kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Виртуалды? зертханалы? ж?мыстарды физика саба?ында пайдалану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Виртуалды? зертханалы? ж?мыстарды физика саба?ында пайдалану.

«Жаман м??алім а?и?атты ?зі айтып

 береді, ал жа?сы о?ушыны?

 ?зін ізденуге жетелейді, ойлау?а ?йретеді»

А.А.Дистервег

1. Физиканы о?ытуды? ма?саттары.

Физиканы о?ыту теориясы мен ?дістемесі педагогика ?ылымыны? негізгі саласыны? бірі болып табылады.

?азіргі кезде ?ылымны? ?ар?ындап дамуына байланысты ?рбір ?ылым негізіні? мазм?ны ке?ейіп, тере?деп, с?йкесінші оларды о?ытуды? ?рт?рлі ?діс-т?сілдері де пайда болуда. Сол себепті ?р п?нді о?ыту ?дістемесі ждеке ?ылым саласы болып ?алыптасып, ірге тасы ?алануда. Барлы? жеке п?ндерді о?ыту ?дістері дидиактика?а негізделеді.

Мектептегі білім беру ісінде физика п?ніні? алатын орны, физика ?ылымыны? ?азіргі ?о?ам ?міріндегі ма?ызымен, оны? ?ылымны? ?ар?ындап дамуына тигізетін шешуі ы?палымен аны?талады.

Мектепте физиканы о?ыту барысында о?ушыны? ?алыптасуы, е? алдымен оны? жалпы білім алуы іске асырылуы тиіс. Физиканы ?йрету – белгілі бір ж?йеде (жоспар) бойынша м??алімні? басшылы?ымен ба?дарлы ма?сат?а ба?ытталады. Физиканы о?ыту ?дістемесі міндетіне – физиканы о?ытуды? за?дылы?тарын ашу, берілетін физикалы? білімні? мазм?нын аны?тау, оны ?йретуді ?йымдастыру т.б. кіреді.

Мектепте физиканы о?ыту кезе?інде о?ушылар?а білім беру, оларды жан-жа?ты дамыту, т?рбиелеу сия?ты негізгі ?ш міндет ат?арылады.

Білім беру міндеті – физиканы о?ыту ?дістемесіні? негізгі міндеті. Соны? н?тижесінде о?ушылар физиканы? негізгі за?дылы?тарынан білім жина?тайды, ?рі оны іс ж?зінде пайдалану да?дысы мен біліктілігін ?алыптастырады.

Дамыту міндеті – о?ушыларды? танымды? м?мкіндігін дамытуды к?здейді, оларды? ?здігінен білімдерін жетілдіруді іске асыру м?мкіндігіне ие етеді. ?рт?рлі а?параттарды д?рыс ба?дарлай білуге, логикалы? амалдарды ме?гере алу?а, шы?армашылы? ойлау ?абілеттерін арттыру?а жеткізеді.

Т?рбиелеу міндеті – негізгі міндеттерді? бірі. Себебі, о?ытуды? ма?саты, мазм?ны, ?дістері - ?сіп келе жат?ан жастарды? ?мірге дайындалу жолы.

Сонды?тан мектепте м??алім ?ызметі ?о?амны? ?леуметтік тапсырмасын орындау?а ба?ытталады. Олай болса, физиканы о?ыту негізінен ал?анда, о?ушыларды? ?ылыми к?з?арасыны? ?алыптасуына, ой-?рісіні? дамуына ж?рдемдесіп, ?негелі-?лгілі болу?а баулиды.

Мектепте ж?мыс ат?аратын ?рбір м??алімге ?азіргі та?да талап ?те ?лкен болып отыр. М??алім ?зіні? инновациялы? іс -?рекетін ?алыптастырып, оны ме?геріп, сол жа?а педагогикалы? технологияларды о?у-т?рбие ?рдісінде ж?йелі пайдалану ар?ылы о?ушыларды? білім сапасын арттыруы ?ажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Виртуалды? зертханалы? ж?мыстарды физика саба?ында пайдалану»

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Раздольный орта мектебі







Баяндама





«Виртуалдық зертханалық жұмыстарды физика сабағында пайдалану »














Физика-математика пәнінің мұғалімі: Эрднэбат Аманжан














2015-2016 оқу жылы


Виртуалдық зертханалық жұмыстарды физика сабағында пайдалану.


«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып

береді, ал жақсы оқушының

өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»

А.А.Дистервег


1. Физиканы оқытудың мақсаттары.

Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі педагогика ғылымының негізгі саласының бірі болып табылады.

Қазіргі кезде ғылымның қарқындап дамуына байланысты әрбір ғылым негізінің мазмұны кеңейіп, тереңдеп, сәйкесінші оларды оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері де пайда болуда. Сол себепті әр пәнді оқыту әдістемесі ждеке ғылым саласы болып қалыптасып, ірге тасы қалануда. Барлық жеке пәндерді оқыту әдістері дидиактикаға негізделеді.

Мектептегі білім беру ісінде физика пәнінің алатын орны, физика ғылымының қазіргі қоғам өміріндегі маңызымен, оның ғылымның қарқындап дамуына тигізетін шешуі ықпалымен анықталады.

Мектепте физиканы оқыту барысында оқушының қалыптасуы, ең алдымен оның жалпы білім алуы іске асырылуы тиіс. Физиканы үйрету – белгілі бір жүйеде (жоспар) бойынша мұғалімнің басшылығымен бағдарлы мақсатқа бағытталады. Физиканы оқыту әдістемесі міндетіне – физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық білімнің мазмұнын анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру т.б. кіреді.

Мектепте физиканы оқыту кезеңінде оқушыларға білім беру, оларды жан-жақты дамыту, тәрбиелеу сияқты негізгі үш міндет атқарылады.

Білім беру міндеті – физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеті. Соның нәтижесінде оқушылар физиканың негізгі заңдылықтарынан білім жинақтайды, әрі оны іс жүзінде пайдалану дағдысы мен біліктілігін қалыптастырады.

Дамыту міндеті – оқушылардың танымдық мүмкіндігін дамытуды көздейді, олардың өздігінен білімдерін жетілдіруді іске асыру мүмкіндігіне ие етеді. Әртүрлі ақпараттарды дұрыс бағдарлай білуге, логикалық амалдарды меңгере алуға, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға жеткізеді.

Тәрбиелеу міндеті – негізгі міндеттердің бірі. Себебі, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері - өсіп келе жатқан жастардың өмірге дайындалу жолы.

Сондықтан мектепте мұғалім қызметі қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындауға бағытталады. Олай болса, физиканы оқыту негізінен алғанда, оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуына, ой-өрісінің дамуына жәрдемдесіп, өнегелі-үлгілі болуға баулиды.

Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімге қазіргі таңда талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет.

Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл құзіретті тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.

Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.  Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін «дайын» білім көзі болмай, керісінше мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет. Мектеп жасындағы оқушының негізгі ерекшелігі – білімді қызығушылықпен алуы. Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамға шығармашылық әрекет ететін шығырмашыл тұлға мұқтаж екендігі дәлелденуде.  Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелді қолдану керек. Ұлы неміс пегагогы А.А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»-деген екен. Ендеше құзырлы, шығармашыл тұлға қалыптастыруда әр мұғалім алдында тұрған міндетті абыроймен ақтап, қазақ мектебі түлегінің деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу болып отыр.

2.Білім сапасын арттырудағы Виртуалдық зертханалық жұмыстардың мүмкіндіктері

Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек»? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады. Мен үшін ең негізгі мақсат – әр сабағымды түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Мұны  жүзеге асыру үшін түрлі технологиялары тиімді пайдалану.

Виртуалды зертхана жағдайында зертханалық тапсырмаларды орындаудың негізгі құндылықтарына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • көрнекі суретті және зерттелетін заңдардың әділдігін;

  • сызбаларды өздігінен жинау, олардың параметрлерін есептеу және үдерістерді қадағалау мүмкіндігін;

  • жүргізілетін тәжірибелердің толық қауіпсіздігі мен сыныптағы ауаның тазалығын қамтамасыз етуін;

  • тәжірибелерді өздігінен істеу мүмкіндігін, бұл оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін, олардың конструкторлық қабілеттілігі мен техникалық тапқырлығын арттырады;

  • сабақ үстінде виртуалды зертханалық жұмыстарды орындау теориялық және тәжірибелік сабақтардың арасындағы уақыт тосқауылын жояды, бұл оқытудың тиімділігі мен сапасына әсер етеді, оқушылардың өздігінен танымдық қызметпен айналысуын белсендіреді;

  • виртуалды ақпараттық-оқыту зертханасы белгілі бір әдістемелік негізделген жағдайларда нақты зертханалық құрылғыларға қосымша ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін зерттеу сипатындағы тәжірибелер жүргізуде кең мүмкіндіктерді ұсынады;

  • компьютердегі зертхана оқушылардың стандарттан тыс және проблемалық жағдайларды шешуде субъективті тәжірибесін қамтамасыз етеді.

Мысалға 7 сыныпта  «Салмақ» тақырыбы E-Learning электронды оқыту жүйесін қолдана отырып. Виртуалды эксперимент жүргізейік. Денелердің бірін серіпппенің үстіне, ал екіншісін білеушенің үстіне орналастырайық.  Денелерге әсер ететін күштерді қарастырайық.  Бейне баянды тыңдаймыз.

Тыңдалған соң оқушылар қорытындылайды. Оқушылардың  теориялық білімін практикада тексеруге болады.  Сабақ соңында тест жауабын шығарып сабақтың меңгеру пайызын шығаруға болады.

3.Виртуалдық зертханалық жұмыстардың нәтижесі

Оқушы бойында ақпараттық құзіреттілік қалыптасады.Атап айтсақ,

  • ақпаратты іздей алуы

  • алынған ақпараттың қажеттісі мен қажетсізін іріктеп, саралай алуы

  • қажетті ақпаратты негіздей және жүйелей алуы

  • ақпаратты өңдей алуы

  • ақпараттан аргументтер тауып, қорытындылар жасай алуы.

Яғни осындай іс-әрекетке қалыптасқан оқушы болашақта айналадағы құбылыстар мен жағдаяттардан өзіне қажеттісін түйіп, өмірде пайдалана білуге үйренеді.

Оқушы бойында коммуникативтік құзіреттілік бұл:

  • оқу міндеттерін шешу үшін тиісті қарым-қатынас тәсілдерін игеруі

  • өз әрекетіне өзіндік баға беруі және түзетулер мен толықтырулар жасай алуы

  • өз жұмысының нәтижесін көрсете және жариялай алуы

  • өз ойын жеткізе алуы және ойының дұрыстығын дәлелді түрде негіздей алуы.

Демек, оқушы осы арқылы түрлі жағдайларда өз пікірін жеткілікті түрде негіздеуге, өз ойын еркін жеткізуге, өзінің және өзгелердің әрекетіне баға беруге, өзін дамытуға үйренеді.Оқушы бойында проблеманың шешімін табу және өзіндік  басқару құзіреттілігінің қалыптасуы  ол оқушының:

  • мәселені айқындау және іс-әрекет  мақсаттарын  белгілеуі

  • қабылданған  шешімді жүзеге асыруға қажетті жағдайларды анықтауы

  • іс-әрекеттер қадамдарын жоспарлай алуы

  • қойылған мақсат пен міндетке сәйкес  іс-әрекетті ұйымдастыруы

  • өзінің іс-әрекетін бақылай алуы

Осы аталған дағдылары қалыптасқан оқушы өмірде де жоспарлы түрде әрекет етуге, мәселелер туындағанда жедел және дұрыс шешім қабылдауға, тығырықтан жол табуға, өзін-өзі басқаруға үйренеді.

4. Зертханалық жүмыстардың тиімділігі

-Оқу үлгерім 100%, білім сапасының көрсеткіші 70% жетті;

- Оқушының пәнге деген  қызығушылығы  оянды;

-Оқушының ойлау қабілеті мен белсенділігі артты;

-Өз бетімен жұмыстануға құлшыныстары  көтерілді;

-Оқушылардың базалық білім, білік,  дағдылары жетілді;

-Белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығы мен серіктестігі қалыптасты.

Электрондық оқулықтың тиімді жақтары:

  1. Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды;

  2. Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген

мәліметті алып, оқып үйренуіне болады ;

  1. Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар,

аудиохабарларды пайдаланады;

4.    Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген;

5.    Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады;

6.    Мүғалімнің  әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады,

дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді;

7.    Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.



Қорыта айтқанда,  вертуалдық зертханалық жұмыстар  мектеп оқушыларының өз бетімен ізденісіне, пәнге деген қызығушылығының артуына, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға, тұлғалық дамуына,  ерекше қолайлы жағдай туғызып отырандығын көруге болады Өзіміз оқытатын балаға сүіспеншілікпен қарап, жеке тұлға ретінде санасып, ізденімпаздықпен сабақты қызықтырып, жандандырып оқытсақ, жемісіміз де мол болады. Елбасымыз атап көрсеткендей «Тәрбие  ұлттық деңгейде, білім әлемдік деңгейде болуы керек». 




Әдебиеттер:

1. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М. 1988.

2. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, 2005.
3. Беспалько В.П. «Слагаемые педагогической технологий»

4.Дамыта оқыту технологиялары  Б.А.Тұрғынбаева  Алматы ,2000.
5. Кларин В.М. «Развитие» педагогической технологий и «проблемы
теории обучения».

6. Интернет желісі.



1 ГЛОССАРИЙ

Физика – материаның қарапайым және жалпы формаларының қозғалысы және олардың өзара өзгеруі жайындағы ғылым, ол дәл ғылымдар қатарына жатады және бізді қоршаған ортадағы процестер мен құбылыстардың сандық заңдылықтарын оқытады.

Физиканы оқыту әдістемесі – физиканы оқытудың дидактикалық принциптерінің қосымшасы болып табылатын педагогикалық ғылым.

Физиканы оқыту пәні – физиканы оқыту процесінде оқушыларды дамыту мен тәрбиелеудегі, физиканы оқытудың теориясы мен практикасы.

Физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері - үш сұрақтың жауабын іздеу: неге оқытамыз, нені оқытамыз және қалай оқытамыз.

Оқыту технологиясы - бұл оқытудың формалары және тәсілдері, әдістері

Оқытуды гуманизациялау - барлық оқу-тәрбиелеу процесінің орталық суьбектісі болып табылатын баланың жеке қасиеттеріне баса көңіл аудару.

Оқытуды гуманитаризациялау – сәйкес оқу сабақтарында (әлемдіккөзқарас, әдіснамалық, тарихи-бионрафиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару.

Оқытуды дифференциациялау – оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру.

Гимназия - V-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін, ой еңбегіне бейімді оқушыларды дамытатын және тәрбиелетін орта жалпы білім беретін оқу орны.

Лицей - VIII-XI немесе X-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін кәсіптік бағытталған жалпы білім беретін мекеме.

Колледжкәсіптік дайындықты жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік бағыттағы білім беру мекемесі.

Базистік оқу жоспары - орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін құжат.

Экология - орта жағдайы мен тірі организмдердің өзара қатиынасы жайындағы ғылым.

Ойлау – обьективті шындықты бейнелетін адамзат танымының жоғары басқышы.

Әлеуметтік мотивтер – оқушылардың басқа суьбектілермен әртүрлі өзара әсерлермен байланысқан побуждения.

Танымдық мотивтер – оқу іскерлік процесімен және мазмұнымен байланысты побуждения.

Өткен байланыстар бьасқа пәндердің ертеректе меңгерілген материалдарымен физика курсының байланысты.

Ілеспелі байланыстарбірмезгілде меңгерілетін әртүрлі оқу пәндерінің ұғымдары, теориялары, заңдары арасындағы байланыс.

Алдағы байланыстар - бұл физика курсының материалдары басқа пәндерді меңгеру үшін база болып табылатын байланыстар.

Сабақ – бұл мұғалім дәл тағайындалған уақыт мезетінде оқушылардың тұрақты танымдық іскерлік топтарын басқаратын оқытудың ұйымдастырылған формасы.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар – бұл оқу материалының әрбір тақырыбын сабақтар бойынша бөлу.

Оқытудың сөздік әдісі материалды баяндаудың сөздік әдісі (әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, дәріс), сондай-ақ кітаппен жұмыс істеу (оқулықпен, хрестоматиямен, анықтамалық құралдармен, дидактикалық материалдармен және т.б.).

Әңгімелеу – меңгерілетін тақырыпқа жататын іс-жүзіндегі материалды жалғасымдылықпен баяндау.

Түсіндіру – мұғалімнің жаңа ақпартты дәлелдеп, негіздеп, талдап түсіндіруі.

Әңгімелесу - оқытудың «сұрақжауап» әдісі.

Оқу эксперименті – бұл сабақта физикалық құбылыстарды арнайы құралдардың көмегімен шығару. Демонстрация – бұл мұғалімнің физикалық құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды көрсетуі.

Фронтальды тәжірибе – мұғалімнің текелей басшылығынсыз, жазбаша нұсқаулықсыз оқушылардың қандай-да бір практикалық іс-әрекеті (бақылау, өлшеу).

Сыныптан тыс тәжірибелер мен бақылаулар - күнделікті ортада, табиғатта, ауылшаруашылық өндірістерінде оқушылардың үйде орындайтын қарапайым тәжірибелері.

Физика кабинеті – бұл оқу қондырғыларымен, көрнекі құралдармен, оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған өзара байланысты орындар бөлінген мектептің оқу бөлімшесі.

Физикалық есеп – логикалық ойқорыту, физикалық эксперимент және математикалық амалдар процесі қолданлатын физика әдістері негізінде шешілетін кішігірім мәселе.

Есептерді шығару технологиясы – есептің шартында берілген және ізделініп отырған шамалар арасындағы байланысты тағайындайтын, есептің жауабына әкелетін амалар мен тәсілдер жиынтығы.

Физикалық есептерді шығаруға үйреті технологиясы – оқушыларға есеп шығару дағдысын қалыптастыруға әкелетін тәсілдер жүйесі.

Сынақ –сабақ уақытында ұйымдастырылатын оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексерудің жалпы формасы.

Оқытудың техникалық құралдары – техникалық қондырғылардың және олардың арнайы дидактикалық материалдарының жиынтығы.

Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) ақпарат тек дыбыстық каналдар арқылы берілетін оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ).

Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бірмезетте көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ.

Диафильмдер - өзара байланысты текс пен бейнелердің қатаң жалғасымды кадрлары.

Дербес (индивидуальная работа) жұмысжекелеген оқушылармен физика және техника бойынша жетекшілік жасау мақсатында, осы мақсатта реферат, баяндама және мазмұндама дйындау.

Топтық жұмыс – жаңа білімдер мен рактикалық іскерліктерді меңгеру мақсатында оқушылардың тұрақты шағын тобымен және балалардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталып жүргізілетін жүйелі жұмыс.

Оқытудың жаңа технологиялары – ЭЕМ көмегімен ақпараттарды көрсету, тарату.

Оқытудың компьютерлік технологиясы – бұл техникалық құрал компьютер болып табылатын оқыту жүйесі.

Компьютерлік сауаттылық – бұл оқыту құралы ретінде мұғалім мен оқушыға ЭЕМ қолдануға мүмкіндік беретін білім мен іскерлік.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Виртуалды? зертханалы? ж?мыстарды физика саба?ында пайдалану

Автор: Эрднэбат Аманжан

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279922


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства