Сабақтың әдісі: ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап, есеп шығару, ойын элементтері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
Қатысушылар:
«Паскаль» тобы
«Пифагор» тобы
«Ньютон» тобы
Сабақтың кезеңдері:
Терминдерді білесіңдер ме?
Ғажайып үштік
Кім білгір (есептер шығару)
Көрініс- «Ертегілер елінде».
Қызықты жұмбақтар
Мақал- мәтелдер жалғасын тап?
Тірек сызба «МИФ» мағынасын ашу.
Физикалық айтыс- «Электр және механика» айтысы
Қорытынды.
1. Терминдерді білесіңдер ме?
1.Физика грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
2. «Астрономия» сөзін грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
3. «Атом» грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
4. «Диффузия» латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
5. «Зодиак шоқжұлдыздары» грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
6. «Инерция» латынша қандай мағынаны білдіреді? (латынша инерция – қозғалыссыздық, әрекетсіздік).
7. «Деформация» латынша қандай мағынаны білдіреді?
8. «Динамометр» грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
Информатика.
Ақпарат термині латынның information сөзінен аударғанда (Түсіндіру, Баяндау, Мәлімет) деген мағынаны білдіреді.
Тышқан (ағылш. mouse — тышқан) — бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.
Принтер (Printer) - 1) баспа құрылғысы; 2) Windows NT жүйесінде — баспа құрылғысы мен қолданба арасындағы программалық интерфейс.
Процессор (ағылш. central processing unit, CPU - Орталық есептеуіш бөлім). Процессорды компьютердің жүрегі десекте болады. Компьютеріңіздің есептеу жылдамадығы осы процессорға байланысты.
Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Математикалық атаулар «П» әрпінен басталатын математикалық атауларды атау ( кім көп табады) (параллель, перпендикуляр, призма, параллелепипед, параллелограм, пайыз, пропорция, пирамида, периметр, т. с. с)
Алгебрa,
Аксиома,
Теорема,
Коэффициент
2. Ғажайып үштік
Информатика
10
20
30
Физика
10
20
30
Математика
10
20
30
3. Кім білгір? (есептер шығару)
4.Көрініс- «Ертегілер елінде».
Мұғалім: Осыдан 25 мың жыл «физика» ұғымын енгізген, физиканың атасы кім?
Оқушылар: Аристотель.
Мұғалім: Төрлетіңіз Аристотель.
Аристотель: Саламатсыңдар ма, балалар! Мені танығандарыңа өте қуаныштымын. Сендер физикалық құбылыстар, Физикалық денелер туралы көп білгілерін келетінін, физика сендерге ұнайтынын байқап тұрмын.
Мен б.з.д. 14 ғасырда Ежелгі Грецияда өмір сүрдім. Өздерің тарих сабағынан білетін Александр Македонскийдің ұстазы болдым. Өз шәкірттеріме өмір, уақыт, қозғалыс туралы түсіндірдім. Сол кезде «Физика» да жазылды.
Жақында кітаптарымды оқып отырып, сендердің «Физика ертегіде» деген кеш өткізгелі жатқандарыңды білдім де, бір орында отыра алмай сендерге келдім. Осы кеште өзімнің ертегіде достарымды көремін бе деп ойлап едім, бірақ ешкімді көрмей тұрмын. Мында біреу бар сияқты ғой, бұл кім?
Молекула: Бұл мен молекула.
Аристотель: Мен сені қалай байқамадым.
Молекула: Себебі мен өте кішкентаймын.
Аристотель: Мында жалғыз не істеп жүрсің?
Молекула: Мен жалғыз емеспін қолымда сиқырлы Джинн бар.
Аристотель: Мен оны көрмей тұрмын.
Молекула: Ол құмырада. Мен оны қазір шақырамын. Ахалай-махалай.
Аристотель: Саламатсың ба? Джинн молекула сені сиқыршы деп еді. Шынымен бізге сиқырыңды көрсетесіңбе?
Молекула: Иә, ол қазір сиқырын көрсетеді. Оны физиканы біле отырып тез шешуге болады.
Джинн: Бір, екі, үш. Бұл нелер балалар?
Оқушылар: Заттың аттарын атайды.
Джинн: Күнделікті біз осылай атаймыз. Ал физикада қалай аталады?
Оқушылар: Физикалық денелер.
Джинн: Физикалық денелерден не тұрады?
Оқушылар: Зат.
Молекула: Барлық заттар бізден тұрады. Біз өте кішкентаймыз, жаңа Аристотельде мені байқамай қалды. Балалар айтыңдаршы, менің достарым маған ұқсайды ма?
Оқушылар: Бір заттың молекулалары бір –біріне ұқсайды.
Джинн: Менің сиқырымды кім шешер екен? Тәжірибе.
Молекула: Ой, Джинн қандай сиқыршы!
Рахмет мен енді басқа жаққа барамын.
Аристотель: Салқындап кетті ғой. Неге екен! О, бізге тағы қонақ келеді. Кім екен? Бұл-қар патшасы ғой.
Қар патшасы: Иә, мен. Мен мәңгі жатқан қармен ерімейтін мұздің ортасында тұрамын. Айтыңызшы, неге олар ерімейді.
Оқушылар: Себебі сіздің жақта температура 0С-тан төмен.
Қар патшасы: Дұрыс айтасыңдар. Менің патшалығым да бөлмелерде мұздар жалтырап тұр. Өте әдемі. Балалар, мұзбен қардың ұқсастығымен айырмашылығы қандай?
Оқушылар: Мұзда, қарда судан құралады. Айырмашылығы олардың тығыздықтарында.
Қар патшасы: Менің жүрегімде кесек мұз бар. Ондай жүрек қуанышпен қайғыны сезбейді. Патшылығындағы Кайдың да жүрегі сондай болып қалады. Герда апасы оны қалай жылытқанын айтпасаңдар, сендердің біреуіңізді өзіммен алып кетемін.
Оқушылар: герда өзінің інісін өте қатты жақсы көрді. Мұзды еріткен оның ыдыстың көз жасымен жүрегімен шыққан жылуы еді.
Аристотель: Балалар!
Қар патшасы: Сендер тек физиканың заңдарды ғана емес, адамдардың қарым-қатынасы туралы да жақсы біледі екенсіңдер. Менің мұз жүрегім сендерге ештеңе істей алмайды. Мен өзімнің патшалығыма кетемін. Сау, болыңыздар.
Аристотель: Иә, Қар патшасы салқын леп сезіледі. Бүгін ертегі сабағы болғандықтан, сиқырлы аппаратымды пайдаланайын. Қызыл телпек досымыз не істеп жатыр екен.
Анасы: Әжеңе бару керек еді, кімді жіберсем екен?
Қызыл телпек: Мен барып келейін.
Анасы: Барып келу оңай емес қызым. Әжеңнің үйіне баратын жол физика елі арқылы өтеді. Ол елдің тұрғындарымен физикалық терминдер арқылы сөйлеу керек.
Қызыл телпек: мен физиканы өз кластастарыммен бірге оқып жүрмін. Білмегенімді достарым айтады, көмектеседі.
Анасы: Жарайды, қызым. Мына дәмді бәліштерді әжеңе апара ғой.
Қызыл телпек: Ой, қандай бәліштер. Мама қалай жасайтынын айтшы.
Анасы: Білгің келетіні өте жақсы.Оған бізге ұн, тұз, сүт, май, шекер, жұмыртқа және ашытқы керек. Бәрін араластырып жасаймыз.
Қызыл телпек: Жол дегеніміз қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траектория ұзындығы өлшем бірлігі м, км. Ой әжемнің мекен жайын дұрыстап сұрап алмаппын ғой.
Қасқыр: Неге жылайсың? Кімсің және қайда барасың?
Қызыл телпек: Мен қызыл телпекпін әжеме дәмді бәліш апара жатырмын.
Қасқыр: Білемін. Саған жол көрсетпестен бұрын, сен менің екі сұрағыма жауап бер.
Қызыл телпек: Қойыңыз!
Қасқыр: Қыс түсті. Шай ішейін десем судың бәрі қатып қалды. Не істеймін.
Қызыл телпек: Сіз қармен мұзды отқа қойсаңыз, еріп суға айналады.
Қасқыр: Әжеңе жету үшін сен өлшей білуің керек. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?
Қызыл телпек: Анықтамасын айтады.
Қасқыр: Жарайды, енді сен мына жолмен 100 адым жаса, оңға бұрылып 70 адым жасап жүр.
Қызыл телпек: Рахмет.Сіз айтқан траектория бойымен жүремін.
Әжесі: Бұл кім?
Қызыл телпек: Бұл мен, сенің немерең қызыл телпек.
Әжесі: Кіре ғой! Сені көргеніме өте қуаныштымын.
Қызыл телпек: Әже мен саған дәмді бәліш әкелдім.
Әжесі: Рахмет қызым. Қандай дәмді, өзің пісірдің бе?
Қызыл телпек: Жоқ, мамам пісірді. Бірақ мен енді оны қалай жасайтынын білдім. Онда диффузия құбылысы жүреді.
Әжесі: Диффузия құбылысы дегеніміз не?
Қызыл телпек: Анықтамасын айтады.
Әжесі: Рақмет бәлішіңе. Физиканы да біледі екенсің.
Қызыл телпек: Келесі де өзім пісіріп әкелемін. Қазір кеттім, сау бол!
Аристотель: Бізге кім домалап келе жатыр?
Мұғалім: Ертеде бір кемпірмен шал болыпты. Кемпір бауырсақ пісірді. Ол бауырсақ орманға домалап кетіп қалды, домалап-домалап сендерге де келіп қалды.
Бауырсақ: Саламатсыңдар ма?
Оқушылар: Саламатсың ба, бауырсақ.
Бауырсақ: Домалап келе жатқанымда, қозғалысым бір қалыпты болмады. Жоғары көтерілгенде жылдамдығым азайды, төмен түскенде жылдамдығым артты. Балалар, жылдамдық дегеніміз не?
Оқушылар : Анықтамасын айтады.
Бауырсақ: Дұрыс. Траектория дегеніміз не?
Оқушылар Дененің қозғалыс кезінде жасаған ізі.
Бауырсақ: Бірқалыпты, бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз не?
Оқушылар: Анықтамасын айтады.
Бауырсақ: Физиканы біледі екенсіңдер. Менде физиканы оқуға кеттім, сау болыңдар.
Аристотель: Балалар, мен бір хат алдым өздеріңе оқып берейін.
«Таңертең 19 сағат 30 мин АЛУКЕЛОМ патшалығына қонаққа кел. Бұл патшалықтың тұрғындарын МОЛЕКУЛАЛАР деп аталады. Өздері өте көп, қозғалмайды, жыбырламайды. Егер қозғалса, патшалық салқындайды. Бір-біріне тартылмайды, бір –бірінен тебілмейді, өзара әсерлеседі. Бірақ саған мұнда ұнайды. Өзіңді күтемін.»
Осы хатта қателер бар сияқты тауып беріңізші.
Жарайды балалар, менің кететін уақытым болды. Сендерді әлі бірнеше рет көремін деп ойлаймын. Сау, болыңдар.
5.Қызықты жұмбақтар
1. Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2. Жылдамдықты өзгертеді,
Қоғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қоғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)
3 Көп болса асықпайсың,
Мезетте қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
4. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньюонға ол келеді. (Күш)
5. Біз, біз, біз едік,
Бірегей жарқын қыз едік.
Тамашада көп болдық-
Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз)
Иформатика
1. Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым
Бірақ тілін шет елдің
Аудара алмай тастадым
Тілді қалай өзгертем
Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt )
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғы жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)
3. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит)
4. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта)
Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тінтуір)
Математика
1.Оң сандарға қол шатырдай
Қалпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны
Белгімсі оның кетеді (квадрат түбір)
2.Екі бұрыш ежелден
Тату көрші болған екен
Бірін-бірі толықтырып
Бір түзуде жатады екен (сыбайлас)
3.Екі түзу қатар жүріп
Үшіншісін қияды
Сонда шыққан бұрыштарды
Кімдер айтып жияды (айқыш, тұтас, сәйкес)
4.Қарама –қарсы қабырғалары
Паралель боп қосылған
Оқыңызшы аталуын
Параллель, грамм сөзі қосылған (параллелограм)
5.Үлкен, кіші сандар арасына
Таңбаларды қойған кезде
Алынады қандай өрнек
Білейікші оны біз де (теңсіздік)
6.Мақал- мәтелдер жалғасын тап?
Физика
1.Түйені жел қозғаса
Ешкіні .... аспаннан ізде (қозғалыс, тербеліс)
2.Жел соқпаса.... шөптің басы қозғалмайды (күш)
3.Аузы күйген, .... үрлеп ішер (Кебу)
4.Ай мен күн ауысты
Тәулікті .... тауысты (жердің өз осімен айналуы)
5.Ай жоғары әлемге
Күн жоғары ..... төменге (жарық сәулесі)
Математика
1.Екі жақсы қас болмас
Екі жаман .... ( дос болмас)
2.Алты жыл аш болсаңда, ... (атаңның салтын ұмытпа)
3.Жеті жұрттың тілін біл, ... (жеті түрлі білім біл)
4.Жеті атасын білмеген .... (жетімдіктің белгісі)
5.Қызға ..... (қырық үйден тию)
Информатика
Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)
Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)
Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)