Дарынды және талантты балалармен жұмыс барысында Фриман ұсынған тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын өлшемдерді тиімді пайдалану орасан зор нәтижелер береді. Талантты және дарынды балалардың есте сақтау қабілеттері жоғары; өз білімін жетілдіруде олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады, олар білім беру үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады, олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді; мәселені шешкенде олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәнінен тезірек жетеді; басқаларға қарағанда, олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда, және проблемарды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады; қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады; ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлану қабілеттері бар; олар ерте жасынан сөйлей, оқи, жаза бастайды.
Дарындылар мен талантты оқушылар біртекті топ болып табылмайды, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен топ жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде бірқатар ортақ сипаттамаларды көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар салада осындай қасиеттерінің бар екендігін көрсете біледі, ал дәл осы кезде басқалары – тек бір ғана салада көрсете алады. Дарынды оқушылардың көпшілігінде осындай мінез неғұрлым көрініп тұрады әрі қарқынды болуы мүмкін. Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттілігі көрініп те тұрмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы объективтік себептердің әсерінен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі болған жоқ шығар. Ал қалғандары әртүрлі себептер бойынша үлгере алмайтындардың санатына жатуы немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. Енді кейбір дарынды және талантты оқушылар оқуда қиыншылықтармен кездесуі мүмкін, бұл олардың шынайы қабілеттерінің көрінуіне кедергі болады.
Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие: олардың кейбірі, мәселен, ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алуы мүмкін, ал кейбіреулері өнерде немесе поэзияда, қоғамдық көшбасшылықта көрінер. Қазіргі уақытта дарынды және талантты оқушыларды олардың тек жоғары зиятының болуымен ғана анықтамайды. Дарындылық пен таланттың тұжырымдамасына қатысты қағидаттар жүйесіне кең ауқымды жалпы зияткерлік, академиялық қабілеттерді, шығармашылық, көшбасылық қабілеттерді, жеке мүмкіншіліктері мен өнердегі визуальдық және орындаушылық қабілеттерді жатқызуға болады. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.
Макэлпайн мен Рид (1996) дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін жасап ұсынды. Шындығында, бірде бір дарынды оқушы келтірілген сипаттамалардың барлығына ие бола бермейді: олар барлығына да ие болуы мүмкін немесе бір санаттағы барлық сипаттамаларға жетіп қалуы, бірақ басқасында аздап «ақсауы» мүмкін.
Бұл бөлімде «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар «дарынды және талантты» деп біріктірілді. Дегенмен кейбір зерттеушілер олардың әртүрлі екендігін алға тартып, оларды саралау қажет деп санайды. Санаттарды саралаған жағдайда дарындылық, бұл зияттың немесе қабілеттің жоғары деңгейімен, ал талант – музыка, өнер, түрлі қолөнер, би немесе спорт және т.б. салалардағы жоғарғы деңгеймен байланыстырады. Кейбір зерттеушілер өз бетімен қараудың маңыздылығын екі санатпен қарастырады: дарындылық қанша дегенмен олардың пікірінше қабілеттілікке (зияткерлікке, шығармашылыққа, әлеуметтік аффективке және т.б.) көбірек жатады, ал талант түрлі саладағы неғұрлым жетістіктер (ғылыми, техникалық, көркем, жеке тұлғалық, спорттық және т.с.с.) болып саналады дейді. Талантты кейде кемеліне жету және ұлы жетістіктермен байланыстырады, бірақ кейде ол көптеген құзыретті субъектілердің аздаған санына ғана тиесілі болып қалады.
Қазіргі уақытта дарынды және таланттыларды моноаспектілік аясында қарастырудан бас тартып, көпаспектілік пайдасына қарай ауысу үрдісі қалыптасуда, ол ерекше қабілеттердің кең ауқымын көздейді.
Қабілет пен қасиетке қатысын анықтайтын мәдени құндылықтар дарындылық пен таланттың кез келген тұжырымдамасының маңызды құрамы болып табылады.
Бағдарламаның рәсімі мен мазмұнын анықтау мультимәдени келешектің тең дәрежесін қамтуға тиіс.
Әлеуметтік, эмоционалдық және ынталандыру факторлары дарындылық пен таланттың маңызды аспектілері тұрғысынан қарастырылады.
Оқуға қызығушылық және тілдік дағды сияқты мінез-құлық сипаттамалары, сондай-ақ абстрактілі ойлау дағдылары, білімнің жоғары деңгейі, білімге құштарлық пен ынта дарынды және талантты оқушыларды табуда өте пайдалы болмақ.
Әлеуетті анықтау және оның тиімділігін көрсету неғұрлым маңызды.
Қабілеттілік әлеуетін іске асыруда оқушыларға құзырлы көмек көрсету үшін мұғалімдерге бай әрі көпаспектілі тәжірибе қажет.
Оқушылардың оқу үлгерімі артқан сайын, олардың академиялық жетістіктері ресми тіркеліп, ол баланың таланттарын көрсететін портфолиоға қосылуы мүмкін. Оқыту және оқу тәжірибесінде белгілі бір жастағы балалардан көріне бермейтін ойлаудың барынша толысқан түрі кездеседі, немесе күнделікті оқы мәнмәтінінде қолданылмайтын, әдетте оқудан тыс кездері көрініс табатын, назар аударуды талап ететін оқушының зияткерлік дарыны, жоғары әлеуметтік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері кездеседі. Оқушының дарындылық және таланттылық ауқымын анықтауға көмектесі үшін баланың мінез-құлқының сипаттамалары енгізілген бақылау үлгілері жасалды, мысалы: «өте әсершілдік танытады, өз пікірін білдіреді» немесе «өзіндік әзілі бар».
Ынтымақтастық атмосферасын құрудағы бірінші сабақтың мақсаты - білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер бойынша жұмыс істеуге тәсілдерімен таныстыру. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу, тарих пәніне қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалауды үйрету, сыни тұрғыдан ойлауға баулу. Ең бастысы - ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Балалардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру.
Сабағымның соңына қарай критериалды бағалауды қолдандым. Мұғалім балаларды критериалды бағалаумен таныстырады. Критерийлерді балалар өздері құрастырады. Оларға критериалды бағалау мен дәстүрлі бағалауды салыстыру ұсынылады. Оқушылар соның негізінде тұжырым жасауы тиіс. Осы жұмыс барысында балалар арасында тағы ынтымақтастық, бірлестік сезімдері нығая түседі.
Сабақтың қорытындысы ретінде рефлексияны қолдандым. Оқушыларға төрт түрлі-түсті қағаздар үлестіріледі. Онда олар төрт негізгі сұраққа жауап беруі тиіс. Олар тақтада ілулі тұрған плакатта жазулы тұрған: «Мен бүгін не білдім?», «Не білгім келеді?», «Қандай қиындық туды?», «Сабақта не өзгертер едім?» сұрақтарға жауап береді. Жауап беру барысында бір-бірімен ақылдасу, пікір алмасуға толық рұқсат бердім. Себебі ақылдасу, өзара кеңесу, ол да балалардың ұжымшылыдығын дамытады.
Сабақтың мазмұны бағдарламаға сай. Сабақта оқушылар оқу міндеттерін шешуде белсенділік танытты, сабақта салғырттық танытқан оқушы болған жоқ. Қатысушылардың пікірінше, сабақ сәтті өтті. Бақылауым бойынша, балалар сабақтың қызығына толығымен бөленіп кетті. Қуаныш эмоциясы айқын сезілді.
Балаларға бағалаудың жаңа түрі ұнады, ойын түрінде өтті, балалардың күшімен жүзеге асты, және өте әділ болды.
Сабақта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында мен топпен рөлдік ойын ұйымдастырдым. Ойынның шарты: топ ішінде мұғалімнің көмегісіз бір көшбасшы сайланады. Ол көшбасшы мұғалім рөлін ойнайды. Қалғандары – оқушы. Әр топ қарастырылып жатқан тақырып бойынша мини-сабақ көрсетеді. Ақылдасып, топ ішінде сабақтын мақсатын қояды, міндеттерін белгілеп алады, сабақты қалай өткізетінін келістіріп алады, оны сынып ішінде көрсетеді. Ойын барысында көшбасшы анықталады. Ол көшбасшы топтың мүддесін қорғай отырып, барлық топ мүшелерінің жұмысқа кірістірілгенін қадағалайды. Сөйтіп, оның және басқа балалардың еркін дамууна мүмкіндік туады. Ең жақсы «сабақ» үлгісі талданады. Сабақтың осындай түрі де сынып ішінде ынтымақтастықтың дамуына себеп бола алады, себебі ортақ жұмыс біріктіруші қызметін атқарады.
Сабағымда критериалды бағалау мен рефлексияны қолданды. Олар балаларға ұнайды және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға оң әсерін тигізетінін байқадым.
Үшінші ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру саласында жасаған сабағым оқушылар бірлесе жұмыс істеуде басқалар сияқты жақсы танып-білмеген өзге екі сыныптасымен бірлесе жұмыс істеуімен байланысты. Жалпы мақсат ретінде сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу, тарих пәніне қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауға баулу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, балалардың бір-біріне деген сенімділігін арттыруды көздедім.
Осы сабакта келесі модульдерді қамтуға тырыстым: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, Білім берудегі басқару және көшбасшылық, Білім беруде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану, Талантты және дарынды балаларды оқыту. осы модульдер жиынтығын қолдану сабағымның тиімділігін артатынына сендім.
Сабақтың өткізу жоспарын балалар жұмылып, өздері жасады. Мен оларға бірлесе жұмыс істеуде басқалар сияқты жақсы танып-білмеген өзге екі оқушымен бірлесе жұмыс істеуді ұсындым. Оларға тек қана бағыт беріп отырдым. Оқушылар бірлесе жұмыс істеуде басқалар сияқты жақсы танып-білмеген өзге екі оқушымен таңдап, бірлесіп, сабақ жобасын құрастырып келуге тиісті еді. Сосын сабақ сабақтан тыс уақытта талданып, ішінен ең жақсы деген сабақ таңдалады деп түсіндірдім.
Сабақтарымды жетілдіру мақсатында, көптеген модульдерді біріктіріп сабақ жасасам деп келесі модульдерді сабағыма еңгіздім: білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, білім берудегі басқару және көшбасшылық, білім беруде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту. Менің ойым бойынша, осы модульдер жиынтығының бір сабақта қолдануы жақсы нәтиже берді.
Сабақ дайындау барысында балалармен бірге ақпаратты коммуникативтік оқыту технологиясын қолдандық.
Сабақтың соңында критериалды бағалау мен рефлексияны қолдандым. Критерийлер бойынша, балалар өздерін-өздері, бір-бірін бағалайды. Ол бағаны неге қойғанын түсіндіреді. Сол баға журналға қойылады.
«Мен бүгін не білдім?», «Не білгім келеді?», «Қандай қиындық туды?», «Сабақта не өзгертер едім?» деген сұрақтарға жазбаша жауап бере отырып, ауызша талдауға мүмкіндік бердім. Балалар ашылып, ойларын айтты.
Осыдан менің түйген басты идеям - балаларға оқу барысында еркіндік беру керек. Менің байқауым бойынша балаларға неғұрлым көбірек еркіндік берілсе, соғұрлым сабақ оларға ұнайды, соғұрлым олар өздерінің білімдерін, шығармашылықтарын көрсете алады, белсенді болады, ынтымақтастыққа, достыққа ұмтылады. Соғұрлым сабақ қызықты өтеді.