kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілттерін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл баяндамада физика пәнінде оқушылардың шығармашылық деңгейін дамыту туралы айтылады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілттерін дамыту»

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті

№121 орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі

Тұрмағамбетова Балқаш Сиезбекқызы



Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілттерін дамыту


Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Жастардың белснді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да оқу орындарындағы оқу процесінің негізгі мақсаты – оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай физика сабағында олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін де дамыту.

Шығармашылық қабілетті дамыту тұлғалық – дамытушылық оқытудың мақсаты. Тұлғалық дамытушылық оқыту теориясы бойынша білім алу жеке тұлғаның дамуымен ұштасып жатуы тиіс. Кез – келген оқыту дамыта алады, бірақ оның мазмұны мен әдістері дұрыс бағытталмағандықтан, нәтижесінде дамитын сапалар тар шеңберде қалады. Тұлғалық – дамытушылық оқытуға көшу дамытушы әсерлерді арттыру, оқу ісіндегі шығармашылық элементтерді күшейту дегенді білдіреді. Жеке тұлғаның шығармашылық жұмыстарын да осы жүйемен жоспарлаған тиімді. Шығармашылық қабілеті әр баланың табиғатында туылғаннан пайда болады. Ал оның дамуы өсскен ортасына байланысты болатынын күнделікті өмірден көріп жүрміз.

Білім сапасын көтеруге, қабілетті оқушыларды шығармашылыққа баулып, ізденушілік қасиеттерін жетілдіруге, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызатын Ж. Қараевтың «деңгейлеп оқыту» әдістерінің элементтерін іс тәжірибемде қолданып келемін.

Оқушылардың білім деңгейін көтеру, өткен тақырып бойынша алған білімдерінің тиянақтылығын тексеру мақсатында, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қазіргі заман талабына сай оқытудың жаңа технология элементтерін физика сабағында қолдану тиімді. Осыған орай Ж. Қараев оқыту технологиясының негізгі төрт деңгейін атап кетеді:

  1. Оқулық

  2. Алгоритмдік

  3. Эвристикалық

  4. Шығармашылық

Мұндағы 3 деңгейді меңгерген оқушының білімі білім стандартына сәйкес келеді, ал 4-ші

деңгейде қабілетті оқушылардың жұмысы болып табылады. Осы 4 деңгейге жекелеме түсінік бере кетейік:

  1. Репродуктивті деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады. Сондықтан оқушы бұл деңгейдегі тапсырмаларды орындағанда аса ойлануды қажет етпей, тез жауап бере алуы тиіс.

  2. Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған жаңа ақпаратты пайалана отырып тапсырманы орындайды.

  3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

  4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруді қажет етеді.













































Оқушы қабілетіне қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай оқушылардың теориялық – практикалық білімін сараптау деңгейі:

- Заңдылықтарды білу қабілеті

- Физикалық есептеу дәрежесі

- Формулаларды түрлендіру қабілеті

- Өз бетінше жұмыс істеу қабілеті

- Үй тапсырмасын орындау дәрежесі

- Жаңа тақырыпты меңгеру қабілеті

- Логикалық ойлау қабілеті

- Қосымша сұрақтар қою белсенділігі


Осындай тәжірибе арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижге жетуге болады.


Деңгейлеп оқытудың тиімді жақтары:

  • Сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі және әр оқушының белсенділігі оянады;

  • Оқушы өзіне тән қарқынмен өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді;

  • Барлық оқушы өз жұмысын ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да, оның орындалуына сәйкес келесі деңгейге көшіп отырады;

  • Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі тиянақтылыққа, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады;

  • Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушы ізденімпаздығы, шығармашылығы мен дарынының шыңдалуын тәрбиелейді.


Тиімді де орынды пайдаланған оқыту техноогиясының бірі деңгейлеп – саралап оқыту сапалық білім негізі бола алады.

Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан – жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

Деңгейлеп саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен әр деңгейлік оқыту жүйесінің физика пәнінің сапасын арттырумен бірқатар тиімді жақтары бар. Біріншіден, топтағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады. Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді, қойылған мақсатқа жету үшін қажетті төзімділікті қалыптастырады. Үшіншіден, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін – өзі бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпей, сонымен қатар тәртібі мен мінез – құлқына да тигізер ықпалы зор. Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған ісін аяқтауға, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді.

Оқушыларды деңгейлеп оқыту элементін қолданумен бірге олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін басқа да тапсырмалар беруге болады. Мысалы, әр түрлі тақырыптарда реферат беру, жылдың әр маусымындағы физикалық құбылыстарды бақылап, өзінің ойларын жазу немесе кейбір заңдылықтарға сүйене отырып эксперименттер жасауды үйрету секілді. Мұндай тапсырмалар оқушы бойындағы қызығушылықтарды оятады және жауапкершілікке баулиды. Жауапкершілікті сезіне отырып оқушының ізденімпадылығы, шығармашылығы дамиды. Сабақтардан да оқушыларға жаңа бағытта физика пәнін оқытудың маңызы зор.

Ұлт болашағы бүгінгі оқушыларымыздың білімі мен біліктілігіне, санасы мен тәрбиелілігіне байланысты. Халқымыз «Сана берсін!» деген тілекті тегін айтпаса керек. Ал ғұлама ғалым Әл - Фараби балаға ең алдымен тәрбие берілуі керек, онсыз берліген білім оның өміріне зиян келтіретіні туралы айтқан. Ондай болса тәрбиелей отырып білім алуға мүмкіншілік туғызу, жағдай жасау негізгі міндет болу керек.











Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Кронгарт Б.А..., Қойшыбаев Н. Физика, Алматы 2003

  2. Кронгарт Б.А.., Тазабекова Ж.М. Физика әдістемелік құралы Алматы 2003

  3. Қаймолдина А.К, Токбергенова У.К. Физика әдістемелік құралы Алматы «Мектеп» - 2003

  4. Мектепте физика пәнін оқытуға құзырлы қатынастың ерекшеліктері // Ұлт тағылымы – 2007 - №3 (1)- Б.211-213

























Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті

№121 орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі

Тұрмағамбетова Балқаш Сиезбекқызы



Электрондық оқулықтарды пайдалану тиімділігі


Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата – ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім – жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.

Қазіргі кезде электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әр оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар мен схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.

Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез жән жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау.

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видокөірінстер, дыбыс және музыка тыңдатыр көрсетуге болады. Бұл әрине мұғалімінің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай – ақ мұғалімдерге де өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Электронды оқулық – бұл дидатикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негіделген түбегейлі жүйе. Электрондық оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істегеніндей болады. Дәстүрлі оқытуда кейбір оқушылар түсінбей қалған матриалды мұғалімнен қайталап сұрай берге кейде қысылады, сол себепті жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электрондық оқулықпен жеке жұмыс істеуінің арқасында сол тақырыпты бірнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тіпті түсінбеген сөзді бөліп анықтама бөлімінен қарауға, сол сөздің түсіндірмесін білуіне, оның грамматикалық жасалу жолдарын білуіне көптен – көп көмегін тигізеді.

Электронды оқулықтар оқушының білім сарасын бақылау жүйесін өзгертуге мүмкіндік жасайды. Дәстүрлі оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиі болмай қолуы да кездеседі, ал электрондық оқулықтың көмегімен оқыту үрдісінің әр тарапын бақылай алады. Тіпті кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайды оқулықтың тарауына, керекті тақырыбына немесе қажет ақпарға сілтемлер беріп отырады. Бұл оқушы үшін, біріншіден үлкен көмек, жеңілдкітер туғызса, екіншіден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әділ бағасын беруге, оқушыға қажетіне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлімт алуға мүмкіндік жасайды.

Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып білімін тереңдете алады. Міне, осындай мүмкіндіктердің барлығы оқудың мотивациясын күшйетеді, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырады, оқытудың дәстүрлі ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегін тигізеді.

Электронды оқулықта берілген мәтіндік материалдар белгілі бір қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдерді құрайды. Сұхбаттар көлемі жағынан шағын және жеңіл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тілінде бір – біріне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретеді. Сонымен қатар берілген тақырып төңірегіндегі сөйлемдер мен әңгімелерді микрофонның көмегімен компьютерге басып, өздері тыңдап, өзін – өзі тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседі.

Мысалға, электронды оқулықтағы бір тақырыпқа тоталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша мәтін берілген.

  1. Осы мәтінді оқушы тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық сөздіктерге көңіл аударады.

  2. Жаңа сөздердің аудармасын іздеп тауып алғаннан кейін, сол сөздермен басқа жағдаяттарда қолдануға болатын сөйлемдер құрастырады.

  3. Осы құрастырған сөйлемдерін қолдана отырып жағдаяттар ойластырады.

  4. Өздері ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сұхбат құрастырады

  5. Сқхбаттарды бірінші жақтан құрастырғаннан кейін, оны үшінші жаққа аударып айтып береді

  6. Берілген тақырып көлемінде түрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.

  7. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қою арқылы сөйлем құрастырады.

  8. Сөйлемдегі жетпей тұрған сөзді табу арқылы сөйлемнің мағынасын түсінуін аңғартады.

  9. Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алатындығын көрсетеді.

  10. Әңгімені қостай отырып, сол тақырып көлемінде сөйлесе алатындығын байқатады.

  11. Сөйлемдегі сөздердің жалғауларын дұрыс қоюы грамматиканы түсінгендігін білгізеді.

  12. Сөйтіп көптеген жаттығулармен тапрсырманы дұрыс орындағанда барып өз өмірінде осы тақырыпты қолдана отырып әңгіме құрастыруға дейін жетеді.


Электронды оқулықтар оқушылардың

- білім деңгейін тереңдетуге

- ауызекі тілде сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға

- өз бетінше іздену қабілетін қалыптастыруға

- ойларын дамытуға

- оқушылардың сөздік қорының молаюына

- тілді үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына

- сабақта өзін еркін ұстап, өз мүмкіншілігін кеңінен пайдалана алуына

- өз ісіне талдау жасай алуға көптен – көп көмегін тигізеді


Қорыта келе айтарым, оқу үрдісінде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор.

Тіл үйренуші электронды оқулықпен сабақ бойы үздіксіз байланыста болғандықтан тілді меңгеруіне үлкен мүмкіндіктері бар. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электроныдық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой – өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім берру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір – бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік – жетістіктерді айтып отырсаақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.






























Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті

№121 орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі

Тұрмағамбетова Балқаш Сиезбекқызы



Физика пәнінен оқушыларды тест тапсыруға дайындаудың тиімді әдістері


Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқынды өсіп дамуы техникалық мамандықтарға деген сұранысты арттырып, оқушылардың политехникалық циклдағы пәндерге қызығушылығын оятты. Осыған байланысты бірыңғай ұлттық тестілеуде физика пәнін таңдайтын оқушылардың саны көбейді. Соңғы 3 жылда орыс және қазақ сыныптарында оқушыларды физика пәнінен ҰБТ-ға дайындай жүріп, кейбір тәсілдердің тиімділігіне көз жеткіздім. Ауандық білім бөлімінің тарапынан ұйымдастырылған «Білім» орталығында 2 аптаға жоспарланған бағдарламаға сәйкес оқушыар негізгі пәндерден ҰБТ-ға дайындалды. Бұл шараға тартылған пән мұғалімдерінің ішінде мен де болғандықтан, өзім сабақ беретін сынып оқушыларын ғана емес, аудан көлеміндегі басқа мектеп оқушыларына да өзімнің тестке дайындау әдісімді ұсынуға мүмкіндік алдым. Нәтижесінде оқшылардың пәнге қызығушылықтары артып, жоғары балл жинаған оқушылар көбейді. Көптеген оқушылар одан кейін де келіп дәріс алып жүрді.

Оқушылардың көбіне физикадан азды – көпті білімі болғанымен жүйелілігі жетімпей жатады. Сондықтан ҰБТ-ға дайындықты оқушылардың алған білімін жүйелеуден бастаған тиімді. Біз бұл жұмысты 10-шы сыныптан бастап жүргіземіз, себебі «Атамұра» бағдарламасы бойынша 9-шы сыныпты аяқтай отырып оқушылар негізгі физика курсын өтіп болады.

Қайталау үшін әр тарауға жеке – жеке теориялық шолу жасай отырып, ондағы формулалар мен негізгі түсініктерді кестелерге немесе сызба –нұсқаларға енгізген тиімді. Мұны сіз оқушылармен бірге жасайсыз, әрі олар өз қолымен түсініп отырып сызып алған кестесін тест есептерін шығаруға пайдаланған кезінде оңай жаттап алады. Базардан сатып алынған дайын анықтамалық кітпашаларды пайдалануға қиналып жүрген оқушыларға біздің тәсіліміз өте ұнады. Осындай жолмен алдымен алған білімін жүйелеп алған оқушы кез келген қосымша кітаптарды, анықтамалық кітпашаларды еркін түсініп оқуға мүмкіндік алады. Оқушылар негізгі физика заңдарын және формулаларын есте ұстауы керек. Оларды есеп шығару барысында түрлендіріп пайдалана алулары өз алдына бір мәселе. Мысалы, төмендегі кестеде көрсетілгендей, қозғалыс түрлерін жеке бағандарға бөліп, тиісті формулаларын оның астына жазып алса, әсіресе білім деңгейі төмен оқушылар үшін ол формулалар бір бірімен ауыспай есте оңай сақталады. Есеп шығару барысында бір – екі рет тиісті бағаннан алып пайдаланған формуласын көзін жұмса да сол бағаннан көреді, қозғалыстың басқа түрлерімен шатыстырмайды.


Бірқалыпты қозғалыс

Бірқалыпты үдемелі қозғалыс

Шеңбер бойымен қозғалыс

U=s/t

A=0

X=xo+uxt

y= yo+uot

S=uxt=x-xo

Sy=uyt=y-yo



u=uo+at

u=uo+gt

u-uo

a = _______

t

S=uot+at2/2

u2-uo2 u2-uo2

S = _____; h= ______;

2a 2g

u=2пR/T=2 пRv

a=u2/R


l=2 пR


Динамика негіздерін қарастырғанда төмендегідей кестені оқушылармен бірге

толтыруға болады. Оқушылардың ұсыныстары бойынша кестелерге өзгеріс енгізуге де болады. Мұндай әдіс олардың белсенділігін арттыра түседі.

Р/с

Күштің аталуы

Формуласы

Күштің бағытын анықтау, белгіленуі

Пайда болу шарттары

Күштің жұмысы

1

Ауырлық күші


Бүкіл әлемдік тартылыс күші

F=mg

M1*m2

F = ______

R2


Үнемі әсер етеді

A=mgh (төмен)

A=-mgh (жоғары)

A=-~(mgh2-mgh1)

2

Серпімділік күші

F=-kx


Дене деформацияға ұшырағанда

A=-(kx2/2-kx2/2)

3

Үйкеліс күші

F=uN


Бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда

A=Fүйкs

Параллель және тізбектей қосу тақырыбына келетін есептерді шығару барысында конденсаторлар мен серіппелер жүйесін қосу, резисторлардың жалпы кедергісін есептеуден қателер жіберіп жатады. Төмендегі кесте арқылы әртүрлі резисторлар мен конденсаторлардыңғ серіппелердің параллль және тізбектей жалғанғандағы айырмашылықтары мен ұқсастықтарын бір жрден көре отырып жеңіл есте сақтай алады.

R-резисторлар кедергісі

С-конденсаторлардың сыйымдылығы

k-серіппенің қатаңдығы

Тізбектей жалғау

R=R1+R2

1/C=1/C1+1/C2

1/k=1/k1+1/k2

Параллель жалғау

1/R=1/R1+1/R2

C=C1+C2

k=k1+k2


Сол сияқты тербелмелі жүйелер үшін мынадай кестені тиімді деп санаймын:


Тербелмелі жүйелер

Сызба нұсқасы

V


T

W

Математикалық маятник


1

V=---------

2п/l/g

=g/l

T=2п/l/g

mum2

W=--------

2

Серіппелі маятник


1

V=---------

2п/m/k

= k/m

T=2п/m/k

W=kA2/2

Тербелмелі контур


1

V=--------

2п/LC

= 1/LC

T=2п/LC

W=Li2/2+q2/2C




Мәліметтердің барлығын бір кестеге жинақтау арқылы тербелмелі жүйелер жайлы толық мағлұмат алып, әрі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата алады.Жалпы осындай көптеген тақырыптарға арналған кестелеріміз көп және олар оқушыларға күнделікті ағымдағы қаншама ақпараттармен қатар физиканы да оңай жүйелі түрде есте сақтап алуға көмектеседі.Әртүрлі ортадағы электр тогы, жартылай өткізгішті құралдар, жартылай өткізгіштердің қасиеттері, тұрақты және айнымалы электр тогы, лементар бөлшектер т.б тақырыптарға өте тиімді кестелер құрастыруға болады.Оны әр физика пәнінің мұғалімі оқушының деңгейін ескере отырып, өзіне ыңғайлы етіп дайындауына болады.Мұндай кестелердің компьютерлік нұсқасымен де жұмыс істеуге болады.Бірақ, менің байқағаным, оқушылармен отырып, қолдан сызып бірге жазғандағы тиімділігі өте жоғары.Біраз тест есептерін шығарып жатыққаннан кейін дәптердегі кестелер қалады, барлығы оқушының есінде тұрады.Кестелерге енетін материалдардың көлемін кеңейтіп, күрделірек етіп те жасауға болады.Бір тақырыптың өзіне бірнеше түрлі кестенің нұсқасын дайындап пайдаланамын.Ол негізінен оқушының қабылдау және есте сақтау қабілетін ескерумен түсіндіріледі.Бұл білім деңгейіне байланысты сараланған топтармен, жеке-дара оқушылармен жұмыс жасағанда тиімді, себебі сіз оқушының қабілетін ескере отырып диагностикалық жұмысты да қатар алып жүресіз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілттерін дамыту

Автор: Тұрмағамбетова Балқаш Сиезбекқызы

Дата: 09.02.2018

Номер свидетельства: 455944


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства