Просмотр содержимого документа
«Ұлы физиктердің ашқан заңдарына есептер шығару»
ҰЛЫ ФИЗИКТЕРДІҢ АШҚАН ЗАҢДарына ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ
Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің жоғары санатты физика және астрономия пәнінің оқытушысы:
Калауова А.К.
«Үш жол білімге жетелейді:
ойлау– бұл ең тиімді жол,
көшіріп алу– ең жеңілі,
тәжірибе алу– бұл ең күрделі жол.
Адам осы жолдардың қайсысымен жүрседе, алған білімінің нәтижелі болғаны маңыздырақ.»
Конфуций
Сабақтың мақсаты
білімділік/образовательная:
заңдарды жазуды,қолдануды және талдауды үйрету;
дамытушылық /развивающая:
физикалық заңдылықтарды ашқан ұлы ғалымдардың еңбектерімен өздігінен танысуға итермелеу;
тәрбиелік / воспитательная:
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру;өз бетімен және топ болып жұмыс істеуге баулу.
«Электродинамика » станциясы
Шарль Огустен Кулон
Сұрақтар:
Кулон заңы нені сипаттайды ?
Жауабы:екі нүктелік зарядтардың өзара әсерін сипаттайды
Кулон заңының тұжырымдамасын айтыңдар ?
Жауабы:тыныштықтағы екі нүктелік зарядтар зарядтардың модульдерінің көбейтіндісіне тура пропорционал, ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал, таңбасы зарядтардың таңбаларының көбейтіндісімен бірдей, ал бағыты екі зарядты қосатын түзу бойымен бағыттас күшпен өзара әсер етеді.
Есеп шығару :
Ара қашықтығы 20см,зарядтары 4нКл және 6 нКл зарядталған вакуумдегі бірдей екі кішкене шар қандай күшпен әрекеттеседі?
2. Шамалары 1 мкКл және 10 нКл екі заряд 9 мН күшпен біріне-бірі қандай қашықтықтан әсер етеді ?
«Тұрақты ток » станциясы
Георг Симон Ом
Сұрақтар:
1.Тізбектің бір бөлігі үшін Ом заңының формуласын жазып көрсетіңдер ?
2.Тұйық тізбек үшін Ом заңының формуласын жазып көрсетіңдер ?
Есеп шығару:
Электр үтігі кернеуі 220В желіге қосылған.Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Ом болған жағдайда ондағы ток күші неге тең ?
Ұзындығы 24,2 м,көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2константан ( ρ=50∙10-8Ом∙м) сымының кедергісі қандай?
3.Ұзындығы 1,2 м қимасының ауданы 0,4 мм2және кедергісі
1,2 Ом өткізгіштің меншікті кедергісін анықтаңдар.
«Электромагнетизм » станциясы
Анри Мари Ампер
Сұрақтар:
1.Бұрғы ережесін тұжырымдаңдар?
Жауабы: егер бұранданы өткiзгiштегi ток бағыты бойынша бұраса, онда бұранда сабының қозғалыс бағыты магнит индукциясы векторының бағытына нұсқайды
2. «Сол қол » ережесін тұжырымдаңдар?
Жауабы: егер сол қолды магнит индукциясының векторы алақанға кiретiндей етiп, ал төрт шығыңқы саусақ ток бағытына нұсқайтындай етiп орналастырса, онда 90o-қа иiлген үлкен саусақ өткiзгiш кесiндiсiне әсер ететiн күштiң бағытын көрсетедi
Есеп шығару:
1. Ұзындығы 20 см түзу өткізгіш индукциясы 2 Тл біртекті магнит өрісінде индукция векторына перпендикуляр орналасқан. Өткізгіштегі ток 4 А-ге тең болғанда магнит өрісі тарапынан өткізгішке әрекет ететін Ампер күшін есептеңдер.
2. Ток күші 20 А болғанда, электрқозғалтқыштың якорь сымының орамына 1Н күш әрекет етеді. Сымның ұзындығы 0,25 м болса, өткізгіш орналасқан жердегі магнит индукциясын анықтаңдар.
« Физиканың ұлы классигi » станциясы
Гендрик Антон Лоренц
Сұрақтар:
1. Лоренц күші қандай күш ?
Жауабы : Магнит өрісіндегі әр зарядқа әсер ететін күш
2. Лоренц күшінің теңдеуін жазып көрсетіңдер ?
Есеп шығару:
1. Индукциясы 0,2 Тл магнит өрісіндегі 10 Мм/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан электронға ( q = 1,6•10 -19 Кл)
әсер ететін күшті табыңдар?
2. Индукциясы 0,01 Тл магнит өрісінде қозғалып келе жатқан протонға 1,58 Н күшпен әсер еткендегі оның
( q = 1,6•10 -19 Кл) жылдамдығын анықтаңдар?
« Жұмбақ » станциясы
Исаак Ньютон
Сұрақтар:
1.Ньютонның І заңының тұжырымдамасын айтыңдар.
Жауабы: егер денеге басқаденелерәрекет етпесе немесе олардыңәрекетітеңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады .
Сұрақтар:
2.Ньютонның ІІ заңының тұжырымдамасын айтыңдар.
Жауабы: егер әр түрлі денелерге бірдей күшпен әрекет етсе, олардың түрліше үдеу алатынын көрсететін заң,яғни денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал. F=mа»
Сұрақтар:
3. Ньютонның ІІІ заңының тұжырымдамасын айтыңдар.
Жауабы: әрекет етуші күшке әрқашан қарсы бағыттағы күш бар және олар шамасы жағынан тең болатынын дәлелдеді. F = - F
Ньютонның ІІ-ші заңын пайдаланып, кестені толтыру ( жеке-жеке есептеп F, m, a мәндерін табу керек).
F ( H )
150
a (м / с2)
m (кг)
180
4
75
6
50
VI.Үй тапсырмасы / Дом.задание:
Қайталау.
Өздік жұмыс: Бүгінгі сабақта аты аталмаған физиктердің еңбектері туралы жазып келу