1. Конденсатордың шығуы тарихымен танысу
2. Оны сипаттайтын шама және оның қандай факторларға тәуелді болатыны туралы мәлімет алу, түрлерімен танысу.
3. Конденсаторлардың жалғануларын қарастыру.
4. Зарядталған конденсатор энергиясының формуласын алу.
5. Конденсаторлардың қолданылуы туралы ақпараттармен танысу.
1.Өткізгіштің электр сыйымдылығы деп нені түсінеміз?
2. 1 Фарад электр сыйымдылық деп нені айтамыз?
3. Практикадағы электр сыйымдылықтың бірліктері қандай?
4. Шардың электр сыйымдылығын есептеу формуласы?
5. Өткізгіш шардың электр сыйымдылығы қандай шамаға тәуелді?
6. Конденсатор деп нені айтады?
7. “Конденсатор” сөзінің аудармасы?
8. Өткізгіштің электр зарядынан жинақтау қабілеті қалай аталады?
9. Қандай заттар диэлектриктер деп аталады?
10. Диэлектриктің салыстырмалы өтімділігінің физикалық мағынасы
1745 жылы Лейден қаласында неміс
физигі Эвальд Юрген фон Клейст және
голланд физигі Питер ван Мушенбрук
тарихта ең алғашқы конденсатор –
«лейден банкасын» жасады. Сынап
Шыны ыдысқа салынған шегенің үлкен
Электр зарядын жинақтай алатыны байқалған.
Мұндай конденсаторда сынап бір жапсардың
Ролін, ал ыдысты ұстап тұрған
экспериментатордың алақаны екінші
жапсардың ролін атқарған екен.
Кейінірек астарлардың жапсарлардың
екеуін де жұқа жезден немесе
қорғасын қағаздан жасайтын болады.
Өткізгіштің электрсыйымдылығы мынандай факторларға
байланысты өзгереді:
1. Өткізгіштің электр сыйымдылығы оған екінші зарядталмаған
өткізгішті жақындатқанда артады;
2. Екінші өткізгішті жерге жалғау бірінші өткізгіштің электр сыйымдылығын арттырады;
3. Қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын арттырады;
4. Диэлектриктің қалыңдығын азайтса, өткізгіштер жүйесінің сыйымдылығы артады;
5. Диэлектриктің диэлектрик өтімділігі артқанда, жүйенің электр сыйымдылығы артады;
6.Өткізгіштердің бір-бірімен айқасу ауданын арттырғанда жүйенің электр сыйымдылығы артады;
Конденсаторларды сыртқы механикалық әсерлерден қорғау үшін оларды арнайы корпустармен қаптайды.
ГОСТ 2.728-74
бойынша белгіленуі
Сипаттамасы
Тұрақты сыйымдылығы бар конденсатор
Поляриз ацияланған конденсатор
Айнымалы сыйымдылығы бар конденсатор
Жазық конденсатор
Цилиндр тәріздес конденсатор
Шар тәріздес конденсатор
- Егер өткізгіштер жазық болса және параллель орналасса, онда конденсатор жазық деп аталады.
C= εε 0 S/d
Мұндағы:
С- жазық конденсатордың электр сыйымдылығы ;
- жапсарлардың арасындағы ортаның салыстырмалы диэлектрик өтімділігі
=8,85*10 -12
d- диэлектрик қалыңдығы немесе жапсарлардың ара қашықтығы;
S- жапсардың ауданы;
1.Сыйымдылықты арттыру үшін конденсаторларды параллель қосады.
Бұл кезде конденсаторлардың аттас зарядталған жапсарлары бірге қосылады.
2. Конденсаторларды тізбектей
жалғаған кезде барлық
конденсаторлардағы заряд бірдей
болады және олардың әр аттас
зарядталған жапсарлары қосылады
Дбд
- Конденсаторлар катушка немесе резистормен бірге жиілікке тәуелді әртүрлі тізбек құрастыру үшін қолданылады
(тербелмелі контур, кері байланыс тізбегі).
- Конденсаторды жылдам разрядтау кезінде үлкен қуатты импульс алуға болады(фото жарқыл, импульстік лазерде).
- Конденсатор электр зарядын көпке дейін сақтайтын болғандықтан электр энергиясын сақтаушы құрал ретінде қолданады (аккумуляторлар).
- Өндірістік электротехникада реактивті қуатты толықтыру үшін қолданылады.
- Конденсаторлар көп заряд жинақтай алатындықтан жапсарларындағы кернеу үлкен болады, сондықтан оны зарядталған бөлшекті үдету үшін де қолданылады.
- Сыйымдылығының өзгерісіне байланысты өлшеуіш
түрлендіргіштер жасалады және т.б салаларда кең қолданыс тапқан
Есептер шығару
1. О қшауланған өткізгішті 100В потенциалға дейін зарядтап , 10(-9 ) Кл электр зарядын жіберген. Өткізгіштің электр сыйымдылығын анықтаңдар.
2. Сыйымдылығы 3*10(-6) Ф конденсаторға 4,4*10(-4) Кл заряд беру үшін конденсаторды қандай кернеуге дейін зарядтау керек?
3. Конденсаторды 1,4 КВ кернеуге дейін зарядтағанда ол 28 нКл заряд алатын болса, конденсатордың сыйымдылы ғы қандай?
§8.11-8.12 оқып келу,
есепті аяқтау.
Мәнжазба «Конденсаторлардың түрлері
және қолданылуы»