І(ілгері) деңгей,жоғары санатты физика пәні мұғалімі
Отегенова А.К
Мақала
Тақырыбы: Физика сабағында деңгейлік бағдарлама модульдерін қолданудың тиімділігі.
Кембридж университетінің «Мұғалімге арналған нұсқаулығы» негізінде ,мен өз сабақтарымды деңгейлік бағдарламаның жеті модулін қолданып оқыту барысын жақсартуға жұмыстанудамын.Бұл модульдерді мұғалім сабақта тиімді пайдалана білсе,оқушының пәнге деген қызығушылығы артып,шығармашылық қабілеті артатыны және мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық орнап,сабақтың тиімділігі арта түсетіні анық.
ХХІ ғасырда білім жүйесінің ерекшелігі-тек біліммен қаруландырып қана қоймай,өздігінен білім алуды дамыта отырып,үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.Білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыру мұғалімдерден өз мінез-құлықтарын,ұстанымдарын,мүмкіндіктерін түрлендіруді талап етеді.
Мен де оқу үдерісіне өзгеріс енгізіп,шәкірттерімнің өз ойларын ашық және еркін айтып,көзқарасын білдіріп,дәлелдер келтіре отырып,практикада өз қажеттіліктеріне қолдана білуге үйреткім келеді.Физика пәні күрделі пән екендігіне ешкімнің де дауы жоқ.Оны жаттап алу мүмкін емес,түсіну қажет! Бұл пән оқушыны қызықтырмаса не істеуге болады?деген ойлардан кейін ,мен білімге жетелеу үшін оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана бастадым.Деңгейлік бағдарлама негізінде жаңа форматтағы оқудан кейін сабақ беру стилімді өзгерте бастадым,сұрақтарымның жауаптарын тапқандаймын.Себебі сабақтан кейін оқушылардан алған кері байланыста «топтық жұмыс орындау өте қызық,уақыттың қалай өткенін байқамай да қалыппын» , «көбірек осындай сабақтар өткізіле берсе жақсы болар еді» деген оқушылардың жазбалары мені өте қуантады.Сабақ үдерісінде жеті модульдің ықпалдасуы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
Физика сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйрету-өте күрделі мәселе.дегенмен,өткізген сабақтарымда осы әдісті қолдануға жұмыстандым. Мысалы жылу құбылыстарына қатысты жыл мезгілдерінің ауысуы,судың қайнауы,судың булануы,оттың жануына байланысты бейнероликтер көрсетіп,не көрдік?Не байқадық?Бұл құбылыстар неге байланысты болады?деген сұрақтарды қою арқылы оқушыларды ойлауға,өз ойларын ашық айтуға,дұрыс сөйлей білуге бағыттадым. Жылу сөзіне байланысты ойлауды отбасында қалай түсінуге болады?Ненің жылуы?Кімнің жылуы?Ата-ананың жылуын қалай сипаттар едіңіз? деген сұрақтарды қою арқылы ойлауға,өздерінің ата-ана туралы ойларын айтуға мүмкіндік беремін.Оқушы өз білетінін ойлау мен еске түсіреді,жұмыс дәптеріне жазады,жұппен пікіралмасады,топта талдайды.Мінеке осының барлығында оқушы сыни ойлауға қадам жасайды.
Сыни ойлауды дамыту үшін оқушыға ойлануға ,ойын ашық айтуға рұқсат беріп,олардың идеяларын қабылдап,мадақтап,еркін жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек. Сыни ойлау арқылы оқушылар өздеріне деген сенімдері артып, өз пікірлері мен идеяларының құндылықтарын түсінеді, белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға, пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болады. Оқушылардың сабақ соңында өз - өзін бағалау критериі бойынша бағалаулары, сабақтан соң сабақ туралы рефлексияларын жазуы олардың сыни ойлай алатындықтарын көрсетеді.
Жас ерекшеліктеріне сай оқыту модуліне байланысты мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді білім алуға қолайлы жағдай жасауы қажет. Бұл жерде мұғалім шебер көшбасшы бола білуі керек. Мен сабақтарымда әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оң нәтижеге қол жеткізуге тырысып, оқушылардың өздерінің жастарына сай білімді алып, оны практикада қолдана білуіне қолайлы жағдай жасап отырамын. Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш - қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, жоғары лауазымсыз да жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып адамдарға әсер етуге болады. Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды және стратегиялық тұрғыдан ойлауды жетілдіре аламыз. Оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдерді мұғалім сабақтарында сапалы, тиімді қолдана білсе, онда оқушылар арасынан міндетті түрде көшбасшы шығатындығы сөзсіз. Менің оқушыларымның арасынан жарып шыққан көшбасшы оқушылар болды. Олар сабаққа белсенділікпен қатысып, топтық, жұптық жұмыстарда топ пікірін қорғап, қосымша тапсырмаларды орындап, басқа оқушыларға көмектесе біледі,өз ойын ашық айта алады. Күнделікті сабақ барысында мұғалімнің жеке тұлғасы, білімі, нақтылығы, оқушымен қарым – қатынасы, әдістемелік шеберлікпен жаңаша бағалау түрлерін қолдана білуі – оқушылардың танымдық, шығармашылық, қарым – қатынас құзыреттілігін арттыруға жол ашады. Елбасымыз Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын...Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз. Қорытындылай келе, жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейміз деп сендіре аламын.