kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ядролык физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

9 сынып  оқушыларынан  физика  пәнінен  тест  тапсырмаларын орындатып,  білімдерін  тексеру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ядролык физика»

9-сынып физика пәнінен 1-тоқсан бойынша тест

І нұсқа


1. Түзу сызықты бір қалыпты қозғалыс дегеніміз -

А) дененің жылдамдығы бірдей уақыт аралықтарында бірдей шамаға өзгеріп отыратын қозғалыс;

ә) дененің жылдамдығы бірдей уақыт аралықтарында әр түрлі шамаға өзгеріп отыратын қозғалыс;

б) дененің жылдамдығы бірдей уақыт аралықтарында өзгермейтін қозғалыс;

в) дененің жылдамдығы әр түрлі уақыт аралықтарында бірдей шамаға өзгеріп отыратын қозғалыс;


2. Центрге тартқыш үдеудің формуласы қайсысы:

а) а = 𝒗2 . r ә) а = 𝒗 / r б) а = 𝒗2/r в) а = 𝒗2/r2


3. Бірлік уақыттағы айналым саны

а) айналу периоды ә) айналу жиілігі б) бұрыштық жылдамдық в) бұрыштық үдеу


4. Денелердің Жерге тартылу күші

а) серпімділік күші ә) үйкеліс күші б) дененің салмағы в) ауырлық күші


5. Ньютонның екінші заңының жазылуы

а) F = m / a ә) F = m . a б) m = F . a в) a = F2/ m2


6. Дене тіреуімен бірге вертикаль жоғары қозғалған жағдайда оның салмағы

а) артады ә) кемиді б) өзгермейді в) бірнеше есе артады


7. «Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене

не тыныштық күйін сақтайды, не түзу сызықты және бірқалыпты қозғалысын

жалғастырады». Бұл - Ньютонның нешінші заңы?

а) бірінші ә) екінші б) үшінші в) Ньютон заңы емес


8. Ньютонның үшінші заңы қалай тұжырымдалады?

а) денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері бағыттары бойынша қарама-қарсы болады.

ә) денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және

бағыттары бойынша да бағыттас болады

б) денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең

в) денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және

бағыттары бойынша қарама-қарсы болады.


9. Денелердің Жерге тартылу күші

а) серпімділік күші ә) үйкеліс күші б) ауырлық күші в) дененің салмағы

10. Серпімділік күші қай кезде пайда болады?

а) дене иілгенде ә) дене сығылғанда, созылғанда б) дене майысқанда в) дене деформацияланғанда


11. Үйкеліс күшінің формуласын көрсет:

а) F = m / a ә) F = m. g б) F = - kx в) F = µ.m. g


12. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым кім?

а) Г.Галилей ә) И.Ньютон б) М.Фарадей в) М.В.Ломоносов


13. Дененің салмағы неге әсер етеді? Және оның формуласы қандай?

а) жер тарапынан денеге, Р = m. g б) дене тарапынан тіреуішке, Р = m. g

ә) дене тарапынан тіреуішке, F = m. g в) тіреуіш тарапынан денеге, Р = m. g


14. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалатын сызық

а) тармағы жоғары қарай бағытталған парабола б) дөңгелек орбита

ә) тармағы төмен қарай бағытталған парабола в) түзу сызық


15. Мынадай теңдеу бойынша қозғалысты сипаттайтын шамаларды табыңдар

х = 3t + 4t2

а) 𝒗 = 3 м/с; а = 8м/с2 ә) 𝒗 = 3 м/с; а = 4м/с2 б) 𝒗 = 4 м/с; а = 3м/с2 в) 𝒗 = 8 м/с; а = 3м/с2

16. Велосипедші қисықтық радиусы 100 м бұрылыста 10 м/с жылдамдықпен қозғалады.

Велосипедшінің центрге тартқыш үдеуін табыңыңыздар.

а) 4 м/с2 ә) 3 м/с2 б) 2 м/с2 в) 1 м/с2

17. Тас құдықтың түбіне 6 секундта жетсе, құдықтың тереңдігі неге тең?

а) 18 м ә) 180 м б) 1800 м в) 6 м


18. Массасы 0,5 кг арбаша қандай күш әсерінен 100 м/с2 үдеумен қозғаладыды?

а) 0,5 Н ә) 5 Н б) 50 Н в) 500 Н


19 Массасы 50 кг баланың салмағын және оған әсер ететін ауырлық күшін табыңдар.

а) 50 Н, 50 Н ә) 500 Н, 50 Н б) 50 Н, 500 Н в) 500 Н, 500 Н


20. Қатаңдығы 200 Н/м сымды 0,002 м-ге созу үшін оның ұштарына қандай күш түсіру керек?

а) 4 Н ә) 0,4 Н б) 40 Н в) 400 Н








































9-сынып физика пәнінен 1-тоқсан бойынша тест

ІІ нұсқа


1.Мыналардың ішінен үдеудің формуласын көрсет: а) а = 𝒗 . t ә) а = 𝒗 – 𝒗0 / t – t0 б) а = 𝒗/t в) а = t/𝒗


2. Модулі тұрақты жылдамдықпен шеңбер бойымен қозғалатын дененің үдеуі қалай бағытталған?

а) центрге ә) оңға б) солға в) жанама бойымен


3. Сүрініп кеткен адам қалай қарай құлайды?

а) оң жағына қарай ә) сол жағына қарай б) артқа қарай в) алға қарай


4. Бір айналым жасауға кететін уақыт

а) айналу периоды ә) айналу жиілігі б) бұрыштық жылдамдық в) бұрыштық үдеу


5. Ньютонның үшінші заңының жазылуы: а) F = m . g ә) F = m . a б) F = - F в) F = k . х


6. G = 6,67 . 10-11 Н м2/ кг2 тұрақтысы қалай аталады?

а) еркін түсу үдеуі ә) гравитациялық тұрақты б) электрлік тұрақты в) Планк тұрақтысы


7. Дене тіреуімен бірге вертикаль төмен қозғалған жағдайда оның салмағы

а) артады ә) кемиді б) өзгермейді в) бірнеше есе артады


8. Ньютонның бірінші заңы қалай тұжырымдалады?

а) Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда

дене тыныштық күйін сақтайды.

ә) Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда

дене не түзу сызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады.

б) денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары

бойынша қарама-қарсы болады.

в) Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене

не тыныштық күйін сақтайды, не түзу сызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады.

9. G = 6,67. 10-11 Н м2/ кг2 тұрақтысы қалай аталады

а) еркін түсу үдеуі ә) гравитациялық тұрақты б) электрлік тұрақты в) Планк тұрақтысы


10. Дене тарапынан тірекке немесе аспаға әсер ететін күш

а) серпімділік күші ә) үйкеліс күші б) ауырлық күші в) дененің салмағы

11. Дене деформацияланғанда пайда болатын күш

а) серпімділік күші ә) үйкеліс күші б) ауырлық күші в) дененің салмағы


12. Серпімділік күшінің формуласын көрсет:

а) Р = m. g ә) F = m. g б) F = - kx в) F = µ.m. g


13. Бүкіләлемдік тартылыс күшінің формуласы қайсысы?

а) F = m. g ә) F = - kx б) F = G  в) F = µ.m. g


14. Ауырлық күші неге әсер етеді? Және оның формуласы қандай?

а) жер тарапынан денеге, Ғ = m. g б) дене тарапынан тіреуішке, Р = m. g

ә) дене тарапынан тіреуішке, F = m. g в) тіреуіш тарапынан денеге, Р = m. g


15. Дененің қозғалыс теңдеуі берілген: х = 13 + 40t – t2 . Қозғалысты сипаттайтын кинематикалық

шамаларды табыңыздар.

а) х0 = 13м, 𝒗0 = 40 м/с, а = -2 м/с2 ә) х0 = 13м, 𝒗0 = 40 м/с, а = -1 м/с2

б) х0 = 13м, 𝒗0 = 40 м/с, а = 1 м/с2 в) х0 = 13м, 𝒗0 = 40 м/с, а = 0


16. Радиусы 5 м шеңбер бойымен 4 м/с жылдамдықпен қозғалған дененің үдеуі қандай?

а) 3,2 м/с2 ә) 3,2 м/с2 б) 3,2 м/с2 в) 3,2 м/с2

  1. Тасты 10 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль төмен лақтырды. Оның түсу уақыты 4 секунд болса, тас қандай биіктіктен лақтырылған?

а) 10 м ә) 12 м б) 100 м в) 120 м


18. Массасы 50 кг дене 500 Н күш әсерінен қандай үдеумен қозғалады?

а) 50 м/с2 ә) 500 м/с2 б) 10 м/с2 в) 25 м/с2


19. Массасы 0,5 кг дене үстел бетімен сырғанағанда қандай үйкеліс күші әсер етеді? Үйкеліс коэффициенті 0,2.

а) 0,5 Н ә) 1 Н б) 1,5 Н в) 2 Н


20. Қатаңдығы 200 Н/м серіппеге 40 Н күш әсер етсе, серіппенің созылуы қандай болады?

а) 2 м ә) 40 м б) 0,4 м в) 0,2 м











































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Ядролык физика

Автор: Шалбарбаева Лиза Куандыковна

Дата: 10.06.2018

Номер свидетельства: 472844


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства