орын алуына ы?пал етер бірден бір ??діретті к?ш – білім, ?ылым, білімді ?рпа?.Б?гінгі та?да білім беру ж?йесіні? барлы? саласында жа?а технологияны? міндеті о?ушыларды? білімге ?ызы?ушылы?ын арттыру, ізденімпазды??а баулу.Т?уелсіз елімізді? ерте?і жастарды? біліміні? тере?дігімен ?лшенеді. Білімді ?рпа?-мемлекетімізді? капиталы.
?рбір м??алімні? негізгі ма?саты–саба? сапасын к?теру, т?рін жетілдіру, о?ушыларды? саба??а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, оларды? ізденуін, танымын ?алыптастыру. Осы?ан орай жа?а экономикалы? ж?не ?леуметтік-м?дени жа?дайларда ?аза?станды? білім беру ж?йесіні? алдында т?р?ан білім беру сапаларын арттыру?а, стратегиялы? міндеттерді шешуге ба?ыттал?ан т?бегейлі ?айта ?згертулер педагогикалы? ?рдіске жа?а талаптар ж?ктейді.?аза?стан Республикасыны? «Білім беру туралы» За?ында елімізді? білім беру ж?йесіні? басты міндеттері атап к?рсетілген. Соны? бірі: «Білім беру ж?йесін а?параттандыру, о?ытуды? жа?а технологиясын енгізу, халы?аралы? коммуникациялы? желілерге шы?у» делінген. Б?л міндеттерді шешу ?шін, н?тижеге ба?ыттал?ан білім беруді? жа?а ж?йесіне к?шу ?шін ?р м??алім, жеке т?л?а к?нделікті ізденіс ар?ылы барлы? жа?алы?тар мен ?згерістерге батыл жол ашарлы? жа?а т?жірибеге, жа?а а?паратты? технологиялар?а, ?леуметтік, т?л?алы? ж?не жеке ??зыреттіктерге ие болуы тиіс. Б?л талаптар к?нделікті ?дістемелік ж?мысты? ж?йелі т?рде ?йымдастырылуы негізінде ж?зеге асырылады.
Жа?а а?паратты? технологияларды пайдалану ар?ылы дамыта о?ыту, ?ашы?тан о?ыту, дара т?л?а?а ба?ыттап, о?ыту ма?саттарын ж?зеге асыра отырып, о?у-т?рбие ?рдісіні? барлы? де?гейлеріні? тиімділігі мен сапасын жо?арылату – б?гінгі к?нні? басты талабы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«О?ытуды? инновациялы? технологияларын физика саба?ында пайдалану»
Баяндаманың тақырыбы
Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында пайдалану
Қожахметова Кулжанат Дүйсемхановна
Алматы облысы Жамбыл ауданы Сарыбастау ауылы
Сарыбастау ауылындағы орта мектеп
Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында
пайдалану
«Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде
сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Тәуелсіз Қазақстанның XXI ғасырда дамыған елдермен теңестіріп, өркениетте әлемнен бәсекеге ,арынша қабілетті елу елдің қатарына кіріп
орын алуына ықпал етер бірден бір құдіретті күш – білім, ғылым, білімді ұрпақ.Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа технологияның міндеті оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа баулу.Тәуелсіз еліміздің ертеңі жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді ұрпақ-мемлекетіміздің капиталы. Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты–сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта физика пәнінде әртүрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу – тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына сәйкес “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,талантын,қабілетін дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді,жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет. Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады, оның әрі қарай дамып, жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген. Демек,оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң нәтижеге қол жеткізе аларымыз сөзсіз. Олай болса,оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс. Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады: -оқыту мақсатының нақты қойылуымен,оның ғылыми негізделуі,оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы; -оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы; -оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы; -оны үнемі жетілдіріп,толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы. Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білсек, ұтарымыз көп. Өйткені жеке тұлғаға бағытталған білімнің бүгінде нәтижесіз болмайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденгені анық. Нәтижеге бағытталған білім бүгінгі заман талабы, қажеттіліктің қайнар көзі болса, нәтижеге жету жолында іздену әрбір мұғалімнің азаматтық борышы. Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым: -заман талабына сай білімді, білікті,дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім: -жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу; -шығармашылық,логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; -өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу; -өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу. Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақың жоспарын құру, оны өткізу әдстемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға,жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық. Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім мына төмендегі қағидаларды есте сақтағаны жөн деп есептеймін. 1. Мұғалім пәнді жетік меңгеріп, оны оқушыларға ғылыми тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет. 2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі абзал 3. Ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс. 4. Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап жеке блоктар түрінде топтастырып өткізе білуі керек. 5. Оқушыларға ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сабақты, әсіресе заңдылықтар мен құбылыстарды тірек белгілері мен тірек конспектілері бойынша берген жөн 6. Оқушылардың сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жөн.
Физика сабағында табысқа жету жағдаятын туғызу жолдары Білім беру үрдісінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі педагогикалық технологиялар мен әдіс –тәсілдер қолдануда. Соның ішінде оқушының белгілі бір жетістікке жету үшін сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу. Егер оқушы өзі қандайда бір жетістікке қолы жетсе, ол қуанып қана қоймайды, онда тағы да алдындағы белестерден өту мақсаты тұрады. Осындай жағдайда мұғалім оқушының қандайда бір жетістікке жетуі үшін төмендегідей жағдаяттарды сабақта жиі қолданса, мұғалім жұмысының жетістігін көруге болады. 1. Мадақтау. Мұғалім сабақта оқушының өзіне деген сенімін арттыру үшін «Жарайсың!», «Мен сендерді мақтан тұтам!», «Сен өте ақылдысың!» деген сөздер жиі қолданғаны дұрыс. Бұл сөздер оқушының бойында мұғалімнің өзіне сенім артып тұрғанын сезініп, өз еркімен талаптанып, жақсы оқуға тырысады. 2. Бір мүмкіндік. Оқушының күтпеген жерден өзіннің қабілеті мен мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдаятты мұғалім арнайы дайындамайды, ол осы мүмкіндікті табиғи тәрбиелеудегі дарынымен, бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланады. 3. Еліктеу. Кластағы немесе мектептегі үлгілі оқушылардың жетістістіктерін үлгі ете отырып оқушының бойында «Сенде неге сондай болмасқа», «Мен саған сенемін», «Бұл сенің қолыңнан келеді» деп оқушының бойында еліктеушілікті туғызу. Джон Дьюи ол білім бағдарламасының оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталуы тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болатынын мойындатты (42 бет) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу арқылы баланың проблемаларды шешу қабілеті танымдық даму арқылы іске асырылады.Танымдық даму оқушыларды оқуға сондай-ақ зейін,сөз сөйлеу ,ойлау ,шығармашылық,зияткерлік қабілеттерін дамытуға жетелейді.1956 жылы Бенджамин Блум төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық.43бет, 13сурет) Қоғамның қай саласы болмасын мамандардан өз кәсібіне сай терең біліммен қатар, оның бойынан күрделі мәселелерді шешудегі ерекше қабілеттілік, тапқырлық,шығармашылық қасиеттер талап етілуде.Сондықтан әр сабақта оқушылардың кез-келген мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып,оларды ашық,еркін сөйлеуге баулу-әр мұғалімнің міндеті деп ойлаймын.Физика сабағын жаңаша оқытуға негіздей отырып, сабақтарды түрлендіріп өткізуді мақсат еттім. Әр сабағымда жаңа әдіс – тәсілдер қолданып, топтарға бөліп оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрткі сұрақтар арқылы оқушылардың танымдық ойлауын дамытуға ықпал етуді басшылыққа ала отырып , тақырыпты ашуда жаттанды ақпараттан гөрі, ондағы қойылған проблeманы зерттеуге, талдауға және салыстыруға, ой толғауға және бағалауға бейімдеу болды. Осы орайда физика сабағында белсенді оқу әдістерін қолданып, оқу матeриалын өз бeтінше, оқуға бастама жасай отырып, шығармашылықпен игеруде оқушылaрдың оқу үдерісіне толыққанды ойлану арқылы тартылуын көздейтін әрекеттер мен амaлдарды пайдаланып отырдым. Бұл әдістерді сабақтарым сәтті және нәтижелі болуы үшін қолданып отырдым. Оқушыларымды сыни тұрғыдан ойлату арқылы диалогтік әдістің де кездесетіндігі байқалды, жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану барысында жеті модульдің сабағымда кіріктіріп отырдым. Әр сабақты жоспарлау кезінде модульдерді қолдана отырып оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, өзбетімен іздене білуі мақсатында 7 сыныптың физика пәні бойынша «Заттың агрегаттық күйлері және МКТ. Масса және заттың тығыздығы. Заттың массасы мен тығыздығына есептер шығару.Заттың құрылысы тарауын қайталау» тақырыбы бойынша тізбектелген төрт сабағымның қысқа мерзімді жоспарын құрып, зерттеу тақырыбымның мақсаты толық ашылуы үшін нәтижелі сабақ өткізуді мақсат еттім. Орта мерзімді жоспардың мақсатын Блум таксономиясының кезеңдері бойынша жіктей отырып,тізбектелген төрт сабақтың алғашқы сабағына білу және түсінуді алға қойдым. Бұл сабақтан күтілетін нәтиже заттың үш күйінің ұғымын және анықтамасын біледі. Екінші сабақтың мақсатын қолдану сатысына кіріктіре отырып, осы сабақтан күтілетін нәтижеге оқушылар заттың массасын мектеп таразымен анықтауы,формулаларды қолдана алуы, анықтамаларды жаттауы талап етіледі.Үшінші сабақ мақсаты талдау сатысы бойынша өткізіледі. Күтілетін нәтиже: заттың массасы, тығыздық, көлемге байланысты диалог құрастырып, әңгіме сұхбат жүргізе отырып,формулаларды есептер шығару кезінде қолдана білді. Төртінші сабақ қорытынды болғандықтан жинақтау және бағалау сатысына кіріктірілді. Бұл сабақтан күтілетін нәтиже осы тарау бойынша оқушы жинақтаған білімін қорытындылап тест тапсырмалары арқылы білімдерін нақтылау заттың құрылысы тарауын семантикалық картаны толтыру арқылы талдатып, осы тарауды «Ыстық орындық» арқылы ашық сұрақтар беру арқылы алған білімнің құндылығын бағалау . Ең алдымен әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы,еркі,өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, сыни тұрғыдан ойлауына түрткі жасау үшін төменгі және жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою.Сабақ барысында нені ойлау керектігін оқушылардың өздері шешетінін түсіндім.Топпен жұмыс істеу барысында бұл модульдің оқушы үшін тиімді екенін және де оқушы бұрынғы сабақтардан, жаңаша оқытуға құрастырылған сабақтардан ерекшеліктері бар екендігін ,сабақта оқушылар ойлау, сөйлеу қабілеттерінің артқанын,шығармашылықпен жұмыс жасай алатындықтарын байқатты. Осы модульді пайдалану арқылы бір баланың ғана сабақ үлгерімі емес, толық сыныптың сабақ үлгерімі анықталатындығын,бұрынғы дәстүрлі сабақтарда тек үлгерімі жақсы оқушы ғана сабаққа қатысып,ойын ортаға салса, жаңаша өткізілген сабаққа барлық бала белсене араласып,өз ойын еркін айтып, пікірталасқа түсуі,сөздік қорының молайғандығы,өздерінің білгенін айтуға талпынғандықтары мені қуантты. Осылайша сабақ барысында түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қолданса оқушы бойындағы қасиеттерді ашуға болатынын байқадым. Тізбектелген төрт сабағымның қысқа мерзімді жоспары «Заттың агрегаттық күйлері және оларды МКТ. Масса және заттың тығыздығы.Масса мен заттың тығыздығына есептер шығару. Заттың құрылысы тарауын қайталау» тақырыбы бойынша жасақталып, ондағы алғашқы сабағымдағы мақсатым Блум таксономиясының білу және түсіну сатысы бойынша оқушылардың өткен материалдың есте сақталғандығын қадағалау, тақырыпты өзбеттерімен түсінгенін байқау болатын және тақырып бойынша заттың агрегаттық күйін оқып,мағлұматтармен толықтыру. Оқушылар тақырыпты өздері ашып, тақырыптағы керекті деректерді есте сақтап, келесі сабақтарда қолдана білуін мақсат еттім. Жаңа тақырыптар бойынша «Заттың қандай агрегаттық күйлері бар», « Заттың қанша түрін білесіңдер?, «Үш күйде кездесетін заттар бар деп ойлайсыңдар ма?», «Заттың күйлеріне мысал келтіре аласыңдар ма?»деп түрткі сұрақтар бере отырып, өз ойларын айтуға шақырдым. Заттың үш күйіне қатты,сұйық,газ тақырыптар бөлініп беріліп, «Мұз,су, бу олардың бір-бірінен ерекшелігі неде?», «Қандай қасиеттерін білесіндер» деп түрткі сұрақтар бере отырып осы тақырыпты ашу үшін постер арқылы қорғап, пікірталасқа түсті. Постер қорғау арқылы жаңа тақырыптың мәні ашылды, оқулықпен жұмыс жасап,өзара пікір алысты. Выготский танымдық қабілетті дамытудағы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызын бәрінен бірінші етіп қояды.Сабақ барысында әр оқушы өзінің даму деңгейіне сәйкес қатысып,«физика өмірде қажет пе, қажет емес пе?» оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге ықпал ете отырып түрткі сұрақтар арқылы танымдық ойлауын дамытуға итермеледім.Оқушылардың көпшілігі физиканың өмірде қажет екендігін білмейтіндігін айтса, «физика өмірде қажет деп санаймын. Ол болмаса жылу, жарық көздерін, ток көздерін қайдан аламыз?»десе, «Табиғат сырын ұғынған, физика емей немене», «Физика болмаса қатты, сұйық,газды қайдан аламыз»деген сияқты мысалдар келтіріп өз ойларын жеткізді.Жаңа тақырыпты жинақтай отырып, «Сиқырлы сандықша»оқыта үйрету ойыны арқылы әр топ заттың күйлеріне,МКТ тақырыбына тест құрастырып, бір-бірімен алмасып, жаңа тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді. Сабақты қорытындылай келе «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісін қолдану арқылы оқушылардың тақырыпты меңгергендігін бақылау болды. Оқушыларға«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы өздерінің іс-әрекеттерін жазу керектігін айттым.Алғашқы рет қолданып отырғандықтан ,бұл не ,қалай жазамыз деген ой туындады.Мен оның мәнісін түсіндіріп, бағыт –бағдар бердім.Оқушылар сабақтан алған білімдерін, көңіл-күйлерін стикерлерге жазып жабыстырды. Сабақ аяқталғаннан кейін стикерлерді оқығанымда, оқушылардың барлығына сабақтың топқа бөлу,сергіту сәттері ғана ұнағандығын байқадым. Онда А деңгейлі оқушым бұрынғы сабақтар маған ұнамайтын,ал бүгінгі «сабақ маған ұнады»,«топты бағалау маған ұнады»,В «сабақта көп нәрсе үйрендім» «физика сабағы қызықты екен»,С «физика сабағы қызықты болды»деп өз ойларын ашық айтты. Оқу үшін бағалау-бұл білім алушылар өздерінің оқуының қандай сатыда тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдер қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет,әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде,бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы қажет екенін түсіндім. Сонда ғана талпынғандар ғана білім ала алады,өз білімін арттыру үшін бағалауды үйрену арқылы,өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеуге дағдыланады Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин екенін ұғындым. Сабақ барысында бір - біріңді, өз - өздеріңді бағалап отырасындар деп тақтаға бағалау өлшемдерін ілдім.Оқушылар өз білімдерін бағалау оқушылар үшін қызығушылық тудырды, тудырды,себебі бұрын тек мұғалім ғана бағалап келсе, енді оқушылар бір – бірін бағалау өлшемдері арқылы бағалауға болатындарын білгенде қызығушылықпен қарап белсенділік таныта білді. Балалардың өзін-өзі бағалату үшін,әр топқа бағалау парағы беріліп, топ басшысы сайланды. Үйге тапсырма берілгеннен кейін, сабаққа қатысқан оқушыларды топ басшысы өздерінің бағалауы мен өзінің бағалауын беріп айтып шықты,онда кейбір оқушылар өздерін дұрыс бағаламағандығын айтып өтті.Топ басшылары да өздерін сабаққа дұрыс қатыспағанын айтып, төмен балл қойғандарын айтты.Оқушылар бағаланып, оқу үшін бағалауда қорытындысы бойынша да өздерінің ұпайларын жинады.
Сабақта ең оңтайлы тәсіл- балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыруды негізге ала отырып, топтық жұмыс жүргіздім.Шанк пен Циммерман (1994) сөздерін пайдалана отырып, балалардың өзбетінше оқуын бақылауға баса назар аудардым. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде танитындығын,мен жаңа тақырыпты өзбетімен меңгеруде жана ақпаратпен танысуды,тәжірибе алмасуға, кластер әдісі арқылы оқулықпен жұмыс жасай алатындығына, оқушылардың бірін-бірінің оқытуына мүмкіндік берілетіндігіне көзім жетті. Әр топқа жаңа тақырыппен танысу үшін кодтық тапсырмалар берілді. Жаңа тақырып «Заттың тығыздығы». Үш топ кодтық тапсырма бойынша өздеріне берілген тақырыптарды бөліп алды. Топтар бөлінген тақырыптарды интерактивті тақтадан электрондық оқулық бойынша оқып, жұптасып, топтасып бір-біріне түсіндірді.Өз беттерімен оқып танысып масса,тығыздық ,көлем жайында постер , кластер дайындап,қорғады. Топтың қарым-қатынасы нығайып, бірлесе жұмыс жасауға тырысты. Әр топ берілген тапсырманы постер арқылы түсіндірді. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын, белсенді оқушылар болса, онда оқушы үшін оқуда алға қадам басуға ұмтылатындығына көз жеткіздім. Сабақты ақпараттық-комуникациялық технологияны қолдана отырып өткіздім. Мен Чиксентмиханның (2008) «өзіндік мақсат» атты тәжірибесіне сүйене отырып,сабағымда оқушыларды ынталандыра алдым деп ойлаймын. Сабағымдағы бұрынғы дәстүрлі тәсілдеріме қарағанда қазіргі сабақтарыма өзгеріс енгізу арқылы, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолданып әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізу арқылы сабақтарымда қойған мақсатыма және оқушыларымның мынадай өзгерісін анықтадым: Әр топ мектеп таразысын пайдаланып өздерінде бар заттармен денелердің массасын анықтауға үйренді.Топтар мектеп таразысын пайдаланып,зерттеу жасай отырып.қалам,өшіргіш,стақандарды өлшеп масса,тығыздық ,көлемді таба білді. Алған ақпаратты электрондық оқулықтағы берілген анықтамалармен салыстырды,оқушылар өз пікірлерін қысылмай айтып, ақпарат сұрап отырды.
Заттың тығыздығын талдауда әр топ бес ашық, түрткі сұрақтар дайындаса, үш топ деңгейлі тапсырмалар бойынша кесте толтырды ,сұрақтарды топ-топпен алмасып,жауап берді. Сабақ соңында кері байланыс жасалып, сабақты «Қол көтеру» әдісімен .яғни егер ұнаса – екі қолымызды да көтереміз; егер жартылай ұнаса – бір қолымызды көтереміз; ал егер мүлде ұнамаса- қолымызды көтермейміз .
1. Сабақ сендерге ұнады ма?
2. Қай жағынан ұнады?
3. Не қызықсыз?
4. Сабақта нені өзгертуге болады деп ойлайсың?
5. Не үйрендің?
6. Сабақтан кейін көңіл-күйің қандай болды?
Дайын білім беруге негізделген дәстүрлі оқытудың нәтижесі алған білімдерін кез келген жағдайда пайдалана алмауға соқтыруы мүмкін, сондықтан да сындарлылық теориясына негізделген оқытудың маңыздылығы да осында. Жаңаша оқыту барысында оқушыларымды зерттей отырып, алған білімдері жүйелі және есте қалатындай болуы үшін түрлі әдіс – тәсілдерді қолданудың тиімділігі байқалды. Ал жаңаша оқыту барысында тақырыпты өздері ашып, талқылау арқылы - өзгенің пікірін тыңдай білуге, басқалардың да пікірін ой елегінен өткізе білу қабілеті қалыптасқандығын байқадым. Жаңаша оқыту арқылы топпен жұмыс жасау кезінде өз ойын ашық айтуға, топпен бірлесе жұмыс жасауға, өзінің сабаққа деген құлшынысының артқаны. Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттері,әрбір ақпаратты өз бетімен ізденуге, бірлесе орындаған жұмыстардың нәтижелі болатындығы, бір - бірін бағалай алуы, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге тырысқандары байқалды..Сын тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы нақты мақсат қоюға дағдыланады,өзіне деген сенімі артады,оқу үрдісіне белсенді қатысады,жолдастарының пікірін сыйлайды,сұрақтар қоя біледі,бағалауға үйренеді,пәнге деген қызығушылығы артады. Топпен жұмыс жасау арқылы өзгелерден қалмау үшін, тобын кез келген қиындықтан алып шығу үшін сабаққа жақсы дайындықпен келеді. Сабағымның сәтті өткен тұстары: шығармашылық жұмыс барысында топтастыру, қызықты тәжірибе жасау барысында оқушылардың өлшемдер мен қателіктерді нақты табуы, кері байланыстар орнатуы, постер қорғауы, «білімді мыңды жығар» есептер шығару кезеңінде көшбасшылық қасиеттері, постер қорғауда,әңгіме сұхбат кезінде белсенділік танытты.Сабақтағы кедергілер: жаңа сабақты кодтық тапсырмалар арқылы бір-біріне түсіндіргенде кейбір оқушылардың қиналғандығы, жоғарғы дәрежелі, төменгі дәрежелі сұрақтар кезінде оқушылардың қате жауап бергендігі.Осыдан келіп, дәстүрлі оқыту мен жаңаша оқытудың айырмашылығының бар екенін аңғаруға болады.
Қорытындылай келе сабақта пайдаланған әдіс-тәсілдерімді дамыта отырып, жұмыстың жаңа жолдарын іздей отырып,жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Сабақта жаңа технология элементтерін қолдану
2. Қазақстан мектебі, №14, 2015 ж.
3. Интернет желісі.
4.Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық. 41-49 беттер