Просмотр содержимого документа
«Таби?атта?ы ж?не техникада?ы жылу»
С.Мұқамеджанов атындағы орта мектеп
2014 – 2015 оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының есебі.
Елбасымыздың «Қазақстан жолы- 2050 Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену үшін сапалы білім, саналы тәрбие керек екендігіне баса назар аударды. Бұл салада мектебімізде атқарылып жатқан іс – шаралар аз емес. Мектеп жоспарлы, жүйелі түрде жұмыс жасап келеді.
Тәрбиенің негізгі мақсаты: «Жеке тұлғаны дамытудағы толық қанды парасатты, дені сау , ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар –ожданы мол , еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру.»
Құқықтық тәрбие: Оқушылардың адам құқығы туралы , Конститутция міндеттерімен еркіндігі туралы және құқық бұзушыларға, жауыздық пен зорлыққа деген қарым – қатынас туралы білімді қалыптастырады.
Мақсаты: Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және Ата Заңымызды сыйлау рухында «Құқығынды қорғау – өзіңді қорғау!» тақырыбында апталық аясында көптеген іс – шаралар өткізілді. Бала құқығын қорғау тақырыбында дебат, «Қылмыс және жеткіншек» баяндама , «Құқық әлемінде» тәрбие сағаттары, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесулер өткізілді, «Бала құқықтары туралы заңы» тренингтер өткізілді.
Мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында 1-11 сыныптар арасында «Сақтан жас дос!!» төтенше жағдайларға байланысты сайыстар өткізілді.
Құқықтық оқыту бойынша жинақ папкасы ұйымдастырылған. Әр бір айдың екінші сейсенбісі құқықтық білім беруге арналған. Жас өспірісмдер арасында құқық бұзушылықты болдырмаудың тағы бір іс – шаралары әскери патриоттық ойындар, волейбол, баскетбол, футбол, стол тенисінен үйірмелер ұйымдастырылды. Оқушылар сабақтан бос уақытында өзінің қабілетіне , қызығушылығына қарай түрлі үйірмелерге қатысады.
Эстетикалық тәрбие
Мақсаты: Әдемілік пен сұлулықты қабылдау қабілеттілігін қалыптастыру өзін қоршаған ортадағы тамаша құндылықтарды қабылдау. Баланың эстетикалық сезімі арқылы жан – жақты дамуын қамтамасыз ету.
Мектепте «Күзгі балл -2014» эстетикалық тәрбие беру бағытында жоғары сыныптар арасында «Алтын күз » өтті.
Экологиялық тәрбие
Мақсаты: Оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін және оған қарым – қатынасын тәрбиелеу мақсатында , экологиялық ойларын қалыптастыруға себепші болу 1-11 сыныптар арасында «Тазалық баршамызға ортақ» сынып сағаттары өтті, «Таза аула» конкурстары, «Ең таза сынып»байқауы мектеп жанындағы учасклерді когалдандыру , гүл егу, тал қию жұмыстары ұйымдастырылды.
Санитарлық – тазалық жұмыстарына байланысты сенбіліктер өткізілді.
Салауатты өмір салтын тәрбиелеу.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, дене шынықтыру және спортпен айналысуға ынта, қызығушылығын дамыту.
«Денсаулық фестивалі – 2014» «Мен,сен,бәріміз – дені сау ұрпақпыз » атты ұранмен өткізілді.Барлық сыныптар белсене қатысты.
«Дұрыс тамақтан.Спортпен айналыс.Денсаулығынды сақта» атты тақырыпта Денсаулық фестивалі өткізілді, фестиваль аясында жас ерекшелігіне қарай қашықтыққа жүгіру және түрлі спорттық ойындар өткізілді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында шаралар өткізілді. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптасырудағы жетістіктерінің бірі 7 сынып оқушысы Жеңіс Медет футболдан республикалық жарыстарда Павлодар, Қарағанды, Астана қалаларынан жүлделі орындаға ие болды.
Мектеп оқушылары волейбол, баскетбол, футболдан үлкен жетістіктерге жетуде.
Ұстаздар мерекесіне орай қабырға газеттері шығарылып, концерттік бағдарлама өткізілді, оқушылар комитеті тарапынан 2 қазан күні «Өзін өзі басқару» күні ұйымдастырылды. Мұғалімдер арасында баскетболдан жарыс өткізілді және женімпаздар марапатталды.Соңынан сол күнгі жүргізілген жұмыстар қорытындыланды.
Қазақстан халықтар тілдер мерекесіне орай тілдер паталығы өткізіліп, қабырға газеттері шығарылып, тіл мамандары ашық сабақтар өткізді.
8-ші Наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 2-11 сыныптар арасында «Қыз сыны», «Көктем аруы» байқаулары өткізілді.Оқушылар әр түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
1 –ші Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне байланысты барлық сыныптарда сынып сағаттары болып өтті және мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Патриоттық тәрбие
Мақсаты: Жастардық азаматтық ,патриоттық сезімін , қоғам өмірін түрлі саласында белсенді танылуға дайындығы , конституциялық және әскери борышқа адалдық, жауапкершілік және тәртіптілікті дамыту.
Алғашқы қоңырау«Білім күні» мерекесі 1-11 сыныптар бойынша «Қазақстан жолы- 2050 Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
1-желтоқсан Президент күніне орай «Тұлғаның ерең келбеті» атты мәдениет үйінде концерт және көрме өткізілді. Мұғалімдер ұжымы және оқушылардың қатысуымен.
Есірткі және нашақорлықтың алдын алу жұмыстары ұйымдастырылды. «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес» жөніндегі бағдарлама бойынша төмендегі іс – шаралар атқарылды.
«Есірткі және оның зияндығы» жайлы барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.
Оқушылардың нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыруға байланысты спорттық жаралар жүргізілді.Спорттық үйірмелерге аз қамтылған жанұя балаларын тартып, олармен жұмыстар жүргізілді.
Мектеп кітапханасында «Ессіздің ісі есірткі» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылды.
9-мамыр Жеңіс күніне орай іс –шара өткізілді.
Мақсаты: Ұлы Отан соғыс ардагерледің ерлігін өнеге тұтып, патриоттық сезімін оятып, адамгершілігі жоғары тұлға тәрбиелеу.
1-11 сыныптар арасында «Күн сөнбесін әлемге нұр шашатын» сурет көрмесі ұйымдастырылды. І орынды 11 сыныптың «Ақиқат пен аңыз» тақырыбындағы сурет жеңіп алды.
Қабырға газетін шығардық. Тақырыбы «Отан үшін от кешкендер»
Соғыс жылдарындағы әндерден байқау өтті.Сыныптар толығымен ат салысты. Жеңімпаздар мақтау грамоталарымен марапатталды.7 сынып «Катюша» әнімен І орынды жеңіп алды.3 сынып оқушылары «Ана туралы баллада» әнімен ІІ рынды иеленді.
«Сол жылдарға тағзым етейік» Отан сағысында қаза болғандарды еске түсіріп, мектеп ауласындағы ескерткішке жөңдеу жұмыстарын жүргіздік.Гүл шоқтарын қойып, жан – жағына тал егіп, көркейту жұмыстары жүрді.
Әскери шеру ұйымдастырылды. Саптық адым және әскери – спорттық жарыстар ұйымдастырылды.