Жеке т?л?аны? интелектуалды ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін олимпиада?а ж?не интернет олимпиада?а ?атыстыру ар?ылы дамыту
Жеке т?л?аны? интелектуалды ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін олимпиада?а ж?не интернет олимпиада?а ?атыстыру ар?ылы дамыту
Жеке т?л?аны? интелектуалды ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін олимпиада?а ж?не интернет олимпиада?а ?атыстыру ар?ылы дамыту
?стаз е?бегіні? к?рделігі - ?рбір о?ушыны? ж?регіне жол табуда, ?рбір баланы? бойында?ы ?абылетті дамыту ?шін жа?дай жасауда. Е? бастысы: м??алім о?ушыны? ?зін т?л?а ретінде сезінуіне к?мектесуі керек, оны? бойында ?зін, ?мірде, ?лемді тану?а деген ?ажеттілікті оята білуі керек, ?рбір іс-?рекеті ?шін ?зіні?, жолдастарыны?, мектепті?, ?о?амны? алдында?ы жауапкершілікті, адамгершілік ?адір-?асиетті сезінуді т?рбилеуі керек. Танымны? ?иын жолында?ы балалар жетістігі м??алімні? ?рбір о?ушы м?мкіндігіне сенім артуына, оны? табандылы?ы мен шыдамдылы?ына, ш?кіртіне дер кезінде к?мекке келе білуіне тікелей байланысты.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жеке т?л?аны? интелектуалды ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін олимпиада?а ж?не интернет олимпиада?а ?атыстыру ар?ылы дамыту »
№9 орта мектеп
Жеке тұлғаның интелектуалды және шығармашылық қабілеттерін олимпиадаға және интернет олимпиадаға қатыстыру арқылы дамыту
Кусаинов С.К.
2013 жыл
Мұғалімнің төлқұжаты
Аты – жөні: Кусаинов Сунгат Каримович
Туған жылы: 30 шілде 1974 жыл
Бітірген оқу орны: Қарағанды Мемлекеттік Университеті, 1996 жыл.
Жұмыс орны: «Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Жарлы ауылы №9 орта мектебі» КММ
Еңбек өтілі: 16 жыл
Қызметі: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Лауазымы: Физика, информатика пәндерінің мұғалімі
Диплом бойынша мамандығы: физика, информатика және есептеу техникасы пәндерінің оқытушысы
Сағат саны: 15
Мекен-жайы: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Тегісшілдік ауылы
Жеке тұлғаның интелектуалды және шығармашылық қабілеттерін олимпиадаға және интернет олимпиадаға қатыстыру арқылы дамыту
Ұстаз еңбегінің күрделігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуда, әрбір баланың бойындағы қабылетті дамыту үшін жағдай жасауда. Ең бастысы: мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірде, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетті сезінуді тәрбилеуі керек. Танымның қиын жолындағы балалар жетістігі мұғалімнің әрбір оқушы мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.
Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған.
Адамның ақыл- ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби болады.
Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілетті әрі қалай дамытуды, шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.
М.Жұмабаев өзінің педогогика оқулығында баланың дамуының мәселелерін көтереді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін, зейінін қалыптастыру керек екенін жазады.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
«Қабілеттер-білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» дейді А. В. Петровский.
«Қабілет- іс-әрекеттің белгілі бір түйінін ойдағыдай, нәтижелі орындауға көрінетін адамның жеке қасиеті» деп жазады Т. Тәжібаев.
«Қабілеттер- адамның іс- әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері - деген де анықтама бар. Мүмкін білім де, дағды да емес. Ол адамның белгілі бір істі орындауға даярлығы»,- деп қарастырады Ә. Алдамұратов.
Психология қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді.
Репродуктивті (өнімсіз) – іс- әрекетті не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.
Шығармашылық- жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Ал «шығармашылық» сөзінің мәні неде? «Шығармашылық сөзінің төркіні (этимологиясы) «шығару», «іздену», «ойлап табу»» дегенге келіп соғады. Демек бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал «шығармашылық» мәселесін терең зерттеген Я.Н.
Понаморев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интелектуалдық тұрғыдағы, баланы жаңа психологилық сапаға көтереді.
Бұдан біз «шығармашылық» ұғымының негізгісі белгісі «жаңалық» болғанымен, ондағы тұлғаның, адамзаттың қоғамның дамуына әсер ететін ерекше күштің бар екенін байқаймыз.
Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттердің деңгейге көтерілуі неге байланысты? – деген сұрақтар әрбір ұстазды мазалайды деп ойлаймын. Шығармашылық әрекет өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық- адамның іс- әрекетінің түрі.
Оқушылардың қабілеттері 2 түрлі әрекетте дамиды:
Біріншіден, кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірбиесін меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білімі, білік дағдыны қабылдайды.
Екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін-өзі қалыптасуына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс- тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Бүгінгі оқушылардың кез-келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады.
Ол үшін мына төмендегі шарттар орындалуы тиіс:
Біріншіден-баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу. Мысалы: біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой. Музыканттар жанұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнер қабілеті өте ерте ашылады. Осыны басқа қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа?
Екіншіден-баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым-қатынастар шығармашылық қабілеттерді дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз.
Үшіншіден-шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуында үлкен нәтиже береді.
Төртіншіден-және ең негізгі шарт-бала әрекетінің әр түрімен айналысуға , тыңдауға деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе де өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылық, қажеттілік табысқа жетудің бірден-бір кепілі болып табылды. Міне, бұдан шығармашылық қабілеттердін дамытудың бесінші шарты шығады-еркіндік, ойға не келсе, соны істеуге, ал қамқорлық, көмек бала үшін жұмыс істеуге айналмай, балаға елеусіз болса да, өз күшімен, өз ойымен, қиындықты жеңе отырып, «жаңалық» ашуға жағдай жасау керек.
Өз іс-тәжірибемде, сабақ беру үрдісінде мынадай негізгі факторларды басшылыққа аламын:
— оқушылардың шығармашылық кызметін дамыту:
а) өз бетінше орындайтын тапсырмалар беру,
б) рефераттар, ғылыми жобалар қорғау;
— оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу белсенділігін арттыру;
— оқушылармен жекелей, топпен жұмыстар жүргізу;
— үйге оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын есептер беру;
Мысалы:10 сыңып Молекула-кинетикалық теория негіздері
1 деңгей
Көлемі 0,1 см3 мұнай тамшысы ауданы 30м2 су бетіне жайылады. Осы шамалар бойынша мұнай бөлшектерінің диаметрін тап.
Көмірқышқыл газы молекуласының массасын табыңдар.
2 деңгей
0,06 г сутегінде зат мөлшері неге тең?
25 г азотта қанша молекула бар?
3 деңгей
1. Көлемі 1,2 л колбада 3-1022 гелий атомы бар. Әрбір атомның орташа кинетикалық энергиясы қан-дай? Колбадағы газдың қысымы 105Па.
4 деңгей
1. Егер газдың молекулаларының шоғыры 3 есе артып, ал оның молекулаларының жылдамдығы 3 есе кемісе, онда оның қысымы қалай өзгереді?
9 сынып Механикалық тербелістер мен толқындар
1 деңгей
1. Суретте дене тербелісінің уақытқа тәуелділік графигі
кескінделген . Тербеліс амплитудасы мен периодын табыңдар.
Суретте толқынның екі нүктесінің жылдамдық бағыты көрсетілген. Бұл қандай толқын?
Ұзындығы 9,8 м жібек жіпке ілінген дененің периодын анықтаңдар. Маятникті математикалық деп есептеңдер.
2 деңгей
Толқынның таралу жылдамдығы 330 м/с, ал тербеліс жиілігі 256 Гц деп алып, бірдей фазаларда тұрған көршілес нүктелерінің ара қашықтығын анықтаңдар.
Камертон толқын ұзыңдығы 0,5 м дыбыс шығарады. Дыбыстың жылдамдығы 340 м/с. Камертонның тербеліс жиілігі неге тең?
3 деңгей
1. Серіппелі маятниктің массасын анықтаңдар, оның тербеліс периоды 0,2 с, ал серілпенің қатаңдығы 2-104Н/м.
2. Қалай айтылғаны дұрыс:
барлық дыбыс шығарушы дене тербеледі.
барлық тербелетін дене дыбыс шығарады, жауабын түсіндір.
4 деңгей
1. Ұзыңдығы 1 м маятникті сағат, бір тәулік ішінде 1 сағатқа қалады. Сағат қалып қоймау үшін маятниктің ұзындығын не істеу керек?
8 сынып Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
1 деңгей
Өткізгіш ұштарыңдағы кернеу 6 В, кедергісі 2 Ом болса, ток күші неге тең?
Электр шамы қылындағы ток 0,5 А, оның ұштарындағы кернеу 4,5 В болса, шамның кедергісін анықтаңдар.
Кедергісі 0,25 Ом өткізгішке ондағы токтың күші 30А болу үшін қандай кернеу түсіру керек?
2 деңгей
Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 никелин сымнан жасалған электр қыздырғыштың спираліндегі кернеу 220В болғанда ток күші 4А. Сымның ұзындығы қандай?
Ұзындығы 150 см және көлденең қимасының ауданы 0,025 мм2 болатын ток күші 250 мА темір откізгіш ұштарындағы кернеуді анықтаңдар.
3 деңгей
1. Ұзындығы 200 км және кедергісі 8,5 Ом мыс сымының көлденең қимасының ауданы неге тең?
4 деңгей
1. Қолда 1 текті 2 өткізгіш бар, бірі екіншісінен 8 есе ұзын, ал екіншісінің көлденең қимасының ауданы біріншісінікінен екі есе үлкен. Осы өткізгіштердің қайсысының кедергісі үлкен және неше есе үлкен?
Педагогикалық ғылымда шығармашылық түсінігі, оқушылардың өзі үшін жаңаны, яғни субъективті жаңаны жасау қызметін немесе адамның іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестілігінің ең жоғарғы түрі деп түсіндіріледі. Осыған байланысты оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып оқытудың жаңа информациялық технологиясын пайдаланған жөн.
Жаңа информациялық технология білім беру саласын дамытуға оқыту құрамы ретінде пайдалануға төмендегідей мүмкіншіліктерді, яғни оқу процесін даяралауға оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағыттау, оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жекеше оқытуды дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын көздейді. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты-ақпараттық білімдік кеңістікті оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру.
Осы мақсатты көздей отырып, оқушыларды онлайн олимпиадаларға қатыстырып төмендегідей нәтиже көрсеттім.
Оқушының аты-жөні
Олимпиаданы ұйымдастырушы
жетістігі
Оқу жылы
Рымжан Тоғжан
Дарын орталығы
Санкт-Петербург МУ
ІІ дәрежелі диплом, сертификат
2010-2011
Қайдар Іңкәр
ҚарМУ
Алғыс хат
2011-2012
Сәулехан Арайлым
ҚарМУ
Алғыс хат
2011-2012
Онлайн олимпиада сайттары:
КИО (cdo.kz)
Дарын (daryn.kz)
Центр Снейл (nic-snail.ru)
ЖОО (iitu.kz, kstu.kz …)
Интернетті пайдаланудың тиімді салдары
Өздігінен білім қабылдау
Ой тұжырым жасау
Уақытын ұтымды пайдалану
Өздігінен ізденгіштік шығармашылық жұмыс
Ой-өрісінің кеңеюі
Қазіргі заман талабына сай өмір ағысына икемделуі
«Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзінің біліміне ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана»
Я. А. Каменский
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашылық адамдар қажет. Сондықтан да сабақтарда тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемді мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады.
Көтеріп отырған мәселе туралы жазған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден–ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Балсұғын, Әл – Фараби, Абайды ерекше толғандырған. Сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, ол тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға келемін.