2.1961 жылы 5 мамырда американдық Шеперд атмосферадан жоғары

көтерілді.

3.1969 жылы 20 шілдеде бірінші рет Ай бетіне Америка ғарышкері

Нил Армстронг із тастады.

4.1975 жылы 15 шілдеде Америка және Кеңес Одағының ғарышкерлері

ғарышта бірінші рет қол алысып амандасты.

5.1990 жылы ғарыш зонды «Улисс» ұшырылды,ал қазір бізге жақын жұлдыз

Күнді зерттеумен айналысып жатыр.Оның көмегімен Күннің оңтүстік

полюсінен шығатын газ ағыны 300 млн. км/сағ жылдамдықпен

қозғалатыны анықталды.

6.2015 жылы «Вояджер» соңғы рет жермен байланысқа шығады,сонда

ол күн жүйесі маңайынан алынған барлық информацияны жерге жібереді.


6.Қорытындылау.марапаттаулар.














Бекітемін: /М.Жайғалиева/



Тақырыбы: Қысым.

Мақсаты: қысым, қысым бірліктерін күнделікті өмірде кездесетін

мысалдар арқылы түсіндіру.

а/білімділік: қысым туралы алған білімдерін пысықтау,пәнге деген

қызығушылығын арттыру.

б/дамытушылық: оқушылардың жан-жақты білім алуына бағыт-

бағдар беру,қабілетін тануға көмектесу,ой-өрісін дамыту.

в/тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа,жауапкершілікке,топпен жұмыс

істей білуге,ынта-ықыласының артуына,адамгершілікке

тәрбиелеу.


Сабақтың жүру барысы.

1.Ұйымдастыру бөлімі.(түрлі-түсті фигураларды таңдау

арқылы сыныпты

2 топқа бөлеміз.) 1-ші топ «Кеңістік»,2-ші топ «Уақыт».

2.Үй тапсырмасын тексеру.»Қызығушылықты ояту» «Кім шапшаң?»

қайталау сұрақтары. «Не білемін?»

3.Жаңа тақырыпты меңгерту.»мағынаны тану» «Не білгім келеді?»

4. «Көкпар» суреттер бойынша әңгімелер құрастыру.

5. «Сен білесің бе?» қызықты тәжірибелер.

6. «Сабақты бекіту.»Ой толғаныс» кезеңі.»Мен нені білдім?»

есептер шығару.

^ оқулық бойынша есептер

^ логикалық есептер

^ деңгейлік тапсырмалар.

Қорытындылау.Бағалау.Үйге тапсырма §33

1.Физика және астрономия қандай ғылым грекше аудармасы қандай?

(фюзис-табиғат,астрон-жұлдыз,номос-заң)

2.Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қандай?

(барлық заттар ұсақ бөлшектерден тұрады,олар үздіксіз,

ретсіз қозғалыста

болады. және өзара әрекеттеседі)

3.Зат неден тұрады?(молекулалардан)

4.Молекулалар неден тұрады? (атомдардан)

5.Заттың үш күйі.(қатты,сұйық,газ)

6.Температура дегеніміз не? (заттың жылулық тепе-теңдәк күйін

сипаттайтын шама)

7.Диффузия дегеніміз не?(әр заттың молекулаларының екінші заттың

молекулаларының араларына енуі).

8.Жылдамдық дегеніміз не,өлшем бірлігі қандай?(орын ауыстырудың

сол уақыт аралығына қатынасы, км/сағ,м/с).

9.Заттың тығыздығы дегеніміз не,өлшем бірлігі қандай?

(көлем бірлігіндегі

массасына тең физикалық шаманы айтады. кг/м3)

10.Динамометр қандай құрал?(күшті өлшейтін құрал)

2.Жаңа тақырыпты меңгерту..»мағынаны тану» «не білгім келеді?»

Қысым бетке әрекет ететін перпендикуляр бағытта күштің беттің

ауданының қатынасымен анықталады.Белгілі бір бетке түсетін күш

әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды..

қысым=күш/аудан P=F/Ѕ F=PЅ Ѕ=F/P P=Па(Паскаль)

еселік-үлестік өлшем бірліктер.

1гПа(гектопаскаль)=102, 1кПа(килопаскаль)=103, 1МПа(Мегапаскаль)=106,

Мысалы:қайшы,пышақ,ине сияқты алуан түрлі

құралдарды пайдаланамыз.

Бұл құралдардың кесетін жүзінің ауданын кішірейтсек қысым

үлкен болады.

Табанының ауданы үлкен болса,қысым аз түседі.Мысалы

:шаңғымен жүрген бала қар үстінде жеңіл жүреді.


3.«Көкпар»суреттер бойынша әңгімеқұрастыру.(мазмұндылығы,

өзектілігі)

4. «Сен білесің бе?» қызықты тәжірибелер көрсету.


Саған керегі: Ұзындығы 25-30 см болатын пластмасса таяқша бірдей екі әуе шары, жіп, қарындаш

Тәжірибе барысы:

  1. Таяқшаның ортасын қарындашпен белгілеп, жіппен ілгек жасап, оны таяқшаның ортасына байла.

  2. Шарларды таяқшаның екі ұшына ұзындығы бірдей жіппен байлап бекіт.

  3. Таяқшаның ортасындағы ілгектен таяқшаны көтеріп ұста. Олар теңгеріліп тұрады.

  4. Шарлардың бірін өте қатты үрлеп, екі шарды қайтадан өлше.






Не байқалады?

Ауасы бар шар ілінген жағындағы таяқша төмен түседі, ал екінші ұшы жоғары көтеріледі

Себебі: ауаның массасы бар, сондықтан бос шарға қарағанда ауасы бар шар ауырлау келеді


5. «Сабақты бекіту.»Ой толғаныс» кезеңі. «мен нені білдім?» есептер шығару.

1.Массасы 6000 кг жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы 2000 см2 .

Оның топыраққа түсіретін қысымы қандай?

2.Күй табақтың инесі оны ойнатқанда 0,27 Н күш түсіреді.Егер ине ұшының ауданы 0,0003 см2 болса,оның қысымы қандай болар еді?

3.3кН күш 600 см2 ауданға бірқалыпты әсер етеді.Сонда қысым күші қандай?

4.Массасы 78 кг спортшы шаңғыда тұр.Әр шаңғының ұзындығы 1,95 м ені 8 см.Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр.

5.Лимонад пен минералды су жабық шөлмекте тыныш тұрады,ал тығынын

алса қайнай бастайды?

6.Құрғақ отын жанғанда неге сатұр-сұтыр етеді?

7. деңгейлік тапсырмалар.1-ші,2-ші нұсқалар.


Қорытындылау.Бағалау.Үйге тапсырма.

























Бекітемін: /М.Жайғалиева/


Тақырыбы:Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.Электр кедергісі.

Өткізгіштің меншікті кедергісі.

Мақсаты:Тізбек бөлігі үшін Ом заңы мен өткізгіштің

меншікті кедергісінің

формуласын қорытып шығару,өлшем бірліктері мен заңдылық-

тарын оқып үйрену.

а/білімділік:оқушылардың тұрақты ток заңдарын меңгергендігі туралы

білімдерін тексеру,пысықтау.

б/дамытушылық:оқушылардың ойлау қабілетін ,ізденісін,есте сақтау

және ой-өрісін дамыту.

в/тәрбиелік:оқушыларды ұқыптылыққа,өз бетімен

жұмыстануға ,шапшаң-

дыққа үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі : топтық,жеке жұмыс,сұрақ-жауап,салыстыру.

Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.Графикалық диктант.

«Қызығушылықты ояту»

3.Жаңа тақырыпты меңгерту. «Ой қозғау»

(Т- кестесі арқылы физикалық шамаларды қайталау)

4.Бекіту .»мағынаны тану» есептер шығару.

5.Бағалау. оқушылардың әрбір тапсырма бойынша алған бағаларын

қорытындылау.

6.Қорытындылау.Үйге тапсырма §38,39


2.Үй тапсырмасын тексеру.»Қызығушылықты ояту»

графикалық диктант.

1.Электр тогы зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.

2.Токтың жылулық әрекеті өткізгіштерді химиялық

ерітіндіге батырғанда жүреді

3.Токтың химиялық әрекеті химиялық ерітіндіге батырылған металл

өткізгіш бойымен ток өткенде заттар бөлінеді.

4.Магниттік әсер өткізгіштерді химиялық ерітіндіге

батырғанда жүреді.

5.Токтың физиологиялық әсері жануардар бойымен ток

өткенде бұлшық еттердің жиырылуынан болады.

6.Бөгде күштердің әсерін сипаттайтын шама жұмыс-А

7.Электр қозғаушы күш Э.Қ.К бөгде күштің жұмысының

электр зарядына

қатынасы.

8.Электр тогын өлшейтін құрал-Вольтметр

9.Ток күші-өткізгіштің көлденең қимасы арқылы

тасымалданатын зарядтың уақытқа қатынасы.

10.Вольтметр тізбекке тізбектей жалғанады..

Жауабы: ( ۸-۸-۸-۸-۸-)

3.Жаңа тақырыпты меңгерту.»Ой қозғау» (Т кестесі арқылы физикалық

шамаларды қайталау.)


Физикалық

шама

Белгіленуі

Өлшем

бірлігі

Формуласы

Тізбекке

жалғануы







Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама

енгізіледі.Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда электр

өрісінің атқаратын жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу

деп аталады.

Тізбек бөлігіндкгі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге

тура пропорционал.I=U/R 1 Ом=1В/1А

Тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына ĺ тура

пропорционал,Ѕ көлденең қимасының ауданына кері

пропорционал және оның жасалған материалына тәуелді болатыны

тағайындалды.

R=ρĺ/Ѕ ρ=RЅ/ĺ ом*мм2

4.Бекіту.»Әлемді шарлау» стртегиясы бойынша .есептер шығару.

1.Электр үтігі кернеуі 220В желіге қосылған.Үтіктің

қыздыру элементінің

кедергісі 50 Ом болған жағдайда ондағы ток күші неге тең.?

2.Кернеуі 220В желіге жалғанған жұмыс кезіндегі кедергісі 55 Ом.

Электрқыздырғыштың спираліндегі ток күшін есептеңдер.

3.Ұзындығы 24,2 м,көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2

константан сымы ның кедергісі қандай?( ρ=50*10-8 ом*м)

4.Кедергісі 24 Ом,ұзындығы 4,8 м нихром сымының

көлденең қимасының

ауданы қандай?(ρ=110*10-8 ом*м)

5 Ұзындығы 100 м ,қимасы 2мм2 мыс сымның кедергісі

неге тең?(ρ=1,7*10-8

Ом*м).

6.Ұзындығы 1,2 м қимасының ауданы 0,4 мм2 және кедергісі 1,2 ом

өткізгіштің меншікті кедергісін анықтаңдар.


5.Қорытындылау.бағалау.Үйге тапсырма §38,39


























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Айтжанова Багила Бердешовна

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 174719


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства