Білімділік:Оқушылардың нақты білімді естерінде сақтауын, меңгеру деңгейлерін тексеру. Алған теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық:Оқушылардың творчествалық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, өз беттерімен жауап беру біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларда пәнге деген қызығушылықты, сабақ үстінде зейінмен тыңдап, сабаққа деген саналы көзқарасты тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Ой қозғау. «Кинематика және динамика» тараулары бойынша алған білімдерін еске түсіру.
ІІІ. Формуланы кім жылдам жазады?
ІY. Есептер шығару.
Y. Сабақты қорытындылап, үйге тапсырма беру.
ІІІ. Формуланы кім жылдам жазады?
Удеу:
Түзусызықты тең үдемелі қозғалыс үшін жылдамдық және орынауыстыру:
Түзусызықты тең баяулайтын қозғалыс үшін жылдамдық және орынауыстыру:
Период және жиілік:
Центрге тартқыш үдеу:
Ньютонның ІІ-заңы:
ІY. Есептер шығару.
№1.
Автобус алғашқы 3 км жолды 6 м/с жылдамдықпен, ал келесі 13 км жолды 10 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Автобустың бүкіл жолдағы жылдамдығын табыңдар . /ЭО/
№2
54 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан локоматив
30 с-тан кейін тоқтауы үшін қандай үдеумен жүріп тежелуі керек? /ЭО/
№3
Шар көлбеу науа ішінде домалауын бастайды да 2 с ішінде 132 см жол жүріп өтеді. Шар қандай үдеумен қозғалады? /ЭО/
№4
Алманың массасы 40 г. Ол жерге қандай күшпен тартылады? Егер алма өскен бұтақ 2,4 м биіктікте болса, онда алма жерге қанша уақытта құлайды? /ЭО/
№5
Екі велосипедшінің қозғалысы мынадай теңдеулермен берілген: х 1 = 5 t ; x 2 =150-10t; х(t) тәуелділігінің графиктерін салыңдар. Олардың кездесетін жерін және уақытын табыңдар.
/А.П. Рымкевич/
№6
Тас 28 м биіктіктен 8 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Тас жерге қандай жылдамдықпен түсетінін табыңдар.
(Есептер жинағы 9 кл)
№ 7
Көлдің биік тік жағасында горизонталь бағытта ататын пулемет тұр. Оқтың бастапқы жылдамдығы 800 м/с. Оқтың ұшу қашықтығы қандай және оқтың суға түсердегі жылдамдығы қандай? Жардың биіктігі 10 м.
(Есептер жинағы 9 кл)
№ 8
Массасы m автомобильдің орнынан қозғала бастаған кездегі үдеуі а-ға тең. Егер қозғалысқа әрекет ететін кедергі коэффициенті μ болса, онда тарту күші қандай болар еді?
№ 9
Егер лифтінің 18 м жол жүргендегі жылдамдығы
3 м/с-қа жететіні белгілі болса, бірқалыпты үдемелі көтерілген лифтідегі массасы 100 кг жүктің салмағы қандай болады?
(Есептер жинағы 9 кл)
№ 10
Массасы 3 кг дене 8 м/с 2 үдеумен төмен түсіп келеді, ауаның кедергі күшін табыңдар.
№ 11
Жіпке 10 Н жүк ілінген. Жіпті жүкпен бірге 1) 5 м/с 2 үдеумен көтеріледі. 2)5 м/с 2 үдеумен төмен түседі деп алып, жіптің керілу күшін табыңдар.
№12
Рельстің үстінде тұрған вагонға
30 сек уақыт ішінде бірқалыпты үдемелі қозғалып 11 м жол жүретіндей қандай күшпен әсер етуге болады. Вагонның салмағы 16*10 4 Н. Қозғалған уақытта вагонға вагонның салмағының 0,05-ке тең үйкеліс күші әсер етеді. Вагонның тарту күші қаншаға тең?