Жарық толқындарының интерференция және дифракция құбылыстары негізінде объектілердің көлемдік кескіндерін алу тәсілін голография деп атайды. Голография идеясын алғаш рет 1948 ж. ағылшын ғалымы Д. Габор ұсынды. Біздің елімізде голографияны дамытуға үлес қосқан совет ғалымы Ю. Н. Денисюк. Голография әдісі когерент сәулелер — лазерді пайдалануға негізделген. Бұл әдісті түсіну үшін оны фотография әдісімен салыстыра қарастырған жөн. Заттарды фотографиялағанда суретке түсірілетін заттан (объектіден) шағылысқан жарық сәулелерініц интенсив�
�ігі (амплитудасы) фотопленкаға жазылады. Бұл жазу ақ және қараңғы нүктелер жиынтығы болып саналады. Ал шағылысатын толқындардың фазалары туралы фотопленкада ешқандай хабар-ошар жазылмайды. Олай болса, фотография суретке түсірілген дене туралы толық хабар бермейді.
Ал голография болса, фотографияның осы кемшілігін жөндеп, іске асырады. Дәлірек айтқанда, голография шағылысқан толқындардың амплитудасымен қоса фазасын да тіркеп жазып алады. Фазаларды тіркеу үшін интерференция құбылысының пайдаланылатыны белгілі. Суретке түсірілетін денеге екі толқып — тірек және сигналдық толқын — жіберіледі. Фазасы мен амплитудасы тұрақты лазерлік сәулені денеге түсірілген тірек толқын деп, ал объектіден шағылысқан фазасы мен амплитудасы айнымалы толқынды сигналдық толқын деп атайды. Сигналдық және тірек толқы
ндардың әсерлесуі нәтижесінде фотопленкада интерференпиялық бейне пайда болады. Оны голограмма дейді.