Просмотр содержимого документа
«Физиканы ұлттық педагогикамен байланыстыру»
« Физиканы ұлттық педагогикамен байланыстырып оқыту»
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Прииртышский ауылы,
«Прииртышский жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Физика пәнінің мұғалімі Садыбекова Айнұр Жұмасияқызы
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, басқа да мемлекеттермен саяси, мәдени және экономикасы жан-жақты байланысқа түсуде. Қазір елімізді жер жүзі біледі десек артық емес. Өркениетті ел болу үшін заман талабына сай білім беру, дамыту, білім сапасын әлемдік деңгейге көтеру басты мақсат болып отыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілетін бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» ,- дейді. Сондықтан да еліміздің алдына биік мақсаттар қоя білетінін рухы таза, орны биік адамдар қажет.
Қазіргі кезде мұғалімдердің алдына қойылатын мақсат – рухани жан – жақты дүниесі бай, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұғалім бұл мақсатқа жету үшін ұлттық байлығымызбен , салт – дәстүрімізді білім беру існдегі озық үлгілерімен, тұғырлы ұстанымдарымен тығыз байлыныстыра отырып, шығармашылық қабілетін дұрыс жетілдіре білуі керек.
Бүгінгі оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты - жеке тұлғаға бағыттылған оқыту. Оқушыларға тек білім берумен шектелмей, өз ұлтының тарихын да білуіне физиканы оқытуда ұлттық тәрбиеге көп көңіл бөлдім.
Халықта « Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Бұл – жас ұрпаққа тән жақсы қасиеттер мен ұлттық сананы қалыптастыру деген сөз. Қазақ халқана тән әдептілік, бауырмалдылық, қонақжайлылық , еңбекқұмарлыққа, үлкенді сыйлау, инабаттылық пен иманжүзділікті қалыптастыру мақсатында әрбір тақырыпты халық даналығымен байланыстыра жүргізу жолдарын қаладым. Ұлттық педагогиканың негіздерін физика сабағында қолдану – білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырып , оқушының өмірге деген көзқарасын, ұлттық құндылықтарды оқушы санасында байланыстыра білуге тәрбиелейтін процесс болып табылады.
Қазақтың әдет – ғұрыптарын, салт – дәстүрлерінде кездесетін кейбір элементтерін, мақал – мәтелдерді, жұмбақтарды физика сабағында пайдалануға болады. Мысалы, 7 класта « Физикалық шамалар, оны өлшеу» тақырыбында халықаралық жүйедегі өлшемдерді , қазақ халқының өмірінде қолданылған ескі өлшемдермен байланыстыра отырып түсіндіремін. « Инерция» тақырыбын өткенде инерция заңын ата – бабамыз тұрмыста пайдалана білгендігін айта кету , мысалы: «аттың ері, түйенің қомы» . аттың ері немесе түйенің қомы қатты шабыста адам алға не артқа құлап кетпес үшін қолайлы екендігіне тоқталамын. « Қысым» тақырыбын өткенде аз күш жұмсап, көп қысым түсірудің тәсілін игергенінің мысалдары ретінде , аң аулау кезінде қолданған құралдарын айта кеткен жөн. Абай атамыздың « Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңінен үзінді оқи отырып, бүркіттің тырнағының өткірлігі, үшкірлігінің арқасында аз ауданмен, көп қысым түсіретіндігін түсіндіремін. Мылтықтың атылуы, қылыштың немесе семсердің жүзінің өте жұқа және өткір болуы да физикалық құбылыстармен байланыстырылады.
«Жылу құбылыстары» бөлімінде киізден , теріден жасалған киімдердің қолөнер бұйымдарының жылуды жақсы сақтайтынын білгенннен кейін ішік, тымақ тігіп кигені, торсық, киіз төсеніштер, жүннен тоқылған бұйымдар, т.б. « Балқу мен қатаюды» өткенде жүнді бояу әдістерін, зергерлік бұйымдарды даярлау әдістерімен байланыстырылады. Мысалы: кілем, алаша тоқығанда пайдаланатын жіптер, күміс пен алтыннан жасалатын зергерлік бұйымдар , тұрмыста қолданылатын бұйымдардың жасалуына тоқталамын. « Кебу және конденсация» тақырыптарын өткенде ұлттық тағамымыз құрт пен ірімшіктер, олардың жасалу жолдарына тоқталу керек. « Күш» тақырыбында, серпімділі күші – садақтың құрылысы , жебенің сүйір болуы себебімен байланыстырылады. Үйкеліс күшін тақырыбын өткенде ұлттық аяқ киімдердің жасалу ерекшеліктерімен байланыстырамын. Қазақ халқында небір дана ойшылдар, құралайды көзге атқан мергендер, шеберлер, елін жаудан қорған батырлар болғандығын арқау етіп, ұлттық қолөнер, зергерлік бұйымдарды жасауды, олардың құрылысы мен жасалу жолдарын физика ғылымымен байланыста екендігін ашуды мақсат еттім.
« Тербелістер мен толқындар» тарауында әр тақырып ұлттық аспаптардың жасалу ерекшеліктеріне қатысты өткізіледі. Мысалы: «алтыбақан, бесік» - тербелістер тақырыбымен, « домбыра , қобыз» - дыбыс тақырыбымен байланыстырылады.
Ұлы Абай атамыздың өлеңдерінен үзінді оқып, физикалық құбылыстармен байланыстыра отырып, оны талдаймын. Қазақтың данышпан педагогы жерлесіміз Шәкәрім өзінің шығармаларында күн жарығының жаратылысы, қозғалысы және оның спектрлік құрамы мынандай өлең жолдарын жеткізген: Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық, Сегіз минут, шерікте жерге барып. Әншейін құр жарқырап тұрып алмай, Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып. Қараңғы мен жарықты жүрміз өлшеп, « Күңгірт, жарық, қараңғы, көмескі» - деп. Жыл мен ай , сағат, минут, секунд дейміз, Секундты мың бөледі хроноскоп. ( 2 , 200 – бет)
Табиғат құбылыстарына байланысты мақал – мәтелдер, жұмбақтарды сабақ процесінде пайдаланамын. Көптеген мақал – мәтелдер табиғат көрінісін бейнелейді, оларды өмірмен, тұрмыстық жағдайлармен байланыстырылады.
Әр сабақты ұлттық салт – дәстүрлерді, ұлттық ойындарды қолданып өткізу - оқушылардың санасында халқымыздың ұлттық салт – дәстүрлерін қалыптастырып қана қоймай, ғылымға , білімге деген ынталарын арттыру жолы болып табылады. Ұлттық ойындарды пайдаланудың берері көп, маңызы зор. Мысалы: қыз қуу, теңге алу, айтыс, аударыспақ, ақ сүйек, арқан тарту, көкпар, күш сынаспақ, жамбы ату,т.б. Сабақты түрлендіріп өткізу үшін дәстүрлі емес сабақтарды жиі өткіземін. Бүгінгі күні дәстүрлі емес сабақтарды халық педагогикасымен байланыстырып өткізу өмірлік мақсаттардан туындап отыр. « Оқу мен еңбек егіз» деген сөздің мағынасын түсіндіруге көп мән беремін . Оқушыларды ақынжанды, ақжарқын, шешен, өнерпаз, өнегелі етіп тәрбиелеп қана қоймай, оларға халқымыздың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан тәлім – тәрбиелік мәдениет үлгілерін, әдептерін, рәсімдері, дәстүрлерін сіңре білсек, ол саналы ұлт мәдениетін игерген, иманжүзді, инабатты, адамгершілікті игерген мәдениетте, нағыз елім деп еңіреген азамат болып шығады. Өз елінің тілін, тарихын , елін құрметтейтін, білімді азамат етіп тәрбиелеу үшін сабақты халықтық педагогикамен байланыстырып оқыту оң нәтижесін берері анық.
Абай атамыз « Сен де бір кірпіш дүниге, Кетігін тап та бар қалан» -деп айтқан. Осыны еске ала отырып, жас ұрпақтарға өмірден өз жолын табуға, білгенін басқаға, өз ұрпақтарын үйретулері үшін білім нәрімен сусындатып, білгенімді шама келгенше түсіндіруге түсіндіремін .
Жан азығы мол адам – инабатты адам. Ұрпағымыз иманды болсын!