Просмотр содержимого документа
«Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу.»
Сабақтың тақырыбы:
Электрқыздырғыш құралдар.
Қыздыру шамы.
Қысқа тұйықталу.Балқымалы сақтандырғыштар.
Электр тогының химиялық әрекеті.
Электролиз заңы.
Барлық электрқыздырғыш құралдарда қыздырғыш элемент болады.
Ол никель мен хромның құймасы –нихром немесе темір,хром және альюминий құймасы –фехраль тәрізді меншікті кедергісі үлкен және балқу температурасы жоғары материалдан жасалады.
Қыздырғыш элемент қыздыратын сыммен оралған керамикалық немесе слюда пластинадан тұрады.
Ең алғаш қыздыру шамын ойлап тапқан . Москва. Политехникалық музей
Қыздыру шамдарын
жетілдірген
Қазіргі таңда қыздыру шамдарының қылдарына балқу температурасы 3370С болатын вольфрам сымдарын қолданады. Қылдың қызу температурасы неғұрлым жоғары болса,соғұрлым шығатын энергияның көп бөлігі жарық түрінде таралады.
Сұлбада
белгіленеді
Сақтандырғыштың міндеті-ток күші рұқсат етілген шамадан кенет артып кеткенде,бірден электр тізбегін ажыратып жіберу
Балқымалы сақтандырғыштың
жұмыс принципі
Автоматты сақтандырғыштар
Электр тогының химиялық әрекеті
Химиялық ерітінділерге батырылған металл өткізгіш бойымен ток өткенде, ертіндінің құрамына енетін заттар бөлінеді. Осы тәсілмен таза күмісті алуға, металл бұйымдардың беттерін күміспен жалатуға болады
Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса, тұздар мен металдардың балқымалары электролиттер деп аталады.
Электролиттер электр тогын жақсы өткізетіндерге жатады.
Көптеген заттардың молекулалары өзара тарту күшімен біріккен оң және теріс иондардан тұрады. Суда иондар арасындағы өзара тарту күші азаяды. Молекула иондарға ыдырайды. Бұл процесс электролиттік диссоциация деп аталады:
NaCl = Na + + Cl -
CuSO 4 = Cu 2+ + SO 4 2-
Әдетте, электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігуі сияқты кері процесс те жүреді. Бұл процесс рекомбинация деп аталады. Ерітіндіде диссоциация мен рекомбинация бірін – бірі теңестіріп тұрады. Электр өрісі жоқ ерітіндідегі иондар ретсіз қозғалады.
Егер электролитке қандай да бір потенциалдар айырымы бар екі электродты енгізсе, онда зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы пайда болады.
Оң иондар–катодқа, алтеріс иондаранодқа қарай қозғалады.
Ендеше, электролиттердегі зарядтарды тасымалдаушылароң және теріс иондарболып табылады
Электролиттердегі электр тогыдегеніміз – оң және теріс иондардың қарама- қарсы бағыттағы реттелген қозғалысы.
Сонымен электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесіэлектролиздеп аталады.
Электролиздің техникалық қолданылуына мысалдар келтірейік
Гальваникалық элемент
Электролит пен электродтар арасындағы өзара әрекет, яғни химиялық реакцияның энергиясы электр энергиясына айналуы
Аккумуляторлар Гальвонопластика,
Гальваностегия
ЭЛЕКТРОЛИЗ ЗАҢЫ
Электролит ерітіндісі арқылы электр тогының өту табиғатын біле отырып, электролиз кезінде бөлінген заттың массасын анықтауға болады.
Әр түрлі электролиттерден түрліше токтарды өткізіп және соның барысында электродта бөлінген зат массасын нақты өлшей отырып, ағылшын физигіМ. Фарадей 1832 жылы эксперимент жүзінде мынадай заңдылықты ашты:
Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өткен электр (заряд) мөлшеріне пропорционал. Бұл заң Фарадей заңы деп аталады.
мұндағы m – бөлініп шыққан заттың массасы, q – электролит арқылы өткен заряд, k – берілген заттыңэлектрохимиялық эквивалентідеп аталатын пропорционалдық коэффициент