Таби?ат ??былыстары бір-бірімен ты?ыз байланысты. Оларды жаратылыстанымды? – физика, астрономия, география, биология, химия сия?ты ?ылымдар зерттейді. ?р ?ылымны? таби?атты зерттеуде ?з ма?саты мен міндеті бар.
Жаратылыстану ?ылымдар бірін-бірі толы?тырып, ?зара ты?ыз байланыста болады. М?селен, географияда физика за?дарын ?зендерді? ?алай а?атынын, желді? ?алай пайда болатынын т?сіндіру ?шін ?олданады. Сол сия?ты биологияда физика за?дарын пайдаланып, хайуанаттарды? ?алай ?оз?алатынын ж?не к?ру м?шелеріні? ?алай ж?мыс жасайтынын т?сіндіреді. Физика за?дары мен ??былыстарын инженерлер, конструкторлар, д?рігерлер, агрономдар, к?лік ж?ргізушілер мен бас?а мамандар да о?ып пайдаланады. Д?л солай физиканы технологиямен де байланыстыру?а болады екен.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Та?дау курсы: "?лшемдер мен ?рнектер" »
Келісемін: _________ Бекітемін: _________
Әдістемелік бірлестік Балуан Шолақ атындағы
жетекшісі мектеп-лицей директоры
Хасихан Е. Кенжебаев Д.М.
7 «Б» сынып
34 сағат
Пәні: Физика
Дайындаған: Тенсел Бердгуль
2014-2015 оқу жылы
7 «Б» сыныбына арналған «Өлшемдер мен өрнектер» таңдау курсы
осы сыныпта физика мен технологияны өзара байланыстырып
оқытылуы үшін жаратылыстану-математика пәндері бірлестігінде
қаралып, ұсынылды.
Бағдарламаның түсінік хаты
Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды жаратылыстанымдық – физика, астрономия, география, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар.
Жаратылыстану ғылымдар бірін-бірі толықтырып, өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді. Физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер мен басқа мамандар да оқып пайдаланады. Дәл солай физиканы технологиямен де байланыстыруға болады екен.
Технология – алған білімдерді қабілеттермен ұштастырып, өз қолдарымен кез келген нәрсені жасай білуге үйрететін ерекше пән.
Технология сабағында оқушының қабілеті анықталып, шығармашылыққа жол ашылады. Әртүрлі материалдармен жұмыс істеу арқылы шығармашылық мүмкіндікке ие болуға болады. Пайдалы заттарды жаңа қырынан тану – қуаныш пен шаттық сыйлайды. Тіпті қажетсіз деген заттардың өзінен пайдалы нәрсені дайындап шығуға болады. Әртүрлі заттарды оюмен, кестемен, бисермен, әртүрлі сымдармен, ағаш қиындылары мен темір бұйымдарды қолданып, қажетті өлшеулерді жүргізе отырып, физикалық заңдылықтарды, сызбалар мен суреттерді өрнектеуге болады екен.
Әртүрлі материалдармен жұмыс орындау барысында адамның ой-қиялы, ойлап шығару қабілеті, эстетикалық талғамы жетіледі, талдау, қорытынды жасауға, жұмысты жоспарлауға үйретеді. Бұйымдарды жасау барысында өз бетінше жұмыс істеуге, алдына қойған мақсатқа жету талпынысын қалыптастырып, қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырады.
Еңбек – адамның салауатты өмірінің негізі. Қол еңбегі және ақыл-ой еңбегі адамның жүйке жүйесіне, жүрекке, сүйек-бұлшық ет аппаратына – барлық ағзасына жақсы әсер етеді.
Оқу – еңбек, ал еңбектің қайсысы болса да күш-жігерді, табандылықты және ыждағаттылықты талап етеді.
Сол себепті де физиканы оқи отырып, оны қолөнермен байланыстыра оқу жай қарап шыққаннан гөрі басқа ғылыммен, ой еңбегімен айналасуда жақсы нәтиже береді деген ойдамын.
Мақсаты:
Оқу мен көру бір басқа да, оны зерттей, жұмысына қажетті материалдарды жинақтай отырып, өз қолымен жасау – нағыз еңбек. Мәтін мен суреттер – біртұтас материал, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Суреттер арқылы ой түюге болады. Күнделікті өмірде қолданатын заттарды пайдаланып, құбылыстарды, суреттерді, теорияларды, физика заңдылықтарын қол еңбегі арқылы ой еңбегімен ұштастыру.
Міндеттері:
Физика заңдылықтарының мағынасын түсіне білу
Физикалық құбылыстарды байланыстыра алу
Физикалық суреттерді қолөнермен сөйлету
Жасаған бұйымдарына физикалық теорияға сай талдау жасау
Математикалық есептеулер арқылы бұйымдарды бейнелеу
Қажетті материалдарды эстетикалық талғаммен таңдай алу
Сәндік қолданбалы өнер элементерін қолдану
Ағаш және ағаш материалдары арқылы өңдеу
Бейнелеу өнерінің түрлерімен байланыстыра суреттеу
Оқытылу біліктілігі:
физика пәніне деген қызығушылығын арттыру
оқушылардың ізденімпаздығын және бейіндігін қалыптастыру
өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету
мақсатқа жете білуге баулу
өз пікірін дәлелдей алуға дағдыландыру
шығармалық қабілеттері дамыту
Күтілетін нәтижелер:
физикалық білімі қалыптасады
басқа пәндермен байланысын түсінеді
қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс жасай алады
физикалық зерттеулер жүргізеді
шығармашылық жұмыс жасау арқылы теориялық білімдерін пайдаланады
теориялық білімдерін негізге ала отырып, дайындаған жұмыстарына талдау жасайды
теориялық талдаулар арқылы құбылысты түсіндіре білуге дағдыланады
шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін сараптайды
ақыл-ойын дамыта отырып, жүйке жүйесін тыныштандырады
мақсатқа жету талпынысын арттырады
эстетикалық талғамы жетіледі
жұмысты жоспарлауға үйренеді
қоршаған ортаға қамқорлықпен қарайды
әрбір дайындалған жұмыстың құндылығына көңіл аударады
атқарған жұмыстарына баға береді
7 «Б» сыныбына арналған тақырыптық күнтізбелік жоспар
Аптасына - 1 сағат. Барлығы - 34 сағат
Рет саны
Сабақ саны
Тақырыбы
Сағат саны
Уақыты
Мерзімнің өзгеруі
I тоқсан
1
1
Физиканың басқа ғылымдармен байланысы
1
03.09.14
2
2
Бұл пәнді оқудың маңызы неде? Технология біздің айналамызда
1
10.09.14
3
3
Тест
1. «Сенің шығармашылық әлеуетің қандай?»
2. «Суретші немесе ойшыл»
1
16.09.14
4
4
Бейнелеу өнерінің түрлері
1
23.09.14
5
5
Графика өнерінің түрлері
1
30.10.14
6
6
Пластикалық анатомия
1
07.10.14
7
7
Сәндік қолданбалы өнер
1
14.10.14
8
8
Дизайн өнері
1
21.10.14
9
9
Ағаш және ағаш материалдарды қолмен өңдеу технологиясы
1
28.10.14
II тоқсан
10
1
Жобаны таңдау және орындау кезеңдері
1
11.11.14
11
2
Табиғат құбылыстары
1
18.11.14
12
3
Физика мен техниканың жетістіктері
25.11.14
13
4
Атомдар мен молекулалар
1
02.12.14
14
5
Күннің жылдық қозғалысы
1
09.12.14
15
6
Инерция
1
16.12.14
16
7
Денелердің өзара әсерлесуі
1
23.12.14
III тоқсан
17
1
Тартылыс құбылысы
1
13.01.15
18
2
Гидравликалық машиналар
1
20.01.15
19
3
Қатынас ыдыстар. Су құбыры. Сорғылар
1
27.01.15
20
4
Торричелли тәжірибесі
1
03.02.15
21
5
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі
1
10.02.15
22
6
Денелердің жүзу шарттары
1
17.02.15
23
7
Су көлігі. Ауада ұшу
1
24.02.15
24
8
Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары
1
03.03.15
25
9
Жай механизмдер
1
10.03.15
26
10
Көлбеу жазықтық. Көлбеу жазықтық
1
17.03.15
IV тоқсан
27
1
Астрономиялық зерттеулер
1
07.04.15
28
2
Физикалық құрал-жабдықтар
1
14.04.15
29
3
Жобаның нәтижесін талдау
3
21.04.15
28.04.15
05.05.15
30
4
«Жас физиктер жұмыс үстінде» слайд-шоу
1
12.05.15
31
5
«Физика қолөнер әлемінде» көрме
Қорытынды
1
19.05.15
34
Пайдаланылған әдебиеттер:
Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева «Физика және астрономия» оқулығы 7-сынып, Алматы «Атамұра» 2012.