Физика пәнін ұлттық салт дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту
Физика пәнін ұлттық салт дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту
Қазақтың әдет-ғұрып, салт санасында кездесетін кейбір элементтерді физика сабағында қолдануға болады. Халық педагогикасынның негіздерін физика сабағында қолдану – білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырып, оқушының өмірге өзіндік көзқарасын, өзін қоршаған ортадағы әр түрлі қоғамдық ой - пікір, ұлттық құндылықтарды оқушылар санасында байланыстыра білу негізінде ұлттық мәдениет пен рухты сақтауға тәрбиелейтін үдеріс болып табылады. Бұрын жазу сызу болмағанда халқымыздың көрегендік, данышпандылығының арқасында табиғат құбылыстарын дұрыс айыра білген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Физика пәнін ұлттық салт дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту»
Физика пәнін ұлттық салт дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту
Казбекова Г.М., физика және математика пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Чапаев негізгі мектебі»ММ
Қазақтың әдет ғұрып, салт санасында кездесетін кейбір элементтерді физика сабағында қолдануға болады. Халық педагогикасынның негіздерін физика сабағында қолдану – білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырып, оқушының өмірге өзіндік көзқарасын, өзін қоршаған ортадағы әр түрлі қоғамдық ой - пікір, ұлттық құндылықтарды оқушылар санасында байланыстыра білу негізінде ұлттық мәдениет пен рухты сақтауға тәрбиелейтін үдеріс болып табылады. Бұрын жазу сызу болмағанда халқымыздың көрегендік, данышпандылығының арқасында табиғат құбылыстарын дұрыс айыра білген.
7- сыныпта.
«Қысым» тақырыбын өткенде:
а) ағаш қазықтың ұшын неге үшкір етіп жасағанын түсіндірген тиімді. Аз күш жұмсап қазықты жерге тез кіргізудін тәсілін игерген.
ә) осы тақырыпта «Серт қылыштың жүзінде» Қылыш жүзінің ауданы неғұрлым аз болса, соғұрлым оның түсіретін қысымы коп болады.
2) «Диффузия құбылысы» тақырыбын өткенде: айран ұйыту,құрт қайнату, нан
ашыту қалайорындалатынын айтып кеткен орынды. Айран ұйытқанда немесе нан
ашытқанда судың жылы болуы, температура жоғарлаған сайын молекулалардың
бір заттан екінші затқа өтуі шапшаң жүретінін көреміз.
«Жылу өткізгіштік» » тақырыбын өткенде: малдың, аңның терілерінен тіккен киімдердің жылуды жақсы сақтайтынын білгенін, ішік, тымақ тігіп кигенін түсіндіру керек.
«Сәуле шығару» тақырыбын өткенде: не себепті киіз үйге ақ киіз жабатынын, не себепті ақ киім киетінін нақты мысалдар арқылы дәлелдейді.
«Кебу және конденсация» тақырыбын өткенде: «Аузы күйген үрлеп ішеді» мақалды оқушыларға айту керек. Мақалдың тәрбиелік мәні, жіберген қатені екінші рет кайталамауға үйретеді, физикалық тұрғыдан қарағанда ыстық нәрсені үрлеп, кебу процессі тездетіліп, оның температурасының төмендейтінін ұғуға болады.
9 – сыныпта:
«Ньютонның қозғалыс заңдарын» тақырыбын өткенде: қазақтың ұлттық спорт ойындары: «Арқан тарту», «Күш сынасу» т.б. қолданса, сабақтың мазмұны байып, құндылығы артады, оқушылардың білімі молаяды.
«механикалық толқындар» тарауын өткенде домбыраның қалай дыбыс шығаратын аспап екенін айта кету керек. Алдымен тыныштықта тұрған ішекті тепе- теңдігін бұзып тербетеміз.екіншіден, ішектің тербелісі ауаға беріліп,ол арқылы дыбыс бізге жетеді.үшіншіден, домбыраның беттік тақтайы да тербеліске түседі.
Халықтық педагогиканың бір саласы ұлттық ойындар. Ұлттық ойындарды физика сабағында қолдану өте тиімді.
1) ойындарды физика сабағында сергіту сәті түрінде,
2)оқушылар ойынға қатысу үшін өз білімдерін үнемі толықтырып отырады.
Қалай десек те, оқушылар санасында халқымыздың ұлттық салт дәстүрлерін қалыптастыру үшін және оқушылардың ғылымға, білімге деген ынталарын арттыру үшін де физика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың берері көп, маңызы зор. Физика сабағында қолдануға болатын ойындар «Аламан бәйге», «Қыз қуу», «Қазақша күрес», «Ақ сүиек» т.б.
Халқымыздың салт дәстүрін, әдет ғұрып элементтерін физика сабағында қолдану,оқушылрдың білім деңгейін көтеріп қан қоймай бір біріне жақындастырып достыққа, жолдастыққа, адамгершілікке тәрбиелейді, ұлтына деген ыстық ықылас пен сезімін оятады.
Қолданылған әдебиеттер:
«Физиканы оқыту кезінде оқушыларға ұлттық тәрбие беру». О.Жанғозы.
«Физика пәнін халықтық педагогика тағылымдарымен байланыстырып оқыту».Әлімбекова Г.Б. Алматы.2001ж.