kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру ?дерісінде педагогикалы? технологияларды ?олдануды? т?жірибесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Педагогикалы? технология - м??алімні? к?сіби ?ызметін жа?артушы ж?не сатыланып жоспарлан?ан н?тижеге жетуге м?мкіндік беретін іс-?рекеттер к?зі.    ?рі сол жобаны? д?л жа??ырып іске асуы. Ал?аш?ыда педагогтар «педагогикалы? технология», «о?у-о?ыту технологиясы» ж?не «т?рбиелеу технологиясы» ??ымдарыны? ?зіндік м?н-ма?ыналарына назар аудармай келді. Ал б?гінде педагогикалы? технология о?у ж?не т?рбие айма?ында?ы педагогикалы? міндеттерді? шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-?рекеттеріні? бірізді ж?йесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалы? технология» м?ні «о?у технологиясы», «т?рбие технологиясы» ??ымдары м?ндерімен салыстыр?анда тере?деу де ау?ымдылау. Шынайы м?ні («шеберлік ж?ніндегі ілім») педагогикалы? міндеттерге: педагогикалы? процесті сипаттау, т?сіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялы? тіл элементі ретінде ?арастырылды. Педагогикалы? технология кешенді, бірігімді процесс. Ол ?з ??рамына адамдарды, идеяларды, ??рал-жабды?тарды, сонымен бірге жоспарлау, ?амсыздандыру, ба?алау ж?не білім ме?геруді? барша ?ырлары ж?ніндегі проблемалар шешімін бас?аруды ?амтиды.  О?ытуды? жа?а педагогикалы? технологияларын ме?геру м??алімнен орасан зор іскерлік пен шы?армашылы??а негізделген ізденістерді ?ажет етеді. Осындай ма?сат к?здеген ж?йелі ізденістер м??алімні? жа?а технологияны ме?геруіне, инновациялы? жетілуіне м?мкіндік береді. ?азіргі заман педагогтеріні? негізгі ма?саты-білім алушыларды? білімін сапалы ету, оны? толы??анды жеке т?л?а болып ?алыптасуына м?мкіндік жасау. Осы?ан орай, со??ы кезде о?ытуды? ?р т?рлі педагогикалы? технолгиялары жасалып, мектеп ?міріне енгізіліп ?олдануда. Педагогика ?ылымында баланы о?ыту мен т?рбиелеуді? міндеті жан-жа?ты дамы?ан жеке т?л?аны ?алыптастыру бол?анды?тан, жа?а технология бойынша ?дістемелік ж?йені? басты б?лігі о?ыту ма?саты болып ?алады.
 Б?л о?у ??ралда жа?а педагогикалы? технологияны ме?геруді? міндеттері, жолдары, ?олдануды? ?діс- т?сілдері сонымнен ?атар педагогикалы? технологияны? т?рлері оны о?у- ?дерісінде ?олдануды? тиімділігі ?арастырылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру ?дерісінде педагогикалы? технологияларды ?олдануды? т?жірибесі »

Білім беру үдерісінде педагогикалық технологияларды қолданудың тәжірибесі

Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы. Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды. Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді. Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты-білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технолгиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп қолдануда. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
Бұл оқу құралда жаңа педагогикалық технологияны меңгерудің міндеттері, жолдары, қолданудың әдіс- тәсілдері сонымнен қатар педагогикалық технологияның түрлері оны оқу- үдерісінде қолданудың тиімділігі қарастырылады.

Деңгейлік саралау - оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалдарын түрлі деңгейде меңгеруі.

Профессор Қараев Жауынбайдың «Деңгейлік саралау технологиясы» біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгей алуына кепілдік береді.

Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Деңгейлік тапсырмалар 1,2,3,4-деңгейде беріледі. 1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарт деңгей , бұны орындауға барлық оқушылар міндетті, 2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал 4-деңгейді шығармашылық жұмыс істей алатын, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындайды да, озат оқитын оқушылар алға кетеді. Бағалау «балдық» жүйемен жүзеге асырылады. 1-деңгейді орындаған балаға 5 бал, 2-деңгейге 10 бал, 3-деңгейге 15 бал, 4-деңгейге 20 бал.

Деңгейлік тапсырманы енгізудегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитынына қарамастан «оқушылық міндетті», яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаудан бастайды. Нәтижесінде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтаммассыз етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады. Мұндай есепке алу жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар кем дегенде «оқушылық» деңгейге сәйкес білімдітолық меңгеріп алатынын тәжірбиеден байқап жүрміз. Өйткені алғашқы деңгейдің тапсырмаларын толық орындамайынша олар келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгерген оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне өзінің сенімі артады.

Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының талаптарына сай сабақ үш кезеңмен жүргізіледі және оның мынадай тиімділіктері бар.



1 кезең – тірек тапсырмаларымен жұмыс.



Яғни, жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалдарды қайталау. Бұл үйде орындалып келетін тапсырма болғандықтан, үй жұмысын талдауға барлық оқушыларды толық қатыстыруға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы кезеңде әңгімелесу, көрнекілік, оқу әдістерін қолдана отырып бұрын алған білімдерін еске түсіру қажет, сол арқылы оқушының сабаққа зейіні ауып, жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге дайындалады. 9-сынып «Бүкіләлемдік тартылыс заңы» өту барысында кинематика бөлімінде танысқан санақ жүесі, қозғалыстың салыстырмалығы жөніндегі идеялар ары қарай дамытылады.



2 кезең – жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.



Бұл кезеңдерде оқушыға тақырыпты меңгеру алгоритмі беріледі. Алгоритм бойынша оқушылар оқулықпен жұмыс істеп, ізденімпаздыққа үйренеді, әр оқушының танымдық дербестікті дамытуға мүмкіндік туады.

Мұндай оқытудың мақсаты – оқушылардың жаңа тәжірбиені мүмкіндігінше өз бетімен меңгеруін дамыту. Оқыту барысында оқушылар өзін-өзі жетілдіреді. Іздену көзқарасы гуманитарлық бағдарға сәйкес келеді. Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын күштердің табиғаты туралы, Галилейдің салыстырмалық принціпінің мәні жайлы оқушылар өз бетінше тұжырым жасайды. Бүкіләлемдік тартылыс заңын өз бетінше іздене отырып меңгереді.



3 кезең – деңгейлік тапсырмалар.

Оны оқушы өз бетімен орындап, әркім қабілетіне қарай алған білімін іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Бұл технологияның тағы бір тиімділігі – оқушылар білімін бағдарлау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс. Оқушының әр сабақта жинаған ұпайларын «Даму моноторингі» кестесінде белгілеп отыру арқылы тарау бойынша оқушы біліміне талдау жасап отыруға мүмкіндік туады.

Барлық оқушылар өз міндетін ең төменгі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарыс туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт бойынша білім алуына кепілдік береді, әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды.



1-деңгей. Массасы мен радиусы Жермен салыстырғанда екі есе үлкен болатын планета үшін бірінші ғарыш жылдамдығы қандай болады?



2-деңгей. Жер бетінен Жер радиусының үштен біріндей биіктігі денеге қандай тарту күші түседі? Дененің масссасы 9 кг.



3-деңгей. Ұшақ 900 км/сағ жылдамдықпен ұшады. Оның жолында массасы 2 кг құс кез болды. Егер соққы ұзақтығы 0.001 с болса, онда ұшақ соққысының күші қандай?



Деңгейлеп оқыту технологиясының тест тапсырмаларын орындау кезіндегі тиімділігі:

-оқу материалдары толық қамтылады;

-оқушылар түгелдей сабаққа қатысады;

-оқушыларды жылдамдыққа, тапқырлыққа дағдыландырады;

барлық оқушылардың білімі бағаланады.

Төменде қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныпқа дайындалған деңгейлік тест тапсырмалары.

Деңгейлік тест тапсырмаларына мысалдар:

1-деңгей

Жылулық қозғалыстың сипаттарын және оның басқа қозғалыс түрлеріне өту динамикасын зерттейтін физика ғылымының бөлімі:

А) Термодинамика

В) Оптика

С) Механика

Д) Электр

Е) Атомдық және ядролық физика



2-деңгей

Қыздырғыш пен тоңазытқыштың температурасы сәйкесінше 680К және 250К. Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-ін есептеңіз.

А) 63%

В) 1.3%

С) 1.7%

Д) 70%

Е) 60%



3-деңгей

Бір стакан су мен сонша сынаптың қайсысында атомдар саны көп?

А) Сынапта көп, суда аз

В) Бірдей

С) Сынапта көп

Д) Суда көп

Е) Дұрыс жауабы жоқ



Деңгейлеп оқытудың қиыншылығы:

Оқушыларға көп қиыншылығы болмағанымен, мұғалімдер үшін туғызар қиыншылықтар бар. Әсіресе, физика пәні кезінде деңгейлік тапсырмаларды тексеріп, дұрыс болған жағдайда ғана келесі деңгейге көшу керек, осы кезде мұғалімге барлық оқушыларды тексеру қиындық туғызады, сондықтан өзіме ыңғайлы болу үшін 1-қатарға 3-деңгейді бірдей уақытта орындайтын оқушыларды отырғыздым.

2 қатарға 2-деңгейді бірдей орындайтын, ал 3-қатарға 1-деңгейді ғана орындайтын оқушыларды жайғастырдым. Сонда әрі-бері жұмыс азайып, бір қатардан екінші қатарға ауысып отырамын.

Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Мәселен оқушылардың алған бағалары арнайы таблода көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы оқушылардың көз алдында тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократ критерийлері болады.

Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:

1.Таланттылар өздерінің қабілеті меникемдігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

2.Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.

3.Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.

Сондытан да мұғалімдерге деңгейлеп оқыту технологиясын математика сабағында пайдаланған өте тиімді.



Жаңа педагогикалық технология ұстаз шеберлігін жетілдіруге ықпал жасаса, сонымен бірге оқушының ойлау қабілетінің шыңдала түсуіне әсер етеді. Оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында өзін-өзі жетілдіріп, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.«Матеметика мен Физика» журналы. №5, 2004 жыл

2.»Қазақстан мектебі» журналы. №11/12, 2002, №10, 2004 жыл

3. Ж.Қараев, Ж.Кобдикоба. Технология негізінде педагогикалық жүйені модернизациялау мәселелері.

4.»Физика» журналы №6, 2008 жыл

Білім беру үдерісінде педагогикалық технологияларды қолданудың тәжірибесі



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.«Матеметика мен Физика» журналы. №5, 12-13 бет, 2004 жыл

2.»Қазақстан мектебі» журналы. №11/12, 21-23 бет, 2002, №10, 2004 жыл

3. Ж.Қараев, Ж.Кобдикоба. Технология негізінде педагогикалық жүйені модернизациялау мәселелері.

4.»Физика» журналы №6, 12-14 бет, 2008 жыл

«Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сай физика пәнін оқытуды дамытудың жолдары» атты облыстық ғылыми практикалық конференциясы


Конференция қатысушылары туралы мәлімет

Аты-жөні

Аудан

Жұмыс орны

Қызметі

Баяндама тақырыбы

Секция тақырыбы

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

Электрондық почта




Материал мазмұнына автордың жауапты екендігі ескертілді

Қолы
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Білім беру ?дерісінде педагогикалы? технологияларды ?олдануды? т?жірибесі

Автор: Есаманова Базарк?л Бегманкызы

Дата: 10.02.2015

Номер свидетельства: 170571


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства